1-сәуір, Астана қаласы, Астана қаласының полиция департаменті журналист Д.Әділбековтің қылмыстық іс бойынша ұсталғанын растады: «Қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат А.-ке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады» [1].
1 сәуір, Қызылорда қаласы, белсенді Ы.Бекмағанбетов былай деп мәлімдеді: «2024 жылғы 28 наурызда мені полиция қызметкерлері заңсыз ұстады және полиция бөліміне алып барды, онда қызметкер А.Беделбаев заң талаптарын бұза отырып, маған ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен хаттама жасады, мен 2024 жылдың 4 наурызында Facebook әлеуметтік желісінде бейбіт наразылыққа шақырған жазбаны жариялағаным үшін 1 тәулікке қамауға алындым»[2].
2 сәуір, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, жергілікті тұрғындардың бастамашыл тобы 2023 жылдың 19 наурызында өткен кезектен тыс сайлауда бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланған аудандық мәслихаттың 4 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етті. Халық қалаулыларының қанағаттанарлықсыз жұмысы талаптарға себеп болды[3].
3 сәуір, Астана қаласы, №64 мекеме, саяси тұтқын Т. Дәнебаев, ҚР ҚК-нің 174-бабы 3 жыл бас бостандығынан айырылған, Қылмыстық атқару жүйесі бастығының орынбасары Р.Тұрғымбаевпен кездесті, ол егер қамауда ұстаудағы қорқынышты жағдайларға шағым беруін тоқтатпаса, «шағым беруге шамасы болмайтын» жерге жіберілетінін айтып, Т.Дәнебаевты қорқытқан[4].
3 сәуір, Астана қаласы, Сәулетай Үгібаева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен 15 тәулікке қамауға алынған,бостандыққа шықты. Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 14 наурызда С.Үгібаева Әділет министрлігіне жақын жерде болып, рұқсат етілмеген іс-шараға қатысқан[5].
4 сәуір, Алматы қаласы, қазақстандық саясаттанушы, синолог К.Сыроежкин, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 2019 жылдан бері Қазақстанда он жылдық түрме мерзімін өткеруші, шартты түрде және мерзімінен бұрын босатылды[6].
4 сәуір, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қорынан Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 28 наурызы мен 4 сәуірі аралығындағы жағдайына шолу[7].
4 сәуір, Алматы облысында Өзбекстанның сұранымы бойынша қарақалпақ диаспорасының тағы бір өкілі Ринат Утамбетов ұсталды. Өзбекстандық арнайы қызметтің Қарақалпақстан тәуелсіздігін қолдайтындарды құрықтаудың жаңа орамының үшінші құрбаны болды[8].
4 сәуір, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, облыстық сот Б.Насырхановқа ҚР ҚК 430-бабымен 1,6 жылға бас бостандығынан айыруға және 3 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарды. Оған бірінші үкім бойынша қосымша жаза – 3 жыл мерзімге қоғамдық және саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды «орындамады» деген айып тағылды, «Жәбірленушілер өтемақысы» қорына 51750 теңге (116 доллар) төлеуге міндеттелді[9].
5 сәуір, Қарағанды облысы, Абай қаласы, 29 мекеме, заңгер Ғ.Нұрпейісов, саяси тұтқын Е.Елшібаевпен кездесті. Оның жалпы денсаулығына шағымы жоқ, бірақ ол арнайы мамандардың тексеруінен өтуге зәру, дерматолог, уролог және т.б. тексерулер, оны тек Денсаулық министрлігі қамтамасыз ете алады. Ержанда тәртібіне қатысты даулар немесе ескертулер жоқ [10].
5 сәуір, Астана қаласы, Мәжіліс депутаттары А.Аймағамбетов пен Ж.Әшімжанов «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға БАҚ үшін ЛГБТ өкілдері туралы жазуға тыйым салатын түзету енгізуді ұсынды. Олардың пікірінше, бұл үгіт-насихатқа теңестірілуі мүмкін және БАҚ қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату қаупі бар[11].
7 сәуір, Қостанай қаласы, Қ.Мұсабаев, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, 10 тәулікке қамауға алу. Сот Қ.Мұсабаевқа, Қ.Тоқаев пен үкіметтің су тасқыны кезіндегі нашар жұмысы жөнінде жағымсыз шындықты айтып, эмоционалды түрде наразылығын білдірген видеосы үшін айып тақты[12].
8 сәуір, Ақмола облысы, Аршалы ауылы, С.Жомартов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 12-бөлігі. Сот белсендіге 258 440 теңге (580 доллар) айыппұл салды. Оған наурызда әлеуметтік желіде Наурыз мейрамын тойлау кезіндегі митингі туралы ақпарат таратқан репостқа байланысты келісілмеген митингке шақырды деген айып тағылды[13].
8 сәуір, Алматы қаласы, қарақалпақ белсендісі Қ.Төремұратов Қазақстандағы этникалық қарақалпақтарды экстрадициялау бойынша тұтқындаулар жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Ресми түрде ұсталғандарға көші-қон ережелерін бұзды деген айып тағылуы мүмкін[14].
8 сәуір, Берлин қаласы, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға ондаған адам қатысты. Қазақстан экономикасы экс-министрінің әйелі – С.Нүкенованың өлімі шеруге себеп болған. Наразылық білдірушілер тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді және экс-министрді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті [15].
