Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ ҚУҒЫНДАУ БОЙЫНША 2024 жылғы 1 қыркүйек пен 30 аралығындағы ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ

 

2 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру шаралары талқыланады. Алайда журналистерге аккредиттеуден бас тартты және сәйкесінше, олар үкімет ғимаратына кіре алмайды, тек онлайн режимде отырысты тамашалайтын болады[1].

2 қыркүйек, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, аудандық сотта 2022 жылдың қаңтар айында Қошмамбет ауылындағы арнайы ұстау изоляторындағы азаптау ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. 44 адам зардап шеккен деп танылған, оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары бар. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 146 және 362-баптарымен 6 полиция қызметкеріне айып тағылды. Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр [2].

2 қыркүйек, Астана қаласы, Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева аккредитациялаудағы жаңа ережелер туралы журналистердің сұрақтарына жауап бермеді. «Біріншіден, біз сіздердің қалай және қандай бұқаралық ақпарат құралдарынан аккредитациядан өткеніңізді түсінуіміз керек. Мен бірнеше рет қайталадым – ережелердің практикалық тұрғыдан қалай жұмыс істейтінін көрейік», – деді Балаева А. [3].

3 қыркүйек, Петропавл қаласы, сот талапкер Пак С.-ның арызын қарап, В.Курамшинді Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 456-2-бабында көзделген «Жалған ақпаратты  орналастыру, тарату»  бойынша  кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды[4].

3 қыркүйек, Нью-Йорк қаласы Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Қазақстандағы отандық БАҚ-ты аккредиттеу ережелеріне енгізілген соңғы өзгерістер мен шетелдік БАҚ-ты аккредиттеу ережелеріне ұсынылған өзгерістер, сыни көзқарастағы журналистерді  үнсіздікке мәжбүрлеу үшін пайдаланылуы мүмкін деп алаңдайды[5].

4 қыркүйек, Астана қаласы, Ақпарат министрі А.Балаева журналистердің құқықтарына нұқсан келтіретін және олардың жұмысын шектейтін ережелердің мүлдем заңды екенін және оларға журналистердің өзі кінәлі екенін мәлімдеді: «Олардың өздері шенеуніктерге ыңғайсыз сұрақтар қояды»[6].

5 қыркүйек, Астана қаласы, Астанада митингіге рұқсат беруден озбыр бас тартуға тап болған «Құқықтық медиа- орталық» қоғамдық қорының заңгері Г.Біржанованың апелляциялық шағымы Қазақстан Республикасы Конституциялық сотында өндіріске қабылданғаны белгілі болды[7].

5 қыркүйек, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, белсенді Сәрсенов Айжар ұсталды. Полиция қызметкерлері оны таңертең ұстады, түскі сағат 12-ден кейін оны босатты, бірақ бір сағаттан кейін қайтадан ұстады. Белсендіге қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380 бап 2-бөлігі 4-тармағы (интернет арқылы мемлекеттік қызметкерлерді өлтіремін деп қорқыту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оның үйіне тінту жүргізді.

5 қыркүйек, Алматы қаласы, 2024 жылдың 29 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығындағы Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының жағдайына шолу. Мониторингті «Әділ сөз» қорымен дайындалған және ақпарат ашық көздерден алынды [8].  

6 қыркүйек, Астана қаласы, «Неге журналист Ж.Уранкаеваны үкімет үйіне кіргізбейді? Осы жағдайға ресми түсініктеме беріңіздерші. 2024 жылдың 5 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін Үкімет ғимаратына кіруді шектейтін мұндай санкциялар қайдан шықты? Қайталанған ескертулер мен сақтандырулар  қайда тіркелген?» -деген  сұрақтарды журналистер қояды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабын бұзу және кәсібіне тыйым салу, журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасау [9].

6 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстан Журналистер одағы БАҚ қызметкерлерін аккредитациялаудың жаңа ережелері қабылданғаннан кейін дами бастаған сөз бостандығы жағдайына байланысты мәлімдеме жасады [10].

