Оппозиция белсендісі, 3-топ мүгедектігі бар Мұратбай Баймағамбетовты Қызылордада Қаңтар кезінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп тергеу айыптап отыр.
⠀
Қанды Қаңтарға дейін Мұратбай Баймағамбетов басқа да жүздеген саяси оппозиционерлер тәрізді өз көзқарасын ашық айтып, мемлекеттен әлеуметтік кепілдік талап етіп, шағын бейбіт шерулерге қатысқаны үшін қуғынға ұшырған. Авторитарлық мемлекет Баймағамбетовтің елордалық тергеу изоляторында қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділді еске алуға барғанын өзіне қосымша қауіп деп санап, әуелі әкімшілік қамау, кейін Қылмыстық кодекстің белгілі 405-бабы бойынша іс қозғады. Төрт айлық тергеу әрекетсіздігі кезінде Баймағамбетов тергеу изоляторына қамалды. Оны қазақстандық құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныды. Кейін тағы үш ай саяси негізделген сот процесі өтіп, нәтижесінде судья Еспенбетова Мұратбайды елде тыйым салынған (Еуропалық парламент бейбіт оппозициялық ұйым ретінде таныған) «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысының мүшесі деп танып, екі жыл бас бостандығын шектеу қойды.
«Кызылорда.Гоу» Фейсбук парақшасынан
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.