1 -ақпан, HumanRightsWatch ұйымы Қазақстан билігін адам құқықтарының бұзылуы, оның ішінде негізсіз ұстау, қатыгез қарым-қатынас, азаптау, қамаудағы өлім және заңсыз кісі өлтіру сияқты барлық мәлімдемелер бойынша жедел, тәуелсіз және тиімді тергеу жүргізуге шақырды. Бұзушылыққа жол берген барлық кінәлілер жауапқа тартылуы керек. HRW сонымен қатар қаңтардағы наразылықтар мен толқулар кезінде ұсталған адамдардың жағдайын бақылай алатын құқық қорғаушылардың елге кіруін талап етті1.
1- ақпан, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық прокуратурасы мен ИЧ-167/11 мекемесінің маңында екі айға қамауға алынған күдіктілердің ата-аналары жиналды. Олар әділдікке сенбейтіндіктен, халыққа және ел президентіне ұлдарын қорғауға шақырады. Тұтқындалғандардың барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255, 380, 293, 202, 287, 188-баптары бойынша бірдей айып тағылып отыр 2.
1 –ақпан, Алматы қаласы, қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 9 адам бас бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасына ауыстырылды. Бұл туралы оқиға орнында болған белсенділер мен «Аманат» комиссиясының өкілдері хабарлады 3.
1 – ақпан, Шымкент қаласы, Айбек Сәбитов, ҚР ҚК-нің 405-бабы 2-бөлігі, полиция жазаны қатаңдату туралы талаппен сотқа жүгінді, оған пробациялық бақылау шарттарын бұзу негіз болды, 2022 жылы 4 қаңтарда ол билік рұқсат бермеген митингіге қатысып, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әл-Фараби аудандық соты азаматтық белсенді түрмеге жабу туралы шешім шығарды 4.
1- ақпан, Алматы облысы, Қарасай ауданында ішкі істер басқармасының тергеушісі сот шешімінсіз Алматыдағы қаңтардағы наразылық кезінде қаза тапқан Руслан Усабаев пен Вадим Коробердің мәйіттері эксгумацияланатынын хабарлады. Биліктің демонстранттарды өлім жазасына кесу және азаптау нәтижесінде өлтіру фактілерін жасыруға әрекеттенгені, кейіннен мәйіттерді белгіленбеген бейіттерге жерлеу фактілерін ескерсек, бұл жағдайда да биліктің кісі өлтіру фактісін жасырғысы келеді деуге негіз бар5.
1-ақпан, Жаңаөзен қаласы, мұғалімдер өз мектептерін сенімгерлік басқаруға ауыстыруға қарсылық білдіру акциясына шықты, осылайша мекемелер жекеменшікке айналатынын және олардың жұмыс жағдайларының нашарлайтынын мәлімдеді. Бұған дейін облыс әкімі Ноғаев Жаңаөзен қаласының он мектебін сенімгерлік басқаруға, Нұр-Сұлтан қаласында білім беру саласында жұмыс істейтін, кәсіпкерлер тобына беру жоспарланғанын айтқан болатын 6.
1- ақпан, Алматы қаласы, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың туыстары қалалық прокуратураға жиналып, бірқатар талаптар қойды. Кейбіреулер адамдарды ауруханаға жатқызуға немесе емделуге үйлеріне жіберуге шақырды, басқалары негізсіз қамауға алынғандарды босатуды және азаптауды тоқтатуды, ал үшіншілері әділ тергеуді және бейбіт тұрғындарға ауыр баптар қолданбауды талап етті 7 .
1- ақпан, Алматы қаласында тәртіп сақшыларының азаптау фактісі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалғанын, «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі заңгер Құспан Абзал хабарлады 8.
1 –ақпан, Алматы қаласы, қайғылы оқиғадан бір ай өткен соң Қазақстан билігі 2022 жылдың қаңтарында қаза тапқандардың тізімін ұсынбады. Құқық қорғаушылар есімдерді жариялау керек деп есептейді. «Либерти» қорының жетекшісі Ғ.Ағелеуов «билік тізімді жариялауға қорқады» деп санайды 9.
1- ақпан, Алматы қаласы, қамауға алынған Нұргелді Жұмабеков үйіне шығарылды. Ол 5 қаңтардағы наразылық акциясы кезінде қолына оқ тиіп, ауруханада ауыр халде болған. 20 қаңтарда оны, жағдайы жақсарғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына жеткізген. Белсенділер мен туыстары Нұргелдінің үйқамаққа шығуын қамтамасыз ете алды10.
1- ақпан, Қаңтар 2022 қаңтардағы наразылық акциясына қатысқаны үшін Теміртау, Құлсары және Ақсай қалаларында әкімшілік қамауға алынғандардың тізімі жарияланды11.
1-ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, елордаға келген Жаңаөзен тұрғындары мұнайлы моноқаладағы жұмыссыздыққа байланысты елордада пикетке шықты, олар өздерін мұнай саласында жұмыс жасаумен қамтамасыз етуге шақырады. Арнайы жасақ оларды «Ақорда» резиденциясына жібермеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне оларды шақырылды, оларды министрдің кеңесшісі тыңдады 12.
1- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, белсенді Айдар Сыздықовқа қатысты азаматтық іс бойынша шешімнің қарар бөлігін сот жариялады. Тергеу изоляторының қызметкерлері А.Нұрсейіт, Б.Асқарова, Р.В.Усембаеваға қатысты талап-арыздар қанағаттандырылды, ал қалған талапкерге қатысты соттың шешімімен заңды төлемді өтеу ретінде әрқайсысы 10 000 теңге өндіру туралы шешім шығарылды. Сараптама үш талапкерді балағаттау фактісін растады13.
1- ақпан, журналист әрі блогер Құспан Жеңіс Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданының тергеушісінен қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырту алды. Оған жалған видеоның әшкереленуі себеп болды. WhatsApp желісіндегі топтардың бірінде полицейлер жүріп, әнұран шырқап, «Шал кет!» деп айғайлап жатқан видеоны көргенде, ол дереу топқа: «Тиктокерлердің әзілі, дыбыс қосылып тұр! сенуге болмайды» деп жазды. Сондай-ақ, мұны ол, өзінің Facebook парақшасында да жариялады14.
1- ақпан, Алматы қаласы, Сәкен Тәліпов, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен 2022 жылғы қаңтардағы наразылық акцияларына қатысты деген күдікпен жұмыс орнында қамауға алынды. Полицейлер 17 жасар Сәкенді лаңкестік әрекет жасады деген айыппен өзіне қарсы жалған айғақ беруге мәжбүрлеп, қинаған, кәмелетке толмаған Сәкеннен жауап алу анасы мен адвокаттың қатысуынсыз өткен. Азаптаудан кейін жалған айғақтар беруден бас тартқаны үшін оған, 2022 жылдың 3 ақпанында тергеушімен ҚР ҚК 380-бабы бойынша қосымша айып тағылды 15.
1- ақпан, Алматы қаласы, сағат 15:00-де әкімшілік сотта Санавар Закированың және ДІІД жауапкер өкілінің қатысуымен сот отырысы өтті. 2020 жылы тергеу изоляторында отырған кезінде ҚР ІІМ ТЖКК-не апелляциялық шағым түсірген. Алайда өтініштер адресатқа жетпеген. Ол сотқа жауапкердің әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді16.
2- ақпан, Талдықорған қаласы, ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлімі, ұсталған Азамат Батырбаевтың әйелі, оны азаптау мен ұрып-соғуға ұшыратқаны туралы хабарлады. Әлеуметтік желілерде оның Назарбаев ескерткішін бұзуға қатысқаны жайлы жазып жатыр, Батырбаевтың әйелі күйеуінің бұл оқиғаға қатысуын жоққа шығаруда 17.
2 –ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, парламент Назарбаевты саяси реформаларға қатысудан шеттету туралы шешім қабылдады. Сенат «Тұңғыш Президент туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Парламент Мәжілісі Сенаттың Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясатқа ықпал ету құқығын жою туралы түзетулерді қабылдауын қарады18.
2- ақпан, Алматы қаласы, ҚР ҚК-нің 272-бабы 1-бөлігі, «Жабайы Арман» лақап атымен Арман Жұмагелдиев қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторынан түнде шығарылып, ҰҚКД ТИЗО – ға жеткізілді. Оның қаңтардағы наразылықтар кезінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деген күдікке ілінгені туралы, оған адвокаттары хабарлады. Сондай-ақ адвокаттар олардың қорғауындағы адамның өз-өзіне қол жұмсамайтынын және тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін хабарлады 19.
2-ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, елордада Талдыкөл көлін толтыру мен толықтыруға қарсылық білдірген баспасөз жиыны өтті. Олар су қоймасының толтырылған учаскелерін толтырғандардың есебінен бұрынғы шекарасына дейін қалпына келтіруді талап етеді, олар Президент Тоқаевтан әкім Көлгінов Алтайды қызметінен босатуды сұрап отыр 20.
2 -ақпан, Ақмола облысы, Бестөбе ауылы, эко белсенділер Николай Катчиев пен Александра Назаренко ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша әлеуметтік алауыздықты қоздыру және озбырлық жасады деп айыпталуда. Өткізілген сотқа дейінгі тергеудің қорытындысы бойынша: Катчиев экология үшін күресті «Бестөбе ауылындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында» жасаған, ал оның сөздері «Қазақалтын Technology» ЖШС жұмысы туралы жалған ақпарат тарату» болған, сондай-ақ, ол белсенді әрекетке баруға шақырған 21.
2-ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, кинотанушы Сұлухан Ерлан қаңтар оқиғасы кезіндегі «ескертусіз өлтіру үшін ату» бұйрығын «қылмыс» деп атап, Facebook әлеуметтік желісінде президент Тоқаевтан қаза тапқан әрбір адамның өлімі үшін жауап беруін талап еткен жазба жариялады. Бірнеше күннен кейін Сұлухан жұмыстан босатылды 22.
2- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның Мәжілісінде «халықтың ұрланған қаражатын елге қайтару» қажеттігін мәлімдеді. «Taxjusticenetwork» ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар шығарылды», – деді «Ақ жол» фракциясының депутаты Мақсат Раманқұлов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 23.
2- ақпан, Алматы қаласы, Өркен Ерзат, ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі, Ерзаттың денсаулық жағдайына байланысты бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы жазбаша ұйғарымға өзгертілді 24.
2- ақпан, 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы наразылық кезінде Арал, Балқаш, Мерке, Жетісай қалаларында әкімшілік қамауға алынғандардың тізімі 25.
2- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның Бас прокуратурасы 38 жастағы Батырбаев Азаматты «үтікпен азаптау» туралы ақпаратқа жауап берді. «Жауап алу кезінде ол, 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын салғанын көрсетті. Батырбаевтың осы мәлімдемесі негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады 26.