8 сәуір, Алматы қаласы, журналист А.Ниязова, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, Мәдениет министрлігінің өтініші бойынша Telegram каналында репост жасағаны үшін, «қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге қауіп туғызу»[16].
8 сәуір, Астана қаласы, ҚР ҚК-нің 405, 258-бабы, жабық сот отырысынан кейін 7 жылға бас бостандығынан айырылған, белсенді М.Жыланбаевтың тегі «экстремизм мен терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар» тізімінде пайда болды. Тізім Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің сайтында жарияланды[17].
9 сәуір, Астана қаласы, «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық алдын алу тетігі туралы» заң жобасының тұсаукесері өтті. Оны Қазақстандық азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының сарапшылары, ҰПМ қатысушылары (соның ішінде ҰПМ Үйлестіру кеңесінің бұрынғы және қазіргі мүшелері) дайындаған. Ұсынылған заң жобасы осы тетіктің құқықтық мәртебесін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды[18].
9 сәуір, Астана қаласы, А.Сәдуақасова, ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігі, 405-бабының 2-бөлігі, 3 жылға бас бостандығын шектеу, Ақмола облыстық соты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға шағымданудан бас тартты. Бас тартудың себебі: Президент сайлауы қарсаңында – ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 2022 жылғы 18 қарашадағы қамауға алу[19].
10 сәуір, Астана қаласы, «дәстүрлі емес жыныстық қатынасты» насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы норманың «БАҚ туралы» ілеспе заң жобасының салыстырмалы кестесінен «жоғалып» кеткенін заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, заңгер Г. Біржанова хабарлады[20].
10 сәуір, Алматы облысы, Шонжы ауылы, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында белсенді Б.Атинбаевқа қатысты азаптаулар мен қатыгездік әрекеттері орын алғаны туралы ақпарат келіп түсті[21].
10 сәуір, Орал қаласы, Н.Саттағұлов, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 10 тәулікке қамауға алынды, ол «Аманат» партиясының ғимаратында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қалай таратылғанын видеоға түсірген. Сот оны «азаматтарды қорлайтындай ашуландыру» деген айыппен соттады[22].
10 сәуір, Алматы облысы, Жауғашты кенті, №10 мекемесі, Ә.Тілеужанова, ҚР ҚК-нің 272-бабының 1-бөлігі, 4 жылға бас бостандығынан айырылған, оны Алматы қаласындағы емханаға жоспарлы ақылы емдеуге қабылдауға апаруды тоқтатқанына байланысты, колонияда қайтадан аштық жариялады[23].
10 сәуір, Алматы қаласы, белгісіз біреулер тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету #НеМолчиKZ. қорының сенім телефонының нөмірін бұзып, өшіріп тастады. Бұл туралы «Meдиазона» агенттігінде ұйымның негізін қалаушы Д.Смаилова айтты[24].
10 сәуір, Қостанай қаласы, А.Смаковая, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі бойынша 184 600 теңге (412 доллар) айыппұл салынды. Бір жыл бұрын түсірілген, «Алға, Қазақстан!» партиясына қалай қосылуға болатыны туралы нұсқаулар бар бейнеролик қудалауға негіз болды. Онда партия құрылу үстінде және тіркеу рәсімін бастауға тырысып жатқан болатын[25].
10 сәуір, Петропавл қаласы, С.Измайлов, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 10-бөлігі бойынша сот құқық қорғаушыға 184 600 теңге (412 доллар) айыппұл салу туралы шешім шығарды. Заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметіне қатысқаны үшін («Алға, Қазақстан!» партиясы) [26].
10 сәуір, Астана қаласы, Мақсат Жақсымбек, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі, 15 тәулікке қамауға алынды. 08.04.24 жылғы іс материалдарына сәйкес, сотталушы «Tik-Tok» әлеуметтік желісіндегі парақшасында аналарды қолдап, билікпен келісілмеген шараларға үндеу жариялаған[27].
11 сәуір, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 4 сәуір мен 11 сәуір аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорының шолуы[28].
11сәуір, Астана қаласы, журналист А.Ниязовқа қатысты әкімшілік іс, вице-министр Е.Кочетов: «Бізде өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 456-бап күшіне енді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі баптың редакциясына қарасақ, онда жалған мәліметтерді «орналастыру» және «тарату» деп жазылған. Яғни, тек жариялау туралы емес, оны тарату туралы да айтылған, репостар да тартатудың бір түрі болып табылады»[29].
11 сәуір, Павлодар облысы, Май ауданы, А.Темірғалинов, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен «Фейсбуктегі» парақшасында әдепсіз сөз, жол беруге болмайтын сөздер жариялап, сол арқылы басқаларға сыйламаушылық білдіру, қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерін көрсеткені үшін 6 тәулікке қамауға алынды[30].
12 сәуір, Қостанай қаласы, «Құштар» қозғалысының белсендісі А. Әлиғазина «Су тасқыны – жемқорлықтың салдары» деген плакатпен су тасқынынан зардап шеккен халықты қолдау ұранымен жеке пикет өткізді. Оған жақындаған полиция мен әкімдік қызметкерлері пикетті тоқтатуды талап етті. Акция көп ұзамай аяқталды. Ұстау орын алмады[31].
