Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Бүгін, судьяның тариxта бәрі-бір қалатын күні…

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында ақын Кенжебек Жақсылықұлы Әбішев пен азаматтық белсенді Алмат Жумагулов және Оралбек Омыровке байланысты қозғалған іске нүкте қойылып, үкім оқылатын күн. Осыған дейін, бұл iсті қарап жатқан сотты, нағыз сорақы сот десек, ешкiмнiң шамына тимейтiнiмiз анық.

Бұл сотта саяси тапсырысты орындап жатқанын жұртшылыққа әу бастан көріне бастады. Себебі, 2017 жылдың 27-ші қарашадан бастап «жихадшылар ісі» деп тергеу ісін жүргізбестен қоғамға кеңінен тартып үлгерді. Шыныменде, кезінде “құс мылтығымен” шыққан террористерді ұстау кезінде жарияланған “қызылды, жасылды, сарылы” террорлық деңгей, не себептен сол кезде жарияланбай қалды. Құс мылтығы емес, құзырлы орган түсірген бейнелерінде кәдімгі “калаш” автоматы болып еді ғой. Түсінбестік осыдан басталды жұртшылыққа. Демек, дара ақын мен азаматтық белсендiлердi соттау арқылы, мына қоғамға үрей салмыз деп ойласа керек.

Сот процесстерінде қорғаушы тарап айыптау актісін күл талқанын шығарғанын, бұxара жұрт өз көздерімен көріп, баға берді. Тіпті, айыптауға негіз болған видео-роликте Алмат пен Кенжебектің жоқ болғандары анық дәлелденді. Десек те, билiк осы iс-әрекетi арқылы адам құқықтарын өрескел таптап отырғаны былай тұрсын, “сөйлегеннің үнін өшіріп, ақиқатты айтқанның тілін осылай кесеміз” деп шешсе керек. Солай ойласа, бұл мемлекеттік басқарушы жоғарғы билiктiң тығырыққа тiрелгенi дер едім. Елiм, жерiм деген азаматтарды айдың- күннiң аманында жөнсiз, заңсыз айып тағып, соттап жатқанымыз – барып тұрған ақымақтық ғой. Халық кез келген жағдайда, еркін-бейбіт түрде пікірін айтуы тиіс. Айта алады да! Бұл – бiздiң Конституциялық құқығымыз. Ал, Кенжебек ақын мен Алмат заң шеңберiнен еш аспаған. Мұны сот процестерiнде анық-айқын дәлелдеп берді. Бiрақ, бұл дәйектерді қаперге алып жатырған судьяның сиқын көрмедім.

Бұл жігіттерді мүмкiн 8 жылға, мүмкiн 9 жылға бас бостандығынан айырар. Бiрақ олардың жүрегiндегі өшпес рухтан айыра алмайды ғой! Былай зерделеп көріңіздер: Мына билiк, халықтың мұңын жоқтап, Кенжебек ақындай жырлай ала ма? Елім, жерім деген Алматтай – жері, xалқы үшін шырылдай ала ма? Жооооқ! Осыны көре алмаған құзырлы қызмет, осы азаматтарды заңсыз түрмеге тоғыту арқылы көпшiлiктің үнін сөндіруге бел буғанын көрдім. Есесіне, осы “сайқымазақ” ойынымен бүгiнгi жүйенің iштен iрiп-шiрiп жатқанын анық әшкерелеп көрсетіп берді. Кеше ғана ақын Кенжебек прокурорға қарата айтқандай: “адамның соты ештеңе емес, ардың соты алдында мына тапсырыс берушiлер әлi талай сорлайды. Мына, менің қолымдағы кісенде – туыс деген ұғым жоқ. Бүгін менің қолыма киілсе, ертең сенің қолыңа киіледі” деген кезде, жерге қараған прокурор, басын көтере алмап еді. Бұл сөзді мен “мына қалыптасқан жүйе мен билiк – бүгін бар да, ертең жоқ! Дүние кезек екенiн ұмытпасын” деген деп түсіндім.

Сондықтан, осы істің басынан-аяғына дейін қадағалап, сот процесстерін бақылаушы ретінде қатысып, соңында айтар өз ойым:

Бұл азаматтардың – бұрын соңды сотты болмағанын, араңдатушылардың анық араңдату іс-әрекеті екендігін, отбасыларының жалғыз табыс көзі асыраушысы ретінде, асырауларында кәмелетке толмаған жасөспірім балалары барын ескеріп, осы баппен бас бостандығынан айырмай, жеңілдетілген жазаға айналдырып, бостандық берулері керек деп ойлаймын!!!

Поделись, чтобы люди узнали:
.