3 –ақпан, Атырау қаласы, оқиға куәгерлері газ бағасының көтерілуіне қарсы қаңтардағы наразылық кезінде алаңға жиналған шерушілерге қарсы қолданылған гранаталар мен басқа да арнайы заттарды предоставили берді 27.
3 –ақпан, Ұлыбритания парламентінде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған тыңдаулар өтті. Бастамашы және арнайы баяндамашы Ұлыбританиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жауапты салық комитетінің тең төрағасы Дэйм Маргарет Ходж болды. Ол Назарбаевтар отбасы мен оның айналасындағыларға қарсы санкция салуды ұсынды 28.
3 -ақпан, ЛА-155/18-ден жаралылар мен ұсталғандардан хат: «Барлығына адвокаттар, дәрі-дәрмек қажет, біздің туыстарымыз Алматыда жоқ. Осы хатты бізге таратуға көмек сұраймыз. Әлеуметтік желілерге, инстаграмға, телеграммға барлығына жіберіңіздер. БҰҰ, ЕО-ға хабарласыңыз. Бұл адамдардың тізімі, көмектесіңіз, барлығының ауыр жарақаты бар. Құқық қорғаушыларға жеткізіңіздер, бізді бекерден бекер/ незачто ұстады» 29.
3 – ақпан, Алматы, тағы 8 адам босатылды, Ғ. Керімбек, О.Ерзат, С.Рысбаев, Е. Таңқыш., Ш. Жақсылық, А. Ахметов, Жандос Қарсыбаев, Б. Тасжүреков. «Аманат» қоғамдық комиссиясының қолдауымен 50-ге жуық адам босатылды», – деп мәлімдеді осы комиссия 30.
3- ақпан, Жаңаөзен қаласы, жүздеген жұмыссыз қала тұрғындары Президент Қ.Тоқаевқа: «Мұнай-газ саласындағы жұмыссыз азаматтардың барлығын келешегі зор және тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеміз» деген бейнеүндеу жазды. Сонымен бірге олар жергілікті билікке сенімсіздік танытып, әділетсіздікке барды деп айыптады 31.
3- ақпан, Алматы қаласы, адвокаттар мен құқық қорғаушылар Қызылордада көп балалы 8 ананың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олардың кейбірі қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ Тараз қаласындағы тергеу изоляторында кәмелетке толмағандардың болуы туралы хабарланды. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның баспасөз орталығында өткен жиында айтылды 32.
3 – ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдейді: «Қазақстан ұсталғандарға пропорционалды емес күш қолдану, заңсыз ұстау, азаптау және қатыгездік көрсету жағдайларын айыптайды. Заңсыз ұстау және қатыгездік көрсету туралы кез келген ақпарат мұқият тексерілетін болады. Тергеу органдары келіп түскен барлық фактілерді тексеріп жатыр», – делінген министрліктің хабарламасында 33.
3- ақпан, Түркістан облысы, Сәбит Сыздықбек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабы 2-бөлігі, Отырар аудандық соты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Пробация қызметкері пробация шартын орындағанын, бірақ саяси жүйені өзгерту туралы парақшасында жариялау арқылы қоғамдық және саяси қызметке қатысуға 3 жылға тыйым салуды бұзғанын айтты 34.
3- ақпан, Алматы қаласы, Тимур Ким, ҚР ҚК 255-бабының 4-бөлігі, Тимурдың әйелінің бұқараның алдында сөз сөйлеуінің арқасында, қоғамдық қолдау мен жариялылықтың арқасында қамаудан тергеу уақытына босатылды. Т.Ким қамауда болғанда азаптау мен соққыға жығылған 35.
4- ақпан, Азаптауға қарсы коалицияға азаптаулар мен заңсыз қарым-қатынастың басқа да түрлері туралы 72 хабарлама түсті. Оның ішінде: Алматы қаласынан – 17; Талдықорған қаласынан– 15; Шымкент қаласынан – 4; ШҚО – 5; БҚО – 7; Ақтөбе қ. – 3; Атырау қ. – 5; Қарағанды қаласынан – 1; Қостанай қ.– 2; Павлодар облысы – 2, Тараздан – 5, Қызылордадан – 6. Өтініштердің жалпы санының 9-ы әйелдер, 63-і ер адамдар, оның 10-ы кәмелетке толмағандар 36.
4 –ақпан, Коалицияның мәліметінше, Талдықорғандағы тергеу изоляторында кәмелетке толмаған 12 жасөспірім ұсталды. Алматы қаласы бойынша ЛА-155/18 мекемесінде 3 қамауға алу жағдайы тіркелді. Олар азапталып, ұрып-соққыға жығылған. Кәмелетке толмаған 6 бала бойынша қылмыстық іс басталады. Кәмелетке толмағандарға қатысты істер кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі психологтар мен педагогтардың қатысуынсыз жүргізіліп жатқаны хабарланды. Олардың денсаулығына қатысты шағымдары немесе көмек сұраған өтініштері елеусіз қалған 37.
4- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Прокуратура органдарына «тексерудің рұқсат етілмеген әдістерін» қолдану туралы 148 арыз түсті. 105-і бойынша қылмыстық іс қозғалған. Негізінен арыз-шағымдар «қызметтік және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бойынша болды», – деді брифингте Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов Елдос 38.
4- ақпан, Қызылорда қаласы, полицейлер облыс әкіміне жергілікті мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаты Аида Әбибуллаеваға қатысты шара қолдануды сұрап арызданған. Үндеуге Facebook желісінде жыл басында наразылық білдірген жаңаөзендіктердің талаптарын қолдайтын жазбалар себеп болған. Полиция бұл басылымдарды «арандатушы және әдепсіз» деп сипаттады. Депутат сотқа жүгінбекші39.
4- ақпан, Шымкент қаласы, Мұрат Жолшиев қаңтар оқиғасы салдарынан 73 адам оқ жарақатымен ауруханаларға жеткізілгенін, олардың 49-ы стационарда, тағы 24-і амбулаторлық ем алғанын, тек тергеу органдарына берілгенін айтты 40.
4- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, журналист Айнұр Қоскинаның экс-депутат Тілеухан Бекболатқа қарсы арызы бойынша сот отырысы аяқталды. Сот экс-депутат Тілеухан Бекболатты журналистке күш қолданғаны үшін кінәлі емес деп шешті 41.
4 – ақпан, https://taplink.cc/qantar_2022 өлгендердің тізімін жинауды жалғастыруда. 173 тегі, ресми нұсқа бойынша 227 адам жиналды. Деректерді жинау – үлкен қиындықпен жүріп жатыр 42.
4- ақпан, Өскемен қаласы, мәслихат депутаты Сергей Коротин бастаған бір топ адам белсенді Роман Честныхтың кеңсесіне қала әкімін қолдап қарсы петициямен келді, өйткені 3- ақпанда Р.Честных әкім Жақсылық Омарды отставкаға жіберу туралы онлайн петиция бастады. Бір тәулікке жетер-жетпес уақытта Роман Честныхтың петициясына 1,3 мың адам қол қойды 43.
4- ақпан, Өскемен қаласы, Райгүл Садырбаева, ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігімен тергеу изоляторында отырған кезде құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан оған азаптау, қорлау, зорлық жасауға қорқыту және қорлау көрсетілгені туралы Бас прокурордың атына арызданған 44.
5- ақпан, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы алаңға кемінде жүзге жуық адам жиналып, әкім Е.Досаевтың отставкаға кетуін талап етті. Полиция шеруді бүйірден бақылап, оқиғаның барысына араласпады 45.
5- ақпан, Қазақстанның Азаптауға қарсы коалициясы «Қанды қаңтар» оқиғасы бойынша істерді тергеу барысында объективті тергеу жүргізу қажеттігін, бірақ жалған айып тағып, тұтқындар мен қамауға алынғандарды азаптау мен қатыгездік көрсетуге мүлдем жол берілмейтінін мәлімдеді 46.
5- ақпан, Жаңаөзен қаласы, қала тұрғындары мұнай саласында тұрақты жұмысты талап етіп, қала әкімдігіне тағы да жиналды. Наразылық акциясына қатысушылар қалада жасалған аутсорсингтік компанияларға жұмысқа қабылдап, кейіннен «Өзенмұнайгаздағы» қызметке ауысу схемасы іс жүзінде жұмыс істемейтінін, жылдар бойы бос жұмыс орындарын күтіп жүргендерін айтады 47.
5- ақпан, Батыс баспасөзі Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуына қатысты «әлсіз» реакцияны атап өтті. «Құқық қорғау топтары мен белсенділер өлтіру тәртібінен көп бұрын құрылған террор билігін құжаттауда. Жиналған бейнежазбалар мен айғақтар, сондай-ақ Нью-Йорк Таймстың наразылық білдірушілер мен олардың отбасыларымен сұхбаттары рақымсыз қатыгездік пен қорқытуды көрсетеді 48.
5- ақпан, құқық қорғаушы Төреғожинаның 2022 жылғы 5-7 қаңтардағы наразылық акциялары кезінде қаза болғандардың саны мен аты-жөні туралы хабарламасына Бас прокуратураның берген жауабы: «Сіздің 31.01.2022ж. өтініміңізге, 15 қаңтарда 225 азаматтың қаза болғаны туралы хабарлаймыз. Қайтыс болғандар туралы өзге мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, қазіргі уақытта жариялық етуге жатпайды» 49.
5-ақпан, Талдықорған қаласы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары үтікпен азапталған А.Батырбаевқа ауруханаға барған кезінде: «Істеген ісіне ол өкіне ме?» деген сұрақ қойды. Ұсталғанның адвокаты мұны заңсыз және клиентке қысым көрсету әрекеті деп санайды 50.
6- ақпан, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша сотталған, Украинадан Қазақстанға саяси эмиграциядан 6 жылдан кейін оралған Ермек Нарымбаев әуежайда паспорттық бақылаудан өтіп жатқан жерінде ұсталды. 2016 жылы пробациялық режимді бұзғаны үшін Заречный ауылы, ЛА-155/18 мекемесіне жіберілді 51.
7 –ақпан, Алматы қаласы, лаңкестікпен күрес жөніндегі штаб қаладағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады. Алматыдағы лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі 7 ақпан күні сағат 00:00-де жойылды 52.
7- ақпан, Эшли Рейди (HRW) қаңтардағы оқиғаға құқықтық баға берді: «Шындығында, сол сәтте шерушілерді жарақат алудан қорғау және өмір сүру құқығын қамтамасыз ету басты мақсат болуы керек еді. Бұл басты мақсат болуы керек еді, сондықтан ескертусіз өлтіру үшін ату бұйрығы наразылық акциялары кезінде күш қолдану мен тәртіпті сақтаудың барлық халықаралық стандарттарын бұзу болып табылады» 53.