12 сәуір, Алматы қаласы. «Өздеріңіз білетіндей, #Қантар2022 оқиғасынан кейін билік органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы бойынша азаптау мен қатыгездік көрсетудің 19 фактісін мойындап, 6 іс сотқа жіберіліп, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторының 32-ден астам қызметкеріне үкім шығарылды. Уақытша ұстау изоляторы мен тергеу изоляторының бірде-бір басшысы жауапкершілікке тартылмады, Полиция департаментінің басшылары тіпті ештеңеге қатысы жоқтай қалды», – деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина[32].
12 сәуір, Вашингтон қаласы(АҚШ), Freedom House ұйымының жыл сайынғы есебінде Қазақстан мен Қырғызстан Орталық Азияның жалпы көрінісі деп саналатын автократия жолымен жүріп жатыр. Авторитаризмнің күшеюі, сондай – ақ соғыстар аймақтағы геосаяси трансформацияны жеделдете түсті [33].
12 сәуір, Қарағанды қаласы, «Елімізден пана іздеуші тұлғаларды басқару саласындағы соңғы оқиғалар құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар арасында елеулі алаңдаушылық тудырды. «Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тағылған айыптар аясында[34].
12 сәуір, Қостанай қаласы, облыстық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 664 560 теңге айыппұл салуға қатысты белсенді М.Ж.Сәрсенбаевтың апелляциялық шағымын қарады. Сот Қарабалық аудандық сотының 2024 жылғы 19 наурыздағы қаулысының күшін жойып, істі қысқарту туралы шешім қабылдады. М.Ж. Сәрсенбаев оңалтуға құқылы[35].
13 сәуір, Талдықорған қаласы, № 71 мекемесі, Д.Мұхаммедкәрім, ҚР ҚК 258, 405 баптары, түрмеде тағы да аштық жариялады. Ол өзіне қатысты тергеу мен соттың созылып жатқанына наразы[36].
13 сәуір, Астана қаласы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының баспасөз мәслихаты. Олар бірнеше залдың үй-жай беруден бас тартқанын және партияны тіркеу кезінде кездесетін кедергілер туралы айтатындарын хабарлады[37].
13 сәуір, журналист әрі «Жабайы Орда» телеграм-каналының авторы Д. Әділбеков, Энергетика вице-министрі Е.Ақкенженовке қатысты жалған жала жапқаны үшін ҚР ҚК 419-бабы бойынша күдікті. Ол ҰҚК қызметкерлері тарапынан болып жатқан қысым мен азаптауларға шағымданды. Бұл туралы оның адвокаты А.Маутқанов хабарлады[38].
14 сәуір, Алматы қаласы, #qantar2022 кезінде азаптаудан аман қалған қырғыз джазмені В. Рузахуновтың ісі бойынша 4 полицей ұсталып, іс Бас прокуратураға жіберілді. Онымен бірге 22 адам зардап шеккен деп танылды[39].
14 сәуір, Алматы қаласы, 2022 жылдың қаңтарында «террорист» ретінде нысанаға алынған Орталық Азия елдерінің азаматтары болып табылатын 100-ге жуық мигранттың жаппай азапталуы туралы іс Алматы облыстық прокуратурасынан Бас прокуратураға жіберілді[40].
16 сәуір, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қаласының әкімдіктері 2024 жылғы 1 мамырда бейбіт жиындарды өткізуден (5 бас тарту) бас тартты. Тақырыптар: Саяси тұтқындарға бостандық, «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу, су тасқынынан зардап шеккендерге 50 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу. Бас тарту себептері: Бұрын келісілген іс-шаралар, дұрыс емес мәліметтерді ұсыну [41].
16 сәуір Петропавл, Қостанай, Шымкент, Семей, Ақтөбе және Орал қалаларының әкімдіктері 2024 жылғы 1 мамырда бейбіт жиындарды өткізуден (6 бас тарту) бас тартты. Тақырыптар: Саяси тұтқындарға бостандық, «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу, су тасқынынан зардап шеккендерге 50 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу. Бас тарту себептері: Бұрын келісілген іс-шаралар, толық емес мәліметтерді беру, бейбіт жиналыс өткізу туралы толық ережелердің болмауы [42].
16 сәуір, Нью-Йорк (АҚШ) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заңдарды қабылдауын құптады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі [43].
16 сәуір, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, белсенді Е.Құрманов Қазақстан тұрғындарын 2024 жылдың 1 мамырында жергілікті әкімдіктер маңында бейбіт митингіге шақырды. Талаптары: Қазақстан парламенттік республика болуы үшін «Алға, Қазақстан» партиясын тіркеу, сайланатын әкімдер. Сондай-ақ ол өзін 1 мамырға дейін қамауға алатынды және содан кейін аштық жариялайтынын болжалдады[44].
16 сәуір, Петропавл қаласы, Р есімді кәсіпкер 15 тәулікке қамауға алынды, ол жергілікті мешітте су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек таратып жатқанын видеоға түсірді, сол үшін қамауға алынды [45].
16 сәуір, Астана қаласы, Нұрбек Құлышев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, 20 тәулікке қамауға алынғаннан кейін босатылды. Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 14 наурызда Құлышев Н., Әділет министрлігінің жанында жүріп, келісілмеген көпшілік іс-шараға қатысты[46].
17 сәуір, Қызылорда қаласы, белсенді Гүлназ Серікбаева саяси көзқарасы үшін Қазақстан билігі тарапынан саяси қуғынға ұшырағанын мәлімдеді[47].
