Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Маратбек Есенғазыға қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын жеткізді

Кеше, өзім тек заңгер ретінде ғана емес, өзінің саяси ұстанымы үшін де құрметтейтін адвокатым ҒАЛЫМ НҮРПЕЙІСОВ хабарласып маған жаламен тағылған 272/2 бап бойынша қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын жеткізді. Яғни, маған БОСТАНДЫҚ!
 
ТОҚАЕВ билігі 3 жылдан 8 жылға дейін жаламен түрмеге тоғытпақшы болған арам пиғылы іске аспай қалды. Бірақ, мен бұл хабарға қуанар-қуанбасымды білмей, екіұдай һәлдемін. Неге десеңіз, қаңтар қырғынында опат болғандар үшін Тоқаев әлі күнге дейін кешірім сұрап, құн төлеген жоқ! Түрмедегі жазықсыз, қандыкөйлек бауырларымызды әлі босатқан жоқ! Әсіресе, ДАРХАН ВАЛИЕВ, ҚАЛАС НҮРПЕЙІСОВ т.б.
Менің босауыма атсалысқан өзіміздің Арон Атабек құрған “АЛАШ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ПАРТИЯСЫ” мүшелеріне, The kazakh times, “Азаттық”, құқыққорғаушылар Ботагөз Иса, америкада тұратын құқыққорғаушы Виктория, журналист Ася Асеткинаға, қаңтардың 5-6-да алаңда аяғына дейін бірге жүрген “Штаб” мүшелеріне, саяси белсенділерге және адвокатым ҒАЛЫМ НҮРПЕЙІСОВКЕ шексіз алғысымды білдіремін! Саясаттағы лидерім әрі қандыкөйлек дос-ағам
Арон Атабек айтқандай “Күрес жалғасады әлі!”

Нет описания фото.
Возможно, это изображение памятник

Нет описания фото.
Нет описания фото.
Нет описания фото.
 
 
Муратбек Есенғазы
 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Муратбек ЕсенгазыБольше записей в Муратбек Есенгазы »
.