7-ақпан, Жаңаөзен қаласы, наразылық акциясына қатысушылар әкімдік алдына тағы жиналды, олардың айтуынша, жұмысқа тұруға мұқтаж адамдардың тізімінде 2500 адам бар. Әкім олармен бас қосып комиссия құруды ұсынды. Наразылық білдірушілер келіспеді, себебі бәрінің соңы непотизммен және қандастықпен аяқталады деп санайды 54.
7-ақпан, қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин «Қанды қаңтар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді, өйткені оның пікірінше, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған комиссиялар биліктің бақылауында. Жұмыс «ешкімнің саяси мүддесінен шықпайды» деп жарияланды 55.
7- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Арнайы прокурорлар тергеу изоляторларынан 76 күдіктіні босатты: Алматыда – 66, Талдықорғанда – 6, Қызылордада – 3, Шығыс Қазақстан облысында – 1. Қамау ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, үйқамаққа және жеке кепілдікке ауыстырылды. Бостандыққа шыққандардың арасында 2 әйел мен 9 кәмелетке толмаған жасөспірім бар», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Ожаров Ризабек 56.
7 -ақпан, Алматы облысы, Талғар қаласы, Байтелова Жанар, журналисті және жергілікті белсендіні қаланың экологиялық және коммуналдық мәселелерін үнемі көтеріп жүргендіктен қала әкімі қорқытып, қаладан аластатуға тырысуда 57.
7 –ақпан, Алматы қаласы, «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы Алматы әкімдігіне шағым түсірген сот отырысы өтті. Белсенділер ведомство Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің айналасына күзет аймағын орнатпай, әрекетсіз отыр деп санайды 58.
7- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, 80 жастағы Ибрагим Қозыбаев Ақмола атауын елордаға қайтаруды талап етумен, парламентке пикетке шықты. Оның әрекетін мүмкіндігінше көп адам көруі үшін, ол пикетте бірнеше сағат тұруды жоспарлаған. Алайда, президент резиденциясының маңайындағы жолдарды күзететін қызметкерлер пикет алаңына жеткенде, ол плакатты жинап, кетуге мәжбүр болды 59.
7- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, сот 2016 жылдың қарашасынан осы жылдың қаңтарына дейін қызмет атқарған, ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алуға санкция берді 60.
7- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, президент Қ.Тоқаев Тұңғыш Президент Н.Назарбаевты Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халықтары Ассамблеясын өмір бойына басқару мүмкіндігінен айыратын түзетулерге қол қойды 61.
7- ақпан, заңгер Бауыржан Азанов онлайн баспасөз мәслихатында, қорғауындағы А.Батырбаевқа билік қысым көрсетіп жатқанын айтты, ол Талдықорған қаласында Назарбаев ескерткішін құлатқаннан кейін ұсталған болатын. Адвокатты хабардар етпестен депутаттардың Батырбаевқа келгені туралы хабарлардан кейін, осы мәлімдеме жасалды 62.
7-ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Бас прокуратурасы брифингте қаңтар оқиғасы кезінде «бейбіт митингтерде әртүрлі күштер қолданылғанын» және «кейбір құқық қорғау органдарының жетекшілері арнайы жасақтардың әрекетіне қасақана тосқауыл қойғанын» мәлімдеді 63.
7- ақпан, Қарағанды, Атасу ауылының белсендісі Ғалы Бақтыбаевты тапсырыспен өлтіруге қатысты сот отырысы қайта басталды. Іс ашық сотта қаралып жатыр. Судья БАҚ өкілдеріне онлайн қатысуға рұқсат беріп, процесті жариялауға тыйым салды. Ол сондай-ақ журналистерге аудиожазбаға тыйым салмақшы болды, бірақ кейін рұқсат берді 64.
7- ақпан, қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін бір ай өтті, ресми мәліметтер бойынша 227 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жарақат алды. Ақорда елге «шетелде дайындалған лаңкестер» шабуыл жасағанын айтып, «ескертусіз атуға» пәрмен беріп, ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар билікті «шамадан тыс күш қолданды» деп сынап, адам өліміне әкеп соққан оқиғаларды ашық әрі тәуелсіз тергеуге шақырды 65.
7-ақпан, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «6 қаңтарда Алматыда қауіпсіздік күштері бейбіт тұрғындарға оқ атқан жоқ» деп мәлімдеді. Мемлекеттік хатшының бұл сөздері қаза тапқандардың туыстарының, олардың жақындарын әскерилер оққа ұшырды деген мәлімдерімен жанаспайды 66.
7- ақпан. Өскемен қаласы, ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы 2-бөлігімен сотталған белсенді Руслан Нұрқановты ОВ-156/1 мекемесін ОВ-156/3 мекемесіне ауыстырған кезде өткір лезвие арнайы тастап қойған, кейін Русланды 3 тәулікке тәртіптік камераға отырғызуға ауыстырған. Бұл арандатушылық Нұрқановты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту үшін әдейі жасалған 67.
8- ақпан, www.qantar2022.org сайты іске қосылды, мұнда кез келген адам қаңтар оқиғасы құрбандарының жаңартылған тізімін көре алады: хабар-ошарсыз кеткендер, ұсталғандар, жараланғандар және қаза тапқандардың ағымдағы тізімімен таныса алады, сондай-ақ оқиғалардың егжей-тегжейлері мен тізімдегі жаңартуларды біле алады.Сондай-ақ сайтта сіз сауалнаманы толтырып, зардап шеккендер туралы ақпаратты толықтыра аласыз 68.
8 –ақпан, Шымкент қаласы, қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандардың туыстары қалалық прокуратура ғимаратына тағы келді. Прокурорлар өткен аптада туыстарының лаңкестікке негізсіз күдікке ілінген адамдарды босатуды талап еткен сұрақтарына жауап беретіндерін айтқан болатын. Азаттық тілшісін қамауға алынғандардың туыстарымен кездесуге прокуратураға кіргізбеді 69.
8- ақпан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Б.Төреғожина жасаған, 2 айға қамауға алынған азаматтық белсенділердің тізімі 70.
8 –ақпан, QANTAR2022 оқиғасы бойынша Арыс, Арқалық, Қандыағаш, Жаңақорған, Аягөз, Хромтау, Сарыағаш, Ерейментау қалаларынан әкімшілік қамауға алынғандардың тізімі71.
8 -ақпан, Жаңаөзен, KMG-Security күзетшілерінің ереуілі кешкі уақытта басталды, олар өздері тіккен киіз үйде түнеді. «ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны «KMG-Security» күзет компаниясының қызметкерлері жұмысын тоқтатты. Олар жалақыны көбейтіп, делдалсыз «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қосуды талап етеді 72.
8- ақпан, Ақмола облысы, Бестөбе ауылы, Николай Катчиев, Александра Назаренко, ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша сот отырысы іс бойынша негізгі куәгерлерден жауап алудан басталды 73.
8 -ақпан, Алматы қаласы, Алматыдағы Қытай консулдығы ғимаратының маңында Шыңжаңда із-түссіз жоғалып кеткен немесе күштеп қамауға алынған адамдардың туыстарының белгісіздік акциясы кезінде ұстаулар орын алды. Ақытхан Халида, Ақиқат Халиолла, Өмірәлі Гүлбаран, Ермекбаева Нұрзат кәмелетке толмаған баласымен бірге ұсталды 74.
8- ақпан, Жаңаөзен қаласы, жұмыссыз қала тұрғындары 7-ші күн бойы наразылық акциясын жалғастыруда. Таңертең оларға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «ҚазМұнайГаз», «Өзенмұнайгаз» компанияларының өкілдері келді. Шерушілер ешбір комиссиямен келісімге келу ниеті жоқтығын айтып, тек жұмысқа орналастыруды талап ететіндерін жеткізді 75.
8- ақпан, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) 21 депутаты Қазақстан үкіметінің интернет пен телекоммуникацияны жабуды, белсенділерді қудалау мен азаптауды ақтау үшін тәртіпсіздіктерге жауапты 20 мыңға жуық белгісіз лаңкестер туралы жалған ақпарат тарату науқанын айыптады. Сондай-ақ наразылық білдірушілерге қарсы күреске көмектесу үшін ҰҚШҰ әскерлерін Қазақстанға кіргізу қолайсыз және оны халықаралық деңгейде тексеру қажет 76.
8- ақпан, Алматы қаласының әкімшілік сотында талапкер Санавар Закироваға қатысты сот шешімі жарияланды. Сот талап арызды негізсіз деп тапты. Тіркеу журналында көрсетілген мерзімдерде тіркелген өтініштер жоқ, кейіннен жіберуге берілген шағымның деректері журналда көрсетілуі тиіс, ол сотпен анықталмаған. Сот жазасын өтеп жатқандардың қатарындағы куәгердің берген жауаптарына сыни көзқараспен қарайды. Осыған байланысты Закированың талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды 77.
9 –ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Парламент Мәжілісінде: «Прокуратураға «тексерудің рұқсат етілмеген әдістерін» қолдану туралы 250 арыз түсті. Түскен арыздардың 133-і бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Бұл істер прокуратураның қатаң бақылауында, әрбір іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды», – деді Бас прокуратураның өкілі 78.
9- ақпан, Ақтөбе облысы, Мөңке би ауылы, 7 қаңтарда Ақтөбе қаласында қаза тауып, кейін «террорист» деп жарияланған Русланбек Жұбаназаровты жерледі. Мәйітті туыстарына 8 ақпанда берді. Бұған дейін полицейлер «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңға сілтеме жасай отырып, мәйітті жерлеуге берілмейтінін және жерленген жердің жарияланбайтынын айтқан болатын 79.
9- ақпан, Жаңаөзен қаласы, «Бұрғылау» мұнай-сервистік компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жұмыс берушіге оннан астам талап қойды, соның ішінде. артық жұмыс уақытына ақы төлеу және еңбек жағдайларын жақсарту. Бұрғылау жұмыстары толығымен тоқтатылды, жұмысшылар ереуілдеп жатқан автовокзалға 400-500-дей адам жиналды 80.
9- ақпан, Ақтау қаласы, кешкі сағат 22.00 шамасында көп балалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер облыс әкімдігінің ғимаратына келіп, жолды жауып, әкімнің алдыға шығуын талап еткен. Шерушілер жалдамалы үйлерді жекешелендіруді талап етті 81.
9- ақпан, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Orda.kz редакциясының сауалына жауап берді. Вице-министр С.Камалетдиновтың айтуынша, әскерилер бейбіт тұрғындарға қарсы қару қолданбаған. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындау үшін Алматы гарнизоны Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының аға курсанттары жұмылдырылды», – делінген ведомствоның ресми жауабында. Сондай-ақ тапсырмаларды орындауға жұмылдырылған әскери қызметкерлердің нақты саны аталмады 82.
9- ақпан, Алматы қаласы, Болат Әбілов, 13 ақпан күні сағат 12.00-де Республика алаңында өтетін Алматыда қаңтардағы қайғылы оқиғада қаза тапқандарды еске алу митингке барша қамқор азаматтарды шақырды 83.
