Бүгін 15 Сәуір, 2025 жылы Маңғыстаудың танымал белсендісі, құқық қорғаушы Ұлбосын Турдиева 15 тәулікке қамауға алынды. Үкімді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Айдарбаева шығарды. Ал жалған арыз түсіріп, белсендіні түрмеге жаптыруға түрткі болған — дәрігер Далабаев.
Ұлбосын — халық мүддесін қорғап жүрген санаулы жандардың бірі. Ол 23 сәуірде «Қазақстан Ресейдің отарына айналады» деген ақпаратқа алаңдап, халықты бейжай болмауға үндеген еді. «Тәуелсіздігімізді қолдан бермейік!» деген сөзі үшін бүгін тордың ар жағында отыр. Билік үндеуден емес, халық оянып кете ме деп қорықты!
Мүгедектігі бар азаматшаны, жалған айыппен, референдум алдында қамау — бұл режимнің адамдықтан жұрдай, түбіне дейін шірігенінің дәлелі.
Судья #Айдарбаева, арыз жазған (доносшы) дәрігер #Далабаев және оның медбикесі #Ақмолдаева Алмагүл — тарих алдында ұлтқа қарсы шыққан, сатқындықтың символына айналған есімдер болып қалады!
Бүгін үндемеген қазақ — ертең әділетсіздікке өзі тап болады.
Мемлекет, ел, тәуелсіздік — белсенділердің ғана емес, барша халықтың жауапкершілігі. Үнсіз қалу — келісу. Келісу — құлдықтың басы!
Ұлбосын — бүгінгі күрестің символы. Ертең «үнсіз қалғаның үшін» деп сыналғың келмесе — дәл қазір үн қат!


Малика Саматқызы
Обсуждение закрыто.