ҚҰРЫЛТАЙ АЛДЫНДАҒЫ ҚЫСЫМ: СЕРІК ИДЫРЫШЕВТЫҢ СОТЫ 21 ТАМЫЗҒА ҚАЛДЫ
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауылында азаматтық белсенді Серік Идырышевтың ісі бойынша сот отырысы өтті. Алайда сот шешімі бүгін шыққан жоқ. Келесі сот отырысы 21 тамыз күні сағат 11:00-ге қалдырылды. Себебі – Серік Идырышев іс материалдарымен толық таныспаған. Учаскелік полиция қызметкері Серіктің іс материалдарымен танысқанын айтты. Алайда, Серікке іс материалдары берілмеген, ол ешқандай құжатпен таныспаған және іс бойынша материалдарды көрмеген. Яғни полиция қызметкері сотта шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат берген.
Сот Серікке 21 тамызға дейін іс материалдарымен танысуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар сот барысында бақылау камераларындағы бейнежазбаны алу мәселесі де көтерілді. Бастапқыда Серікке бейнежазбаны алуға мүмкіндік бар екені айтылған. Алайда біраз уақыт өткен соң оған бейнежазба да берілмейтіні хабарланған. 23 тамызда Ұлттық құрылтай өтеді. Оның алдында Қазақстанның әр өңірінде белсенділерге қатысты шақыртулар, ұстап әкетулер, полицияға жеткізу және түрлі формадағы қысым күшейіп отыр. Серік Идырышевтың ісі де осындай қысымның бір бөлігіне айналып отыр. Қазір қысымға ұшыраған азаматтарды жалғыз қалдырмау аса маңызды.
Жаппай ұстап әкетулер мен белсенділерді қудалауға байланысты қазір қаржылай көмек қажет. Ұсталған азаматтарға адвокаттық көмек көрсету, уақытша ұстау орындарына қажетті заттар мен азық-түлік жеткізу, сондай-ақ олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін қаражат керек.
ДАВЛЕНИЕ ПЕРЕД КУРУЛТАЕМ: СУД НАД СЕРИКОМ ИДЫРЫШЕВЫМ ОСТАЛСЯ НА 21 АВГУСТА
18 августа, Восточно-Казахстанской обл., село Глубокое состоялось судебное заседание по делу активиста Серика Идырышева. Однако решение суда не было вынесено сегодня. Судебное заседание было отложено до 11:00 часов 21 августа. С.Идырышев сообщил что не ознакомлен с материалами дела. Но участковый утверждает, что Серик ознакомился с материалами дела. Однако материалы дела не были предоставлены, он не ознакомился ни с какими документами и не видел материалов по делу. Сотрудник полиции предоставил в суде информацию, которая не соответствует действительности. Суд разрешил Серику до 21 августа ознакомиться с материалами дела. Также в ходе суда был поднят вопрос о снятии видеозаписи с камер наблюдения. Изначально было сказано, что у Серика есть возможность получить видеозапись. Однако через некоторое время ему сообщили, что видеозапись также не будет предоставлена. 23 августа состоится Национальное собрание. Перед ним в каждом регионе Казахстана усилились вызовы, задержания, доставка в полицию и давление в различных формах в отношении активистов. Дело Серика Идырышева тоже становится частью такого давления. Сейчас очень важно не оставлять угнетенных граждан одних. В связи с массовыми задержаниями и преследованием активистов сейчас нужна финансовая помощь. Задержанным нужны средства для оказания адвокатской помощи, доставки предметов первой необходимости и продуктов питания в места временного содержания, а также для поддержки их семей.
algakzt_rezerv





Обсуждение закрыто.