9-ақпан, «Қазақстан билігін қаңтар оқиғасы кезіндегі адам құқықтарының бұзылуын тергеу бойынша ішкі күш-жігерге халықаралық сарапшылардың қатысуын қамтамасыз етуге. Оның нәтижелері сенімді деп қабылданатынына көз жеткізу үшін» Human Rights Watch (HRW) тағы да шақырды 84.
9 – ақпан, Алматы қаласы, адвокат Жанара Балғабаева ЛА-155/18 тергеу мекемесінде қорғауындағы Е.Нарымбаевпен кездесті. «Сот шешімі бойынша ол 2 жыл 5 ай мерзімін өтеуі қажет. Біз бұл шешімнің күшін жоюға күш саламыз. Шекараны заңсыз кесіп өту фактілері бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде. Іс қозғалса, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылуы керек еді. Егер ол басталмаса, ол рақымшылыққа түседі», – деп айтты адвокат 85.
9 – ақпан, Талдықорған қаласы, азаптаудан зардап шеккен 4 адам криминалдық полиция қызметкері Кенжебаевты таныды, осыдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері оны ұстады. Кешке полиция өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ғимаратына жиналып, жаппай жұмыстан шығамыз деп қорқытты. Кейін Кенжебаев босатылды 86.
10- ақпан, Ақтөбе қаласы, жүзден астам бақылаушы «ҚазТрансГаз» газ операторына биллингтік қызметтер көрсететін QazServiceGroup компаниясының кеңсесіне барып, 60 280 теңгені құрайтын жалақыға наразылығын білдіріп, оны 100% – ға ұлғайтуды талап етті. «Бір бақылаушы 1500 абонентпен жұмыс жасайды, біз қаңтар айындағы түбіртектерді таратпаймыз, біздің талаптарымыз орындалғанға дейін тұтыну құралдарын пломбалауды және тексерулерді жүргізбейміз», – деді жұмысшы Райхан Ғабдолова 87.
10- ақпан, Алматы қаласы, Өзбекстанның 17 жастағы азаматы Сәкен Тәліпов қамауға алынды. Қаңтар оқиғаларынан кейін оған 2 қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстан Қазақстанға наразылық нотасын жіберді 88.
10- ақпан, Президент Қ.Тоқаевтың аузынан Ресей көшбасшысымен кездесуде: «Шынында да, бұл, ең алдымен, конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру және, әрине, мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында Қазақстанға шабуыл жасаған халықаралық террористердің мұқият дайындалған операциясы болды», – деп тағы да айтылды 89.
10 – ақпан, Тараз қаласы, Бағдат Бақтыбаев, ҚР ҚК 405-бабы 1/2-бөлігі бойынша сотталған, ЖДУ-158/2 мекемесінде оның құқықтарының бұзылуына наразылық ретінде көктамырларын кесіп тастаған 90.
10- ақпан, Алматы қаласы, Заңғар есімді азамат азаптаудың құрбаны Саят Әділбекұлына белгісіз нөмірден қоңырау шалып, полицияға шақыру қағазынсыз келуді және Саяттың атылғаны, ауруханадан ұрланғаны, азапталғаны, саяси іс бойынша қудаланғаны, азаптаулар туралы шағым бергені туралы жарияланымы неге Мұхтар Әблязовтың парақшасында болғанын түсіндіруді талап етті 91.
10 – ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, азаматтық белсенділер Бас прокуратура өкілі Р .Ожаровтың негізсіз мәлімдемесіне наразылық білдірді, ол 7 ақпанда «ҚДТ» және «Көше Партиясы» мүшелері жаппай тәртіпсіздіктерді қоздырды және 2022 жылдың қаңтар айының басында оларға қатысты деп мәлімдеген болатын 92.
10- ақпан, Шымкент қаласы, «Аманат» комиссиясының күшімен қаңтар айындағы наразылықтар кезінде ұсталған тағы 4 адам: М.Б. Әбдірасылов, С. С. Әжібаев, Қ.С. Әсетбек, Н. Н. Әсетбек тергеу изоляторынан бостандыққа шықты 93.
10- ақпан, Шымкент қаласы, Прокурордың орынбасары Н.Сейдалиев ұсталғандардың туыстарымен кездесуде: «87 қылмыстық іс қозғалды, 76 адам қамауда отыр. Ұсталғандардың арасында мүгедектігі бар және кәмелетке толмағандар бар. Кем дегенде 19 адам қайтыс болды, қайтыс болған бір адамның жеке басы әлі анықталған жоқ. Прокуратура органдарына ұсталғандарды азаптауға қатысты 20 шағым келіп түсті, олардың 15 – і бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады 94.
10- ақпан, Жаңаөзен қаласы, наразылық білдірген тұрғындар Маңғыстау облысы әкімдігі құрған комиссияға сенімсіздік білдірді. Олар Мемлекеттік хатшы Е.Қарин мен «Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы А. Айдарбаевтың оларға келуін және олардың шарттарын тыңдауын талап етті 95.
11- ақпан, Маңғыстау облысы, тағы 3 компанияның қызметкерлері Қазақстан Президентіне бейнеөтініш жазып, онда еңбек жағдайлары нашар деп шағымданған және жалақысын көтеруді талап еткен. Наразылыққа теміржол, коммуналдық қызмет қызметкерлері мен мұнайшылар шықты 96.
11- ақпан, Бішкек қаласы, джаз музыканты Викрам Рузахунов оған Қырғызстанға оралуға көмектескендердің барлығына алғысын білдірді: «Қазақстанның құқық қорғау органдарының ешқайсысы оған ешқашан сенбеді, бірақ жауап алу мен азаптауда ол әйгілі музыкантпын деп айқайлады. Бостандыққа шығу үшін өзін қаралауға мәжбүр болды. Оның барлық ресми мәлімдемелері «Қазақстанда әлі де қамауда жүргендердің барлығы үшін жасалды және оның әрбір сөзі оларға әсер етуі мүмкін еді» 97.
11- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «SOS.Taldykol» Кіші Талдыкөл көлін қорғауға митинг өткізу туралы өзінің хабарламасына кезекті бас тарту алды. Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың жауабында 2022 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша Астана эпидемиологиялық ахуалға байланысты «қызыл» аймақта орналасқандығы айтылған, сондықтан оларға митинг өткізуден бас тартқан 98.
11-ақпан, құқық қорғаушы Б. Төреғожина ҰҚК-ге сұрақ қойды: « Әбілязовпен және «ҚДТ» мен «Көше партиясы» -дағы оның жақтастарымен күрес жөніндегі департамент бар ма? Бұл департаменттің барлық облыстарда бағыныштылары бар және ондаған және жүздеген адамдарды іздейді және жауап алуға шақырумен, бүкіл ел бойынша жұмыс істейді. Бұл бөлімде қанша адам жұмыс істейді? Жыл сайынғы бюджеті қандай?» 99.
11- ақпан, Өскемен қаласы, қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты ұсталғандардың туыстары облыстық прокуратураға барды. Келген аналар мен әйелдер туыстарының істерінде қозғалыстың жоқтығына алаңдаушылық білдіріп, ұсталғандардың құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдеді. Олар бір ай өтсе де, ешқандай жаңалық жоқтығына наразы 100.
11- ақпан, «Аманат» комиссиясының басшысы, адвокат А.Құспан «Азаттық» радиосының сауалына жауап бере отырып, билікпен уағдаластықтардың бар екенін жоққа шығарды. Құспан комиссияны «өз бастамасымен» құрғанын және оның айтуынша, «билік тек прокурорлармен кездесуге, құжаттармен танысуға және түрмелерге баруға рұқсат берген. Оның шығындарын жеке демеушілер өтейді» 101.
11- ақпан, Орал қаласы, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша сотталған Бекболат Өтебаевқа сот, «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының алдындағы бір реттік акциядан кейін, тағы 107205 теңге айыппұл салды, Өтебаев өзіне тағылған айыптармен келіспейді, ол өзінің пікірін көпшілік алдында білдіру конституциялық құқығын пайдаланғанын ғана мәлімдейді102.
11- ақпан, Шымкент қаласы, белсендісі Мақсат Дүйсебаев 19 ақпанда Наурыз алаңында ұсталғандарды босату және саяси көзқарасын білдіргені үшін қудалауды тоқтату талаптарымен акция өткізу туралы әкімдікке «хабарлама» жіберді. 15 ақпанда әкімдік ұсынылған ақпараттың толық болмауына, атап айтқанда «бейбіт жиналыстар өткізу регламентінің» болмауына байланысты бас тартты 103.
11- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, прокуратура органдарына ұсталғандардан 305 шағым келіп түсті, оның ішінде 62 шағым «тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне» расталмады, 170 факт бойынша «азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша қылмыстық істер қозғалды». Арнайы прокурорлардың қолында «жаппай тәртіпсіздік және терроризм актілері бойынша» 177 іс бар, 779 адам қамауда отыр. «Жеке басын, денсаулығын және басқа да материалдарды зерттегеннен кейін 109 азаматқа қамауға алу ешқайда кетпеу туралы қолхат пен жеке кепілдікке ауыстырылды. 103 адам олардың тәртіпсіздіктерге қатысуының дәлелденбегендігін ескере отырып босатылды», – деді Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында 104.
12 –ақпан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Б. Төреғожинаға 13.01.2022 жылға жоспарланған аза тұту митингінен бір күн бұрын прокуратура қызметкерлері келді. Олар «заңсыз митингке қатысуға шақырғаны үшін» жауапкершілік туралы ескертуді қамтитын жазбаша «түсіндірмені» табыс етті 105.
12- ақпан, Алматы қаласы, саясаттанушы Досым Сатпаев: «Қазақстан билігіне жаппай тазарту және люстрация қажет. Саакашвили жасаған сияқты, оны бүкіл сот жүйесінен бастау керек. Күш құрылымдары азаматтарды қорғау үшін емес, билікті азаматтардан қорғау үшін, ішкі соғыс құралы ретінде құрылған. Көптеген мемлекеттік органдардағыдай, құқық қорғау органдарында да кездейсоқ адамдар көп, олар кәсібилік емес, адалдық қағидаты бойынша жұмысқа қабылданған» 106.
12- ақпан, қаңтар оқиғалары үшін Ақылжан Қыйсымбаевтың құқығы бұзылды. ЛА-155/18 мекемесінен босатылғаннан кейін, ол өзінің оқ жарақатымен мемлекеттік медициналық мекемелерден көмек сұраған, бірақ оған онда ем көрсетуден бас тартуда. Сонымен қатар, дәрігерлер ауруханадан шығу парағына әдейі жалған ақпараттар енгізген 107.
