1 қараша, Астана қаласы, Әбішев А., Матаев А. және Измайлов С., Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы айту үшін Франция елшілігіне барып, Франция президентімен кездеспек болған кезде СОБР қызметкерлерімен ұсталды. Олар 7 сағаттай полиция қамауында ұсталып, хаттама жасамай кешке қарай босатылды [1].
1 қараша, Алматы қаласы, А.Ильяшев, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы «бопсалау» бойынша куәгер мәртебесінде жауап алынды. Іс «Базис-А» компаниясының құрылтайшысы А. Беловичтің арызы бойынша ашылған. Белсенді мұны оның 19 қазан күні Мәжіліс депутаттығына экс-үміткер Қанат Абайды (Тұрдалиев) қолдаумен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзімен байланыстырады [2].
1 қараша, Алматы қаласы, түрлі БАҚ-тың зардап шеккен журналистері Д.Егеубаева, В.Борейко, С.Ибраева және басқалар. Сотталушы Аркадий Клебанов, ҚР ҚК 158, 147, 132, 115, 293, 207 және 202 баптары. Қазақстан БАҚ-қа шабуыл ұйымдастырған. «Сот оны есі дұрыс емес деп танып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі [3].
2 қараша, Астана қаласы, «1612 Info» телеграм-каналында М.Жыланбаевтың сот процесінен фото және қысқаша видео жарияланды. Суретте белсендінің қолында «Наразылығымды білдіріп, аузымды тігіп алдым» деген жазуы бар қағазды ұстап тұр. «Сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы М.Жыланбаев тігісті алып тастады», — делінген қылмыстық-атқару жүйесінің хабарламасында [4].
2 қараша, Алматы қаласы, Алматы гарнизоны әскери сотында ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің, #qantar2022 оқиғасы бойынша шартты түрде сотталған 24 азаматқа қатысты, 147 358 220 теңге материалдық шығынды өндіру талап арызы бойынша азаматтық істі қарау басталды [5].
2 қараша, Алматы қаласы, Якутия (Ресей) белсендісі А. Аммосов (Игорь Иванов) және Алматыдағы СИ-72 абақтысында қамауда отырған ресейлік Н. Нарская пана/убежище іздеушілердің куәліктерін алды [6].
2 қараша, Алматы қаласы, «Әділ сөз» ҚҚ-ның Қазақстандағы пікір білдіру, ақпарат алу және тарату бостандығы құқығының 2023 жылдың 26 қазаны мен 2 қарашасы аралығындағы жағдайына шолу [7].
2 қараша, Қарағанды облысы, 46 кенші қаза тапқан, Костенко атындағы шахтадағы апаттың салдарын жоюға қатысқан тау-кен құтқарушылары шахтадағы апаттың салдарын жойғаннан кейін қызмет көрсету мәселелерін көпшілікке жария еткеннен кейін басшылықтың қысым көрсеткенін хабарлады [8].
2 қараша, Астана қаласы, Жоғарғы сотта «Алға, Қазақстан!» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың Әділет министрлігіне қарсы шағымы бойынша тыңдау өтуі қажет еді. «Сотты онлайн өткізуді өтіндік, бірақ өтінішімізге жауап берілмеді», — деп хабарлады Б.Иманғалиева [9].
3 қараша,Теміртау қаласы, сот әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белсенді О.Пекарскаяға 276 мың теңге (590 АҚШ доллары) айыппұл салды, ол қалалық мәслихат депутаты А.Ломакинді «қорлады» деп айыпталуда және «жәбірленушілердің өтемақы қорына» 17 мың теңгеден астам соманы өндіру міндеттелді [10].
3 қараша, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы Жетібай ауылынының ауылдастарымен бірге тұрғындарды жұмысқа орналастыруды талап еткен 8 адамды Астанаға бара жатқан жолда полиция қызметкерлері ұстады, олар шенеуніктермен кездесіп, жұмыссыздардың талаптарын жеткізуді жоспарлаған болатын. Жетібайлықтарды Ақтөбе қаласынан полицияның бақылауымен қайтарды [11].
3 қараша, өткен айда билік тарапынан Қазақстанға босқын мәртебесін беру туралы өтініші қабылданбаған бурят журналисі Е.Балтатарова қарашаның 3-і күні сотқа шағым түсірді [12].
3 қараша, Қазақстан жемқорлық аз елдер рейтингінде 87 елдің ішінде 75-орынға шықты. Қазақстан әлемдік рейтингте ең нашар, аса жемқорлық көп елдердің қатарында болды, -деп хабарлайды U.S.news&worldreport [13].
3 қараша, Астана қаласы, М.Жыланбаев, тергеу изоляторының әкімшілігі оның аузындағы тігісін күштеп алып, хаттама толтырған. Бейнеде ине мен тігістердің іздері көрсетілген. Марат қарсылық көрсетуін жалғастырып, аштық жариялағанын (тергеу изоляторының әкімшілігі бұған тыйым сала алмайды!) мәлімдеді, деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина [14] .
3 қараша, Шымкент қаласы, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Е.Әбдірамановтың журналист- М.Низовкинді жала жапты деп айыптау арызы бойынша сот отырысы өтті. Сот отырысында арызданушы Е.Абдрамановтың жеке деректері қаралатындығына байланысты сотты жабуды сұрады [15].
