Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Омбудсмен Ластаевқа қатысты 99 лауазымды тұлғаның тізімін беруіңізді сұраймыз

Омбудсмен Артур Ластаев пен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылдың 18 желтоқсаны күні Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен депутаттар – ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері арасында кездесу өтті.
Артур Ластаев депутаттарға кепіл түріндегі экстрадициялық қамауға балама енгізу, теріс себептермен жұмыстан босатылған әскери қызметшілердің құқықтарын үздіксіз шектеуді болдырмау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық бастамаларды қолдағаны үшін алғыс айтты. «Сіздердің осындай маңызды бастамаларды қолдауларыңыз бізге бірлесе отырып, еліміздің құқықтық жүйесін айтарлықтай нығайтып, азаматтардың құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуде сенімділік береді», — деді Артур Ластаев. Сенаторлар Уәкіл кеңсесінің қызметімен де танысты. Мәселен, 2024 жылдың 11 айында Уәкіл мен оның өкілдеріне 6,2 мың өтініш түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға артық. Оларды қарау нәтижесінде 99 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 4 қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ биыл өкілдер жабық мекемелерге 770 рет бару ұйымдастырып, 1 мыңнан астам ұсыныс жасады, оның 79 пайызы орындалды. Барулардың қорытындысы бойынша 215 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Отырыс барысында Уәкілдің адам құқықтарын қорғау аясында алға қойған бастамалары айтылды. Оның ішінде әртүрлі санаттағы сотталғандар үшін көп бейінді колониялар салу, жеке психиатриялық диспансерлерге жаңа ғимараттар салу, ыстық нүктеден оралған азаматтардың құқықтық жағдайына қатысты мәселелерді шешу бар. Сонымен қатар, сенаторларға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндалды. Кемсітушілікке, азаптауға қарсы тұру, жабық мекемелерде медициналық көмек көрсету, оқшауланған орындардағы әйелдердің құқықтары мен гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және т.б. бойынша зерттеулер аяқталуда.
Сенат депутаттары өз кезегінде өңірлік өкілдіктердің жұмысын одан әрі жетілдіруге, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылды арттыруға мүдделілік танытты.
Кездесу соңында қатысушылар Қазақстандағы заңнаманы жетілдіру және адам құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мәселелерін одан әрі талқылауға дайын екендіктерін білдірді.
 
 
Возможно, это изображение 10 человек и текст
Возможно, это изображение 9 человек и текст
 
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Возможно, это изображение 4 человека
Возможно, это изображение 3 человека, отдел новостей и текст
Возможно, это изображение 4 человека и текст
 
Төрегожина Бақытжан
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.