13- ақпан, Алматы қаласы, қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алуға арналған аза тұту митингі өтті. Республика алаңына 800-ге жуық адам қаза тапқандардың фотосуреттерімен, гүлдермен және транспаранттармен шықты. Митингке қатысушылар «ескертусіз ату» бұйрығын берген Президент Қ.Тоқаевты адамдардың өліміне кінәлайды және импичмент жариялауды талап етті. Наразылық білдірушілер қаңтар оқиғаларына байланысты қамауда отырғандардың барлығын босатуды талап етті, акцияның кейбір қатысушылары олардың туыстарын өз -өздерін қаралауға силовики азаптап жатқанын айтты 108.
13- ақпан, Семей қаласы, заңсыз ұсталғандардың туыстары өз туыстарын босатуды талап етіп, бейбіт наразылыққа шықты. Оларға әкімнің орынбасары А .Сыдарбаев шығып, жиналуға тыйым салынғанын айтты109.
13- ақпан, Көкшетау қаласы, Марат Жанұзақов қаңтар айындағы оқиғалар құрбандарын еске алу, белсенділерді қудалауды тоқтату, ұсталғандарды босату, азаптауды және ұрып-соғуды тоқтату және қаза тапқандардың тізімін жариялау тақырыбына арналған жалпыұлттық митинг күні ұсталды. Ол жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізіліп, кейін босатылды 110 .
13- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Саркетпек Мұстафин, полицейлер оны ұстап, Мичурин кентіндегі № 1 полиция бөлімшесіне апарды, сағат 18:30-ға дейін ұстады 111.
13- ақпан, Орал, Ескендірова Мәруа, Хасанов Василий және Оразбаев Амангелді ұсталды, олар қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алуға арналған іс-шараға баруға жиналған еді. Полиция бөлімінде бірнеше сағат өткізгеннен кейін олар куәлік беруден және құжаттарға қол қойудан бас тартты, кейінірек үйге босатты 112.
13- ақпан, Нұрсұлтан қаласы, танымал марафоншы және белсенді Марат Жыланбаев қаңтардың оқиғаларының құрбандарына арналған митинг өткізу орнына бара жатқанда ұсталды. Ол елорданың Сарыарқа ауданына жеткізілді, онда профильде және анфаста суретке түсірілді, үш сағаттан кейін босатылды 113.
13- ақпан, Шымкент қаласы, қаңтар айындағы оқиғаларда қаза тапқандарды еске алу акциясы күні кемінде 10 белсенді адам ұсталудан қорқып, көшеге шыға алмағандарын хабарлады. Кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабайды полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратының жанында ұстап, сөз сөйлеу кезінде бөлімшеге алып кетті 114.
13 – ақпан, Ақтөбе қаласы, белсенділер қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алды. Олар жиналып, «Нұрдәулет» мешітінде құран оқылды. Белсенділердің кейбіреулері үйлерінен шыға алмады 115.
13- ақпан, Жаңаөзен қаласы, Жадыра Досекеева қаңтар оқиғаларында қаза тапқандарды еске алу күні үйден шыққан кезде ұсталды. Таңертең ол Facebook-тегі парақшасында соңғы екі күнде белгісіз адамдар оны көліктен бақылап отырғанын хабарлады. Ол Facebook ‘ e-де тікелей эфирді қосты, видеода белсендіге жақын жерге тоқтаған автомобильден штаттағы бірнеше адам шығып, оны ұстап алып, ішке отырғызды. Екі сағаттан кейін ол босатылды 116.
13-ақпан, Жаңаөзен қаласы, он шақты тұрғын алаңға емес, полиция басқармасының ғимаратына белсенді – Досекеева Жадыраның ұсталғаны туралы білгеннен кейін барды және оны босатуды талап етті. Сол жерде олар акция өткізді, қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алып, қайтыс болған адамдарға дұға оқыды 117.
13- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Хәзірет Сұлтан» мешітіне келіп, еске алу намазына қатысты. Қ .Тоқаев өз сөзінде билік «террористер» деп атайтындардың қаңтар оқиғаларына қатысуы туралы тезисті қайталады 118.
13- ақпан, Алматы қаласы, Назарбаевқа қатысты үш басты талап: «Назарбаевтың байлығын халыққа қайтару, Фурманов атындағы, қазіргі Назарбаев даңғылын Кантар деп өзгерту және Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою», – деді Б .Әбілов қаралы митингте 119.
13- ақпан, Щучинск қаласы, Владимир Прокопьев, Instagram парақшасына видео жүктеді, ол «Тоқаевқа және Коға» сыйлық деп жазылған темірді Президентке беру үшін қала әкімдігінің ғимаратына қалай кіруге тырысқаны көрсетілген. Сол күні кешке оны ҰҚК қызметкерлері ұстап алып, аудандық полиция бөлімшесіне апарды. Оған әлеуметтік алауыздықты тудыру туралы істе «қорғау құқығы бар куәгер» мәртебесі берілді, сондай-ақ телефон мен сим-картаны алып қойды 120.
13– ақпанда Лондонның Трафальгар алаңында бір топ белсенді сол күні Алматыда өткен қаралы жиынды қолдап митинг өткізді. Қатысушылар акцияға қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың аты-жөні жазылған парақтарды әкеліп, дұға оқып, ұрандар айтып, Қазақстан билігінен қаңтардағы наразылық акциясына қатысушыларға қарсы қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етті 121.
14 – ақпан, Шымкент қаласы, Әміров Ерұлан, ИЧ-167/1 мекемелері, ҚР ҚҚ 256-бабының 2-бөлігі, 174-бабының 1-бөлігі, 405 -бабының 2-бөлігімен айыпталушы, кезекті сот отрысы онлайн өтті, онда судья Т.А. Кахаров 5-1 сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы қаулыны қайтадан шығарды, оны прокурор мен мекеме өкілі қолдады 122.
14– ақпан, Шымкент қаласы, Аманат комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша тағы 14 адам босатылды: Т.А. Ишметов, Н.Қ.Татаев, Қ.Ә.Асыл, Д.Б.Садықов, М.Қ.Махан, Ә.Н. Айтуов, С.Д. Мәуеш, Ә.Қ. Оралбай, Т.Шәдібеков, Д.Е.Сапарбай, Н.Е.Сейілха, Н.Н.Жамантаев, Д.Н.Тайгараев, Д.Б.Смайыл. Комиссияның әрекетінің арқасында барлығы 99 адам босатылды 123.
14-ақпан, Талдықорған қаласы, Қазақстанның тұңғыш президентінің ескерткішін бұзуға қатысушы Азамат Батырбаев, оны темірмен азаптаған тәртіп сақшыларын анықтады, деп хабарлады оның адвокаты Бауыржан Азанов 124.
14– ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, журналист, блогер Құспан Жеңіс жауап алуға шақыртумен келді. Құспанға «қорғауға құқығы бар куә» мәртебесі берілді. Журналист сұрақтарға адвокатсыз жауап беруден бас тартты, ол жарияламау туралы келісімге де қол қоюдан бас тартты, өйткені бұл оның конституциялық құқығы. Қоңырау шалуға интернетте жалған ақпараттың шығуы себеп болған125.
14 – ақпан, Алматы облысы «Тергеу изоляторларымен уақытша ұстау изоляторларынан 33 адам босатылды, олардың сегізі кәмелетке толмағандар. 88 адам қамауда отыр, 60 адамға қамауға алуға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы таңдалды. Қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 409 қылмыстық іс тергелуде, оның 158-і ұрлық, 191-і заңсыз қару сақтау, 11-і терроризм, 3-і жаппай тәртіпсіздік, 3-еуі кісі өлтіру», – деді аймақ бойынша прокурордың м.а. Рашид Әміров брифингте айтты126.
14- ақпан, Жаңаөзен тұрғындары, өткен айдың соңынан бері әкімдік алдына жиналып, мұнай саласына жұмысқа тұруды талап еткен тұрғындар ҚР Президенті Тоқаевқа, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Айдарбаев Аликке, Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрланға кезекті бейнеүндеу жолдады. Шерушілер мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыруға жарияланған мораторийді алып тастауды талап етті127.
14– ақпан, Алматы облысы, «Облыста қаңтар айында болған төтенше жағдай кезінде 758 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Оның 643-і полиция қызметкері, 78-і әскери, 37-сі бейбіт тұрғындар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шеккендердің көпшілігі өміріне қауіп төндірмейтін жеңіл жарақаттар алған», – деді прокуратура өкілі брифингте128.
14 – ақпан, Алматы облысы, «8 әкімшілік ғимараты, 68 қызметтік көлік зақымданған, оның 7-і толығымен өртеніп кеткен, 512 бірлік қару ұрланған. 343 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 147-сі әкімшілік қамаққа алынды, 27-сіне айыппұл салынды, 169 құқық бұзушыға ескерту жасалды», — деп мәлімдеді прокуратура өкілі брифингте129.
15- ақпан, Ақтөбе қаласы, жедел жәрдем жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылық білдірді: «Мәселеміз төрт жылдан бері шешілмей келеді, желтоқсан айында біздің басшылық жаңа жылдан бастап жедел жәрдем мемлекетке қайтарылып, жалақы өсетінін хабарлады» 130.
15– ақпан, Ақтөбе қаласы, жолаушылар вагондарын жөндеумен айналысатын «AGM Табыс» компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп митингке шықты. Қызметкерлердің айтуынша, қаңтар айында әрқайсысы 40 мың теңгеден алған 131.
15– ақпан, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының мұнайшылары жұмыс орындарына шықпаған. Олар билікке саяси-әлеуметтік талаптар қойды. Олар жалақыны көбейтумен қатар, биліктен азаптауды тоқтатып, қаңтардағы шерулердің ұсталған қатысушыларын дереу босатуды талап етуде132.
15 – ақпан, Қызылорда қаласы, «Облыс бойынша 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде терроризм актісі бойынша 5 іс, кісі өлтіру фактісі бойынша 2 іс, жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 1 іс, қару ұрлау фактісі бойынша 4 іс, билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша 4 іс, 2 іс өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша істер және басқа да фактілер бойынша 54 іс. Қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстар бойынша 103 адам күдікті деп танылды, бұл адамдардың қылмысқа қатысы «бұлтартпас айғақтармен» анықталды, – дейді Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Мақсат Қазиев 133.
15– ақпанда Алматыда белсенді Абай Ерекенов қаңтар оқиғасы болған «Тәуелсіздік таңы» монументіне жеке пикетке шықты. Белсенді жаппай «қуғын-сүргін мен азаптауды дереу тоқтатуды» талап етті 134.
15– ақпан, «Алдымен адвокаттар іс материалдарымен танысады. Одан кейін бұл алдын ала келісілген операция болды ма, соны көрсететін сараптамалық бағалау жүргізіледі. Қазір біз ФТБ-мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, олар сараптамалық қорытынды шығарып беру үшін. Кез келген елдегі лаңкестік акт терроризм актісі болып саналады. Актілер ішкі және сыртқы болады, ал бағалау үшін бізге мамандар қажет, олар елімізде аз», – деп мәлімдеді заңгер Айман Омарова 135.