17 сәуір, Алматы қаласы, қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы саяси тұтқындар тізімінің кеңейтілгенін хабарлады. Оның құрамына шымкенттік белсенді, Қ. Жапарова, көкшетаулық қоғам белсендісі М.Ахметқалиев, сондай-ақ алматылық кәсіпкер және белсенді А.Жамұратов кірді [48].
17 сәуір, Астана қаласы, Д. Әділбеков, ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігі, қамауға алынған журналист Қазақстанның тәуелсіз БАҚ өкілдерін оның ұсталуына байланысты журналистік тергеу жүргізуге шақырды [49].
17 сәуір, Астана қаласы, журналист Д.Әділбековке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығын прокуратура тексерді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі [50].
17 сәуір, Алматы қаласы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының кәсіподақтары Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросында өткен баспасөз мәслихатында кәсіподақ ұйымдарын құру немесе оларға қатысу кезінде қандай қысым көрсету мен жұмыстан босатуға тап болатындары туралы айтып берді [51].
17 сәуір, Астана қаласы, ҚР Парламентінің төменгі палатасының отырысында «БАҚ туралы» заң жобасы 2-ші оқылымда мақұлданды. Оған сәйкес, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда» шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуден бас тарта алады. Сондай-ақ, мұндай басылымдардың қызметін тоқтата тұру үшін енді сот шешімі қажет болмайды[52].
17 сәуір, Астана қаласы, Г.Әбенова, үш полиция қызметкері жұмыстан тыс уақытта журналистің үйіне су тасқыны туралы неліктен жазғанына түсіндірме жаздыру үшін келді[53].
18 сәуір, Алматы, «Әділ сөз» қорының Қазақстандағы сөз бостандығына, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 11 сәуірі мен 18 сәуірі аралығындағы жағдайына шолуы[54].
18 сәуір, Астана қаласы, Ішкі істер министрлігінің вице-министрі М.Қожаев журналистерді қылмыстық қудалау істерінің көбеюі туралы пікірмен келіспейді. «Бұл жағдайлардың барлығын жиі білетін шығарсыз деп айтпаймын», – деді М.Қожаев журналист Д.Әділбековтің қамауға алынуына қатысты сұрақтарға жауап беріп [55] .
18 сәуір, Астана қаласы, Г. Әбенова, сот Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша журналисті кінәлі деп тауып, 73840 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді [56].
18 сәуір, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпарат білдіру, алу және тарату құқығының 2024 жылғы 18-25 сәуір аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қорынан шолу[57].
19 сәуір, Алматы қаласы, Алатау аудандық сотында жауапкерлермен #qantar2022 бойынша шартты түрде сотталған 24 адамға қатысты талап-арыз қаралады. Талапкер-ҰҚК Алматы облысы бойынша Шекара қызметі департаменті [58].
19 сәуір, Ақмола облысы, Ақсу ауылы, А.Сизов, сот оны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 664 560 теңге айыппұл салды. 2024 жылдың 12 ақпанында А.Сизов «QARABULAQ GOLD» ЖШС алтын өндіру фабрикасынан қалдық қоймасына дейінгі суспензия құбырының аумағында екпінмен сұйықтықтың 10 ағуын видеоға түсірген[59].
19 сәуір, Астана қаласы, журналист Д.Әділбековке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігімен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын жалған жала жабудан көрінеу жалған ақпарат таратуға ауыстырылды[60].
19 сәуір, Алматы облысы, Қошмамбет ауылы, Өзбекстаннан келген кәсіпкерді #qantar2022 кезінде әскери камуфляж киген адамдар ұстады. Ол автобуспен Шымкентке жұмыс бабымен келе жатқан және өзінде 17 миллион теңге болған. Оны Қошмамбет ауылындағы арнайы уақытша ұстау изоляторына жеткізіп, ұрып-соғып, азаптап, қорлаған және ақшасын алып қойған, ақшасын әлі күнге дейін қайтармаған[61].
21 сәуір, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі күшіне енген кезде, журналистер мен дрондарға су тасқыны аймақтарында жұмыс істеуге тыйым салынды. Облыс билігі мұндай шараларды «БАҚ өкілдерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігімен» түсіндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады[62].
21 сәуір, Орал қаласы, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қ.Қарабалаев брифингте журналистер мен блогерлердің су басқан аумақтардың қауіпті аймағына кіруіне тыйым салынғанын мәлімдеді. «Әділ сөз» қорын Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бұл шешімі алаңдатады. Барлық азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіне отырып, БАҚ өкілдерінің бұл аймақтарға кіруіне шектеу қою шектен тыс және заңсыз деп санаймыз[63].
22 сәуір, Алматы қаласы, өткен баспасөз мәслихатында темір тордың ар жағында отырған Д.Мұхаммедкәрім мен А.Тілеужанованың адвокаттары Қазақстан билігін қорғаушыларына қысым көрсетуді тоқтатуға шара қолдануға шақырды. Олар қамауда аштық жариялап жатқан Д.Мұхаммедкәрімнің және А.Тілеужанованың жағдайы туралы айтты [64].
22 сәуір, Астана қаласы, Қазақстанда журналистерді қудалау жағдайларының көбеюіне байланысты брифинг өтті. Брифингте «Құқықтық медиа орталығы» қоры атынан Ғ.Біржанова, сондай-ақ адвокаттар А.Мәутқанов пен А.Тоқаева сөз сөйледі. Брифингте журналистерді қудалаудың екі оқиғасы жайлы айтылды[65].
