Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия және отбасылық және демографиялак саясат төрағасы Балаева ханымға

Құрметті Аида Ғалымқызы!
Сізден Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы ретінде, 4 бала тәрбиелеп отырған, оның 2-і кәмелеттік жасқа толмаған, шымкенттік жалғыз басты ана Ләззат Досмамбетоваға көмек көрсетуді сұраймыз. Шымкенттегі қаңтар оқиғасына байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2,3-бөлігімен жалған қылмыстық іс қозғалып, Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Ләззат Досмамбетова 3 жыл 7 айға 2022 жылғы 15 шілдеде сотталған болатын. Ләззат Досмамбетова жаппай тәртіпсіздіктерге қатыспаған және әкімдікке жақындамаған, Ләззат өзін кінәсіз деп санайды. Бұл ретте, тергеу мен прокуратура кінәсін мойындаған жағдайда жеңіл жаза тағайындауға уәде беріп, психологиялық қысым көрсеткен, ал сотталушының қызына прокурорлар оны сот залында босатамыз деп (!) уәде берген. Сот отырыстары қылмыстық іс жүргізу заңнамасының барлық нормалары мен сотталушының әділ сот ісін жүргізу құқығын бұза отырып, 2 (!) отырыспен өтті. Қазіргі уақытта Л.Досмамбетованың адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, Ләззат қазір сот үкімі заңды күшіне енгенше, Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесінде отыр.
Досмамбетова Ләззат, азаматтық белсенді, қайғылы қаңтар оқиғасы бойынша бас бостандығынан айырылуға сотталған Қазақстандағы жалғыз (!) әйел. Қазақстанның құқық қорғаушылары Л.Досмамбетованың қылмыстық ісі бұрмаланған деп санайды және Сараптамалық кеңестің шешімімен Л.Досмамбетова саяси тұтқын болып танылды.
Л.Досмамбетованың Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесінде 7 айдан астам уақыт бойы тұрақты басы ауырып, денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше рет дәрігерге жүгінгенін хабарлаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде азаматтық емханаға бару арқылы Л.Досмамбетова невропатолог дәрігердің қабылдауында болған, бас миының МРТ-сы жасалған, онда латеровентрикулосимметрия, яғни ми қарыншалары өлшемдерінің асимметриялық өзгеруімен сипатталатын бұзылыс белгілері анықталған. Оған стационарлық емдеу ұсынылған, бірақ ИЧ-167/11 мекемесі емдеумен қамтамасыз етпеген. Жүйке-психикалық ауруларды тудыруы мүмкін, ми үшін ауыр медициналық зардаптарға әкелетін аурудың айтарлықтай өршуі бізді алаңдатады. Сот барысын бақылаған құқық қорғаушылар Л.Досмамбетованың арықтап, әлсіреген, аурушаң түрін байқаған. Невропатологтың соңғы диагнозы 20.04.2022 ж. (қоса беріліп отыр) Л.Досмамбетовада дисциркуляторлы энцефалопатияның 2 сатысы, клиникалық декомпенсация кезеңі, гипертониялық синдромның бар екенін анықтады. Мойын омыртқасының остеохондрозы. Мойын остеохондрозының әсерінен болатын цервикокранналгия. Бұл диагноздар мидың ауыр зақымдалуына әкеледі, оның салдары инсультқа әкелуі мүмкін, жоғары интракраниальды қысымды тудырады. Нәтижесінде ми жауапты болатын маңызды функцияларды жоғалтуы мүмкін. Осыған байланысты Л.Досмамбетоваға тиісті терапиясы бар мамандардың шұғыл және уақтылы стационарлық ем қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бар. Бұл норма мемлекетті адамға қайжерде болса да медициналық көмекке тікелей және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттейді. Осылайша, тиісті емдеу түрін ұсынудан бас тарту саяси тұтқын Ләззат Досмамбетоваға қатыгездік көрсетудің бір түрі болып табылады.
Л.Досмамбетованың кәмелетке толмаған балалары әлеуметтік қауіп аймағында тұр және әлеуметтік және қаржылық қолдау шараларын қажет етеді. Ләззаттың жанұясының алдында отбасының әл-ауқаты, табысы, денсаулығы, білімі, баспанасы, әлеуметтік жағдайы сынды мәселелер тұр.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сізден келесі мәселелерді шешуге көмектесуіңізді сұраймын:
1. Ләззат Досмамбетованы қажетті дұрыс стационарлық емдеумен қамтамасыз ету, өйткені кеш емделу денсаулықтың ауыр зардаптарына және ауыр мүгедектікке әкелуі мүмкін;
2. Комиссия жұмысының негізгі басымдықтары моральдық және отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылатындықтан, Л.Досмамбетованың отбасы мүшелеріне жағдай жасау мақсатында отбасы мен балаларына көмек көрсету;
3. Ләззат Досмамбетоваға қатысты жағдай туралы ашық мәлімдеме жасап, Amicuscuriae (сот досы) рөлінде соттың заңды, тәуелсіз, құзыретті және бейтарап құрамымен (ҚР ҚПК-нің 51-бабы) қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді сұрап (ҚПК-нің 24-бабы) апелляциялық сатыға өтінішхатпен жүгіну.


Возможно, это изображение 14 человек, люди сидят, люди стоят и текст «саяси туткындарга бостандык! намазбаев данат султанбек кайрат oXACOB орынбай кибиров шухрат аштаев бактыбаев жанмурат багдат баг елшибаев ержан мендыгазиев азиев бекижан амиров ерулан досмамбетова ляззат мамай жанболат нарымбай EPMEK валиев дархан ишмухамедов фарид эдлдкталапе ETEMI3! #QANTAR2022»


Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Досмамбетова ЛяззатБольше записей в Досмамбетова Ляззат »
.