Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Ұйғыр ауданындағы жағдай

Шонжы ауданында қамауда отырғанымызға 6 күн болды. Уақытша ұстау изоляторының қызметкерлеріне шағым жоқ. Бірақ басшылықтың қамаудағы адамдарға қарым-қатынастары өзгермеген. Жатын төсек жоқ есебі, матрастар түйдек-түйдек, төсену мүмкін емес, сырттан төсек алдырдық. Тамақ басқа қамау орындарын 3 мезгіл беріледі, ал мұнда екі рет ғана беріледі, камерада ласпочканың өзі жоқ, орны бар, кітап оқу мүмкін емес. Туалеттің есігі жұлынып тасталған. Шалғай жерде болғандықтан болар, бақылау жоқ екені байқалады, кезекші прокурор тек бір рет ғана келді.
Құқыққорғаушылпр, құзырлы орындар назарына алып Ұйғыр ауданындағы адам құқықтарының сақталуын қадағалауға алуы керек деп санаймын.
25 кісіге арналған изоляторда 15 матрас ғана берілген екен. Дәл қазір 22 кісі қамауда отыр. Қадағалайтын прокурорлар әрекетсіз отыр. Қарапайым азаматтар көніп, еденде жатуға мәжбүр.
 
 
Возможно, это изображение отрывной талон и текст
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.