22 сәуір, Астана қаласы, Ақмола гарнизонының әскери соты 13 адамды азаптады деп айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы 4 қызметкеріне үкім шығарды. Құрамында алтыны бар шикізатты ұрлады деген күдікпен ұсталғандар жәбірленуші деп танылды[66].
22 сәуір, Вена қаласы (Австрия), адам өлшемі бойынша қосымша кездесу. Адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқықты ілгерілету мен қорғаудағы азаматтық қоғамның рөлі туралы. Құқық қорғаушы Б.Төреғожинаның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ көктемгі сессиясында сөйлеген сөзі [67].
22 сәуір, Астана қаласы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ел аумағында «TikTok» әлеуметтік желісін бұғаттау мүмкіндігін қарастыруда. «Бүгінде біз әлеуметтік желілерде заңсыз контенттің көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз», – деп хабарлады министр А.Балаева[68].
22 сәуір, Жаңаөзен қаласы, өткен жылы «ҚазМұнайГаз» ұжымына қайтару туралы талап қойған «West Oil Software» мұнай сервистік компаниясының жүздеген қызметкеріне жалақысы жоғары және жұмыс жағдайы жақсы үшінші компанияға ауысу ұсынылды[69].
22 сәуір, Астана қаласы, Қазақстанның Бас прокуратурасы Қырғызстандық джаз музыкант, пионист В. Рузахуновты және басқа да азаматтарды азаптау туралы қылмыстық істі тергеуге қабылдады[70].
22 сәуір, Астана қаласы, жұбайы С.Нүкенованы азаптап, айуандықпен өлтірді деп айыпталған Қ.Бишімбаевқа қатысты сот отырысы барысында журналистерді сот залына қайтаруға рұқсат етілді [71].
23 сәуір, Астана қаласы, «Азат Еуропа радиосы/Азаттық радиосы» медиа корпорациясы (РСЕ/РС) Сыртқы істер министрлігімен делдалдық келісімге келді, ол Қазақстандағы «Азаттық» радиосы журналистерінің аккредитациясына қатысты жағдайды реттеуге бағытталған[72].
23 сәуір, Вашингтон қаласы (АҚШ) 2023 жылы Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің жаңа ел есебінде. Қазақстандық баяндаманың авторлары елдегі адам құқықтары саласындағы күрделі проблемалардың арасына сенімді хабарламалар есепке кіргенін атап етті [73].
24 сәуір, Лондон қаласы (Ұлыбритания) «2023 жылы бүкіл әлемде адам құқықтарының бұзылуы болды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер құқықтары негізсіз шектеу жалғастырылды», – делінген «Amnesty International» құқық қорғау ұйымының жыл сайынғы баяндамасында[74].
24 сәуір, Алматы қаласы, «ProTenge» жобасының авторы, журналист Д. Маричева ұсталды. Полиция қызметкерлері аккредитациядан бас тартуға байланысты «Азаттыққа» қолдау көрсету мақсатында «ProTenge» басылымда жарияланым шығарғаны үшін, оны Бостандық аудандық бөліміне апарды[75].
24 сәуір, Астана қаласы, «Алға, Қазақстан!» партиясын құру тобы 24-ші рет тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжаттарды тапсырды. Қабылдау бөлімінде болып, өздерін мазалаған мәселелерді баспасөзге айтуды ұйғарған белсенділерге полиция қызметкерлері келіп, үй-жайларды босатуды сұрады[76].
25 сәуір, Алматы қаласы, Жәмиля Маричева, «ProTenge» телеграм-каналында «жалған ақпарат тарату фактісі» бойынша жарияланым авторына қатысты, ҚР ӘҚБКнің жаңа 456-2-бабының 2-бөлігі «көрнеу жалған ақпарат жариялау, тарату» бойынша хаттама толтырылды. Полиция істі Алматының әкімшілік сотына жіберді [77].
25 сәуір, Астана қаласы, Министр А.Балаева «PRO TENGE» бас редакторы Д.Маричеваның ісі бойынша полицияның әрекетіне баға бермеді. «Мәдениет және ақпарат министрі полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігіне баға беруге құқылы емес», – деп жазды А.Балаева, әлеуметтік желідегі парақшасында [78].
25 сәуір, Петропавл қаласы, облыстық соты әкімшілік соттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі ҚР ӘҚБтК-нің 489 бабының 10 -бөлігі бойынша, 184 600 теңге (412 доллар) сомасында айыппұл салу туралы қаулысына белсенді С.Измайловтың шағымын қарады. Сот оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды[79][80].
25 сәуір, Шығыс Қазақстан облысы, Бобровка ауылы, сот ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігімен айыпталған С.Ыдырышевтың шағымын ішінара қанағаттандырды. Сот 172 500 теңге айыппұл салу туралы, 2024 жылғы 23 қаңтардағы №236340030005781 хаттаманы заңсыз деп таныды, бірақ сол бап бойынша 120 750 теңге айыппұл салуға шешім қабылдады[81].
26 сәуір, Өскемен қаласы, Р.Нұрқанов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен 15 тәулікке қамауға алынды. Іс материалдарына сәйкес, ол Facebook желісіндегі парақшасында М.Әбіләзовтің шетелде тұрып, азаматтарды митингіге шығуға шақырып жатқан видеосын репост жасағаны үшін айыпталған[82].