6 қыркүйек, Алматы қаласы, Боқаев С.: «Фейсбуктегі «NetUtilSboru» парақшасы жабылды. Не болып жатыр? Қазақстандағы сөз бостандығы мен демократияны басып-жаншудың жаңа жолы туралы.  Ел бойынша көптеген тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері осыған ұқсас шабуылдарға ұшырауда.  Тіпті билікке қажет емес жаңалықтар беттері де бұғатталуда», – деп хабарлады қоғам белсендісі [11].

6 қыркүйек, Астана қаласы, Самата Ысқақованы ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігі «Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпақ[12].

 6 қыркүйек, Алматы қаласы, халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплинінің құрылысшылары тағы да өздерін еске салды. Олар қадағалау органының жұмысына көңілі толмайтындықтарын білдіру үшін тағы да Алматы қалалық прокуратурасының алдыңғы кіреберісіне жиналды. Олардың құқықтарын қалпына келтіруге қол жеткізудің барлық әрекеттері мемлекеттік органдардың өзара жауапкершілігі мен «корпоративтік ынтымақтастығы» арқылы бұзылуда [13].

7 қыркүйек, Көкшетау қаласы, Т.Дәнебаев, ҚР ҚК-нің 174-бабы, 3 жылға бас бостандығынан айырылған, судья оның сотқа оффлайн режимінде қатысу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Оның Көкшетаудағы тергеу изоляторынан берген өтінімдерінің барлығы елеусіз қалып, жоғалып кетуде. Тимур қадағалау прокурорының көмегін сұрауда, бірақ оған хабарласу мүмкін емес. Сотталу орындығында ИК-20-ның бұрынғы 12 қызметкері [14].

9 қыркүйек, Алматы қаласы, «Сот отырысының хатшысы Ибрагимов Астана қаласы Әділет департаментіне атқару парағын жібермегендіктен, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен менің қорғауымдағы клиент, 4 ай бойы сот шешімін орындай алмай отыр және ол орындалмай қайтарылып жатыр. Бостандық аудандық соты әрекетсіздік көрсетуде және  бізді естімейді де», – деп хабарлады адвокат М.Түсіпова[15].

9 қыркүйек, Алматы қаласы, заңсыз митингі ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында, белсенді С.Тәшімованы  заңсыз қудалау факті бойынша Алматы қаласының учаскелік полиция инспекторының қызметіне прокурорлық қадағалау актісін енгізу туралы қалалық прокуратурадан жауап алынды [16].

9 қыркүйек, Астана қаласы, ҚР Жоғарғы Соты «ҚР Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі», Қаңтар оқиғасы кезінде «заңсыз митинг ұйымдастыру» бойынша 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған М.Жанболаттың үкіміне кассациялық шағымды қараудан бас тартты. Төменгі сатыдағы соттар да оны, мемлекеттік қызметкерді «қорлады» және «көрінеу жалған ақпарат таратты» деп айыпты деп шешті [17].

10 қыркүйек, Алматы қаласы, С. Тәшімова қамауға алынды, белсендінің соты қорғау тарапынан қосымша дәлелдемелерді зерделеу үшін 11 қыркүйекке, сағат 15:00-ге шегерілді. Белсендіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша 50 АЕК (184 000 мың теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады адвокат Мұрат Адам[18].

10 қыркүйек, Алматы қаласы, бір топ эколог белсенділер баспасөз мәслихатында «АЭС керек емес» («АЭС не нужна») платформасын құру туралы хабарлады. Платформа арқылы олар АЭС-ке қарсы шыққан қазақстандықтардың уәждерін халыққа жеткізуді, сондай-ақ құрылыстың қауіп-қатері туралы азаматтарды хабардар етуді көздеп отыр[19].

10 қыркүйек, Астана қаласы, журналист Ж. Уранқаеваның министрлер кабинетіне кіруіне полицияның хабарламасы негізінде шектеу қойылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінің жетекшісі М.Төлегенов[20].

10 қыркүйек, Астана қаласы, әлеуметтік блоктың министрлері үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатына келіп, президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Алайда журналистер оның тағы бір нұсқауы – «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы бойынша жұмыс істеу керектігін түсіндірді. Журналистер БАҚ өкілдеріне мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салу бойынша кең өкілеттіктер беретін аккредиттеу ережелерін қайта қарау қажеттігін айтты[21].

