24 августа, г.Астана, заявление участниц и участников проекта «Движение Жігер» о представительстве женщин в Курултае: «Выборы в Курултай РК состоялись по пропорциональной системе с закрытыми партийными списками. Законодательство предусматривает 30-процентную совокупную норму представительства женщин. Однако её совокупный характер означает, что соблюдение установленного законом 30-процентного порога само по себе не гарантирует 30-процентного представительства женщин. «Фонд развития парламентаризма в Казахстане», призываем политические партии, которые будут представлены в Курултае, обеспечить, чтобы женщины составили не менее 30% депутатов, получивших мандаты от каждой партии».
Заявление участниц и участников проекта «Движение Жігер» о представительстве женщин в Курултае

«ЖІГЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ӨКІЛДІГІ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жабық партиялық тізімдер бойынша пропорционалды сайлау жүйесімен өтті. Сайлаушылар жекелеген кандидаттарға емес, саяси партияларға дауыс берді.
Жабық партиялық тізімдер жүйесінде азаматтар саяси партияларды қолдау деңгейін айқындады, алайда Құрылтайдың нақты депутаттық құрамын анықтаған жоқ. Партиялық тізімдердің ішінен депутаттық мандатты нақты кім алатыны туралы шешімді саяси партиялардың өздері қабылдайды. Сондықтан Құрылтайдың алғашқы құрамын қалыптастыру үшін саяси партияларға айрықша саяси жауапкершілік жүктеледі.
Заңнамада партиялық тізімдерді қалыптастыру кезінде де, саяси партия алған депутаттық мандаттарды бөлу кезінде де әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық өкілдігіне қатысты 30 пайыздық норма көзделген. Біз бұл норманы инклюзивті өкілдіктің маңызды кепілдігі ретінде қолдаймыз. Алайда оның жиынтық сипаты заңда белгіленген 30 пайыздық шектің сақталуы әйелдердің 30 пайыздық өкілдігіне өздігінен кепілдік бермейтінін білдіреді.
Біз, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры іске асыратын «ЖІГЕР қозғалысы» жобасының қатысушылары, Құрылтайда өкілдік ететін саяси партияларды әрбір партиядан сайланған депутаттардың кемінде 30 пайызы әйелдер болуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Құрылтайдағы әйелдер өкілдігі — тең саяси мүмкіндіктер мәселесі ғана емес. Бұл — өкілді демократияның сапасын айқындайтын мәселе. Әйелдер сайлаушылар ғана емес, елдің дамуын айқындайтын заңдар мен мемлекеттік шешімдерді қабылдауға толыққанды қатысушылар да болуға тиіс. Олардың қатысуы қоғамның әртүрлі топтарының мүдделерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік береді және қабылданатын шешімдердің сапасы мен теңгерімділігін арттырады.
Біз үшін 30% — жай сандық көрсеткіш емес, әйелдердің саяси өкілдігінің ең төменгі стандарты.
Саяси партиялардың осы кезеңдегі таңдауы олардың өздері мәлімдеген тең мүмкіндіктер мен әйелдер көшбасшылығын қолдау қағидаттарын нақты кадрлық шешімдермен растауға дайын не дайын еместігін көрсетеді.
«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры іске асыратын «ЖІГЕР қозғалысы» жобасына қатысушылар, 2026 жылғы 24 тамыз
* * *
ЗАЯВЛЕНИЕ УЧАСТНИЦ И УЧАСТНИКОВ ПРОЕКТА «ДВИЖЕНИЕ ЖІГЕР» О ПРЕДСТАВИТЕЛЬСТВЕ ЖЕНЩИН В КУРУЛТАЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Выборы в Курултай Республики Казахстан состоялись по пропорциональной системе с закрытыми партийными списками. Избиратели голосовали за политические партии, а не персонально за отдельных кандидатов.
При системе закрытых партийных списков граждане определили уровень поддержки политических партий, но не персональный состав Курултая. Решение о том, кто именно из партийных списков получит депутатский мандат, принимают сами политические партии. Это возлагает на них особую политическую ответственность за то, каким будет первый состав Курултая.
Законодательство предусматривает 30-процентную совокупную норму представительства женщин, молодёжи и лиц с инвалидностью как при формировании партийных списков, так и при распределении полученных политической партией депутатских мандатов. Мы поддерживаем эту норму как важную гарантию инклюзивного представительства. Однако её совокупный характер означает, что соблюдение установленного законом 30-процентного порога само по себе не гарантирует 30-процентного представительства женщин.
Мы, участницы и участники проекта «Движение ЖІГЕР», реализуемого Общественным фондом «Фонд развития парламентаризма в Казахстане», призываем политические партии, которые будут представлены в Курултае, обеспечить, чтобы женщины составили не менее 30% депутатов, получивших мандаты от каждой партии.
Представительство женщин в Курултае — это не только вопрос равных политических возможностей. Это вопрос качества представительной демократии. Женщины должны быть не только избирателями, но и полноправными участниками принятия законов и государственных решений, определяющих развитие страны. Их участие позволяет полнее отражать интересы общества и делает принимаемые решения более представительными.
Для нас 30% — не формальный количественный показатель, а минимальный стандарт политического представительства женщин. Именно выбор политических партий на этом этапе покажет, готовы ли они подтверждать заявленные принципы равных возможностей и поддержки женского лидерства реальными кадровыми решениями.
Участницы и участники проекта «Движение ЖІГЕР», реализуемого Общественным фондом «Фонд развития парламентаризма в Казахстане», 24 августа 2026 года
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »





Для отправки комментария необходимо войти на сайт.