26 сәуір, Қостанай қаласы, «Алға, Қазақстан!» партиясының қоғамдық бірлестігіне қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлімі бойынша 184 600 теңге (412 АҚШ доллары) айыппұл салу туралы белсенді А.Смақованың шағымына апелляция өзгеріссіз қалдырылсын, өтініш қанағаттандырылмайды[83][84].
27 сәуір, Орал қаласы, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны аймағында журналистердің жұмысына тыйым салу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті сынақтан өткізуге мүмкіндік берді. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігі «Лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдалана отырып, журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіруі» бойынша тергеуді бастау үшін тамаша мүмкіндік», – деп мәлімдеді журналист Ахмедьяров [85].
28 сәуір, Ақмола облысы, Шортанды ауылы, 1 мамырға жарияланған бейбіт шерулер алдындағы қудалаулар. Тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясы ұйымдастыру комитетінің төрағасы А.Жахинді заңсыз сырттан қадағалау және ұстау әрекеті[86].
28 сәуір, Ақмола облысы, Шортанды ауылы, А.Жахин, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен қызметкердің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды [87].
29 сәуір, Қызылорда қаласы, полиция қызметкерлері әлеуметтік желі белсендісі Г.Серікбаеваға келді. 2024 жылғы 20 сәуірде Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 1-бөлігі «Жалған ақпарат тарату» бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды [88].
29 сәуір, Павлодар облысы, Ақсу қалалық соты Қ.Ембергеновты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігімен кінәлі деп танып, 17 тәулікке қамауға алды. Сот материалдарына сәйкес, Е.Құрманов 16 және 17 сәуірде Facebook желісінде тікелей эфирге шығып «Ақсу қаласының тұрғындарын 2024 жылдың 1 мамырында қалалық әкімдік ғимаратының алдына жиналуға шақырды». Е.Құрманов, заңсыз ұстауға наразылық білдіріп, аштық жариялап жатқанын айтты[89].
29 сәуір, Астана қаласы, А. Жахин, М.Мұсабаев, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен 15 тәулікке қамауға алынды. Оларға «полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау» деген айып тағылды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, 24 сәуірде Әділет министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде сотталушылар «полиция қызметкерлерінің үй-жайды босату және акцияны тоқтату туралы талаптарына бағынбаған» [90].
29 сәуір, Астана қаласы, журналист А.Ниязов, YouTube желісіндегі «Ұнатамын/ Обожаю» арнасының авторы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арызы бойынша полицияның сотқа берген жала жабу ісін жеңіп алды. Судья ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен, қылмыс құрамының болмауына байланысты істі қысқарту туралы шешім қабылдады [91].
29 сәуір, Астана қаласы, Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына қатысты #qantar2022 ісіне қатысты ұсталды. Тұрғымбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы «қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында арнайы прокурорлар осындай шешім қабылдады [92].
30 сәуір, Шығыс Қазақстан облысы, Маралды ауылы, полиция қызметкерлері 6 тұрғынға айыппұл салды, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы «тіркелмеген бірлестіктің қызметіне қатысу» бойынша айып тақты. Екі тұрғынға 92 мың теңге айыппұл салынса, тағы 4 тұрғын әрқайсысы 184 мың теңгеден айыппұл төлеуге міндеттелді. Айыппұл салынғандар мұны өздеріне қысым жасау және үндемеуге мәжбүрлеу әрекеті деп санайды[93].
30 сәуір, Алматы қаласы, 2024 жылдың 1 мамырына жарияланған жалпыұлттық митингі қарсаңындағы әкімшілік қамауға алулар мен айыппұлдар тізімі [94].
30 сәуір, Орал қаласы, журналист Р.Упоров, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша сот «Төтенше жағдайлар департаментінің атына әдепсіз сөздер айтқаны үшін» 73 840 теңге айыппұл салды. Ол Instagram желісіндегі сюжеттерде биліктің су тасқыны аймақтарына кіруге тыйым салуын сынаған видео жазды[95].
30 сәуір, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 489-бабы, 10-бөлімі «Тіркелмеген қоғамдық бірлестікке қатысу» бойынша саяси қуғын-сүргіндер мониторингі [96].
30 сәуір, Астана қаласы, Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің бұрынғы министрі Е.Тұрғымбаевтың ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі бойынша 2 айға қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияның болуына байланысты тергеудің егжей-тегжейлері ашылмайды[97].
30 сәуір, Алматы қаласы, #qantar2022 кезінде азаптан аман қалған Өзбекстан азаматының оқиғасы. Қаңтар оқиғасы кезінде Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын азаптады деген күдікпен төрт қауіпсіздік қызметкері қамауда отыр. Оларға қатысты іс материалдары прокуратураға жіберілді. Жеті адам зардап шеккендер болып танылды[98].
30 сәуір, Талғар қаласы, Е.Сабаншиев, полиция қызметкерлері жалпыұлттық акция қарсаңында белсендінің митингке шықпағанына көз жеткізу үшін оның үйіне келді [99].
30 сәуір, Алматы қаласы, 2024 жылғы 1 мамырда жарияланған бейбіт шерулерге байланысты саяси қудалаулардың мониторингі [100].