10 қыркүйек, Алматы қаласы, А. Достияров, ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабы 3-бөлігі, «Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, өзінің YouTube арнасында атом электр станциясының құрылысы мәселесіне қатысты пікірі бар әлеуметтік сауалнама бар бейнероликті жариялағаны үшін, белсендіге айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Айыппұл 55 380 теңгені (айырбас бағамы бойынша 116 доллар) құрайды[22].

10 қыркүйек, Астана қаласы, «NewTimes.kz редакциясын аккредитациядан өту және Мәжіліс ғимаратына кіру мүмкіндігінен әдейі айырып отыр», – деді ақпарат агенттігінің бас редакторы Жанна Сағидолла. Ол барлық қажетті құжаттар, соның ішінде әрбір қызметкердің қолы қойылған келісім 4 қыркүйекте жіберілгенін атап өтті [23].

11 қыркүйек, Астана қаласы, атом электр станциясын (АЭС) салуды жақтайтын Астана қалалық халық штабы ашылды. Шараға мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен штаб мүшелері қатысты. Үй-жайларды сол ғимаратта орналасқан «АМАНАТ» партиясы берген[24]

11 қыркүйек, Алматы қаласы, С.Тәшімова, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі, сот белсендіні 2024 жылғы 3 ақпандағы митингке шақырды дегендей қылып, митингілер өткізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 129 255 теңге көлемінде айыппұл салды [25].

11 қыркүйек, Астана қаласы, Сүйібаев Асанәлі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі, сот белсендіні «есірткі заттарды заңсыз сақтау және тарату» үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды [26].

12 қыркүйек, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, М. Жыланбаев, ҚР ҚК 258, 405 б., 7 жыл бас бостандығынан айырылған. Белсенді 7 жылға заңсыз сотталғаны үшін 40 күндік аштық жариялаған. Марат атом электр станциясының құрылысына да қарсылық білдірді [27].

12 қыркүйек, Алматы қаласы, И.Иманбай, полицейлер «Жібек жолы» метро станциясынан шыға берісте ұстады. «Полицейлер мені ұстап алып, Алмалы полиция бөліміне апара жатыр. Не үшін ұстағандарын өздері  әлі де түсіндіре алмайды!» – деп хабарлады журналист. Оның пайымдауынша, ұсталу оның құқық қорғау қызметі мен саяси көзқарасына байланысты болуы мүмкін. Кейінірек оны босатты, себебі – қателесу[28].

12 қыркүйек, Алматы қаласы, блогер А.Ниязов, оны қала әкімдігінің маңында ұстап, Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді,  және бір сағатқа жетпей босатты. Бостандыққа шыққаннан кейін А.Ниязов түсіру тобымен әкімдікке барғанын, сұхбат алу үшін Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың қақпасының жанында күтіп тұрғанын айтты[29].

12 қыркүйек, Астана қаласы, Қазақстанның Бас прокуратурасы АЭС құрылысы бойынша сайлау және референдум өткізу кезінде халық арасында сауалнама жүргізу ережесін бұзудың 8 фактісі анықталғанын хабарлады. Оның алтауына айыппұл салынды[30].

12 қыркүйек, Астана қаласы, Мәжіліс депутаты Бапи Е., журналист Ж.Уранкаеваның ғимаратқа кіруіне шектеу қою туралы үкіметпен сөйлескенін және бұл мәселе жақын арада шешілетінін айтты [31].

13 қыркүйек, Ақтөбе қаласы, Бауыржан Маратұлы, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, сот белсендіге АЭС-ке қарсы митингке шақырды деген айыппен, 184 600 теңге (шамамен 380 доллар) айыппұл салды. Қазақстанда оппозицияның болуы мүмкін митингілері қарсаңында (жергілікті билік мұндай акцияларға рұқсат/келісім бермейді) полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр[32].

13 қыркүйек, Алматы қаласы, жақында құрылған «АЭС керек емес» платформасының бастамашысы Вадим Ни, 16 қыркүйекке жоспарланған атом электр станциялары тақырыбына арналған панельдік пікірталастарды «DoubleTree by Hilton Almaty» қонақ үйі  тоқтатқанын айтты. Бастапқыда олармен келісім жасалған болатын. Вадим Нидің пайымдауынша, олардың іс-шараны тоқтатуына билікке қатысы бар адамдардың және АЭС-ті қолдаушылардың әсері  болуы мүмкін [33].