15– ақпан, Қызылорда қаласы, полиция қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерін қаңтарда Қызылордадағы наразылық шерулері кезінде ойрандатулар ұйымдастырды және тонау жасады деп айыптады, деп хабарлайды «Басе» арнасы136.
15– ақпан, Алматы қаласы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тағы бір жауап келді. «Біз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша статистикалық мәліметтерді сұрадық. Мұнда жеке деректер мен статистиканың қатысы қанша, бізге біреу түсіндіре алады ма? Тек халықаралық тергеу жүргізуді талап етеміз. Қайтыс болған 227 адамның аты-жөні қайда? Қамауға алынғандардың аты-жөні қайда?», – деген сауалдар қойды Бақытжан Төреғожина уәкілетті органға 137.
15– ақпан, Алматы, «Мен сіздерге Қазақстандағы қаңтардағы оқиғаларды халықаралық зерттеу бізге, қоғамға не үшін қажет екеніне құжаттарды көрсеткім келеді. Біз күн сайын ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік органдарға сұрау саламыз және оны өзіміз де (жауап аламыз деп үміттенбестен) жинақтап жатырмыз. Жиналғанақпараттарды біз мерзімді түрде жариялап отырамыз. Қазір де мен ҚАЖД -не берген өтінішімізді және олардың жауаптарын жариялағым келеді. Сондай жауаптарды алағанда, елде ештеңе өзгермегенін түсінесің!», – деп жазды құқық қорғаушы Б.Төреғожина және мемлекеттік органдардың жауаптарын жариялады 138.
15 – ақпанда «Біз Президенттен ҰҚК-нің барлық қызметкерлерін Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел-тергеу тобының (ВВД) құрамынан шығаруды және қылмыстық істерді тергеуден шеттетуді сұраймыз. Бұған қатысы бар адамдарды тергеуге қоспау керек деп есептейміз», – дейді «Ақиқат» комиссиясының төрайымы А.Омарова 139.
15 – ақпан, А.Омарова қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге күш қолдану және лаңкестік әрекеттерге мәжбүрлеу жағдайлары болғаны туралы айтты, онда адамдарды өз өміріне қауіп төндірумен тәртіпсіздіктерге қатысуға мәжбүрлеген 140.
16 – ақпан, Алматы қаласы, он шақты адам қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған белсенді Дархан Валиевті босатуды талап етті. Қалалық прокуратураның алдына жиналғандар белсендінің фотосуреттері мен «Дархан террорист емес», «Біз оны босатуды талап етеміз» деген жазуы бар баспа қағаздарымен жүрді 141.
16 – ақпан, Алматы қаласы, Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 16 ақпанға қараған түні белгісіз екі адам оның пәтерінің есігін сындырмақ болғанын хабарлады. Бажкенова бұл оқиғаны кәсіби қызметімен байланыстыратынын айтты, өйткені оның айтуынша, бұл квазимемлекеттік сектордағы компанияның басшысы туралы жарияланымнан кейін орын алған 142.
16 – ақпан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру департаментінің төрағасы Ж. Ешмағамбетов қаңтар оқиғалары бойынша ұсталғандарға тергеу изоляторларында жасалған азаптаулар туралы хабарламаларды жоққа шығарады. «Біз олардың шындыққа сәйкес келмейтінін, қоғамды адастырып, болып жатқан оқиғалардың шынайы бейнесін бұрмалап отырғанын жауапкершілікпен мәлімдейміз», – деді «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ұстау жағдайлары» тақырыбында өткен брифингте 143.
16- ақпан, Семей қаласы, Роллан Машпиев, құқық қорғаушы бұрын полиция жауап алған жергілікті тұрғындар азаптаудан қорқып жауап алуға баруға қорқатындарын, кейбір қала тұрғындары полицияның азаптауынан қорққаннан қаланы тастап кеткенін айтты. «Егер біз полицияға барсақ, онда олар бізді босатпай қоюлары әрі әлденеге айыптаулары мүмкін», – деп мәлімдейді олар 144.
16 – ақпан, «Журналист Базарбаев Мұратханның өлтірілуін айыптаймын, Қазақстан билігін Базарбаевтың өлімін тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырамын. Мұндай шабуыл баспасөз бостандығына және халықтың сенімді ақпаратқа қол жеткізуіне нұқсан келтіреді», – деді ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азул145.
16 -ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар оқиғасына байланысты дене жарақаттарымен 267 адам тергеу изоляторларына жатқызылды, олардың 33-і стационарда стационарлық емделуден өтті. Қалғандарының барлығы мекемелердің медициналық бөлімшелерінде ем алып, азаматтық дәрігерлердің тексеруінен тұрақты өтіп тұрады. Тергеу изоляторында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған 128 адам отыр, оларға физикалық немесе психологиялық қысым көрсетілмейді», – деп хабарлады брифингте Қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің төрағасы Ж.Ешмағамбетов146.
16 – ақпан, Қазақстандағы қаңтардағы наразылық кезінде үйқамаққа шығарылған тұтқындардың қалалар бойынша саны туралы ақпарат147.
16 – ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «741 адам қамауда отыр, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды «заңсыз тергеу әдістері» туралы 363 арыз прокуратураға түсті, осы арыздар бойынша 178 іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өндірісте», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі брифингте 148.
16- ақпан, Алматы қаласы, Дархан Валиев, ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігімен, ЛА-155/18 мекемесінің қызметкерлері оны азаптауды жалғастырды. 11 сағатқа созылған соққыдан кейін, олар Дарханның көзін «шөлмектің» мойнымен басып, бір көзін көру қабілетінен айырған 149.
16- ақпан, Алматы қаласы, Саят Әділбекұлы, ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі, қоғамдық қорғаушыға ие болу құқығы бұзылды. Ағасы Әлібек қоғамдық қорғаушы өзінің өтінішхатына жауап алуға прокуратураға барды, бірақ іс бойынша құжаттарды оған беруден бас тартып, қорғаушы ретінде қатысудан шеттетілгенін оған хабарлаған 150.
17- ақпан, Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігімен қаңтар оқиғасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған белсенді Мұратбай Баймағамбетовтың туыстары, оның денсаулығының жай-күйіне алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, қаңтарда қамауға алынып, азапталған белсендінің денсаулығы нашарлаған. Сондай-ақ олар оның тергеу изоляторында емделіп жатқаны туралы мәлімет жоқтығын айтты.
17 -ақпан, Алматы қаласы, Санжар Боқаев «Намыс» партиясын құруға ниетті екенін мәлімдеді.Ол құрылған партияның мақсатын «Әділет орнайтын, адал да әдепті адамдар басқаратын мүлде жаңа Қазақстан» деп атады. Партия бағдарламасының жобасында басқалармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ымырасыз соғыс», «халықтың ақшасына сатып алынған барлық шетелдік активтерді елге қайтару» туралы айтылған 151.
17 –ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ақметжанов экс-президент Назарбаевтың отбасы есебіне тергеу жүргізіліп жатыр ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Ол «ақша активтерінің қозғалысын қадағалау» қаржылық қадағалау агенттігінің міндеті екенін айтты. Агенттік төрағасы Парламент Мәжілісінің қабырғасында журналистермен сұхбаттасты 152.
17- наурыз, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ішкі министрлігі 2739 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың көпшiлiгi ұрлық, қаруды заңсыз айналымға түсiру, бөтеннiң мүлкiн қасақана бүлдiру фактiлерi бойынша қозғалған. Қамауда 271 адам отыр, 196 адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. 103 азамат босатылды», – деп Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Қазақстан президенті Тоқаевқа мәлімдеді 153.
17- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «ҰҚК билікті күштеп басып алу, терроризм актілері, жаппай тәртіпсіздіктер және басқа да қылмыстық фактілері бойынша 27 қылмыстық істі тергеп жатыр. 24 адам ұсталып, қамауға алынды, оның 14-і деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары», – деп мәлімдеді комитет төрағасы Сағымбаев Ермек Қазақстан президенті Тоқаевқа 154.
17- ақпан, Талдықорған қаласы, «полицейлер ұсталғандарды дубинка\таяқпен зорлап, видеоға түсіріп алған. Жәбірленушілер азаптау фактісі бойынша арыз жазуға қорқады, өйткені полиция қатыгездікпен жасалған зорлық-зомбылық кадрларын әлеуметтік желілерде жариялауға уәде берді», – деді құқық қорғаушы Тен Виктор, бұл ақпаратты ол зардап шеккендерден алған 155.
17- ақпан, бір топ қазақстандық қоғам белсендісі елорданы бұрынғы атауына қайтарып, саяси реформалар жүргізуге шақыратын «Ел болашағы» саяси бастамасының мәлімдемесіне қол қойды, олар партияларды тіркеу шегін төмендетуді және партиялық бәсекелестікті қамтамасыз етуді, мажоритарлық-пропорционалдық жүйе бойынша мерзімінен бұрын парламенттік сайлау жариялауды, «Бейбіт шерулер, митингілер мен демонстрациялар өткізу бостандығы туралы» заң әзірлеуді ұсынады. Қаңтар оқиғасына халықаралық сарапшылардың қатысуымен тергеу жүргізу, саяси тұтқындарды босату, азаптағандарды анықтап, жауапқа тарту ұсынған 156.
17- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтау қаласының 6 тұрғыны Министрліктер үйінің жанында акцияға шығып, баспана мәселесін шешуді талап етті. Олар Жаңаөзеннен Ақтауға көшіру бағдарламасы бойынша 2019-2021 жылдар аралығында жалға берілген пәтерлерді жекешелендіруді талап етуде 157.
17- ақпан, Алматы қаласы, қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдірахманов Рустам «басы кесілген екі полицей туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын» растады, және бұл «шерушілерді әзәзілдеу үшін жасалған жалған ақпарат» деп қосып айтты158.
17 – ақпан, Алматы қаласы, бір ай бұрын Қазақстан билігі қаңтар оқиғасы кезінде елдегі мәйітханаларға 225 мәйіт жеткізілгенін хабарлады. Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі тағы екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Бас прокуратура тергеу құпиясын алға тартып, қаза болғандардың аты-жөнін жария етуден бас тартты159.
17- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Халық бізді жазықсыз адамдарды қамауға алып жатыр деген жалған ақпарат таратып жатыр. Олардың арасында лаңкестердің де, қылмыскерлердің де бар екенін ұмытпауымыз керек. Қаланы талқандауға мыңдаған адамдар шықты, лаңкестік әрекеттер жасады, содан кейін кенеттен бәрі бейбіт тұрғындар болып шықты? Бұған сенуге бола ма?» – деді Қазақстан Президенті Тоқаев «Қазақстан» телеарнасына берген сұхбатында 160
17- ақпан, Қызылорда қаласы, Мешітәлі Талғат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272, 380, 99-баптары бойынша қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, кейін үйқамаққа босатылған, азаптаулар туралы ашық мәлімдемеден кейін қайтадан қамауға алынды 161.
