23 қазан, Алматы қаласы, соңғы айларда қоғамда саяси тұтқындар — журналист Думан Мұхаммедкәрім мен белсенді Айгерім Тілеужанның денсаулық жағдайына қатысты алаңдаушылық күшейіп келеді. Түскен мәліметтерге сәйкес, олардың физикалық жағдайы күрт нашарлаған, алайда тиісті медициналық көмек көрсетілмей отыр. Туыстары, құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері бұл жағдай олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді.
Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар биліктен талап етеді:
• саяси тұтқындардың денсаулық жағдайына тәуелсіз медициналық сараптама жүргізуді;
• оларға білікті ем мен адвокаттық қорғауға қол жеткізу құқығын қамтамасыз етуді;
• Қазақстандағы саяси тұтқындардың жағдайына, соның ішінде Думан Мұхаммедкәрім мен Айгерім Тілеужан істеріне арналған арнайы парламенттік тыңдаулар өткізуді.
Баспасөз конференциясы барысында ұсынылады:
• Думан мен Айгерімнің денсаулық жағдайы туралы өзекті мәліметтер;
• олардың өтініштері мен шағымдарының көшірмелері;
• билікті дереу әрекет етуге шақырған құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлерінің үндеулері.
Спикерлер:
Бақытжан Торегожина — құқық қорғаушы, «Ар.Рух.Хақ» ҚҚ төрайымы
Ғалым Нұрпейісов — адвокат
Айнура Айдарханова — адвокат
Алмас Тлепов — Думан Мұхамедкәрімнің әкесі
Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 23 қазан (бейсенбі), сағат 11:00
Өтетін орны: Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы (Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 103а, «Балалар әлемі» ғимараты, 410-кабинет)
Тікелей эфир: facebook.com/kibhr/live
БАҚ өкілдері үшін байланыс: 7 707 420 40 14 — Андрей Гришин
Бюроның баспасөз орталығы
https://bureau.kz/press-czentr/sostoyanie-zdorovya-politicheskih/







Обсуждение закрыто.