Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Доклад “Ескертусіз қасақана оқ ату” | “Стрелять на поражение”

 

Скачать доклад в PDF

Bayandama KAZ | Doklad RUS    | _Report ENG

БАСПАСӨЗ  БАЯНЫ                                         

5 маусым 2023 жыл,  Алматы қ.

2023 жылғы 5 маусымда (дүйсенбі) сағ.11.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан баспасөз клубында «Қаңтар қасыреті» – Qantar2022 қорытындысы бойынша құқық қорғаушылар дайындаған «Ескертусіз оқ ату» баяндаманы таныстыру өтеді.

2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда екі жүзден астам адамның (құқық қорғау органдары қызметкерлерін қосқанда) өмірін қиған оқиғалар орын алды. Жүздеген  адам  жараланды, оның ішінде ауыр жарақаттанғандар бар. 

2022 жылғы 14 қаңтарда қазақстандық бірқатар құқық қорғау ұйымдары іргелі құқықтарды қолдау мақсатында Құқық қорғау альянсын құрды. Оның  басты мақсаттары – хронологияны, наразылықтардың барысын шынайы және бейтарап айқындау, құқық қорғау органдары мен әртүрлі демонстранттар топтарының іс-әрекеттеріне талдау жасау, наразылықтардың бейбіт кезеңнен зорлық-зомбылыққа өту себептерін анықтау, тергеу барысында азаматтардың іргелі құқықтарын сақтауға жәрдемдесу арқылы әділ сот процесі стандарттарының қатаң сақталуына, азаптау мен қатыгездікке жол берілмеуіне, жасаған істері үшін әркімнің өзінің жауап беруі кепілдіктерінің қамтамасыз етілуіне, кінәлілердің әділ жазалануына, ал кінәсіздердің қылмыстық қудалауға түспеуіне, наразылықтардың бейбіт қатысушыларын, соның ішінде саяси оппозиция өкілдері мен азаматтық белсенділерді зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаушылардан жіті ажыратуға жәрдемдесу.

Осы қызмет шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен коалициялардың, сарапшылардың және азаматтық белсенділердің қолдауымен оқиға болғаннан бергі уақыт аралығында төмендегідей талдамалық есептер шықты. «2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар барысында және одан кейін сотқа дейінгі тергеу сатысында ұсталған адамдардың құқықтарының сақталуы туралы» (2022 жылғы тамыз), «Еңбек құқықтары, кәсіподақтар: Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтар оқиғалары» (тамыз 2022 ж.), «Біз бұдан былай жыламаймыз»: Қазақстандағы «қанды қаңтар» оқиғасына байланысты  азаптау, қатыгездік көрсету  және ондай әрекеттер үшін жазаланбаушылық (2023 жылғы ақпан) есебі. 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға қатысты әділ сот талқылауы құқығының сақталуы туралы талдамалық есеп дайындалуда.

Қасыреттің  алғашқы күндерінен бастап құқық қорғаушылар құжаттаманы оқиғаларға қатысушылармен және олардың туыстарымен жеке сауалнама жүргізу және байланысу әдісімен, жергілікті жерлерде ақпарат жинау, бұқаралық ақпарат құралдарынан және жеке тұлғалардан алынған бейнематериалдарды зерттеу арқылы жазбаша құжаттар жүргізе бастады. Барлығы 1000 сағаттан астам бейне жазбалар қаралды және Qantar2022-ге қатысты әртүрлі құжаттардың 10 000-нан астам беті зерттелді. Жиналған материалдар қаңтар қасыретінің кейбір нақты мән-жайларын сенімді түрде анықтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын тіркеуге және Қазақстан билігінің адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес іс-әрекеттерін бағалауға мүмкіндік берді.

Құқық қорғау альянсының құжаттандыру орталығы Qantar2022-ге байланысты барлығы 600 кейсті құжаттады. Оның ішінде 579 кейс азаматтардың куәліктері бойынша, 9 кейс мемлекеттік органдармен хат алмасу нәтижелері бойынша және 12 кейс нақты оқиғалар бойынша. Сауалнамаға қатысқандардың арасында 542 ер адам мен 37 әйел бар. Қаза тапқандардың 217-сі анықталды, олардың 175-і құжатталған (95% – ы мәйітханалардан алынған анықтамаларға және туыстарының айғақтарына сәйкес атыс жарақаттары бар) Қазақстанның 9 қаласынан: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Өскемен және Атырау қалаларынан.

Адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы тіркелді: өмір сүру құқығы, азаматтардың бейбіт жиналыстар мен наразылыққа құқығы, бостандық және жеке қол сұғылмаушылық құқығы, сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы сатысында әділ сот процесіне құқық, оның ішінде қорғауға, ақпаратқа қол жеткізуге құқық. Сондай-ақ, полиция мен наразылықтардың, бейбіт жиналыстардың бейбіт қатысушылары арасында тиімді өзара іс-қимылдың жоқтығы атап өтілді. Бұл, басқа жайттармен қатар, көптеген зорлық-зомбылық пен азаптау актілеріне, «террористер» терминін теріс пайдалануға және т. б. әкелді.

Жиналған ақпарат көптеген жағдайларда биліктің шамадан тыс күш қолданғанын және 2022 жылдың 5, 6 және 7 қаңтарында наразылықтарды басу үшін  өлім қаруын қолданған қауіпсіздік күштерінің әрекеттері көбінесе негізсіз болғандығын, көптеген құрбандықтарға ұрындырғанын көрсетеді. Сондай-ақ азаптау мен қатыгездік, соның ішінде азаптау салдарынан адамдардың қаза табуы және оларға ауыр дене жарақатын салу туралы деректер атап айылды.

Баяндама авторлары билікке егжей-тегжейлі жауаптар күтетін мынандай  сұрақтар қойды:

1.Қайтыс болғандардың тізімдері толық деректерімен: аты-жөні, туған жылы, қаласы, қайтыс болған күні, қайтыс болу себебі, қайтыс болу жағдайлары, денені анықтау орны көрсетіліп қашан жарияланады?

  1. Неліктен тәртіпсіздіктер орын алған және азаматтардың қаза болуына жол берілген өңірлердің және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшылары жауапқа тартылмаған?
  2. Неліктен құқық қорғау органдарының ғимараттарында қару-жарақтың қолды болуына, ажал құштыратын қаруды заңсыз қолдану салдарынан азаматтардың қаза табуына, азаптаудан қайтыс болуына байланысты күштік құрылымдардың басшылары жауапқа тартылмаған?
  3. Ұлттық қауіпсіздік органдарын нақты реформалау қашан басталады, ел президенті Қ. Тоқаев уәде еткендей, сондай-ақ күштік құрылымдардың қызметкерлері жетекшілік еткен деп болжанатын зорлық-зомбылықты жүзеге асырған ұйымдасқан топтардың құрамына кірген адамдар қашан анықталып, жауапқа тартылады?
  4. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы заңы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, сондай-ақ атыс қаруын және өзге де қаруды, оның ішінде адам өлтіретін қаруды қолдану құқығын көздейді, алайда ол қызметкерлердің немесе басқа азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда ғана қолданылуы керек делінген. Сонымен қатар, заңнамада мұндай күш пен қаруды қолданудың бірқатар шарттары бар. Осыған байланысты сұрақ туындайды: азаматтарды өлтіруге және қырып салуға қару қолданған әрбір жеке жағдайда заңнамада белгіленген барлық шарттар сақталған ба?

Баяндамадан алынған деректердің,  ел басшылығы мен құқық қорғау органдарына жолданатын ұсыныстардың шағын сипаттамасы осындай.


RU 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

5 июня 2023 года, г.Алматы

05 июня 2023 года (понедельник) в г.Алматы в Казахстанском пресс-клубе в 11.00 состоится презентация доклада «Стрелять на поражение…», подготовленного правозащитниками по итогам «кантарской» трагедии – Qantar2022.

В январе 2022 года в Казахстане произошли события, которые унесли жизни более двухсот человек, включая сотрудников правоохранительных органов, а сотням других граждан были нанесены телесные повреждения, в том числе тяжкие. 

Уже 14 января 2022 года ряд казахстанских правозащитных организаций создали Правозащитный альянс в поддержку фундаментальных прав,  главной целью которого определили содействие объективному и беспристрастному установлению хронологии, хода протестов, анализу действий правоохранительных органов и различных групп демонстрантов, причин перехода протестов из мирной фазы в насильственную, соблюдению фундаментальных прав граждан в ходе расследования с тем, чтобы строго соблюдались стандарты справедливого судебного процесса, недопущение пыток и жестокого обращения, обеспечивались гарантии, что каждый будет отвечать именно за то, что он или она сделали, виновные будут справедливо наказаны, а невиновные не окажутся в сфере уголовного преследования, четкому разделению мирных участников протестов, включая представителей политической оппозиции и гражданских активистов, от осуществлявших насильственные действия.

