Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

АRA MEDIA ютуб арнасына қарсы ұйымдасқан ақпараттық шабуыл жасап

31 шiлде, кешелі бері қазақстандық әлеуметтік желілерде ARA MEDIA ютуб арнасына қарсы ұйымдасқан ақпараттық шабуыл жасап, итше талап жатыр. Оны алдымен «Қазақстан» ұлттық арнасы ютуб платформасына шағым түсіріп, ARA MEDIA-ны жабудың әрекетін жасап жатыр. Артынан әлеуметтік желілерде бір сарындағы жазбалар қаптамалап кетті. Бір-бірінен аумайтын пікірлер, бірдей айыптаулар мен мақсатты шабуылдар өрістеді…
Бұл жағдайға жалғыз ARA MEDIA арнасының айналасындағы дау деп қарама! Бұл Қазақстандағы тәуелсіз журналистиканың, сөз бостандығының және балама пікір айту құқығының басына төнген қауіп.
Ау, ағайын, тәуелсіз БАҚ не үшін қажет әуелі бізге? Билікке жаға ма, жақпай ма ол бөлек дүние. Ал тәуелсіз медиа қоғамға ауадай қажет! Олар ресми ақпараттың шеңберінен шығып, көпшілік назарынан тыс қалатын өзекті мәселелерді көтереді, балама көзқарас ұсынады. Тіпті ол қандай да бір ақпаратты бұрмалаған, жалған ақпарат берген болса, оны шешудің заңды жолы бар: сот бар, дәлел мен факт бар. Ал қоғамдық қысым ұйымдастыру, қаралау науқанын жүргізу және ақпараттық шабуыл жасау пікірталас мәдениетіне жатпайды. Айтаққа ерген иттер қадірсіз қылық ол.
Сөз еркіндігі тек билікті мақтайтындарға емес, оны ашық сынайтындарға да тең берілуі тиіс. Егер бүгін бір тәуелсіз медианы үнсіз қалдыруға жол берсек, ертең мұндай қысым кез келген журналистің, блогердің немесе қарапайым азаматтың басына түсуі мүмкін.
Тәуелсіз БАҚ-ты қорғау бұл белгілі бір редакцияның мүддесін қорғау емес. Бұл азаматтардың шындықты әртүрлі дереккөзден алу құқығын қорғау.
Ал айтаққа ерген ағайын, сөз бостандығы демократияның сәні емес, оның басты тірегі екенін есіңнен шығарма!
Aсылхан мен Русланның балағана жармасып үрігенді тоқтатыңдар! Айтаққа үрген ит тірлік ешқайсыңа да абырой әпермейді.
 
 
 
Қойшыбек Мүбарак
 
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.