Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Апелляциялық сот Атажұрт» белсенділерінің үкімі өзгеріссіз қалдырылды

10 маусым, Талдықорган қаласы, Атажұрт» белсенділерінің үкімі өзгеріссіз қалдырылды алқасы Талдықорған қалалық сотының үкімін заңды деп танып, белсенділердің шағымын қанағаттандырмады

Жетісу облыстық соты «Атажұрт» белсенділеріне қатысты шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы сотталушылардың туыстары мен ақпарат құралдары хабарлады.  Естеріңізге сала кетсек, «Атажұрт» белсенділерін Қытай туын өртегені үшін Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни «ұлтаралық алауыздық қоздыру» айыбымен сотқа тартып, Талдықорған қалалық соты оларды айыпты деп таныды.  «Атажұрт» ұйымының төрағасы Бекзат Мақсұтхан, сондай-ақ Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Алимнұр Тұрғанбайдың жұбайы Гүлдария Шеризат бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Гүлдария Шеризатқа қатысты үкімнің орындалуы баласы төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. «Атажұрт» ұйымының белсенділері мен жақтастары Тұрсынбек Қаби, Еркінбек Нұрақын, Ербол Нұрлыбаев, Марғұлан Нұрданғазы, Қуандық Қосжанов, Бақытжан Шуғыл және Батылбек Байқазы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қанат Тұрдыбай мен Аян Қалымбек бес жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал Беделхан Қабылашым 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды. Өткен жылдың 13 қарашасында «Атажұрт» белсенділері Алматы облысындағы дала жолының бойында акция өткізіп, Қытай билігін сынға алып, өткен жылдың шілде айында Қытайда жұмыс барысында ұсталған этникалық қазақ Алимнұр Тұрғанбайды Қазақстанға қайтаруды талап етті. Акция барысында олар Қытайдың үш туын және ҚХР төрағасы Xi Jinping-нің портретін өртеген. Осы акциядан кейін белсенділер «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейін оларға «алауыздық қоздыру» айыбы тағылды. Бұл бап бойынша олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдар, атап айтқанда Amnesty International, Human Rights Watch, International Partnership for Human Rights және Адам құқықтарын қорғау  және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық Бюросы қамауға алынған белсенділерді босатып, оларға тағылған айыптарды алып тастауға шақырды. 7 сәуірде Қытай шекарасынан өткеннен кейін қытайлық шекарашылар ұстаған Қазақстан азаматы Алимнұр Тұрғанбайдың 2,5 жылға сотталғаны белгілі болды. Сот отырысы оның туыстарының қатысуынсыз өткен. Қытай туын өртеу акциясы дәл осы Тұрғанбайдың ұсталуына наразылық ретінде өткізілген еді. Сотталушылар өздерінің кінәсін мойындамады.

10 июня, г.Талдыкорган,  Жетысуский областной суд оставил без изменения приговор суда, вынесенный в отношении  активистов «Атажурт «. Коллегия признала приговор Талдыкорганского городского суда законным и отклонила жалобу. ст.174 УК РК, 5 лет заключения: Б.Максутхан, Т.Каби, Е.Нуракин, Е.Нурлыбаев, М.Нурдангазы, К.Косжанов, Б.Шугал, Б.Байказы, Е.Нурлыбаев; 5 лет ограничения свободы: К.Турдыбай, А.Кокшаев, А.Калымбек; 4,8 года ограничения свободы: Б.Кабылашим, Н.Нурсапа, Н.Максутхан 5 лет ограничения свободы; Б.Нурмукан (освобождается из-под стражи); 4,8 года ограничение свободы: А.Бейсенали (освобождается из-под стражи).5 лет заключения: Г.Шаймурат и Г.Шеризат. Женщинам наказание было отложено из-за несовершеннолетних детей.

 Об этом сообщили родственники подсудимых и СМИ.  Напомним, активистов «Атажурта «привлекли к суду по статье 174 Уголовного кодекса» разжигание межнационального раскола» за поджог китайского флага, а Талдыкорганский городской суд признал их виновными.  Председатель организации» атажурт » Бекзат Максутхан, а также супруга осужденного в Китае гражданина Казахстана Алимнура Турганбая Гульдария Шеризат приговорены к пяти годам лишения свободы. А исполнение приговора в отношении Гульдарьи Шеризат было отложено до достижения ребенком четырехлетнего возраста. Активисты и сторонники организации «атажурт» Турсынбек Каби, Еркинбек Нуракин ,болол Нурлыбаев, Маргулан Нурдангазы, Куандык Косжанов, Бакытжан Шугыл и Батылбек Байказы были приговорены к пяти годам лишения свободы. Канат Турдыбай и Аян Калымбек были приговорены к пяти годам лишения свободы. А Беделхан Кабылашым получил наказание в виде ограничения свободы сроком на 4 года и 8 месяцев. 13 ноября прошлого года активисты «Атажурта » провели акцию на полевой дороге в Алматинской области, раскритиковали китайские власти и потребовали вернуть в Казахстан алимнур Турганбая, этнического казаха, задержанного в июле прошлого года в ходе работы в Китае. В ходе акции они сожгли три китайских флага и портрет председателя КНР Xi Jinping. После этой акции активисты были привлечены к административной ответственности по статье» Мелкое хулиганство». Позже им было предъявлено обвинение в» разжигании разногласий». По этой статье они могли быть приговорены к тюремному заключению на срок до 10 лет. Организации, занимающиеся защитой прав человека, а именно Amnesty International, Human Rights Watch, International Partnership for Human Rights и Казахстанское международное Бюро по защите прав человека и соблюдению законности, призвали освобождать арестованных активистов и снимать с них обвинения. 7 апреля стало известно, что гражданин Казахстана Алимнур Турганбай, задержанный китайскими пограничниками после пересечения китайской границы, осужден на 2,5 года. Судебное заседание прошло без участия его родственников. Акция по поджогу китайского флага проводилась именно в знак протеста против задержания Турганбая. Подсудимые свою вину не признали.

Bureau.kz сайтының редакциясы

 

 

https://clck.ru/3U6yzn

 

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.