4 қараша, Алматының 21 жастағы тұрғыны И. Бейсенбай Қазақстандағы кеншілер мен мұнайшылардың құқықтарын сақтауға шақырып, Астана алаңындағы жалғыз митингке шықты. Сондай-ақ ол, әсіресе, жақында Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апаттан 46 адам қаза тапқаннан кейін азаматтарды кеншілердің мәселесіне қатты көңіл танытуға шақырды [16].
6 қараша, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 68-бабы бойынша белсенді Б.Беляловқа қатысты қылмыстық істі, тараптардың татуласуына байланысты тоқтату туралы, шешім шығарды. Жәбірленушіні медициналық тексеруден өткізу үшін 840 теңге көлеміндегі мәжбүрлі төлем сотталушыдан өндірілсін [17].
6 қараша, Астана қаласы, «Біздің құқығымыз» тобының жетекшісі С.Закирова бірнеше жақтастарымен бірге Қазақстан Президентінің әкімшілігіне үндеу жолдады. Біріншісі – Қазақстанда атом электр станциясын салу идеясынан бас тарту. Екіншісі — Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті өтемақы төлеу. Үшіншіден: Батыс Қазақстан облысында ақбөкендерді жоюға «негіздердің жоқтығынан» киіктерді атуды тоқтату [18].
6 қараша, Астана қаласы, Е.Нарымбай, пробация қызметі жаңа ескерту алды. Оған әлеуметтік желіде М. Жыланбаев төңірегіндегі жағдайға арналған жазба себеп болды [19].
7 қараша, Ақтау қаласы, сот кәсіподақ жетекшісі А.Елеусіновті ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алды. Ол WhatsApp чатына «5/50 жігіттер тобында» жазып, митингке шақырды. «7 қарашада қаланың 12-шағын ауданындағы Рәміздер алаңына 15 азамат жиналды, акция әкімдікпен келісілмеген», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі [20].
7 қараша, Көкшетау қаласы, Н.Баймулдин, журналистке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 456-2— бап 3 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. «Постта Н.Баймулдин, Тоқаев пен оның командасы Назарбаев режимінен де сорақы болып шықты деп айттып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев туралы теріс сөйледі», — делінген полиция қызметкерлері берген хабарламадан үзіндіде [21].
8 қараша, Алматы қаласы, «Соңғы уақытта журналистер мен БАҚ редакцияларына кибершабуылдар санының күрт өскенін өкінішпен атап өтеміз. Бұл кибершабуылдар сөз бостандығына, тәуелсіз журналистикаға және ақпараттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді», — деп мәлімдеді «Әділ сөз» қоры[22].
8 қараша, Орал қаласы, О.Охасов, 09 қараша күні сағат 09:00-ге шақыру қағазын берді, онда мына заң заң бұзушылықтар орын алған: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілмеген, қызметті алушының мәртебесі көрсетілмеген, тергеушінің толық аты-жөні жоқ. «Менің өтінішім бойынша тергеуші өзінің фамилиясын көрсетті», — деп хабарлады О.Охасов[23].
8 қараша, Астана қаласы, С.Закирова, митингілер алдынала жарияланған 25 қазан қарсаңында «заңсыз митингке шақыру» үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, 15 тәулікке қамауға алынды. Закирова митингке шақырған жазбаның авторы емес, оның парақшасына «тег» қойылған және бұл сот үшін жеткілікті болып шыққан[24].
8 қараша, Алматы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының белсенділері және адвокат Астана сотының М.Жыланбаевқа қатысты процесті жабық жүргізу туралы шешімімен келіспейтіндіктерін білдірді. Істе мемлекеттік құпиялар немесе зорлық-зомбылық әрекеттері туралы ешқандай мәліметтер жоқ[25].
9 қараша, Алматы қаласы, белсенділер саяси тұтқынды және жаңадан құрылған «Алға, Қазақстан!» партиясының ұйымдастыру комитетінің төрағасы М. Жыланбаевты қолдау үшін челлендж ұйымдастырды [26] .
9 қараша, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 2 қараша мен 9 қараша аралығындағы жағдайы туралы «Әділ сөз» қорының шолуы[27].
9 қараша, Human Rights Watch (HRW) Халықаралық құқық қорғау ұйымы тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі М.Жыланбаевқа қатысты сотты жабық жүргізу тоқтату туралы қазақстандық соттың шешімін айыптады[28].
10 қараша, Алматы қалассы, Н.Табылдиева, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігі, 378-бабының 2-бөлігі, сот оны кінәлі деп танып, 1,6 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды, сонымен қатар оған 5 жыл ішінде қоғамдық-саяси өмірге араласуға, журналистикамен айналысуға тыйым салу тағайындалды[29].
10 қараша, Алматы қаласы, Д.Мұхаммедкәрімге қатысты тергеу аяқталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы «экстремистік ұйымның қызметіне қатысу» және ҚР Қылмыстық кодексінің 258-бабы «экстремизмді қаржыландыру» бойынша айып тағылуда. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобының өкілдері қорғаушымен байланысқа шықты», – деп хабарлады адвокат Ғ.Нұрпейісов[30] .
10 қараша, Шымкент қаласы, журналист М.Низовкинаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабы «жала жабу» бойынша әкімшілік іс тоқтатылды. Сот М.Низовкинаның Instagram желісіндегі жариялауынан «көрінеу жалған ақпарат тарату» белгілерін таппады. Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Әбдіраманов журналистің үстінен сол себепті шағым түсірген болатын[31] .
