2024 жылғы 1 мамырдан 10 мамырға дейін Алматы қаласындағы Заманауи өнер 101 Dump Gallery галереясында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске
алуға арналған «JAD» фотокөрмесі өтеді. Қайғылы оқиғадан бері екі жылдан астам уақыт өтті. Қайғылы оқиғаға қатысушыларға қатысты жабық сот процестері әлі де
жалғасуда.
Бірақ, бүгінгі күнде біз маңызды сұрақтарымызға жауапты әлі ала алмадық:
Қаңтар2022 кім және қалай ұйымдастырды? Бейбіт халықты атып, азаптағандардың бәрі неге жауапқа тартылған жоқ? Неліктен құзырлы органдар тергеуді объективті және
жан-жақты жүргізбей тоқтатып қойды және қылмыстық істерді құпиялады? Біз заманауи өнер көрмелерін өткізудің жоғары шарттарына үміткер емеспіз, бірақ билікке Қантардың ұмытылмағанын және қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру қажеттігін еске саламыз. Бұл қайғылы оқиға құқық қорғаушылармен толығымен құжатталып, халықтың жадында ұзаққа сақталады. Бүгін біздің сауалдарымыз еленбесе де, тарихты алдауға келмейді және ол ерте ме, кеш пе бәрін де өз орындарына қояды. Өміріміздің ажырамас бөлігіне айналаған және заң үстемдігін, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауда құқық қорғаушылардың күнделікті жұмысында жаңа мүмкіндіктердің көзі болатын, өнер көрмесіне қош келдіңіздер!
Көрмені құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина белгілі қазақстандық суретші Асхат Ахмедьяровпен бірлесіп ұйымдастырды.
Фотокөрмеге қатысушылар туралы толық ақпарат көрменің ресми каталогында берілген. Көрме күндері адвокаттар мен құқық қорғаушылар заңгерлік көмек және кеңес береді.
«JAD» көрмесінің ресми ашылу салтанаты 2024 жылғы 1 мамырда сағат 16.00-де Панфилова көшесі,101 мекенжайында өтеді.
Бақытжан Төреғожина
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.