13 қыркүйек, Алматы қаласы, комиссия қарақалпақстандық белсенді Ақылбек Мұратбайға Қазақстаннан пана беруден бас тартты. 12 қыркүйекте Қазақстаннан пана сұраған өтінішін қарау жөніндегі комиссия отырысында А. Мұратбай  баяндама жасады[34].

13 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 5-13 қыркүйек аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қоры дайындаған шолу[35].

15 қыркүйек, Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық полициясы тілші Дилар Исаға қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық істің тергелуін тоқтатты. Шілденің 25-і күні Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі полиция бөліміне шақырылып, одан және оның адвокатынан құпия жарияламау туралы келісім алынған[36]

17 қыркүйек, Астана қаласы, Сыздықов А., ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша азаматтық белсендіге қатысты алдын ала сот отырысы өтті[37].

17 қыркүйек, Алматы қаласы, Евгений Наказенко, Ресей билігінің Украинадағы соғысқа қатысты әрекетін сынағаны үшін, Алматыдан Ыстамбұлға ұшып бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталды. Ресей «әскер туралы жалған ақпарат» және «терроризмге шақыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот 40 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды [38].

17 қыркүйек, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы Қазақстанда 6 қазанда өтетін атом электр станциялары бойынша референдумға бақылаушыларын жібермейді. «6 қазанда өтетін референдумды бақылау бойынша іс-шараларды бастауға мүмкіндік жоқ» [39].

18 қыркүйек, Алматы қаласы, «АЭС керек емес» («АЭС не нужна»), платформасының бір топ белсенділері «Қазақстанға атом энергиясы қажет пе?» деген сауалмен пікірталас өткізді. Сәрсенбі күні залға жиналғандардың арасынан әкімдік қызметкерлерін де байқауға болады[40].

18 қыркүйек, Астана қаласы, кейбір қазақстандық БАҚ қызықты мәселеге тап болды: ақпарат сұрауына жауап ретінде мемлекеттік органдар «өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжатты» немесе «аккредиттелген журналистің қажетті құжаттарын» ұсынуды талап етті. Бұл туралы «Құқықтық медиа- орталық» ҚҚ хабарлады[41].

18 қыркүйек, Алматы қаласы, «Неге мобильді Kcell маған Facebook-ке кіруге тыйым салады? Басқа операторларда проблема жоқ! Бұл қанша уақытқа созылады? Бүгін мен оларға сотқа дейінгі шағымды жіберемін», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Б.Төреғожина [42].

18 қыркүйек, Қазақстанның бірнеше өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға күдікті 50 адам ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК). Ұстаулар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүрді[43].

19 қыркүйек, Астана қаласы, Ж.Уранкаева ,«Press.kz» журналисінің Астанадағы үкімет ғимаратына кіру мүмкіндігі қалпына келтірілді, Қазақстан Республикасының Үкімет ғимаратына кіру мәселесін шешу туралы келісімге«Әділ сөз» қорының көмегімен қол жеткізілді[44].

19 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 12-19 қыркүйек аралығындағы жағдайына«Әділ сөз» қоры дайындаған шолу[45].

19 қыркүйек, Астана қаласы, Әділет министрлігі «STOP АЭС» қоғамдық қозғалысын тіркеуден бас тартты, себебі жарғыда бірлестіктің мақсаты жоқ делінеді, толық құқықтық мәртебесі (қала ауданы көрсетілмеген) және құрылтайшылардың бірлестіктен шығу тәртібі көрсетілмеген[46].

20 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы атом электр станциясының (АЭС) белсенді қарсыластары пікірлестерді референдумға шығуға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі[47].

23 қыркүйек, Астана қаласы, Жағыпаров Б., ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен «көрнеу жалған ақпарат орналастыру, тарату» бойынша кінәлі деп танылды. Белсенді Ұлытау өңірінің мәселелерін көтерген, 73 840 теңге айыппұл салынды. Оған 18 шілдеде Б.Жағыпаровтың Facebook парақшасында облыс футбол командасына берілетін сыйақы қоры туралы мақала себеп болды[48].

