Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Бізді сотқа тартып жатыр…

Бүгін алғашқы отырысы өткен сот — Алишер Турабаев атты азаматтың «Азаттық радиосы жалған ақпарат таратты» деген арызы бойынша жаңа Әкімшілік кодекстің 456-2 бабының бірінші тармағымен басталды. Бұл бап құжатта — «Жалған ақпарат орналастыру, тарату» деп аталады. Бұрынғы кодексте «көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату» деп аталған бап еді, енді кез келген, кездейсоқ таратылған «жалған ақпарат» сотқа негіз бола алады деген сөз. (Осы заң ережесі еркін сөз құқығын шектеп, цензураға жол ашатынын құқық қорғаушылар әуелден айтып, дабыл қаққан. Кодекс 10 қыркүйекте күшіне енді, бізді 19 қыркүйектегі ақпарат үшін әурелеп отыр. Шамасы, кодекстің алғашқы «кейіпкері» Азаттық сияқты…))
«Қай сөз үшін» деп сұрайтындарыңызды білем. Қыркүйекте шыққан бір жаңалықта қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға кіргізілген ҰҚШҰ әскері, ол әскерді президент Тоқаевтың шақыртқаны туралы айта келе «…ҰҚШҰ ны Ресей басқарады» деген тіркесіміз үшін соттағалы жатыр.
Әзірге адвокатымыз Жан Күнсеркин екеуіміз бұл тіркестің мәнін, іс жүзіндегі мазмұнын, оның шын-өтірігін, арызданушының осы сөзден қандай жапа шеккенін т,б. анықтауды соттан өтіндік. Сараптамаға сұраныс қалдырдық.
Көреміз, күрес алда…
 
Касым Аманжол Фейсбук-парақшасы
 
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.