[1] https://kaztag.kz/ru/news/politsiya-podtverdila-arest-zhurnalista-daniyara-adilbekova-po-ugolovnomu-delu
[2] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3777964042522851/
[3] https://rus.azattyq.org/a/32887882.html
[4] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3782685215384067/
[5] https://www.instagram.com/reel/C5Sy6_jgWku/
[6] https://rus.azattyq.org/a/32892183.html
[7] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-28-marta-po-04-aprelya-2024-g.html
[8] https://bureau.kz/novosti/novyj-vitok/
[9] https://rus.azattyq.org/a/32891488.html
[10]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0Fa5fLEH1gqBNeDzM7VKQff7voBX1aVTbJsiVGNZQiwDPV5nWgw2Zmgi7hMGZ5jnDl
[11] https://vlast.kz/novosti/59686-ugolovnuu-otvetstvennost-za-propagandu-lgbt-predlagaut-vvesti-deputaty-ot-pravasej-partii.html
[12] https://www.instagram.com/reel/C5i-WgqNq4J/?igsh=MWE1c29hZzdrOWhyNg%3D%3D
[13] https://rus.azattyq.org/a/32896051.html
[14] https://rus.azattyq.org/a/32895778.html
[15]https://www.facebook.com/dw.russian/posts/pfbid05Q8954oUEtkJTQQjSZQJdTUQsrSwQ1yBdDKYcMcYCJtVZdSQTVTD7biJ4RsNu8aul
[16] https://t.me/protenge_kz/2717
[17] https://rus.azattyq.org/a/32899148.html
[18] https://bureau.kz/novosti/pravozashhitniki-predstavili-zakonoproekt/
[19] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3785468198439102/
[20] https://kz.kursiv.media/2024-04-10/tksh-lgbt-zakon-yurist/?fbclid=IwAR3xeYJt-_scgThd4_5KhyXFlPf25dBbt2LWL33MRBDj5jePeWdlN21IdQM_aem_AZvMk3eF_cdCIUqSnj83dct0Gib8N_7SiMdu78HCKsXH3C7G18p7shpX5APzDhMrdGl74oVCW9Y9rEwf25Z7jzpe
[21]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=25354149710867633&id=100000978587750&mibextid=oFDknk&rdid=xaRsxwCbyGQ9nC7Z
[22] https://www.facebook.com/100000703637445/posts/7818683808164996/?rdid=NSvOzpDzXdSlfxzY
[23] https://rus.azattyq.org/a/32898939.html
[24] https://mediazona.ca/news/2024/04/10/tansari
[25] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3789632944689294/?_rdc=1&_rdr
[26] https://rus.azattyq.org/a/32899350.html
[27] https://tirek.info/v-astane-zhaksymbek-maksat-podvergnut-arestu-na-15-sutok-sutok-za-prizyv-v-seti-tik-tok/?preview=true
[28] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-4-po-11-aprelya-2024-g-.html
[29] https://kaztag.kz/ru/news/administrativnoe-delo-v-otnoshenii-askhata-niyazova-prokommentirovali-v-mininforme
[30]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0rbw3oTHLxuYogFMNWzoGUDwSJpiS4R6ePb4V89E5Hhk7PqmagjwbzQcbKLLfringl&id=100004272338463
[31] https://rus.azattyq.org/a/32902991.html
[32]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0R9dbMVhEnUno5Q1jVJbhrud9mMYnfHDJZEXLvhkLQVY4rKKR8KX6cETGmKd42xUAl
[33] https://rus.azattyq.org/a/32901623.html?fbclid=IwAR325ONOpPHAMeLsz-n41icw172ksCMEJTFdkcs97OlYBf07TwmfCLK2pXM
[34] https://bureau.kz/novosti/zayavleniya_i_obrasheniya/zayavlenie-v-svyazi-s-ugrozoj/
[35] https://t.me/AdalSotKz/1840
[36] https://rus.azattyq.org/a/32907056.html
[37] https://rus.azattyq.org/a/32903854.html
[38] https://mediazona.ca/news/2024/05/04/adilbekov
[39] https://rus.azattyq.org/a/32904639.html
[40]https://www.facebook.com/aina.shormanbayeva/posts/pfbid02VeRbTUjz8yuqNYeRJBBmcybpVSrz2EUxYbiK5erWi21epwM8tFaiviwvtsdNSGH5l
[41] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3792408121078443/
[42] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3793120474340541/
[43] https://kaztag.kz/ru/news/oon-privetstvovali-prinyatie-kazakhstanom-zakonov-po-zashchite-prav-zhenshchin-i-bezopasnosti-detey
[44] https://www.facebook.com/100064959912232/videos/1740755443000973/
[45]https://www.instagram.com/reel/C50s7aIgQKQ/?igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D&fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTAAAR3Q7vEt3nCyhE6D_-OKK5RwWm9CdY0SjoifO0qhGejXphKnUC6h2E6CWqI_aem_AVU3LzCQYyCxgE2QKZDp0icm3JqoXTUVqw19RekolemxICDPMcgeGVQqGDlKtunbRVPLdifbGs-WdhVYwKjSzuMY
[46] https://www.instagram.com/reel/C503ORuNeUz/?igsh=ZHl6dnh2ZWZ6MXp6
[47] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3789033458082576/
[48] https://rus.azattyq.org/a/32911160.html
[49] https://kaztag.kz/ru/news/arestovannyy-zhurnalist-daniyar-adilbekov-menya-sudyat-za-pravdu-te-kto-razvorovyvayut-stranu