17- ақпан, Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты Оңтай Бақытты және Өжет Жеңісханды ҚР ҚК 291-бабының 2-бөлігі, «қару ұрлау немесе қорқытып алу», бойынша бес жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушылар өз кінәларын мойындап, қаңтардағы наразылық кезінде «Алпамыс» дүкенінен қару ұрлағанын айтты 162.
17- ақпан, өз сұхбатында президент Тоқаев азаптау туралы сұраққа «Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және әрбір заң бұзушылық үшін шара қолданылып, барлық кінәлілер жауапқа тартылатынын болады». Ол азаптау істерін тергеуге «адам құқықтары жөніндегі уәкіл және тәуелсіз құқық қорғаушылар айналысады» деп басып айтты 163.
18- ақпан, Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғасы кезінде немесе одан кейін көп ұзамай полиция қызметкерлері ауруханалардан күштеп шығарылған науқастарға қатысты агенттіктің ұстанымы туралы қойылған Азаттық радиосының сұрағына жауап бере алмады. Денсаулық сақтау саласының бірқатар мамандары мұндай әрекеттер, адамның денсаулық сақтау құқығына кепілдік беретін, Қазақстан Конституциясының 29-бабына қайшы келетінін алға тартады 164.
18 –ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде 7 бала түрлі оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Бүгінде 6 адам Алматыда, 3 адам Қызылорда қаласында ем алу үшін ауруханада жатыр. Қызылордада 1 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, оқ жарақаты бар. Қаңтар оқиғасы кезінде емдеу мекемелерінде қайтыс болғандар саны 177 адам, оның ішінде 4 әйел. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі хабарлады 165.
18 –ақпан, Алматы қаласы, белсенділер онлайн петиция сайтында қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт тұрғындарға оқ атқан қауіпсіздік күштерін жауапкершілікке тарту туралы президент Тоқаевқа үндеу жолдау үшін қол жинауды бастады. Өтініш авторлары Бөкеева Ардақ, Дәрімбет Назира және Тілеубаева Айгерім 166.
18- ақпан, Алматы қаласы, шеруші Бек Сырым Азаттық радиосына 6 қаңтарда алаңда әскерилердің бейбіт шерушілерге қалай оқ атқаны туралы куәлік айғақтар берді. «Біз қолымызда плакаттар ұстап қатар тұрдық, әскерилер бізге оқ жаудырды. Бұл тоқтамсыз оқ жаудыру болды. Сондада біз қатарда тұрдық, бірақ әскерилерге толы бронетранспорттар артқы жағымызға келді, олар екі жақтан қыспаққа алды. Екі бронетранспорт қатарымызға кірді, ортаға орналасып, бәріне автоматтан оқ жаудырды 167.
18- ақпан, Нұр-Сұлтаннан оның көптеген серіктестері мен БҰҰ күткен, Қазақстан үкіметінің қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін жариялаған шаралары, «қажетті тәуелсіз тергеуден алыс» деп санайды Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы 168.
18- ақпан, «80 өтініш тіркелді, оның 40-ы физикалық күш қолдану немесе қатыгездік қолдану арқылы тергеудің заңсыз әдістеріне қатысты. 197 қылмыстық іс қозғалды, оларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр. 13 қаңтар мен 14 ақпан аралығында барлық аймақтардағы тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына, қабылдау орындарына 118 профилактикалық бару жүргіздік. Алматыдағы – 5, Нұр-Сұлтандағы – 10, Шымкентте – 12, Алматы – 8, Павлодар – 12, Жамбыл облыстарында – 21 мекеме мен басқа өңірлердегі 5-7 мекемелерге бардық», – деп хабарлады уәкіл Әзімова 169.
18- ақпан, «Қамауда 16-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар болды, бүгін олар ата-анасының кепілдігімен босатылды. 20 шетел азаматы ұсталды: Өзбекстаннан – 12, Ресейден – 3, Қырғызстаннан – 2, Тәжікстаннан – 1, Қытайдан – 1 және азаматтығы белгіленбеген бір адам. Қырғызстан азаматтарының ішінде 1 адам Таразда, 1 адам Өскеменде», – деп хабарлады уәкіл Е.Әзімова 170.
19- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Экс-президент Назарбаевтың отбасын заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін емес, бірақ олардың қызметін, оның ішінде капиталды шетелге шығарумен байланысты қызметін тексеруге тыйым салынбайды». Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Әділет министрі Мусин Қанат мәлімдеді171.
18- ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, қалалық соты тұрғын үй құрылысына арналған, дренаждау жұмыстары даулы болып отырған, Кіші Талдыкөл көлінің екі бөлігіндегі құрылысты тоқтату туралы шешім шығарды. Сот «Ақиқат» корпоративтік заңгерлер коалициясының жеке шағымын қанағаттандырды, бұл туралы аталмыш бірлестіктің өкілі хабарлады 172.
18 – ақпан, Алматы қаласы, балалар үйінің тәрбиеленушісі Нұртай Қажғалиев ЛА-155/18 мекемесінен емделуге шығарылды. Бұл заңсыз қудалау мен азаптау құрбандарының аты-жөнін жария етудің құдіреттілігінің мысалы. Мұндай жағдайларда үндемей қалу – бұл өлім жазасына кесу, мүгедектік және жалған айыппен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру 173.
18- ақпан, Шымкент қаласы, ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлігімен, Нұржанов Айдын, Нұрғанов Әмірхан, Жанқожаев Азамат, қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасады деген күдікке ілінген балалар үйінің түлектері, қолхат бойынша босатылды. Туыстары мен қорғаушылардың айтуынша, тергеушілер дәлел ретінде «алыстан түсірілген видеоларды» пайдаланбақшы174.
19- ақпан, Қызылорда қаласы, азаматтық белсенді Марат Алтынбекұлының көлігі негізсіз тоқтатылды, оның ішінде белсенділер Сыздықов Айдар мен Жақсыбалаев Төлеу отырған болатын. Маратқа ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша, көліктің жарығын жақпағаны сияқты болып, 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынды 175.
20- ақпан, Шымкентте Дендропарк алдына жиналған бір топ адам президент Қ.Тоқаевты қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен тұтқындалғандардың ісін әділ тергеуді қамтамасыз етуге шақырды. Олар адамдарға кімнің, қандай жағдайарда оқ атқанын халыққа жария етуді талап етті 176.
20-ақпан, Берлинде белсенділер «Қазақстанда террорды тоқтатыңыз» («Stop terror in Kazakhstan»), «Еуропалық Одақ, көзіңізді жұмыбаңыз» («EU don’t turn a blind eye»), «Тоқаев = Назарбаев» («Tokayev = Nazarbayev»), «Азаптауды тоқтат. Гулаг Қазақстанға оралды» («Stop tortures. Gulag is back to KZ»)плакаттарымен шықты. Вашингтонда осындай акция Қазақстан мен Украинаны қолдау мақсатында өтті177.
21- ақпан, журналистер швейцариялық «Credit Suisse» банкінің ашылған деректеріне қатысты тергеуді жариялады. Клиенттер арасында түрлі қылмыс жасады деп айыпталғандар да бар. Президент Тоқаевтың отбасының мүлкі анықталды178.
21- ақпан, «Қазақстан билігі қаңтар оқиғасының шындығын анықтауға мүдделі емес. Нағыз қылмыскерлерді тауып, қайғылы оқиға қайталанбауы үшін бізге халықаралық тергеу керек! Барлығымыз қауіпсіз Қазақстанда өмір сүргіміз келеді!», – дейді құқық қорғаушы Б.Төреғожина179.
21–ақпан, Шымкент қаласы, қалалық прокуратураның ғимаратына бір топ адам келді, прокурор Ғабит Мұқановты шығып және қаңтар оқиғаларына байланысты ұсталған олардың туыстарының кінәларының дәлелін көрсетуге шақырды. Жиналғандар ұсталғандардың айыбын алып тастауды, немесе қылмыстық істерді әкімшілікке ауыстыруды талап етті 180.
21–ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Бүгінгі таңда іс жүргізуде 2729 қылмыстық іс бар, олардың 250—і қамауға алынды, 140 адамға қатысты бұлтартпау шаралары қолданылды: үй қамақта — 62 адам, кепілдік босату — 33, ешқайда кетпеу туралы қолхат -45. Қаңтар айындағы оқиғалар бойынша тергеушілер 107 қылмыстық істі аяқтады. 86 айыпталушы сотқа жіберілді, 52 адамды сотталды», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі брифингте 181 .
21 –ақпан, Жаңаөзендегі «Бұрғылау» мұнай сервистік компаниясы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін наразылығының нәтижесі оларды сөз сөйлегені үшін сотқа тарту болды. Жұмыс беруші екі рет сотқа жүгінді. Бірінші жағдайда, олар өзінің шағымдарын президентке видеожолдау жазып таратқаны үшін, бірақ сот оны негізсіз деп қайтарды. Екіншісінде ол, наразылықты «заңсыз» деп жариялауды талап етті, сот шағымды қанағаттандырды.
21– ақпан, Орал қаласы, Асқар Давлетчаров, заңгер «Мемлекеттік мүдделерді жалған қорғау практикасын тоқтату» транспарантымен облыстық сот ғимаратына шықты. « Сот жүйесі Заңға деген көзқарасты өзгертті: олар заңды қорғаудың орнына, біреулердің мүдделерін қорғайды. Атап айтқанда, мемлекеттік мүдделерді» – деп мәлімдеді Давлетчаров 182.
21––ақпан, Нұр-Сұлтан, «Қаңтар оқиғаларының себептері мен егжей-тегжейін анықтау бойынша бастапқыда азаматтардың бейбіт митингке барғанын, кейін бұл бастаманы криминалдық, деструктивті күштер қолға алып тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын анық көреміз. Мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін лаңкестік әрекеттер жасады.Қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуыл жасап, өңірлерде жаппай тәртіпсіздік жасады», – деп мәлімдеді брифингте прокуратура өкілі Қилымжанов183.
21––ақпан, «Қанды қаңтардың нақты себебі Қазақстан еңбекшілерінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нашарлауы болды. Бұған 2021 жылы Қазақстанда болған түрлі сала жұмысшыларының көптеген ереуілдері дәлел», – деп мәлімдеді «Аманат»Қазақстан кәсіподақтар Достастығы, «Азаматтық қорғаныс» қоғамдық бірлестігі және”Қызыл киіз үй”қауымдастығы 184.