В рамках этой деятельности при поддержке других организаций и коалиций неправительственных организаций, экспертов и гражданских активистов за прошедшее со времени событий время были выпущены Аналитический отчет «О соблюдении прав лиц, задержанных в ходе и после январских событий 2022 года, на стадии досудебного расследования» (август 2022 г.), Аналитический доклад «Трудовые права, профсоюзы: январские события 2022 года в Казахстане» (август 2022 г.), Отчет «Мы даже больше не плачем»: пытки, жестокое обращение и безнаказанность в Казахстане в связи с событиями «кровавого января» (февраль 2023 года). Готовится Аналитический отчет о соблюдении права на справедливое судебное разбирательство в отношении лиц, привлеченных к уголовной ответственности в связи с январскими событиями 2022 года.

Правозащитники с первых дней трагедии стали вести документирование методом личного опроса и контактов с участниками событий и их родными, путем сбора информации на местах, изучения видеоматериалов, полученных из средств массовой информации и от частных лиц письменных документов. Всего было просмотрено более 1000 часов видеозаписей и изучено более 10 000 страниц различных документов, касающихся Qantar2022. Собранные материалы позволили достоверно установить некоторые фактические обстоятельства январской трагедии, зафиксировать нарушения прав и свобод граждан и оценить действия властей Казахстана в соответствии с международными стандартами в области прав человека.

Всего Центром документирования Правозащитного альянса задокументировано 600 кейсов, связанных с Qantar2022, из них 579 по свидетельствам граждан, 9 кейсов по результатам переписки с госорганами и 12 кейсов по конкретным событиям. Среди опрошенных 542 мужчин и 37 женщин. Установлено 217 погибших, из них задокументировано 175 человека (95%, согласно справкам из моргов и показаниям родственников, имеют огнестрельные ранения) из 9 городов Казахстана: Алматы, Талдыкоргана, Шымкента, Тараза, Актобе, Кызылорды, Семея, Усть-Каменогорска и Атырау.

Зафиксированы нарушения следующих прав и свобод человека:  право на жизнь право граждан на мирные собрания и протест, право на свободу и личную неприкосновенность, право на справедливый судебный процесс на стадии досудебного расследования и судебного разбирательства, включая право на защиту, на доступ к информации. Отмечено также отсутствие эффективного взаимодействия между полицией̆̆ и мирными участниками протестов, мирных собраний, что, помимо прочего, привело к многочисленным актам насилия и пыток, злоупотреблению термином «террористы» и др.

Собранная информация показывает, что во многих случаях власти применили чрезмерную силу, а действия силовиков, использовавших летальное оружие 5, 6 и 7 января 2022 года на поражение для подавления протестов, зачастую не были обоснованными, что привело к большому количеству жертв. Были также отмечены пытки и жестокое обращения, включая гибель людей в результате пыток и причинение им тяжких телесных повреждений.

Авторы доклада поставили вопросы властям, на которые ждут подробные ответы:

  1. Когда будут опубликованы списки погибших с полными данными: ФИО, год рождения, город, дата смерти, причина смерти, обстоятельства гибели, место обнаружения тела?
  2. Почему не привлечены к ответственности руководители регионов и/или административно-территориальных единиц, где происходили беспорядки и допущена гибель граждан?
  3. Почему не привлечено к ответственности руководство силовых структур в связи с утечкой оружия, гибелью граждан в результате неправомерного применения летального оружия, смертью от пыток в зданиях правоохранительных органов?
  4. Когда начнется реальное реформирование органов национальной безопасности, как было обещано президентом страны К.Токаевым, а также установлены и привлечены к ответственности лица, входившие в состав организованных групп, осуществлявших насилие, которые как предполагается, курировались сотрудниками силовых структур?
    5. Закон Республики Казахстан о правоохранительной службе предусматривает право сотрудников правоохранительных органов применять физическую силу, специальные средства, а также огнестрельное и иное оружие, в том числе и на поражение, однако в этом случае только при наличии непосредственной угрозы жизни и здоровью самих сотрудников или других граждан. Причем законодательство содержит ряд условий такого применения силы и оружия. В связи с этим возникает вопрос: были ли в каждом отдельном случае применения оружия на поражение и гибели граждан соблюдены все определенные в законодательстве условия?   

Это лишь некоторые вопросы, вытекающие из доклада и которые в нем содержатся, так же, как и рекомендации руководству страны и правоохранительным органам.

ENG

PRESS RELEASE        June 5, 2023, Almaty

On June 05, 2023 (Monday), the presentation of the report “Shoot to kill…”

prepared by human rights defenders following the results of the “Kantar” tragedy – Qantar2022 will take place in Almaty at the Kazakh Press Club at 11.00. 

