Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

«ЦИРКТІ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРІҢІЗДЕР» атты талабы: Письма Мухамедкарима Думана

 
 
«ЦИРКТІ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРІҢІЗДЕР» АТТЫ ТАЛАБЫ
Мен, Мұхаммедкәрім Д.А. «Апелляциялық сот отырысы алдында іспен толық танысасыз» — деген өтірікке сеніп жатқаныма жарты ай (15.10.24-28.10.24) болды.
Алайда, заңға қайшы екінші инстанцияда жабық өтіп жатқанына қарамастан судьялар Абу, Секербеков және Мусабековалар сөздерінде тұрмай, өздері шығарған қаулыға қайшы тиісті деңгейде мені іспен таныстырмады. «Нем кеттіліктің» кезімен сапасы төмен, монтаждалған болуы мүмкін видео материалдарды ұсынған болды. Ол бес дискіні қарау мүмкін болмады. Ал үш томдық істің көшірмесін заң аясында маған бермеді. Ол заңсыз әрекеттерін бірде-бір ресми құжатпен бекітпеді. Есесіне, 24.10.2024 ж. күні тып-тыныш жатқан жерімнен мені Қапшағайдан Талдықорғандағы № 71 мекемеге 3 (үш) күнге көшірмек болып, бір күнде судья Мусабекова М.Т. екі қаулы шығарды. Содан бері мен, Мұхаммедкәрім Д.А. қолыма лезвие алып, шама шарқымымша екі есікті бекітіп, құлыптың ішіне сабын толтырып, бекіністе жатқаныма бесінші күн болды.
Мені іспен бәрібір таныстырмайтындарыңызды және үш томдық істің көшірмесін бәрібір бермейтіндеріңізді түсіндім. Бірақ, осыны пайдаланып сіздердің уақыт созғыларыңыз келетініне жол бере алмаймын. «Токаевский Новый Казахстанда» соттың Цирк екенін бүкіл Ел, Жер жаһан біліп отыр. Яғни, менің үкімім өзгеріссіз қалатынын, менің ақталмайтындығымды біліп отырмыз. Сондықтан апелляциялық цирктеріңізді жалғастыра беріңіздер. Іспен таныспағандықтан мен ол циркке қатыспаймын. Бір талабым мені Талдықорғанға тағы «жер аудармай», Заречныйдағы зонаға бірден осы жерден жіберіңіздер. Әйтпесе мен өз күресімді о, дүниеден жалғастырамын.
«ЦИРКТІ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРІҢДЕР» ХАТЫНА ҚОСЫМША
1. Жарты айға жуық уақытта бекер создыңыздар. Ақыры таныстырып, көшірмесін бермейді екенсіңдер онда Циркті (Апелляциялық сотты) жалғастыра беріңіздер.
2. Мен ол циркке (Апелляциялық сотқа) іспен толыққанды таныспағандықтан қатыспаймын.
3. Сот отырысына Әкем, қоғамдық қорғаушы Алмас Тлепов. Қорғаушыларым Галым Нұрпейсов, Мұрат Жолшиев және Төлеген Берліқожа қатысады.
4. Апелляциялық сотқа, яғни циркке қоятын талабым: сот аяқталғанша мені Талдықорғандағы № 71 мекемеге ауыстырмаңыздар.
5. Мені, заң аясында тұрғылықты мекен-жайым бойынша Заречныйдағы түрмеге жіберіңіздер.
6. Заречныйдағы зонаға жеткізгенге дейін мені не Алматыдағы № 72 (ТИ-18) мекемесіне, не Іле ауданындағы немесе осы Қапшағайдағы уақытша оқшаулау мекемесінде ұстаңыздар.
7. Апелляциялық сот отырысы өткенше және мені Заречныйға апаратындарыңыз туралы қаулы болмай мен № 5 камерадан шықпаймын. Күш көрсеткен жағдайда, есік ашылса мен күретамырымды кесемін. Мен, Мұхаммедкәрім Д.А. прокурорларға да сотқа да сенбеймін. Тағылған айыптарыңыз қып-қызыл жала. Айыпты өзгертсеңіздер болады. Билікті сынағаным үшін, халықты бейбіт шеруге шақырғаным үшін айыптаңыздар. Мойындамаймын. Бірақ, өкінбеймін және кешірім сұрамаймын.
Ал, сіздер жапқан жала бойынша айтарым. Мен, Мұхаммедкәрім Д.А. ешқандай ҚДТ және Көше ұйымдарына қатыспадым, қаржыландыруды ұйымдастырмадым. Бұл жала бойынша Ақпын.
P.S. Заң бойынша Алматыға, Іле ауданына ауыссам немесе осы Қапшғайда қалсам. Сондай-ақ заң бойынша Заречныйға жеткенше осында отырып онда есікті ашамын, тілінбеймін. Қолыма тиісті құжат беріңіздір.
 
