➡️2025 жылдың маусым айында Алматы қаласы ҰҚК-нің тергеу изоляторында Нұрмаған Асқар (1968 ж.т.), Тағай Әбдуәлі (1968 ж.т.), Жакашев Дуйсенбек (1969 ж.т.), Өзбек Қайсар (1967 ж.т.), Аширов Талгат (1963 ж.т.) қамауға алынған.
Оларға ҚР ҚК 179 (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау…) және 272 (Жаппай тәртiпсiздiк) баптарымен күдік тағылуда. Қазан айында қамауда ұстау мерзімі 5-айға созылды, тергеу жүргізіліп жатыр. 
❗️ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ “МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС” ІСІ 
➡️2 шілде 2025 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша Жансейтов Бақытжан (1973 ж.т.), Кенешбаев Ерлан (1985 ж.т.), Токмурзин Болатбек (1973 ж.т.), Аманжолов Төрегелді, Зениилхан Болатбек (1987 ж.т.) қамауда отыр.
Оларға ҚР ҚК 272 (Жаппай тәртiпсiздiк) бабымен күдік тағылуда. Қазан айында қамауда ұстау мерзімі іс материалдарымен танысу үшін тағы 1-айға созылды. Содан кейін қылмыстық іс сотқа жіберіледі. 
❗️ҚЫЗЫЛОРДАДА БЕЛСЕНДІЛЕР ҚАМАУДА ОТЫР 
➡️2025 жылдың 28-30-қазанында шымкенттік белсенділер Кулбаев Ергали (1986 ж.т.), Ертайқызы Ақлима (1979 ж.т.) ұсталып, Қазалы ауданының тергеу сотымен 2- айға қамауға алынды. Олар Қызылорда қаласында УҰИ жатыр. 
Оларға ҚР ҚК 194 (Қорқытып алу — вымогательство) бабымен күдік тағылуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бақытжан Төрегожина







Обсуждение закрыто.