23 қыркүйек, Алматы қаласы, алматылық белсенді Асқар Жұмағалидың әйелі Нұрила Төлепбек полиция оның күйеуіне қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, 100 мың доллар пара талап еткенін айтты[49]

24 қыркүйек, Алматы қаласы, «Менде Фейсбукқа кіру мәселесі бар, Kcell бұғаттайды, WiFi арқылы басқа операторларға түсу бар, сондықтан белсенділігім үзіліспен;( бұл киберполицияның жұмысы екеніне күмәнім жоқ, бірақ референдумнан кейін биліктің паранойясы өтіп, менің кіру мүмкіндігім қалпына келеді», – деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина [50].

24 қыркүйек, Заречный ауылы, №14 мекеме, Клышев Қ., ҚР ҚК 405-бабының 1/2-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыру және Намазбаев Д. ҚР ҚК-нің 174-бабы 5 жыл, №14 мекемеде жүйелі сыбайлас жемқорлық қылмыстары: азық-түлік, дәрі-дәрмек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, киім-кешек, сүлгі және т.б. ақшаны ұрлау туралы хабарлады. Олар Бас прокурорға осындай мазмұндағы хат жолдаған[51].

24 қыркүйек, Алматы қаласы, Аймақтық әйелдер сарапшы форумының қатысушылары Германия канцлері Олаф Шольцке Орталық Азияда күшті азаматтық қоғам құру, демократияны ілгерілету және адам құқықтарын сақтау мәселелері жөнінде өтінішпен сөз сөйледі[52].

24 қыркүйек, Алматы қаласы, А. Князев, Өскемендік «Жол бақылауы» қоғамдастығының мүшесі 20 тәулікке қамауға алынды. Алматы қаласының Әкімшілік соты, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне «Жала жабу» бойынша, мұндай  шешімді онлайн режимінде шығарды. Ол Алматы полиция қызметкерлерінің мемлекеттік нөмірін автосалонның жарнамасымен жариялағаны үшін жауапқа тартылды [53].

24-30 қыркүйек, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай және Семей қалаларының әкімдіктері 2024 жылғы 6 қазандағы референдум күні «АЭС-ті тоқтату» тақырыбында бейбіт жиындар өткізуден бас тартты. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шаралар, абаттандыру жұмыстары және көшелерді жарықтандыру элементтерін орнату және т.б. [54].

25 қыркүйек, Риддер қаласының әкімдігі 6 қазанда – атом электр станциясын салуға қатысты референдумда дауыс беру күні – «АЭС құрылысына қарсы» митингі өткізуге рұқсат бермеді. Белсенді Асаинов Назар 25 қыркүйекте әкімдікке митинг өткізуге өтініш берген[55] .

25 қыркүйек, Астана қаласы, «Аманат» партиясының депутаты Ж.Сүлейменова, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы туралы айтты. Ол жасөспірімдердің нәзік психикасына кері әсер ететін бұл қайғылы оқиғаларда әлеуметтік желілердің рөлі бар деп есептейді. Ол әлеуметтік желілердегі мазмұнға бақылауды күшейтуге немесе оны бұғаттауға шақырады[56]

25-26 қыркүйек, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Орал, Шымкент және Риддер қалаларының әкімдіктері 2024 жылғы 6 қазанда «Атом электр станциясын тоқтату» референдум күні бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тартты. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шаралар, толық емес ақпараттың берілуі, бейбіт жиынды өткізу туралы ереженің жоқтығы, жергілікті табиғи төтенше жағдайдың ағымдағы режимі[57].

26 қыркүйек, Астана қаласы, Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды заңсыз деп тану туралы бір күн бұрын БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты сенімсіз деп атады. Кассациялық сот мектептің оқушыны сабаққа жіберуден бас тартуын ғана заңсыз деп таныды, делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада [58].

26 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 19-26 қыркүйек аралығындағы жағдайына «Әділ сөз» қоры дайындаған шолу[59].