Құрметпен Ұры үйенің Қас жауы Мұхммедкәрім Д.А. 28.10.2024 ж.
 
ТРЕБОВАНИЕ ПОД НАЗВАНИЕМ «ПРОДОЛЖАЙТЕ ЦИРК»
Я, Мұхаммедкәрім Д.А. вот уже полмесяца (15.10.24-28.10.24) сижу и поверив в ложь, о том, что «полностью ознакомлюсь делом перед заседанием Апелляционного суда»
Однако, несмотря на то, что вопреки закону во второй инстанции проходит в закрытом режиме, не сдержав свои слова судьи Абу, Секербеков и Мусабекова не ознакомили меня с делом на должном уровне, вопреки вынесенному самими же постановлению. По принципу «где не пропадало» были представлены видеоматериалы низкого качества, которые могли быть смонтированы. Не представилось, возможным просмотреть эти пять дисков. А ол бес дискіні қарау мүмкін болмады. А копию трехтомного дела мне не выдали в рамках закона. Свои незаконные действия не зафиксировали никаким официальным документом. Зато 24.10.2024 г. Судья Мусабекова М.Т. вынесла два постановления, в целях перевода меня с места пребывания на 3 (три) дня с Капшагая в учреждение № 71 в Талдыкорган. С тех пор я, Мұхаммедкәрім Д.А. взяв в руки лезвие по возможности закрылся, запер обе двери наполнив замок мылом. Я понял, что вы все равно не ознакомите меня делом и не дадите копию трехтомного дела. Но, я не могу допустить того что воспользовавшись этим вы хотите растянуть время. Весь народ, весь Мир знает что в «Токаевском Новом Казахстане», что суд это Цирк. Мы знаем что это значит, и мой приговор останется без изменения, и я не буду оправдан. Так что можете продолжать свой апелляционный цирк. Поскольку не ознакомлен с делом, и я не буду участвовать в этом цирке. У меня есть одно требование не отправляя меня еще раз в «ссылку» в Талдыкорган, отправьте прямо отсюда на зону в Заречном. Иначе, я продолжу свою борьбу с того света.
ДОПОЛНЕНИЕ К ПИСЬМУ «ПРОДОЛЖАЙТЕ ЦИРК»
1. Вы зря потянули время уже почти на два месяца. Раз вы не хотите ознакомить, выдать мне копию, тогда можете продолжать Цирк (Апелляционный суд).
2. Я пока не ознакомившись полностью с делом не буду участвовать в том (в Апелляционном суде) цирке.
3. На судебном заседании будут участвовать мой Отец, общественный защитник Алмас Тлепов, мои защитники Галым Нұрпейсов, Мұрат Жолшиев и Төлеген Берліқожа.
4. Моё требование Апелляционному суду, то есть цирку: до зоврешения суда прошу не переводить меня в учреждение № 71 в Талдыкоргане.
5. В рамках закона отправьте меня по месту жительства в тюрьму на Заречном.
6. До перевода на зону в Заречном содержите в учреждении № 72 в Алматы (СИ-18), или в изоляторе временного содержания в Илийском районе или здесь в Капшагае.
7. До завершения Апелляционного суда и до вынесения постановления о переводе меня в Заречный не покину камеру № 5. В случае применения силы, если откроется дверь я порежу себе вену.
Я, Мұхаммедкәрім Д.А. не верю прокурорам и суду. Предьявленные ваши обвинения настоящая клевета. Можете заменить обвинение. Обвиняете за критику власти, за призыв народа к мирному шествию. Не признаю. Но, не сожалею и не буду просить прощения. По вашей клевете скажу. Я, Мұхаммедкәрім Д.А. в никаких организациях ДВК и Көше не участвовал, не организовывал финансирование. По этим клеветничествам я Чист.
P.S. Если по закону переведусь в Алматы, Илийский район или оставите здесь в Капшагае. Также, по закону пока доберусь до Заречного буду находиться здесь тогда открою дверь, не буду резаться. Дайте на руки соответствующий документ.
С уважением, непримиримый враг воровского режима.
 
 
Мұхммедкәрім Д.А., 28.10.2024 г.
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мухамедкарим ДуманБольше записей в Мухамедкарим Думан »
.