In January 2022, events took place in Kazakhstan that claimed the lives of more than two hundred people, including law enforcement officers, and hundreds of other citizens were injured, including serious injuries. 

Already on January 14, 2022, a number of Kazakhstani human rights organizations created a Human Rights Alliance in support of fundamental rights, the main purpose of which was to promote an objective and impartial establishment of the chronology, the course of protests, analysis of the actions of law enforcement agencies and various groups of demonstrators, the reasons for the transition of protests from a peaceful phase to a violent one, observance of fundamental rights of citizens during the investigation in order to the standards of a fair trial were strictly observed, torture and ill-treatment were prevented, and guarantees were provided, that everyone will be responsible for exactly what he or she did, the guilty will be fairly punished, and the innocent will not be in the sphere of criminal prosecution, a clear separation of peaceful protesters, including representatives of the political opposition and civil activists, from those who carried out violent actions.

As part of this activity, with the support of other organizations and coalitions of non-governmental organizations, experts and civil activists, an Analytical report “On the observance of the rights of persons detained during and after the January 2022 events, at the pre-trial investigation stage” (August 2022), an Analytical report “Labor Rights, Trade unions: January events of 2022 in Kazakhstan” (August 2022), Report “We don’t even cry anymore”: torture, Ill-treatment and impunity in Kazakhstan in connection with the events of “bloody January” (February 2023). An analytical report is being prepared on the observance of the right to a fair trial in relation to persons brought to criminal responsibility in connection with the January 2022 events.

From the first days of the tragedy, human rights defenders began documenting by personal interview and contacts with participants of the events and their relatives, by collecting information on the ground, studying video materials obtained from the media and written documents from individuals. In total, more than 1,000 hours of video recordings were viewed and more than 10,000 pages of various documents related to Qantar2022 were studied. The collected materials made it possible to reliably establish some factual circumstances of the January tragedy, record violations of the rights and freedoms of citizens and assess the actions of the authorities of Kazakhstan in accordance with international human rights standards.

In total, the Human Rights Alliance Documentation Center documented 600 cases related to Qantar2022, of which 579 were based on citizens’ testimonies, 9 cases based on correspondence with government agencies and 12 cases on specific events. There are 542 men and 37 women among the respondents. 217 dead were identified, 175 of them were documented (95%, according to certificates from morgues and testimony of relatives, have gunshot wounds) from 9 cities of Kazakhstan: Almaty, Taldykorgan, Shymkent, Taraz, Aktobe, Kyzylorda, Semey, Ust-Kamenogorsk and Atyrau.

Violations of the following human rights and freedoms have been recorded: the right to life, the right of citizens to peaceful assembly and protest, the right to freedom and personal inviolability, the right to a fair trial at the stage of pre-trial investigation and trial, including the right to protection, access to information. The lack of effective interaction between the police and peaceful participants of protests and peaceful assemblies was also noted, which, among other things, led to numerous acts of violence and torture, abuse of the term “terrorists”, etc.

The information collected shows that in many cases the authorities used excessive force, and the actions of the security forces who used lethal weapons on January 5, 6 and 7, 2022 to defeat the protests were often not justified, which led to a large number of victims. Torture and ill-treatment were also noted, including the death of people as a result of torture and the infliction of grievous bodily harm.

The authors of the report put questions to the authorities, which are waiting for detailed answers:

When will the lists of the dead be published with full data: full name, year of birth, city, date of death, cause of death, circumstances of death, place of discovery of the body?
Why are the heads of regions and/or administrative-territorial units where riots took place and the death of citizens was not brought to justice?
Why is the leadership of law enforcement agencies not brought to justice in connection with the leakage of weapons, the death of citizens as a result of the unlawful use of lethal weapons, death from torture in law enforcement buildings?
When will the real reform of the national security agencies begin, as promised by the President of the country K.Tokayev, and also identified and brought to justice persons who were part of organized groups that carried out violence, which are supposed to have been supervised by law enforcement officers?
5. The Law of the Republic of Kazakhstan on Law Enforcement Service provides for the right of law enforcement officers to use physical force, special means, as well as firearms and other weapons, including to kill, but in this case only if there is an immediate threat to the life and health of the employees themselves or other citizens. Moreover, the legislation contains a number of conditions for such use of force and weapons. In this regard, the question arises: were all the conditions defined in the legislation met in each individual case of the use of weapons to kill and the death of citizens?   

These are just some of the issues arising from the report and which it contains, as well as recommendations to the country’s leadership and law enforcement agencies.

 

 

Поделись, чтобы люди узнали:
.