10 қараша, Алматы қаласы, сот әуежайды «басып алу» ісі бойынша А.Тілеужанованың ҚР ҚК-нің 272-бабы, 4 жылға бас бостандығынан айыру, К. Нүрпейісовтың, Н. Дәлібаевтың, Е. Шилібаевтың, Ж. Карменовтың ҚР ҚК-нің 272-бабы, 8 жылға бас бостандығынан айыру апелляциялық шағымын қарап, «бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды» [32].
10 қараша, Орал қаласы, сот Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы №343 учаскелік округтік аумақтық сайлау комиссиясына қатысты талап арызды қанағаттандырудан бас тартты және аудан әкімінің сайлауында дауыс беру кезінде заң бұзушылықтарды тіркеген тәуелсіз бақылаушыны қанағаттандырудан бас тартты. Судья- Ш.Шайдиева талап арызды «негізсіз» деп танып, сайлау комиссиясы мүшелерінің қандай заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтау мүмкін еместігін хабарлады[33].
13 қараша, Алматы қаласы, «Қазақстан билігі маған босқын мәртебесін беруден бас тартты. Шағым бойынша сот 16 қарашаға белгіленді. Әрине, біз одан жеңілеміз. Оң тәжірибе жоқ», — деп жазды журналист Е.Балтатарова. Қазақстан билігінің бас тартуы журналистің Ресейге депортациялануына әкеледі. Қазақстан журналисті басқа елдерге жібермей отыр[34].
13 қараша, Астана қаласы, Президент Қ.Тоқаев Бас прокурор Б.Асыловпен кездесу өткізді. Ол елдегі 54 түзеу мекемесіндегі азаптауларға қатысты шағымдар санының азайғаны туралы хабарлады: 2023 жылы 17 шағым, 2022 жылғы 94 шағымға қарсы. Түрмелер мен колонияларда 29 мың бейнекамера орнатылды[35].
13 қараша, Ақтөбе қаласы, қарақалпақ белсендісі Т. Юлдашева тергеу изоляторынан босатылды, ол онда Өзбекстанның өтініші бойынша бір жылға жуық ұстауда болған. Тергеу изоляторының қақпасынан Юлдашева Т. көші-қон полициясына жеткізілді, онда тұрғылықты жері болып Ақтөбе қаласы анықталды[36].
14 қараша, Алматы қаласы, А.Тілеужанова, ҚР ҚК-нің 272-бабы, 4 жыл бас бостандығынан айыру. Жауғашты ауылындағы колонияға жылы киім алуға мүмкіндік бермей, асығыс ауыстырылғандықтан, наразылық ретінде аштық жариялады[37].
15 қараша, Алматы қаласы, журналист Д.Мұхаммедкәрімнің ҚР Қылмыстық кодексінің 405, 258-бабына қатысты ісі бойынша тергеу тергеудің өтінішімен тағы бір айға ұзартылды[38].
15 қараша, Алматы қаласы, Арман Жұман, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 2-бөлігі, Алматы гарнизонының әскери соты келісімшарт бойынша әскери қызметшіге қатысты ақтау үкімін шығарды. «Апелляциялық шағым түсіреміз», — деді #qantar2022 оқиғасында қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның әкесі мен адвокат Ж.Күнсеркін [39] .
15 қараша, Алматы қаласы, прокуратура Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханға қатысты ақтау үкіміне шағым бермеші, деп хабарлады Бас әскери прокуратура[40].
16 қараша, Тараз қаласы, Н.Қанатов, ҚР ҚК-нің 419-бабы, сот оны көрінеу жалған мәлімдеме жасағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Іс облыс әкімі орынбасарының арызы бойынша қозғалған. Н.Қанатов сот залында ұсталды [41].
16 қараша, Тараз қаласы, Қылмыстық істер жөніндегі №2 соты саяси тұтқын Н.Қанатовты қорғаған адвокат А.Ибраевқа қатысты, сотқа құрметтемеушілік көрсетті деген айыппен лицензиясынан айыру туралы жеке қаулы шығарды[42].
16 қараша, Қарағанды қаласы, облыстық сот «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» әкімшілік іс бойынша жәбірленуші журналист Д.Сапарқызының апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырды. 18 тамызда редакция берген тапсырманы орындау кезінде журналистке шабуыл жасалған болатын[43].
16 қараша, Алматы қаласы, «Әділ сөз» ҚҚ-ның Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылдың 9 қарашасы мен 16 қарашасы аралығындағы жағдайына шолуы [44].
16 қараша, Алматы қаласы, Түркісіб аудандық ішкі істер бөлімінде Айдос Мелдеханұлына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің жаңа 456-2-бабы «Жалған ақпарат жариялау, тарату» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, сот оған, қызы Айкөркемнің өліміне қатысты, ҚР ҚК-нің 119-бабы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша, жауапкершілікке тарту туралы жеке ұйғарым шығарды[45].
16 қараша, Алматы қаласы, сот «Азат Еуропа/Азаттық Радиосы» қазақстандық қызметінің өкілдігіне ҚР ӘҚБтК-нің жаңа 456-2 әкімшілік бабы («Жалған ақпараттарды орналастыру, тарату») бойынша, оны ресейлік «фейктар/жалған туралы» заңының аналогы деп атайды, 103 500 теңге (шамамен $220) айыппұлды салу туралы шешім шығарды[46].