[50] https://kaztag.kz/ru/news/zakonnost-ugolovnogo-dela-protiv-zhurnalista-adilbekova-proverena-prokuraturoy-politsiya
[51] https://vlast.kz/novosti/59812-deateli-profsouzov-neftanogo-sektora-rasskazali-o-davlenii-so-storony-rabotodatelej-i-uvolneniah.html
[52] https://mediazona.ca/news/2024/04/17/mass-media
[53]https://www.facebook.com/gulbanu.abenova/posts/pfbid037cLgCcNsCD3kLkYL8ZuoLzvLjgUKtuc74BtmJVN9L4ZNvq7WkRz4agLvQWyH4a6Nl
[54] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-11-po-18-aprelya-2024-g-.html
[55] https://kaztag.kz/ru/news/mvd-ne-soglasno-s-mneniem-ob-uchashchenii-faktov-ugolovnogo-presledovaniya-zhurnalistov-kazakhstana
[56]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=8209087229106674&id=100000164340944&mibextid=oFDknk&rdid=cM2l6RseWejpreae
[57] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-18-po-25-aprelya-2024-g-.html
[58] https://rus.azattyq.org/a/32912594.html
[59]https://web.facebook.com/sochnevartem/posts/pfbid02uT4hXfR8W4Asd7Jp8tcJvwVT9pjRHokitPhSEKeosnUYSKayurkUyKrH2CWwQmUWl
[60] https://orda.kz/s-zhurnalista-danijara-adilbekova-snjali-obvinenie-v-lozhnom-donose-385377/
[61] https://respublika.kz.media/archives/122208
[62] https://kz.kursiv.media/2024-04-21/zhurnalistam-i-dronam-zapretili-rabotat-v-zonah-zatopleniya-v-zko/
[63] https://adilsoz.kz/campaigns/smi-imeyut-zakonnoe-pravo-osveschat-situaciyu-v-rayonah-postradavshih-.html
[64] https://rus.azattyq.org/a/32916079.html
[65] https://bureau.kz/goryachee/aprelskie-tezisy/
[66] https://rus.azattyq.org/a/32916120.html
[67] https://www.youtube.com/watch?v=KFkxzasYVmg
[68] https://kaztag.kz/ru/news/vlasti-kazakhstana-rassmatrivayut-blokirovku-tiktok-v-kazakhstane-
[69] https://rus.azattyq.org/a/32915536.html
[70] https://rus.azattyq.org/a/32905526.html
[71] https://rus.azattyq.org/a/32915275.html
[72] https://rus.azattyq.org/a/32916873.html
[73] https://rus.azattyq.org/a/politzaklyuchennye-pytki-i-drugie-narusheniya-prav-cheloveka-v-kazahstane-/32917650.html?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR2paoMuVrBV7FxqgLnYBh1W-vIbinWgOgOjCrxreKdcTUFZPCaDdlaVyFY_aem_AaY3KoBCuJGpPKkcrp0Mdg1y5C2HvrLeDju4j00tAcS8cMyZv5fEqZM2rWOQu7rwMq4i3CyqlyNW3vA3pBehxJDT
[74] https://rus.azattyq.org/a/32919862.html
[75] https://rus.azattyq.org/a/32919292.html
[76] https://rus.azattyq.org/a/32919069.html
[77] https://rus.azattyq.org/a/32920086.html
[78] https://kaztag.kz/ru/news/balaeva-ne-stala-davat-otsenku-deystviyam-politsii-po-delu-zhurnalista-marichevoy
[79] https://t.me/AdalSotKz/1849
[80] https://t.me/AdalSotKz/1850
[81] https://rus.azattyq.org/a/32924863.html
[82]https://web.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0uEwmFL6iF3aKrji2FshKUm3DmEBQcc7NgUhdtXMGWWNsaBoGCU5g8A6rdaY45ngEl&id=100070925418981
[83] https://t.me/AdalSotKz/1853
[84] https://t.me/AdalSotKz/1854
[85]https://web.facebook.com/LukpanAkhmedyarov/posts/pfbid02ey8bZ7wycLb2XPDUgjZctvmvGGMJAStzXPdQKrNMsA5be29dewq64SnGj8y6VNybl
[86] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3796788853973703/?_rdc=1&_rdr
[87] https://web.facebook.com/reel/1486506795237052
[88] https://rus.azattyq.org/a/32927851.html
[89] https://rus.azattyq.org/a/32927241.html
[90] https://rus.azattyq.org/a/32925361.html
[91] https://rus.azattyq.org/a/32925071.html
[92] https://t.me/negemedia/5407
[93] https://rus.azattyq.org/a/32928070.html
[94]https://web.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0hMBEwAJyNuswGNQojW8FKg3ZUcaEBQjN14k4uAE8pHeEX8j6yeT2sGjume7TPSHrl
[95] https://rus.azattyq.org/a/32927722.html
[96]https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/3797501327235789/?mibextid=oFDknk&rdid=5sveJUKxzYqcsfjc&share_url=https%3A%2F%2Fweb.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F9Bnfw6cKddxw8PPD%2F%3Fmibextid%3DoFDknk%26_rdc%3D1%26_rdr
[97] https://orda.kz/trusost-pytki-i-zagadochnye-smerti-za-chto-zaderzhali-jeks-ministra-turgumbaeva-385800/
[98] https://www.youtube.com/watch?v=eLastwK8RNs
[99]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0UxMZ1Vj5KygrdribYXTuMSU2aBNrEqeJqQjhM4aW5zKjewtAKFxszkBys9B6gAHtl&id=100036839076077
[100] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3801220440197211/
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.