Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Талғат Аян: “Жерді қорғау қылмыс емес”

Атыраулық белсенді Талғат Аян қоғамдық қызметін волонтерліктен бастаған дейді әріптестері. Қоғамдық ұйым құруды жоспарлаған белсенді “жер шеруіне” қатысқаннан кейін қылмыстық айыпқа ілініп, бес жылға сотталды.

2016 жылы наурыздың соңында сол кездегі ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев биыл шілденің 1-інен бастап елде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,7 миллион гектар жер аукцион арқылы саудағашығарылатынын хабарлағаннан кейін қоғамда оған қатысты сауал көбейген

ЖЕР ТУРАЛЫ ШЕРУ ТАЛАБЫ

Атыраулық белсенділер өзекті мәселе жөнінде ой-пікірін билікке жеткізу үшін митингі өткізуді ұйғарған. 2016 жылы сәуірдің 24-інде Атыраудың Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңында жер реформасы жөнінде митинг өткізуге рұқсат сұрап, әкімдікке алдын ала өтініш бергендердің бірі жергілікті белсенді Талғат Аян еді.

Атырау қалалық әкімдігі жиынға рұқсат бермеді. Соған қарамастан Истатай-Махамбет алаңында өткен шеруге адамдар жаппай жиналды. Жиындағы сөзінде Талғат Аян “үкімет жерді ең алдымен өз азаматтарына тегін жалға берсін” деген талабын білдірді.

– Бізде қазір жұмыссыз жүрген жастар көп. Жұмысқа кірейін десе 200-500 мың [теңге] ақша сұрайды. Жерді игеруге соларға берсін, мен де барып, жұмыс істер едім, – деді ол

Источник https://www.azattyq.org/

 

Поделись, чтобы люди узнали:
.