27 қыркүйек, Астана қаласы, Сыздықов А., ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі, сот белсендіні «есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді беру немесе сату сату мақсатында заңсыз өндіру, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды [60].

27 қыркүйекте «Мемлекет басшысының кортежінің Түркістан облысы бойынша жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖК-мен бірлесіп атыс қаруының қоймасын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ІІМ. Барлық мән-жайларды анықтау және күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде [61].

28 қыркүйек, Алматы қаласы, Е.Жовтис  Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры қызметінен кетті. Елдің 69 жастағы жетекші құқық қорғаушысы үкіметтік емес ұйымды 1993 жылы құрылғаннан бері басқарып келеді. Жовтис Е. бюрода бас сарапшы-кеңесші болып қалады [62].

29 қыркүйек, Астана қаласы, «Нормалар тым ақымақ және абсурдты», – деп құқық қорғаушы Д.Окремова Қазақстандағы журналистердің ақпаратқа қолжетімділігі мен аккредитациясына қатысты пікірін білдірді [63].

29 қыркүйек, Алматы қаласы,  кемінде үш белсенді Ф.Сыдықов, Р.Тоқмамбетов, А.Төлеухан ұсталды. Полиция олардың бірінің үйінде тінту жүргізді. Ұстаудың себебі әлі белгісіз[64]

29 қыркүйек, Алматы қаласы, Алматы қаласындағы қылмыстық іс аясында 2024 жылдың 29 қыркүйегінде ұсталғандардың тізімі жарияланды, құрастырған- Б.А.Төреғожина [65] .

29 қыркүйек,  Алматы, Астана, Талғар қалалары, 12 адам ұсталып, қылмыстық іс аясында қалалық полиция департаменттеріне жеткізілді. Ұсталғандар Қалалық полиция департаменттерінде отыр, кейбіреулер қолхатпен үйлеріне жіберілді [66].

30 қыркүйек, Астана қаласы,  Мәжіліс депутаты Б.Ермұрат, парламентшілер Қазақстандағы атом электр станциясы (АЭС) бойынша референдум қарсаңында белсенділерді ұстау бойынша қауіпсіздік күштерінен жауап күтетінін хабарлады[67].

30 қыркүйек, Алматы және Риддер қалалары, әкімдіктер белсенділерге референдум күні Қазақстанда АЭС құрылысына қарсы митингілер өткізуден бас тартты. 6 қазанда Алматыда белсенділерге осындай митинг өткізуден бас тартылды, деп хабарлады «АЭС керек емес » платформасының қатысушысы, Қазақстанда атом станциясы құрылысының қарсыласы -А. Наурызбаев[68].

30 қыркүйек, Астана қаласы, АЭС құрылысы бойынша референдум қарсаңында азаматтық белсенді Ж.Көпеев ұсталды. Сот күтілуде[69].

30 қыркүйек, Қостанай қаласы, С. Зинченко, ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігі, сот белсендіні жала жапқаны үшін кінәлі деп тауып, оны жергілікті тұрғынның өтініші негізінде сот залында 20 тәулікке қамауға алды[70].

 

 

[1] https://vlast.kz/novosti/61665-pravitelstvo-resilo-ne-priglasat-zurnalistov-na-zasedanie-po-realizacii-poslania-tokaeva.html

[2] https://rus.azattyq.org/a/33102776.html

[3] https://kaztag.kz/ru/news/balaeva-ushla-ot-otveta-na-vopros-zhurnalistov-o-novykh-pravilakh-akkreditatsii-smi

[4] https://bureau.kz/novosti/po-natorennoj-dorozhke/

[5] https://cpj.org/2024/09/cpj-concerned-by-kazakhstans-restrictive-new-media-accreditation/?fbclid=IwY2xjawFFpONleHRuA2FlbQIxMQABHWjWblQ9wxGLntc3TItJf1kInEzMluV3T-bn-dQRdz2ySi2NAQeaehXIFg_aem_cD5BIWiiuD5dmpHI_scTAQ

[6] https://rus.azattyq.org/a/33105052.html

[7] https://bureau.kz/novosti/konstituczionnyj-sud-rk-proverit/

[8] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-29-avgusta-po-5-sentyabrya-20.html