21–ақпан, «Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен 91 бөлімді,оның ішінде терроризм актілері бойынша 46 бөлімді және жаппай тәртіпсіздік бойынша 45 істі тергеуде. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр. Тіпті осындай ауыр қылмыстар бойынша күдіктілер де олардың жазалау шараларын жеңілдетуден тыс қалмады», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов185.
22–ақпан, Қызылорда қаласы, Нұрлан Матеновты ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлігі(«жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу») бойынша саяси уәжді қылмыстық іс ашылды. Бейне түсіру камерасына түсу оған негіз болды. Ол 72 сағатқа үйге жіберілді, содан кейін бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтті 186 .
22– ақпан, Нұр-сұлтан қаласы, Өзбекстан елшілігі Қазақстан СІМ-не қаңтар оқиғаларынан кейін Өзбекстан азаматтарының тұтқындалуына байланысты нота жолдады,- бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжан мәлімдеді 187.
22– ақпан, Талдықорған қаласы, құқық қорғаушы Виктор Тен Алматы облысы полиция департаментінің парақшасында ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы «Көрінеу жалған ақпарат» бойынша оған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы жарияланған ақпараттан кейін, өзінің Facebook парақшасында пост орналастырып, онда өз сөздерінен бас тартты188.
22– ақпан, «Бүгінгі күні тергеудің рұқсат етілмеген әдістері мен адам құқықтарын бұзу туралы 191 қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған азаматтардың арасында әр түрлі дәрежедегі жарақат алғандар 55 адам, 8 адам-құлаудың салдарымен және 213 адам-гематомалармен, олар мекеме ішінде медициналық ем алуда»,- деп хабарлады омбудсмен Э.Әзімова189.
22 – ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Арнайы күштер шамамен 30 адамнан тұратын наразылық білдірушілер тобын ұстады. Олар жергілікті соттардың заңсыз шешімдеріне келіспейтіндіктерін білдіру үшін Жоғарғы сот ғимаратына кіруге тырысты. Кейін түсіндірме жазғаннан кейін олардың барлығы босатылды», – деп хабарлады белсенді Есенғазы Қуандық 190.
22 – ақпан, Алматы қаласы,Ермек Әбдрешов, қаңтардағы оқиғалар кезінде жарақат алды. Ауруханада емделу кезінде оны ЛА-155/18 мекемесіне алып кетті, онда ол азапталып, соққыға жығылды, солардың нәтижесінде ол көз жанарынан айырылды. «Қазір бөгде адамның көмегіне зәру болып қалдым», – деп хабарлады ол 191.
22 – ақпан, Алматы қаласы, наразылықтар кезінде қаза тапқан Сұлтан Қылышбектің анасы Гаухар Керімбекова мемлекет басшысынан: «Алматы трагедиясында қаза тапқандарды еске алуға мемориал салуды, Естелік стелладағы тізімге ұлының есімін енгізуді, Оның ұлын марапаттауды, Моральдық залал ретінде қаза тапқан баланың отбасына пәтер бөлуді, Көп балалы ана мәртебесін қалдыруды талап етеді, бұдан бөлек мемлекеттік жәрдемақыны қайтаруды әйел қажет етпейді»192.
23–– ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар оқиғаларының барысында қылмыскерлер арнайы кескіш құралдар мен техниканы қолданғанына қарамастан, қару-жарақ дүкендеріндегі бөлмелерге ұзақ уақыт бойы кіре алмады. Сонымен қатар, олардың іс-әрекеттерінің бағытын өзгертуге сауда орнында қару-жарақтарын белсенді емес күйде сақтау міндеттемесі туралы талап ықпал етті, осыған байланысты негізгі қоймаларды іс жүзінде бұза алмады»,-деп хабарлады Премьер-министр Смаилов193.
23–– ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Антон Фабрый пикет кезінде Республика көшесі 16-да ұсталды. Пикеттің мақсаты: 1. Қазақстан Конституциясы мен заңнамасында халық билігін іске асыру/іске асырмау мәселелері; 2. Мемлекеттік органдарда азаптауға қарсы наразылық. Белсендіні Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізіп, 19:00-ге дейін ұстады, содан кейін босатты 194.
23–– ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұсталған 6 адам «рұқсат етілмеген анықтау әдістерінен» қаза болды, атап айтқанда Алматыдағы уақытша тергеу изоляторында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында- 3 адам және Талдықорғанда -1 адам. Сондай-ақ, Талдықорғанның тұрғынына қатысты үтік қолданумен байланысты азаптау туралы резонанстық іс қозғалды», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Ризабек Ожаров 195.
23– ақпан, Қостанай қаласы, Құрманғазы Өтегенов, сот « шартты түрде мерзімінен бұрын босату» туралы өтінішті қанағаттандырусыз қалдырды, ол «Шаңырақ ісі» бойынша үкіммен 15 жылдан астам түрмеде отыр. Бас тартуға «тәртіп бұзу» негіз болды 196.
23– ақпан, Семей қаласы, қаңтар айындағы оқиғалар бойынша ұсталғандардың ондаған ата-аналары мен отбасы мүшелері қоғамдық тергеу комиссиясының өкілдерімен кездесті. Бұған дейін топ прокуратура ғимаратынан Достық үйіне дейін бірнеше орамды аралап, « Бостандық!» деп үндеді, Достық Үйінің бір қабатындағы залға кірер алдында адамдар ғимаратқа кірер алдында қылмыстық істермен келіспейтіндіктерін білдіріп: «Халық террорист емес!»(Народ-нетеррорист!), «Террорға жол жоқ!» деп дауыстады 197.
23 –ақпан, жыныстық зорлық-зомбылық түріндегі азаптаулар туралы хабарламалар «Азаптауға қарсы коалицияның» әрқашан назарында. Қазақстандағы осындай азаптаулар бойынша өзінің жұмыс және бақылау тәжірибесінен Коалиция мұндай хабарламаларды ақпараттық сүйемелдеу және тергеудегі ең бастысы–құрбандардың, әсіресе күзетпен ұсталатындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жариялы саладағы құпиялылығына кепілдік беру екенін біледі198.
23-ақпан, Жаңаөзен қаласы, Жанболат Мамайға оның көп балалы аналармен кездесуі кезінде шабуыл жасалды. Шабуылшылар бетперде мен көзілдірікте болды, полиция қызметкерлері үнсіз қарап отырды. Ж. Мамай Президент Ақаевқа жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге рұқсат беру туралы өтініш білдірген көпбалалы аналарды қолдауға келді 199.
23–ақпан, Ақмола облысының Бурабай аудандық соты Прокопьев Владимирге қатысты әкімшілік істі қайтаруға шешім шығарды, ол қалалық әкімдік алдында Қазақстанның президенті Тоқаевқа «сыйлық» ретінде үтік бермекші болған. Істі қайтаруға «әкімшілік құқық бұзушылыққа дәлел келтірілмеді» негіз болды200.
24–ақпан , Өскемен қаласы, қаңтардың оқиғалары кезінде ұсталғандардың ондаған туыстары облыс прокуратурасына келді. Мәжіліс залында прокуратура өкілі мен қаңтардағы оқиғаларды тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия мүшелерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында прокуратура қызметкерлерінен басқа барлық қатысушыларда ұялы байланыс жоғалды 201.
24-ақпан, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбай журналистерге берген сұхбатында: «Құқық қорғау органдарына бейбіт халықты атуға бұйрық берілмеді», – деп мәлімдеді. Оның пайымдауынша, террористер бейбіт тұрғындарды әскери қызметкерлерге қарсы қою үшін арнайы атқан 202.
24-ақпан, Қызылорда қаласы, Құқық қорғау органдарының 4 қызметкері, адвокат Беденбаев Әділхан заңсыз қамауға алынғаннан соң 44 күннен кейін заңсыз тінту жүргізу мақсатында оның үйіне келді, ҚР ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі. Адвокаттың әйелі Жанна Беденбаева полицейлерді телефон арқылы қайтарып жіберген,себебі үйде олардың кәмелетке толмаған балалары ғана болған.
24-ақпан, Алматы қаласы, Ресейдің Бас консулдығының жанында белсенділер соғысқа қарсы акцияға қатысқаны үшін ұсталды. Олар «Соғыс болмасын», “Украинадан қолыңды тарт» плакаттарын ұстады. Ұсталғандар:Шарипов Дархан, Шашаев Марсель, Толымбеков Бейбарыс,Тлеубеков Марат, Шәріпжан Бота, Тайшібекова Наргиза, Асиева Эйри, Вика Ковальчук, Котова Олеся, Зайнутдинова Камила. Олардан түсіндірме және полиция қызметкерлеріне қарсы талаптардың жоқтығы туралы қолхаттарды алып, босатты203.
24-ақпан, Ақтөбе қаласы, Бағдагүл Диярова Ермек Нарымбаевты босату туралы талаппен Жеке пикетке шығу ниеті туралы мәлімдегеннен кейін полицияға жауап алуға шақырылды. Диярованың айтуынша, одан белгісіз қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынған, ол тергеушілердің сұрақтарына жауап берген бөлімшеде шамамен бір сағат болған 204.
25-ақпан, Алматы қаласы, онлайн-режимде Уәлихан Сұлтановтың Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығына берген талабын қарау бойынша жеделдетілген отырыс өтті, онда ол он күн жатқан. Сот клиника дәрігерлерін жауап алуға шақырудан бас тартып жарыссөздерге тез ауысқан, шын мәнінде ол орын алмаған. Клиникада жатуда «еріктіліктің» бұрынғы дәлеліне сүйеніп, шағымды қанағаттандырудан бас тартты205.
25– ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, белсенділер 2020 жылдың 25 ақпанында Нұр-сұлтан қаласының тергеу изоляторында тұманды/белгісіз жағдайда қайтыс болған Дулат Ағаділді еске алуға арналған жүгіру марафонын өткізді. Ұйымдастырушы – белгілі марафоншы Жыланбаев Марат. Ботаникалық бақтағы жарысқа қатысушыларды полиция қызметкерлері бақылап тұрды206.
25- ақпан, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі бюрода Қазақстанда азаптаумен Күрес және Қазақстанның ҮЕҰ азаптауға қарсы коалициясын қолдау жобасын (Демократия және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық құралдың шектері– EIDHR) жүзеге асыруға жетекшілік ететін Қазақстандағы ЕО делегациясының өкілдерімен кездесу өтті. Қаңтардағы оқиғалар мен құқық қорғау органдарының тұтқындарға жасаған зорлық-зомбылығы Коалиция жұмысының жабық мекемелерге бару және ондаған зардап шеккендерге адвокаттық көмек көрсету арқылы маңыздылығын көрсетті207.
25-ақпан, Орал қаласы, Оразбаев Амангелді үйінен шығып Ресейдің Украинаға басып кіруін тоқтатуды талап еткен наразылық акциясына шықпақшы болған, бірақ белгісіз құқық қорғау органдарының қызметкерлері белсендіні дөрекі түрде ұстап алып, көлікке отырғызған. