Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Азаттықта белсенді азаматтар туралы репортаж шықты

Бұл үш кісі — Гүлзипа Жаукерова, Серік Асқаров пен Жанмұрат Аштаев — түрлі жылдары саяси белсенді болып, билікке наразы митингілерге шығып жүрді. Қазір саяси белсенділікті қойған. Азаттықта осы кісілер туралы репортаж шықты.
Гүлзипа апай екі ұлымен аядай времянканы жалдап тұрады. Бес күн сырқат баласын мектепке тасып, демалыста базарда бәліш пен шай сатып күнелтеді. Экстремистік ұйымға мүше болды деп сотталған соң шоты, ЖСН бұғатталған. Кезінде мұғалім боп істеп, директор жұмыстан шығарған. Кейін Әблязовтің видеоларын көріп, алаңға шығып, ақырында ұлттық қауіпсіздік комитетінен қысым көрген, полиция қудалаған. Шартты түрде сотталған.
Серік Асқаров наразылық акцияларына қатысқаны үшін он рет әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл үстіне айыппұл арқалаған. Отбасы белсенділігінен көп қиналғанын айтады. Жалғыз қарындасының қазасы да ауыр тиіп, белсенділікті ақыры тоқтатқан. Қазір таксилетіп күнелтеді.
Жанмұрат Аштаев — бес баланың әкесі. Күзетші болып істеген. Жер митингі кезінде алаңға шыға бастаған. Шымкентте Қаңтар кезінде де алаңда болды. Оқ атылғанда жаралыларды алаңнан тасығанын айтады. Кейін ұйымдастырушы деген айыппен сотталып кетті. Кінәсіз екенін айтып, ұзақ күресіп жүріп, ақыры екі жылдан соң Жоғарғы сотта ақталып шықты. Көріңіздер, бөлісіңіздер.
 
 
 
 
Аян Қалмұрат
 
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.