16 қараша, Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы «Жалған ақпараттарды орналастыру және тарату» күшіне енді. Жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы ретінде сотқа журналист Н.Баймулдин шақырылды. Дезинформация мен фейк жаңалықтармен күресуге арналған бап өз әрекетін журналистерден бастады[47].
17 қараша, Ақмола облысы, Қоянды ауылы, белсенді Ахат Қапардың үйіне бірнеше полиция қызметкері келді, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлімі. Олар тіркелмеген қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысу бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды және 172 мың теңгеден астам сомаға айыппұл жазды[48].
17 қараша, Шымкент қаласы, журналист М.Низовкина ҚР Президентіне полициядан қорғауды қамтамасыз етуді сұрап жүгінді. Ол қауіпсіздік күштерінің қысымы туралы айтып, өзін қауіпсіз сезінбейтінін айтып өтті[49].
17 қараша, Абай облысы, Жарма ауданы, Шар қаласы, белсенді Ерхан Ағзам өзінің кандидатурасын әкім сайлауына қатысуға жібермейтінін мәлімдеді. Аумақтық сайлау комиссиясының (АСК) хаттамасының күші екі рет жойылған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті АСК-ға Ерхан Ағзамның еңбек өтілі бойынша талапқа сай емес деген қорытынды жолдаған[50].
17 қараша, Алматы қаласы, тергеу соты якут белсендісі Айхал Аммосовты (Игорь Иванов) 12 айға экстрадициялық қамауға жіберді. Бұған дейін сот оны 40 тәулікке қамауға алған болатын[51].
16 қараша, Астана қаласы, Жыланбаев М., ҚР ҚК-нің 405, 258-бабтары, аштық жариялауды басталғаннан бері салмағы төмендеп арықтаған. «Мен тергеу изоляторынан жаңа ғана шықтым, онда Маратпен кездескен. 1 қарашада оның салмағы 72 килограмм болды, 15 қарашадағы жағдайы 59 килограмм», — деп хабарлады оның адвокаты[52].
17 қараша, Астана қаласы, М.Жыланбаев, ҚР ҚК-нің 405, 258-баптары бойынша марафоншыға қатысты жабық сот отырысының шеңберінде жарыссөздер өтуде. Прокурор соттан М.Жыланбаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады[53].
18 қараша, Алматы қаласы, Ерлан Кенешбаев, қалалық сот А.Тілеужанова мен К. Нұрпейісовқа қатысты апелляциялық сот отырысы кезінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық белгілерін көрді және 15 тәулікке қамауға алу жазасын белгіледі [54].
20 қараша, Алматы облысы, Жауғашты ауылы, А.Тілеужанова, ҚР ҚК-нің 272-бабы 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, аштық жариялауы алтыншы күнге жалғасуда. Осы уақыт ішінде оның денсаулығында ақаулар пайда болды, оған дәрігерлердің келгені туралы ақпарат жоқ[55].
20 қараша, Алматы қаласы, саясаттанушы Д.Әлжанов Алматы әкімдігі бекіткен «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының митингісін елдегі гендерлік зорлық-зомбылық тудырған халықтың наразылығын басқа жаққа бұру әрекеті деп бағалап, баламалы бейбіт митинг өткізуді ұсынды. Ол «Жаңа адамдар» қозғалысын үкіметшіл деп атады[56].
20 қараша, Талдықорған қаласы, журналист Д.Мұхаммедкәрім, ҚР ҚК 258, 405 баптары бойынша саяси тұтқындар А. Тілеужанова мен М.Жыланбаевты қолдау белгісі ретінде аштық жариялап отыр. Ол оларды күресте қолдап, өз ісі бойынша ашық сот талқылауын талап етеді[57].
20 қараша, Алматы қаласы, #Қантар2022 кезінде өлтірілген Айкөркем қыздың әкесі — Айдос Мелдеханұлына 69 000 теңге (150 долларға жуық) айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-нің 456-2 бабы, «Жалған ақпарат жариялау және тарату» үшін [58].
21 қараша, Астана қаласы, Н. Әлтаев, ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп тапты. Мемлекеттiк қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмiр бойына айырумен, «заңсыз сатып алынған мүлiк ретiнде» болжамды пара сомасы — 50 миллион 116 мың 20 теңге өндiрiп алынсын[59].
21 қараша, Алматы қаласы, сот БАҚ пен журналистерге шабуыл жасау ісі бойынша үкім шығарды. О.Токарев, ҚР ҚК-нің 158, 147, 202-баптары бойынша 4,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру. К., Т., С., А. деген инициалдары бар кәмелетке толмағандарға қатысты сот оларға 1,4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Моральдық шығынды өтеу үшін сотталушы О.Токарев пен кәмелетке толмағандардың өкілдерінен 3 млн теңге өндірілді[60].
21 қараша, Алматы қаласы, он қаланың әкімдігі 2023 жылдың 25 қарашасында бейбіт шеру өткізуден бас тартты. Тақырып: «Тоқаев «Жаңа Қазақстан!» құрылысын жариялады. Біз Тоқаевпен келісеміз. Біз «Жаңа Қазақстанды» жақтаймыз». Қалалар тізімі: Ақсай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Астана, Петропавл, Семей, Орал, Шымкент, Қостанай. Бас тартудың себебі: Бұрын жоспарланған іс-шаралар, толық емес ақпарат беру[61].
