Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Прокуратура 13 белсендінің «экстремистік топ құру» айыбы дәлелденбеді деп істі қайта тергеуге жіберді

10 маусымда Алматы қаласы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 182-бабы («Экстремистік топ құру») және 405-бабы («Экстремистік ұйымның жұмысына араласу») бойынша айыпталған оннан аса белсендінің ісін тергеу басқармасына қосымша тергеуге жіберіп, 182-бап бойынша айыпты алып тастауды ұсынды. Прокуратура белсенділердің «экстремистік топ құру» айыбы дәлелденбеді деп санайды.

Бұл туралы Азаттыққа 11 маусымда белсенділердің адвокаттары Жанар Балғабаева, Ғалым Нұрпейісов және Шынқуат Байжанов хабарлады.

Адвокаттардың сөзінше, прокуратура Асхат Жексебаевқа, Абай Бегімбетовке, Қайрат Қылышевқа, Дәметхан Аспандияроваға, Ноян Рақымжановқа, Диана Баймағамбетоваға, Гүлзипа Жаукероваға, Ермек Казиевке, Нина Жұманиязоваға, Дархан Валиевке, Болат Смағұловға, Марат Құрбановқа, Бақдәулет Әлібековке 182-бап бойынша тағылған айып тергеу кезінде толық дәлелденбеді деп істі қайта тергеуге жіберген.

Прокуратура қаулысында айыпталушылардың «экстремистік топ құрмақ болды» деген айып дәлелденбегені жазылған.

— Яғни, прокуратура 182-баппен тағылған айыпты толық алып тастау үшін істі қайта тергеуге жолдады. Ал 405-бап бойынша айып қалды, — дейді адвокат Балғабаева.

Ал қорғаушы Ғалым Нұрпейісов «айып қалай өзгеретінін айта алмаймын, тергеуді күту керек» деді.

Прокуратура тергеуге отыз күн уақыт берген, сондықтан белсенділердің қамау мерзімі мен үйқамақтағы уақыты тағы бір айға ұзарды.

182-бап, яғни «Экстремистік топ құру» бабы Қылмыстық кодекстегі аса ауыр қылмыс саналады. Бұл бапта 12-17 жылға дейін түрме жазасы беріледі. Ал 405-бапта бас бостандығын шектеу жазасы да қарастырылған.

— Прокуратураның 182-бап бойынша айыпты алып тастауды ұсынғаны жақсы. Бірақ белсенділер 405-бап бойынша да айыпты емес, сотта адвокаттар осыны дәлелдеуге тырысамыз, — дейді адвокат Шыңқуат Байжанов.

Белсенділердің барлығы елде экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалысына байланысты айыпталған. Оларсаяси тұтқындарды босатуды және демократиялық реформаларды талап етіп, көптеген бейбіт жиындар мен шерулерге қатысқан азаматтық. Сол үшін талай әкімшілік жазаға да тартылған.

  • Қазақстан билігі шетелге қашқан экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысы мен тіркелмеген «Көше партиясын» экстремистік ұйым деп таныған. Прокуратура «Көше партиясы» ҚДТ қозғалысына қатысы бар деп санайды. «Көше партиясының» белсенділері өздерін «тәуелсізбіз» дейді.
  • Еуропарламент қарарында ҚДТ мен «Көше партиясын» «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.
  • ҚДТ мен «Көше партиясын» экстремистік деп таныған сот шешімі жарияланған жоқ. Екі қозғалыстың жақтастары Қазақстанда жиі қуғындалады.
  • Қазақстандық құқық қорғаушылардың мәліметінше, қазіргі кезде елде сот шешімімен тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалысына қатысы бар деп күдікке ілінген немесе айыпталған 300-ден аса белсенді бар.

Мәншүк Асаутай

https://www.azattyq.org

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Баймагамбетова ДианаБольше записей в Баймагамбетова Диана »
Больше в Валиев ДарханБольше записей в Валиев Дархан »
Больше в Жексебаев АсхатБольше записей в Жексебаев Асхат »
Больше в Клышев КайратБольше записей в Клышев Кайрат »
.