Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Думан Мұхаммедкәрімнын денсаулығы туралы ақпарат

Мен, қорғауыңыздағы Мұхаммедкәрім Д.А. ден-саулығымның нашарлағанына 2 жылға жуықтады. Әсіресе, соңғы бір айда жағдайым күрт нашарлап кетті. Орнымнан тұрып-отыру күннен-күнге қиындап барады. Үстіміздегі жылы мамыр айының басында Талдықорған қаласындағы №71 мекеме дәрігерлері Талдықорғандағы емханаға апарып тексерткен. Онда жазылған құжаттарда менің ауыратын мүшелерім толығымен көрсетілген және расталған.
Сонымен менің ауыратын жерлерім:
❗️1) Оң жақ бүйрегім біз тыққандай шаншып ауырады, ішінде құм барҒ
❗️2) Сол жақ бүйрегім анда-санда (аптасына бір-екі рет) шаншиды. Ішінде кішкентай тас бар;
❗️3) Сол жақ қолым мен оң жақ аяғым күні-түні ұйып тұрады. Екі қолым мен екіаяғым (табандарым) үнемі тастай суық;
❗️4) Кіші дәретке барғанда ауырсынамын. Екі жұмалағы қақсайды және табаным сияқты үнемі тастай суық.
❗️5) Аптасына бір-екі рет тыныс алуым қиындайды. Оң жақ қабырғамның асты яки бауырым батып аурады.
❗️6) Белім әсіресе жанбастың тұсы күні-түні, отырып-тұрған сайын жатқанда, әсіресе таңға жуық 3-4 кезінде шыдатпай қатты ауырады. Кейде тұра алмай қалатын кездер болады. Сүйектерім сынғандай немесе пышақпен жұлындарын кесіп мені мүшелегендей сезім болады.
Таяқсыз жүргенде, салмақ түскенде екіге бөлініп түсетіндей боламын. Корсет белбеу және таяқсыз жүре алмаймын.
❗️7) Басым жиі ауырады. Әсіресе желке тұсы қатты қақсайды.
Мұхаммедкәрім Д.А.  21.06.2024 жыл
 
 
Возможно, это изображение текст
 
 
Бақытжан Төрегожина
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.