[9]https://www.facebook.com/GulmiraBirzhanova/posts/pfbid02g2oPALvPHx9YUPNaeoNyikWb2qUwu99pKqMKDhcPZAwSnr8RZSuVCYgSmy8M8PSyl

[10] https://kaztag.kz/ru/news/soyuz-zhurnalistov-kazakhstana-o-novykh-pravilakh-opaseniya-opravdalis

[11] https://www.facebook.com/sanzhar.bokayev/videos/1039430957893781/

[12]https://www.facebook.com/GulmiraBirzhanova/posts/pfbid02KVyPdDekWk2j4fYWQ49EcYpuTvrWnK4rEPEYz17ELrSaNtLymz7spXDNRsuAYbRWl

[13] https://bureau.kz/novosti/kak-mozoli-na-glazah/

[14]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02DWgn3g9qeyimh1m1gqR21mFk6XuoRRSk1NqwLoFVoebyevyLdqKvCbAEWLpfiwKal&id=100002530008823

[15]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0Zkb2icLZyNgzEDQXp9J3hutiqvZ3L6ukWfdwPZwKi8tEdgmQZBGdsUqfjVE4r46Jl&id=100000094939387&_rdc=1&_rdr

[16]https://web.facebook.com/murat.adam.1614/posts/pfbid0NAj7hoD4eADRFcBdwsn64iW4XR1F81J85M5zu5tM2ah8966q68QCzd83BoxYebPGl

[17] https://rus.azattyq.org/a/33114094.html

[18] https://kaztag.kz/ru/news/soobshchaetsya-o-zaderzhanii-almatinskoy-ekoaktivistki-saltanat-tashimovoy

[19] https://rus.azattyq.org/a/33114816.html

[20] https://kaztag.kz/ru/news/dostup-zhurnalistu-zhanie-urankaevoy-v-kabmin-ogranichili-na-osnovanii-politseyskogo-raporta

[21] https://bes.media/news/bunt-zhurnalistov-na-brifinge-pravitelstva-kazahstana-9e0dbc/

[22] https://rus.azattyq.org/a/33115504.html

[23]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0ucD5GDJDJjWjijwHFTVGK58nuom9HNVKh5MSEXbhhHnoQ5aDfJfTPHPHWjGJbaHVl

[24] https://orda.kz/shtab-v-podderzhku-ajes-obschestvenniki-gotovy-protivostojat-opponentam-atomnoj-jenergetiki-391651/

[25] https://orda.kz/sud-nad-saltanat-tashimovoj-jekoaktivistku-oshtrafovali-za-prizyv-k-mitingu-391661/

[26] https://rus.azattyq.org/a/33115998.html

[27] https://rus.azattyq.org/a/33121994.html

[28] https://www.the-village-kz.com/village/city/news-city/37527-zhurnalistku-i-pravozaschitnitsu-ingu-imanbay-zaderzhali-v-almaty

[29] https://rus.azattyq.org/a/33117362.html

[30] https://rus.azattyq.org/a/33117051.html

[31] https://vlast.kz/novosti/61817-vopros-s-dopuskom-zurnalista-zanii-urankaevoj-v-pravitelstvo-resitsa-v-skorom-vremeni-bapi.html

[32] https://rus.azattyq.org/a/33119783.html

[33] https://rus.azattyq.org/a/33118892.html

[34] https://ulysmedia.kz/news/37903-kazakhstan-otkazal-aktivistu-v-politicheskom-ubezhishche/

[35] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-5-po-13-sentyabrya-2024-g.html

[36] https://rus.azattyq.org/a/33132392.html

[37]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0oszgFaWbvS4ps2WPnwPW744FjHEHSjHqJd6cTynuWwiKkHjy9DWPaubQuBE9fryQl&id=100077124002517

[38] https://bes.media/news/zaderzhanniy-v-aeroportu-almati-za-kritiku-voyni-v-ukraine-rossiyanin-obratilsya-k-kazahstantsam-19e685/

[39] https://vlast.kz/novosti/62059-missia-bdipcobse-ne-budet-nabludat-za-referendumom-po-aes.html

