Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Белсенді Бесжан Төлеубекұлы 15 тәулікке қамалды

20 қазанда Алматыда қоғам белсендісі Бесжан Төлеубекұлы 15 күнге қамалды. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің адвокаты Жалғас Сапарханова хабарлады.

20 октября, гАлматы, активист Бесжан Толеубек, ст.488 КлАП РК, 15 суток ареста, за якобы участие в митинге 19 сентября около здания городского суда. тем самым нарушив правила проведения митинга.

Бесжан Төлеубекұлы 19 қыркүйекте “әуежайды басып алу ісі” бойынша сотқа тартылған адамдардың апелляциялық шағымы қаралатын ашық сот отырысына қатысу үшін қалалық сотқа барған. Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік соты белсендіні Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы (“бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу”) бойынша айыпты деп таныды.

“Біздің елдің сотына сөз жоқ, дауа жоқ. Ол сотқа бейбіт жиын, митинг деп барған жоқпын. Мен тікелей “Тәуелсіз бақылаушылар” қоғамдық бірлестігінің атынан сот процесін бақылауға бардым. Қалтамда құжатым да болды” дейді Бесжан Төлеубекұлы Азаттыққа соттан кейін.

Белсенді айыпқа келіспеді, ол сот пен судьялар шешімін сынады.

“Әділет министрлігі 2019 жылы біздің ұйымды ресми тіркеді. Ұйым жарғысына сәйкес, Қазақстандағы барлық заңбұзушылықты, сот процесін бақылауға толық құқығымыз бар. Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік соты бұған келіспейтін сияқты, судьялар әділет министрлігі рұқсат берген заңды ұйымның жұмыс істеуіне кедергі жасап отыр” дейді белсенді.

Бесжан Төлеубекұлы биыл 11 шілдеде Алматының Наурызбай аудандық соты алдында “заңсыз наразылық акциясына қатысып, бейнеүндеу жасап, жұртты митингіге шақырған” деген айыппен 15 күн әкімшілік қамауға алынған. Сол күні “Алматы әуежайын басып алу ісі” бойынша айып тағылған адамдарға сот үкімі оқылған еді.

“Үйреншікті нәрсе деп үнемі қамала беру арыңа сын екен. Өзімді сөз бостандығы шектелетін, құқығымыз тапталатын мемлекетте өмір сүріп жатырмын ғой деп жұбатамын” деді ол.

Бесжан Төлеубекұлы кейінгі парламент мәжілісі сайлауы кезінде Алматы қаласындағы “Тәуелсіз бақылаушылар” ұйымына жетекшілік еткен.

Бесжан Төлеубекұлы, Алматы, 14 қыркүйек, 2023 жыл.

Азаттык Радиосы

https://d3l615zbb7ye3q.cloudfront.net/a/32646805.html

Поделись, чтобы люди узнали:
.