21 қараша, Алматы облысы, Заречный ауылы, Д.Намазбаев, ЛА-14 мекемесі (103), ҚР ҚК-нің 179-бабы 2-бөлігі, 5 жылға бас бостандығынан айырылған, сот жазаны бас бостандығынан шектеуге ауыстыруға қатысты арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сот бас тартуды бір жаза тағайындалды деген себеппен түсіндірді[62].
21 қараша, Астана қаласы, Қ.Әміренов, Ж.Жүнісов және Н.Қажығалиев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, 2023 жылғы 11 қазанда Әділет министрлігінің ғимараты алдында М. Жыланбаевты қолдау митингісіне қатысқаны үшін, әрқайсысы 15 тәулікке қамауға алынды. С.Қаңтарбаева, М.Нұғманов және М.Мұсабаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлімі, 2023 жылғы 17 наурызда «Ренко» бизнес орталығы ғимаратының алдында саяси тұтқындарға бостандық беруді талап еткен митингке қатысқаны үшін, әрқайсысына 20 тәулікке қамауға алынды[63].
22 қараша, Атырау қаласы, халықты әлеуметтік қолдауды күшейтуді талап етіп, 27 қазанда әкімдікке келген Н.Сұлтановқа, А.Рахимовқа, А.Ермековқа, Н.Аймағамбетовке, сот ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша, әкімдік ғимаратындағы митингіге қатысқаны үшін, ескерту түріндегі жаза тағайындады. Әкімдіктің ішкі саясат бөлімі әйелдердің үстінен шағым түсірді [64].
22 қараша, Алматы қаласы, бір топ құқық қорғаушылар мен феминистік белсенділер Қазақстан билігін «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» (FCDV) заң жобасын қабылдауға және ұлттық заңнамаға «феминицид» ұғымын енгізуге шақырды[65].
22 қараша, Ақтау қаласы, кәсіподақ жетекшісі, бұрынғы «саяси тұтқын» А.Елеусінов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, «бейбіт жиын шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен, 15 тәулікке қамауға алынғаннан кейін,босатылды[66].
22 қараша, Алматы қаласы, біздің https://kaztag.kz сайтымыз түстен бері жұмыс істемейді. Осы уақыт ішінде біздің IT мамандарымыз мәселені әдістемелік тұрғыдан шешпек болды, тек қазір, кешке қарай, оның себебі күшті DDoS шабуылы екенін анықтадық. Редакция сөз бостандығына қарсылардың бұл әрекетін Қазақстандағы жемқорлық туралы резонансты материалдармен байланыстырады[67].
22 қараша, Алматы қаласы, Қазақстанды Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуға шақырған діни қызметкер Әке Иаковты Алматы полициясына куә ретінде жауап алуға шақырылды. Полицей материалдармен танысып, түсіндірме хат жазуды сұрады. Оған себеп –ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес келетін «Facebook» желісіндегі жазбалар[68].
22 қараша, Алматы қаласы, адвокаттар Р.Керімова мен Е.Жигаленок Алматыда сотталған көп балалы ананың үкімінен кейін пикет өткізуді жоспарлап отыр. «Пикет туралы хабарламалар жіберілді. 2023 жылдың 30 қарашасында сағат 11:00-де Алматы қалалық сотының маңында екі пикет өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деп хабарлады Р.Керімова [69] .
22 қараша, Петропавл қаласы, белсенді С.Измайлов өзінің Facebook парақшасында, оның әйелін ұрлап, полиция бөліміне алып кеткені туралы жазба жариялады. Полиция Сергейдің әйелін оған қарсы куәлік беруге мәжбүрлеуде, ал адвокатқа онымен кездесуге рұқсат бермейді [70] .
22 қараша, 2023 жылғы 25 қарашаға жарияланған бейбіт наразылықтар алдындағы саяси қудалауларға бақылау. 2023 жылғы 22 қарашадағы сағат 16:00-дегі ағымдағы деректер [71].
22 қараша, Петропавл қаласы, №2 қалалық сот А.Данчевтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ РҚБ бастығы — Д.Е.Хариповке қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіліне жолдаған өтінішіндегі мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тану, ақпаратты теріске шығару міндеттемесі, кешірім сұрау және моральдық шығынды өндіру туралы ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы азаматтық талап арызы бойынша бас тарту шешім шығарды[72][73].
22 қараша, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылы, белсенді Е.Байдақов, облыс әкімі Н.Ноғаевпен кездесу алдында туберкулезге қарсы диспансерге мәжбүрлі түрде орналастырылды. Белсендіні 10 шақты полиция қызметкерлері ұстап алып, кейін «әкімге артық айтпауы үшін» туберкулезге қарсы диспансерге жеткізді [74].
22 қараша, Көкшетау қаласы, Н. Баймулдин, сот Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 456-2 бабы 3- бөлігімен, «жалған ақпарат жариялау және тарату», әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін тапты. «Facebook» желісіндегі жарияланымы үшін айыпталып, журналистке 69 мың теңге айыппұл салынды[75].
23 қараша, «Полиция зорлаушылар мен педофилдерді ұстауы керек, сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектескен қоғам белсенділерінен айыптау айғақтарын іздемеуі керек», — деп шақырды «#NeMolchi.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Д.Смаилова [76] .
23 қараша, «Н.Әлтаев пен М.Жыланбаев оппозициялық қайраткерлердің әртүрлі типтерін көрсетеді: бірі — бұрынғы шенеунік, екіншісі — жүйеден тыс адам. Бірақ Қазақстан билігінің мұндағы өзінің әлеуетті қарсыластарының әрқайсысына жолдауы бірдей көрінеді: кез келген үміткерге әрекет ету қажет емес», — деді журналист Крис Эклтон [77].