[40] https://rus.azattyq.org/a/33126328.html

[41] https://bes.media/news/gosorgani-praktikuyut-noviy-sposob-otkaza-v-informatsii-64ee82/?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR3e71DMqcrHQZ5Rhe4ALaUhWc0Pm1RVkT3CTp97sDDwtsWJcX8JyBhJsuU_aem_MGBxxrTyaPpw8sR0W1a0bw

[42]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0NVxHAkzonkDKgVhDXcXAhQgpzBTq5yA6g2p2LSN6FBA6t49zjR6zUrDcYb8DvCpLl

[43] https://rus.azattyq.org/a/33130607.html

[44] https://adilsoz.kz/news/zayavlenie-ob-uregulirovanii-situacii-s-dostupom-v-zdanie-pravitelstva.html

[45] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-12-po-19-sentyabrya-2024-g-.html

[46] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3927143380938249/

[47] https://kaztag.kz/ru/news/aktivnye-protivniki-aes-v-kazakhstane-prizvali-edinomyshlennikov-idti-na-referendum

[48] https://rus.azattyq.org/a/33131235.html?fbclid=IwY2xjawFf-uZleHRuA2FlbQIxMQABHXEgQgWiKzgScras33OnFOn76gQ89Nq4M9lQtueQ4RwBUwvX4N9xRzAmMA_aem_3W_fc1MEZ_95I_NqTbiZbg

[49]https://kaztag.kz/ru/news/silovikov-vinyat-v-fabrikatsii-dela-ob-iznasilovanii-na-protivnika-nezakonnoy-zastroyki-almaty

[50]https://web.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02NtzreUYbSVu9anRM51JffYyRTnb8UKT37Uk5q1Mwx2qr8Lwez2TJRsRDzpzHPXQwl

[51] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3918274581825129/

[52] https://tirek.info/42719-2/

[53] https://bureau.kz/novosti/reklama-dvigatel-vsego/

[54] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3927013804284540/

[55] https://rus.azattyq.org/a/33140617.html

[56] https://www.the-village-kz.com/village/city/news-city/37697-zablokirovat-sotsseti-iz-za-podrostkovyh-suitsidov-v-kazahstane-prizyvaet-deputat-zhuldyz-suleymenova

[57] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3925927551059832/

[58] https://rus.azattyq.org/a/33135699.html

[59] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-19-po-26-sentyabrya-2024-g-.html

[60] https://rus.azattyq.org/a/33137797.html

[61] https://rus.azattyq-ruhy.kz/society/73489-oruzhie-obnaruzhili-pri-proverke-marshruta-sledovaniia-tokaeva-v-turkestanskoi-oblasti

[62] https://rus.azattyq.org/a/33138729.html

[63]https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=53716&fbclid=IwY2xjawFn8KxleHRuA2FlbQIxMQABHYgupuwSJBsK1KskI9HyoTXhbQgI2kGD9QYu-DL4Af0H9-U13J1iABf1Tg_aem_9fyAuzxaxS16cUjSsXibAw

[64] https://rus.azattyq.org/a/33139393.html

[65] https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid033a5UZgjYTGnN3ujeqeQcJwtpQThyEHpqZFeE6UCfhKBKqDD37Gx4gFAw13CRPQVFl

[66]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0yrGZjERmEe1obosENTozzacHWUKrno7PU9whMh3TokHM5hAzpNYTid7MJbMrUPCGl

[67] https://kaztag.kz/ru/news/v-mazhilise-zhdut-otvetov-ot-silovikov-po-zaderzhannym-nakanune-referenduma-po-aes-aktivistam

[68] https://bes.media/news/v-almati-i-riddere-akimati-otkazali-v-provedenii-mitinga-protiv-stroitelstva-aes/

[69]https://www.facebook.com/zhaslan.kopeev/posts/pfbid02AiQqwrtTmMU2DMe9ixcWwscc7E5zTmiiTjvvUxAfUTzCor6oaHD4FiFZPusM1ymNl

[70]https://www.facebook.com/LukpanAkhmedyarov/posts/pfbid028GmQSzzmfy4kgdeJvgktkdZai9rT8KRtc8cqGKDUy4jj1TkFbXkJR38YM4Zk886jl

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.