Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Көп біріксе — ел болар, көп тілегі көл болар

Көп біріксе — ел болар, көп тілегі көл болар….

Міне, өйтіп-бүйтіп тізбектеп жинаған, анау сот пен мынау сотқа допша лақтырған, «қылмыстық істің» нағыз сот процесстері басталар күнге де келіп жетті. «Ұлт, ұлттық мүдде» деген Алматылықтар бұл жолы бұғып қалмаңыздар! Сіздерге тек ашық сот екенін айтқым келгені (сотқа қатысу заңсыздық емес). Осыдан басталады ұлт жолындағы ауызбіршілік. Бұл азаматтар сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж!
Бұл сот: 21 томмен тігілген, 7 айыптау куәсімен (стороны обвенение), 4 қорғалуға құқығы бар куәмен (свидетель имеющий право на защиту), 15 тен асқан куәлермен толықтырылды. Демек, сотты бастан аяқ қатысуға ниеттенген осы азаматтарды жауап алғанша залға кіргізбейді. Сонда залда ешкім болмай қалады. Сондықтан сен жат па, қатыс сотқа! Бұл жағдай кез-келгеннің басына түсері сөзсіз. Себебі қазіргі аxуал осыған жетелейді. Сол кезде бүгін сен қолдамасаң, ертең сені кім қолдайды, ағайын!

Әрбір азамат бір-біріне демеу болулары керек!

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты, Шарипов-Төле би көшелері қиылысы.
Сот өтетін уақыты: 01.10.2018 ж.күні сағат 15:00 де.
Судья: Арипов.К

Поделись, чтобы люди узнали:
.