23 қараша, Алматы қаласы, «Әділ сөз» ҚҚ-ның Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 16-23 қараша аралығындағы жағдайына шолуы[78].
24 қараша, Қостанай қаласы, Д.Сұлтанғали, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі, 8 тәулік, Telegram желісінде 14.11.2023 ж. митингке шақырған бейнежазбаны жариялағаны үшін, Сандуғаш Санд-Ахмет, А.Смақова, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен, 5 тәулікке қамауға алу, Telegram желісінде 2023 жылғы 15 қарашада митингке шақыру туралы бейнежазбаны жариялағаны үшін [79] .
24 қараша, Алматы қаласы, М.Дорофеев атындағы «Медиа Құрылтай» сыйлық журналист және құқық қорғаушы Л.Ахмедьяровқа тапсырылды. Ол журналистік қызметімен ғана емес, азаматтық белсенділігімен де танымал. Ол адам құқықтары мен сөз бостандығы үшін белсенді күреседі, өткір тақырыптарды қозғайды, сол үшін бірнеше рет шабуылға ұшырап, қуғынға ұшыраған[80].
25 қараша, Алматы қаласы, медиа-сарапшы Д. Окремова Қазақстанның ақпараттық егемендігі мәселесіне қатысты «Медиа Құрылтайға» қатысты пікірімен бөлісті: «Біз ресейлік арналарға бізден хабар таратқаны үшін ақша төлейміз. Ал телехабарлар ресейлік қоғамның мәселелерін көрсетеді, ол бюджет қаражатын белгілі бір сомада тиімсіз пайдалануға әкеледі» [81].
25 қараша, Астана қаласы, оппозиция белсенділері жариялаған наразылық күні қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Митинг өтетін жер деп көрсетілген «Жастар» сарайының маңындағы аумақ қоршауға алынды. Оқиға орнында кезекші полиция қызметкерлері тұр, олар ешкімді қоршаудан өткізбей жатыр, өтіп бара жатқандардан аумақты айналып өтуді сұрайды[82].
25 қараша, Алматы қаласы, Азаттық тілшілері қала орталығындағы «Астана» алаңының маңында полиция қызметінің күшейтілгенін байқады. Алаңға жақын жерде автозактар тұр[83].
25 қараша, Өскемен қаласы, полиция «NemolchiKZ» қорының президенті Д.Смаиловаға қатысты алаяқтық туралы істі тергеп жатыр, деп хабарлады адвокат Г.Жуаспаева. Ол екінші күннен бері іс материалдарымен таныса алмай жүрген жеткізді. Сонымен бірге, қорға ақша аударған жүздеген қазақстандыққа полиция телефон шалып, жауапқа шақырып жатыр[84].
25 қараша, Ұлыбритания, Лондон қаласы, Қазақстан елшілігінің алдында Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті. Оған Ұлыбританияда тұратын, 70-тен астам қазақстандық қатысты[85].
26 қараша, Алматы қаласы, «Жаңа адамдар» қозғалысының зорлық-зомбылыққа қарсы «Жануарлар әлеміне жоқ деу» акциясы өтті. «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаңға қазір 200-300-дей адам жиналды. Бірнеше қоғамдық ұйымдар «Жаңа Адамдарды» феминистік қозғалыстың күн тәртібін иемденуіне және жануарларды стигматизациялауына байланысты сынға алды[86].
26 қараша, Шымкент қаласы, митинг болады деп болжанған күні белсенді Е.Қоншбаев ұсталды. Түскі асқа үйіне келгенде, оны алып кеткен. Олар мені Еңбекші аудандық полиция бөліміне апарып, кешкі 22-ге дейін ұстады[87].
27 қараша, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, полиция «журналисттің заңды кәсіби қызметіне күш қолдану арқылы кедергі жасау» бабы бойынша, жәбірленуші ретінде журналист Д. Сапарқызы өткен қылмыстық істі тоқтатты. Шахтинск қаласы прокурорының орынбасары қылмыстық іс бойынша қорғау құқығы бар куәгер ретінде өтетін, екі адамның әрекеттерінен «қылмыстық құқық бұзушылық құрамын» көрмейді[88].
27 қараша, Алматы қаласы, 2023 жылғы 25 қарашада жарияланған бейбіт шерулерге байланысты саяси қудалаулардың мониторингі[89].
27 қараша, 6 мыңнан астам қазақстандық «NeMolchi.kz» қорын қорғап, президент Қ.Тоқаевқа, Бас прокурор Б.Асыловқа және омбудсмен А.Ластаевқа жолданған петицияға қол қойды. Авторлар «NeMolchi.kz» сайтының, Д.Смаилованың және т.б.қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды[90] .
28 қараша, Астана қаласы, М.Жыланбаев, ҚР ҚК-нің 405, 258-баптары, сот отырысында соңғы сөзінде , дәлелдемелерді келтіре отырып, өзінің кінәсіздігі туралы екі сағаттан астам сөз сөйледі. Оның жақтастарын және журналистерді, «жабық сот» деген желеумен, бұл сот отырысына кіргізбеді [91].
