Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 2021 жылғы 21 шілде

«Халықаралық рақымшылық» («AmnestyInternational») халықаралық үкіметтік емес ұйымы және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) дайындаған өлшемшарттарға ұқсастық негізінде, қамаудағы жеке тұлғаларды ар-ождан тұтқындары мен саяси қамаудағыларға жатқызудың қазақстандық сарапшылармен жасалған өлшемшарттарын пайдаланып әзірленген, қазақстандық құқық қорғау және азаматтық ұйымдардың сарапшылық кеңесінің шешімі бойынша саяси қамаудағылар болып танылғандар:

1. Жаубатыров Асылхан (26.08.1976 ж. т.) — Ақтөбе қаласының азаматтық белсендісі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігінде көзделген «Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзгеде ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу» бойынша  қылмыс жасады деп айыпталып, 2 ай үйқамақта болды. Ақтөбе қалалық тергеу сотының 20.05.2021 жылғы қаулысымен «үйқамақ» бұлтартпау шарасы «қамауда ұстауға» ауыстырылды. 

2. Меңдығазиев Бекіжан (03.07.1966 ж.т.) – кәсіпкер, Қазақстан белсенділеріне қаржылай көмек көрсететін ағасы Барлық Меңдығазиевтің меценаттық және құқық қорғау қызметіне байланысты «қамауға» алынған. 03.06.2021 ж. Атырау қалалық тергеу сотының қаулысымен 2 айға қамауға алынды. Оған «ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу», «аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару» және «ағасы Барлық Мендігазиевпен бірге ірі мөлшерде ақшаны жылыстату» айыптары тағылған.  

3.Әміров Ерұлан (12.12.1987 ж.т.) — Шымкент қаласының белсендісі. 29.04.2021ж. бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігінде «Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзгеде ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу», ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру», ҚР ҚК 256-бабы 1, 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» көзделген қылмыстарды жасағаны бойынша айыпталып қамауда болды. Шымкент қаласы тергеу сотының 10.06.2021 жылғы қаулысымен сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Ақтас кентіндегі (Алматы облысы) психиатриялық ауруханаға жатқызылды.

 Тізімге енгізілгендер туралы қысқаша ақпарат:

1. Жаубатыров Асылхан — Ақтөбе қаласының азаматтық белсендісі. Соңғы 3 жылда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы «Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу» бойынша 15 рет өзінің азаматтық белсенділігі және пікірін білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке (айыппұлдар және 15 тәулікке қамауға алу) тартылды. Португалияның Сыртқы істер министрі Август Сантош Силвеге жолдаған үндеуінде ол «Қазақстанда адам құқықтары бұзылады», «Қазақстан Еуропалық Парламенттің адам құқықтары жөніндегі қарарын сақтамайды» және осы бейнехабарлама үшін оған бұлтартпау шарасын үй қамауынан қамауда ұстауға ауыстырды.

2.Меңдығазиев Бекіжан өзінің ағасы,  Ақсай қаласының кәсіпкері,  қазіргі уақытта АҚШ-та тұратын, Барлық Меңдіғазиевтің саяси қызметінің  «тұтқынына»  айналды. Барлық саяси қудаланған қазақстандықтарға көмек қорын құрды, қазіргі қазақстандық билікті сынға алып, адамдарды үкіметке қарсы бейбіт митингтерге шығуға шақырады. Барлықтың белсенді азаматтық ұстанымы оның туыстары мен жақындарын қудалауға себеп болды. Мәселен, бұрын Барлық Меңдіғазиевтің иелігінде болған KSS (Karachaganak Support Service) фирмасының директоры «аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны үшін» бес жылға шартты түрде сотталды. Осы іс бойынша контрагенттік фирмалардың тағы екі басшысы сотталды. Барлық Меңдіғазиевтің жақындарының үйлерінде тінту жүргізілді.

3. Әміров Ерұлан — Шымкент қаласының азаматтық белсендісі. Ерұлан белсенділікпен 2020 жылдан бері айналысады. 2021 жылғы сәуірде Ерұлан Фэйсбукте бейнехабарлама жасады: «… Егер сіз өзіңізді мұсылман деп санасаңыз, Қазақстан жастарына жүгінемін, Пайғамбардан осындай өсиет бар. Имамдар ол туралы сөйлемейді, олар ҰҚК-ден қорқады. Бірақ мен айтайын. Ең жақсы жиһад – әділетсіз тиран-билеушінің алдында айтылған сөз. Мен ешкімді қару алып, үкіметке қарсы соғысуға шақырмаймын. Алайда, 20-бапта (Қазақстан Конституциясы) жазылғандай, әркімнің пікір білдіруге құқығы бар. Біз билікті орнына қойып, олардың қателіктерін түзетуіміз керек. Себебі 3-бапта (Конституцияда) «биліктің жалғыз қайнар көзі — халық»… жастар, егер біз саясатпен айналыспасақ, онда саясат бізбен айналысады» https://www.youtube.com/watch?v=xUGw7mZ04K0  делінген. «Жихад» сөзін қолданғаны үшін (араб тілінен аударғанда «күш салу» деп аударылады) Ерұлан Әміровке ҚК-тің 3 (үш) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және қамауға алынды.

Сараптамалық кеңес:

Галым Агелеуов 
Лұқпан Ахмедьяров
Зауреш Батталова 
Гүлмира Біржанова
Анара Ибраева
Евгений Жовтис 
Ерлан Қалиев 
БахытжанТөреғожина 
Амангелді Шорманбаев

2021 жылғы 21 шілде Алматы қ.

Поделись, чтобы люди узнали:
.