Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ПРЕСС-РЕЛИЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ»

2023 жылғы 30 маусым                                                                                       Алматы қ.

Сараптамалық кеңестің 2023 жылғы 30 маусымдағы шешімімен саяси тұтқындар деп танылды:

  1. Жыланбаев Марат, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі, белсенді, танымал марафоншы. 24.05.2022ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысымен М.Жыланбаевтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігімен, 258-бабының 1-бөлігімен сараланған. 2022 жылдан бері «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын тіркей алмай жүр! 2023 жылдың наурыз айында өткен сайлауда Мәжіліс депутаттығына үміткер болды.
  2. Сембай Асқар, Астана қаласынан азаматтық белсенді. Полициямен «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысқаны үшін» 12.05.2023 жылы ұсталған. Қылмыстық кодекстің 405-бабының 2-бөлігімен әрекетін саралау туралы қаулы 13.05.2023 ж. шығарылды. А.Сембай 2019 жылдан бері адам құқықтарын сақтауды талап ететін бейбіт наразылық акцияларына қатысып, құқық қорғау органдарының қысымына ұшыраған. Өз пікірін және сенімін білдіргені, бейбіт жиналыстар бостандығы құқығын жүзеге асырғаны үшін бірнеше рет әкімшілік қамауға алынған, айыппұл салынған.
  3. Башанов Жандарбек, Орал қаласының азаматтық белсендісі. 17.05.2023 ж. ұсталып, Орал қаласы бойынша ПБ ҰҚИ-на қамалды. 19.05.2023ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысымен Ж.Башановтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігімен сараланған.
  4. Әлтаев Нұржан, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты. 07.06.2023 ж. қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылды, Н.Б. Әлтаевтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігімен сараланған. Нұржан Әлтаев бейбіт жиындарды ұйымдастыру ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
  5. Қанатов Нұрлан, блогер, азаматтық белсенді, Тараз қаласының қоғам қайраткері. «Құрмет» орденінің кавалері. 07.02.2023 ж. Қанатов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, оның әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігімен (көрінеу жалған хабарлау) сараланған.
  6. Дәнебаев Тимур, 15.06.2023 жылғы үкіммен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174-бабымен кінәлі деп саналып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы таңылды. Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылдың ақпанында Дәнебаев ел президентін жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арыз жазды. Ол президент Алматыға «20 мың лаңкестің» шабуыл жасағанын жариялап, сенімсіз ақпарат таратты деп санайды.
  7. Мұхаммедкәрім Думан, журналист, YouTube-тегі «Ne Deidi» арнасының авторы. 22.06.2023 ж. Д.Мұхаммедкәрімнің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабының 1-бөлігімен және 405-бабының 2-бөлігімен сараланды.

 Д. Мұхаммедкәрім қаңтар оқиғасы, сондай-ақ осы оқиғалардан кейін ұсталғандардың соттары туралы баяндаған. Билікті сынап, жемқорлық туралы ашық айтқан.

Тізімге енгізілгендер туралы қысқаша ақпарат:

  1. Жыланбаев Марат (Астана қ.)., 23.05.2023 ж. 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу мерзімін өтеу аяқталған күні қамауға алынды. Жыланбаевтың тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. 25.05.2022 ж. Астана қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен М.Жыланбаевқа қатысты 2 айға 23.06.2023 ж. дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Супермарафоншы ретінде танылған Марат Жыланбаев, соңғы жылдары билікті сынап, наразылық акцияларына қатысып жүр. Бұл үшін бірнеше рет әкімшілік айыппұл және 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылдыған. 2022 жылдан бері ол «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын тіркеуден 17-ден астам бас тарту алған.
  2. Сембай Асқар (Астана қ.)., 12.05.2023 ж. полициямен ұсталған, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оны «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартқан. 13.05.2023 жылы Астана қаласының тергеу сотының қаулысымен 2 айлық мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленген. Наразылық акцияларына қатысқаны үшін бірнеше рет ұсталған. Атап айтқанда, 24.07.2020 жылы Сембай, уақытша қамау изоляторында қайтыс болуған  азаматтық белсенді Д.Ағаділге Талапкер ауылында берілген «Ас беруге» қатысқаны үшін, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
  3. Башанов Жандарбек, азаматтық белсенді (Орал қ.)., 17.05.2023 ж. ұсталып, Орал қаласы ПБ Уақытша қамау изоляторына орналастырылған. 19.05.2023 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысымен Ж.Башановтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігімен сараланған. 19.05.2023 ж. Орал қалалық тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда, прокуратура наразылық келтіріп, апелляциялық сот тергеу сотының шешімін бұзып, Башанов қамауға алынған. Ол қазіргі кезде тергеу изоляторында отыр.
  4. Әлтаев Нұржан (Астана қ.)., 07.06. 2023 ж. қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, ұсталып, Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. 09.06.2023 ж. Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. 2020 жылы ол биліктегі «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы құрамынан шығарылған. 2021 жылы Н.Әлтаев Астанада үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, рұқсат етілмеген митингтер ұйымдастырған. Н.Әлтаев әлеуметтік желілерде жарияланған видеосы үшін Астанада 12.04.2023 ж. түнде, 15 тәулікке қамауға алынды. Видеода ол, Астана қаласының Алматы аудандық полиция бөліміне келуге шақырған, Энергетика министрлігі алдында наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшылардың ұсталған бір бөлігі, 11 сәуір күні кешке сонда жеткізілген болатын. 2023 жылы 19 наурызда Түркістан облысындағы бір мандатты сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болған.
  5. Қанатов Нұрлан, блогер, Жамбыл облыстық Полиция департаментінің жұмысына қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелерін белсенді түрде көтерді. Тараз қаласындағы жастар ресурстық орталығының басшысы болған. 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Облыс әкіміне әскерлерді қаладан шығаруды талап еткен үндеуіне қол қойып, қаңтар оқиғасынан кейін қаза болғандардың тізімін жасауға көмек жасаған, 2023 жылдың 19 наурызында бір мандатты округ бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болуды жоспарлаған, алайда бір күн бұрын ұсталған.
  6. Дәнебаев Тимур, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 15.06.2023 ж. үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша кінәлі деп танылған және оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы тараптың өкілі – прокурор пробациялық бақылау орната отырып, 4,5 жыл пробациялық бақылауды сұрады, алайда сот оған нақты бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Қазіргі уақытта адвокат апелляциялық шағым түсірген. Сот үкімімен Дәнебаевтың туыстары да, Тимурдың өзі де келіспейді.
  7. Мұхаммедкәрім Думан, журналист митингке шақырғаны үшін үшінші рет 25 тәулікке әкімшілік қамауға алуды өтеуде. Оның мәртебесі 22. 06.2023 ж. қорғалу құқығы бар куәгерден тергеліп жатқан іс бойынша күдіктіге ауыстырылды. Уақытша ұстау изоляторынан шыққан күні ол 48 сағатқа қамауға алынып, Іле ауданының тергеу соты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. 15-тен 25 тәулікке дейін бірнеше рет әкімшілік қамауға алынған. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болған.

Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 258 және 405-баптарын зорлық-зомбылыққа шақырмаған, бейбіт наразылық акцияларын өткізген және өз құқықтарын сөз бостандығына және өз пікірін білдіруге, бейбіт жиналыстар бостандығына, бірлестіктер бостандығына және саяси қатысуға пайдаланған оппозициялық саясаткерлер мен азаматтық белсенділерді қылмыстық жауапқа тартуға мүмкіндік беретін, «саяси» ретінде қарастырады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басқа баптары бойынша оппозициялық саясаткерлерді немесе азаматтық белсенділерді, журналистерді және құқық қорғаушыларды қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайларда Сараптамалық кеңес,  билік сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында әділ және әділ соттың барлық стандарттарын сақтай отырып, олардың кінәсін ақылға қонымды күмән шегінен тыс дәлелдемейінше және оларды қудалау оппозициялық саяси, журналистік, адам құқықтарын қорғау немесе азаматтық белсенділікпен байланысты кез келген болжамдарды жоққа шығармайынша, олардың саяси тұтқындар мәртебесін қылмыстық қудалаудың саяси уәждемесі белгілерінің болуы контексінде қарастырады.

Сараптамалық кеңес:

Ғалым Ағелеуов

Лұқпан Ахмедияров

Зәуреш Батталова

Гүлмира Біржанова

Анара Ибраева

Евгений Жовтис

Ерлан Қалиев

Бақытжан Төреғожина

 

2023 жылғы 30 маусым, Алматы қ.

 

https://tirek.info/aza-stanny-sayasi-t-t-yndaryny-tizimin-ke-ejtu/

 

Поделись, чтобы люди узнали:
.