28 қараша, Ақтөбе қаласы, Қазақстан билігі қарақалпақ белсендісі — Т.Юлдашеваға босқын мәртебесін беруден бас тартты. «Олар өз конвенцияларын алға тартып, бас тартты. Маған қалалық сотқа шағымдануға құқығым бар екенін түсіндірді. Мен қалалық сотқа жазамын», — деді Т.Юлдашева [92].
29 қараша, Астана қаласы, М.Жыланбаев, ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігі, 258-бабының 2-бөлігі. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім сағат 17.00-де онлайн жарияланды. Хабарландыруға туыстарының, жақтастарының немесе журналистердің ешқайсысы жіберілмеді[93].
30 қараша, Астана қаласы, ҚР Бас прокурорының орынбасары- Ж.Өмірәлиев мәжіліс залынан тыс алаңында «Азаттық» тілшісінің: «Бас прокуратура М. Жыланбаевтың ісі бойынша үкімді соттың құпия түрде шығару әрекетінен, ашықтық принципін бұзуды көріп отыр ма?»,-деген сауалын жауапсыз қалдырды [94].
30 қараша, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты Б.Базарбектің айтуынша, журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы қылмыстық бап тіпті жұмыс істемейді, мәжіліс депутаты қылмыстық кодекстің журналистер құқығын қорғауға бағытталған баптарын күшейтуді сұрады[95].
30 қараша, Бішкек қаласы, Еңбек құқықтары жөніндегі халықаралық бақылау миссиясының жыл сайынғы 7-ші конференциясы өтті. Қазақстандық делегация елдегі ереуілдік қозғалыстарға шолу жасады және елдегі саяси-құқықтық жағдайға тоқталды. Баяндама жасағандар алдыңғы екі жылдағы оң өзгерістерге қарамастан, аймақтағы сияқты еңбек құқықтарын сақтау укіметтерде кең нашарлағанын атап өтті[96].
[1] https://rus.azattyq.org/a/32666165.html
[2] https://masa.media/ru/site/almatinskogo-aktivista-alnura-ilyasheva-vyzvali-na-dopros-po-delu-o-vymogatelstve
[3] https://kaztag.kz/ru/news/organizovavshiy-ataki-na-smi-kazakhstana-rodstvennik-oligarkha-klebanova-priznan-nevmenyaemym
[4] https://t.me/INFO1612/17141
[5] https://rus.azattyq.org/a/32667178.html
[6] https://rus.azattyq.org/a/32666863.html
[7] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-26-oktyabrya-po-02-noyabrya-2.html
[8] https://rus.azattyq.org/a/32667710.html
[9] https://rus.azattyq.org/a/32679555.html
[10] https://rus.azattyq.org/a/32676544.html
[11] https://rus.azattyq.org/a/32670178.html
[12] https://rus.azattyq.org/a/32670880.html
[13] https://kaztag.kz/ru/news/kazakhstan-okazalsya-v-chisle-khudshikh-mirovogo-reytinga-samykh-korrumpirovannykh-stran
[14] https://www.facebook.com/watch/?v=882388233492445
[15] https://vera.kz/policejskij-nachalnik-v-shymkente-suditsya-s-zhurnalistom-marinoj-nizovkinoj/?fbclid=IwAR2pznObIEuSCWcVw76nInSgfnJrkQljNqVKaIT7EBbwL8scbAk7EJkwCvg
[16] https://rus.azattyq.org/a/32670970.html
[17]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02JYykrKgxHNSGBFt1odHEK6ktqkuDjr5kNsibPLkuwEGtaVJ3XVAqoexgArACPMW3l
[18] https://rus.azattyq.org/a/32673445.html
[19] https://rus.azattyq.org/a/32673497.html
[20] https://rus.azattyq.org/a/32674701.html
[21]https://www.facebook.com/sholpan.yeleussizova/posts/pfbid0rXNGucMBbDyTsn7MnpQ4CPabR672ZFgtHd1HWNudggcrHBupr8BWLk7AZ2SzwMwTl
[22] https://adilsoz.kz/news/zayavlenie-fonda-adil-soz-po-povodu-kiberatak-na-zhurnalistov-.html
[23]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid027nqys1wN1Ux8VSU6SHr7vMgRakQWKQuyLquH9KAyifkjJViVFrdogYtZeSkKTRtrl&id=100026635200339
[24] https://rus.azattyq.org/a/32676382.html
[25] https://rus.azattyq.org/a/32676279.html
[26] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3681583752160881/
[27] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-02-po-09-noyabrya-2023-goda.html
[28] https://rus.azattyq.org/a/32677800.html
[29] https://rus.azattyq.org/a/32679863.html
[30] https://rus.azattyq.org/a/32680580.html
[31] https://rus.azattyq.org/a/32680354.html
[32] https://kaztag.kz/ru/news/prigovor-aygerim-tleuzhanovoy-i-drugim-po-delu-o-zakhvate-aeroporta-ostavili-bez-izmeneniy
[33] https://rus.azattyq.org/a/32679916.html?fbclid=IwAR0i1bdBts555mHpj5c-BMTRBOe13llZM-3JtZQcCmnKTX3jOpOep_OSESw
[34] https://t.me/babayagaprotiv03/10931
[35] https://masa.media/ru/site/genprokuror-otchitalsya-tokaevu-chto-v-tyurmakh-rk-stali-menshe-zhalovatsya-na-pytki
[36] https://rus.azattyq.org/a/32682796.html
[37] https://rus.azattyq.org/a/32687435.html
[38] https://rus.azattyq.org/a/32686869.html
[39] https://rus.azattyq.org/a/32685881.html
[40] https://kaztag.kz/ru/news/prokuratura-namerena-oprotestovat-opravdatelnyy-prigovor-po-delu-o-gibeli-aykorkem
[41] https://www.facebook.com/watch/?v=937312017757063
[42] https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02jBTHTkDax8Shd1rzqNHpkKSAGLdGN5nJJny9echxXvB3RjPRU7UjH1va8u4Qu9vel
[43] https://rus.azattyq.org/a/32688565.html
[44] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-09-po-16-noyabrya-2023-goda.html
[45] https://rus.azattyq.org/a/32687686.html
[46] https://rus.azattyq.org/a/32687264.html
[47]https://www.facebook.com/GulmiraBirzhanova/posts/pfbid02pC4TN71Tz3gZdG4cJtaxJe3k9hwCb3z9acSLto1VF4PrvQtwFyYoyxaTkUBE5sF6l
[48] https://rus.azattyq.org/a/32688946.html
[49] https://masa.media/ru/site/zhurnalistka-iz-shymkenta-poprosila-tokaeva-zashchitit-ee-ot-politsii
[50] https://rus.azattyq.org/a/32688890.html
[51] https://rus.azattyq.org/a/32688372.html
[52] https://rus.azattyq.org/a/32686928.html
[53] https://rus.azattyq.org/a/32688465.html
[54]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0MwgQNNR94BrWNoayMr669rMqtVFEzAsoM8a69s47Pg9m4nBV3Kfq48regZ8BUKEcl&id=100023529633569
[55] https://rus.azattyq.org/a/32692218.html
[56] https://respublika.kz.media/archives/109793
[57] https://rus.azattyq.org/a/32696823.html
[58] https://rus.azattyq.org/a/32692327.html
[59] https://rus.azattyq.org/a/32693756.html
[60] https://rus.azattyq.org/a/32693986.html
[61] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3688847138101209/
[62]https://www.facebook.com/alnur.ilyashev/posts/pfbid0g1soMQAWM8wph9xFtXYspEAdqnDpfUfKXwVsPPKzoz97u45HT4Njv4ok1XbnoAGEl
[63] https://rus.azattyq.org/a/32695657.html
[64] https://rus.azattyq.org/a/32695323.html
[65] https://rus.azattyq.org/a/32695322.html
[66] https://rus.azattyq.org/a/32695039.html
[67] https://kaztag.kz/ru/news/zayavlenie-redaktsii-kaztag-v-svyazi-s-massirovannymi-ddos-atakami-na-sayt-agentstva-22-11-23
[68] https://kaztag.kz/ru/news/prizyvavshego-k-vykhodu-kazakhstana-iz-odkb-svyashchennika-vyzvali-na-dopros-v-almaty
[69] https://kaztag.kz/ru/news/advokaty-planiruyut-provesti-pikety-posle-prigovora-osuzhdennoy-mnogodetnoy-materi-v-almaty
[70]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0eU6yWdaG2jzxHgVUViiH2UBeHWjHwcrC8xjABpMoncGQpqtB5nwTu87rWwzxnEzXl&id=100004407332296
[71] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3689556951363561/
[72] https://t.me/AdalSotKz/1652
[73] https://t.me/AdalSotKz/1653
[74] https://mediazona.ca/news/2023/11/24/tubdis
[75]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0V7DywXBbW4qLuxxYjzEJJ7meYbFyyHB6Kj6cWEdGBAXKbGf9JVMfnJyaw6G9X9E2l&id=100001986031624
[76] https://bureau.kz/novosti/fond-zastavit-zamolchat/
[77] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-opposition-prison-sentences-altaev-zhylanbaev/32696332.html
[78] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-16-po-23-noyabrya-2023-goda.html
[79] https://rus.azattyq.org/a/32697926.html
[80] https://orda.kz/zhurnalist-i-pravozaschitnik-lukpan-ahmedjarov-stal-laureatom-premii-imeni-mihaila-dorofeeva-379502/
[81] https://ulysmedia.kz/news/23449-media-kurultai/
[82] https://rus.azattyq.org/a/32699477.html
[83] https://rus.azattyq.org/a/32699477.html
[84] https://vlast.kz/novosti/57739-policia-vyzyvaet-na-doprosy-kazahstancev-zertvovavsih-dengi-fondu-nemolci.html
[85] https://masa.media/ru/site/kazakhstantsy-proveli-aktsiyu-u-posolstva-rk-v-londone-protiv-nasiliya-nad-zhenshchinami
[86] https://vlast.kz/novosti/57740-v-almaty-prohodit-akcia-dvizenia-zana-adamdar-protiv-nasilia.html
[87] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3692015444451045/
[88] https://rus.azattyq.org/a/32701818.html
[89] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3692352664417323/
[90] https://masa.media/ru/site/bolee-shesti-tysyach-kazakhstantsev-podpisali-petitsiyu-v-zashchitu-fonda-nemolchikz
[91] https://rus.azattyq.org/a/32703261.html
[92] https://rus.azattyq.org/a/32702864.html
[93] https://rus.azattyq.org/a/32703222.html
[94] https://rus.azattyq.org/a/32708359.html
[95] https://ulysmedia.kz/news/23646-zakon-o-mass-media-deputat-bazarbek-prizval-zashchishchat-prava-zhurnalistov-v-kazakhstane/
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.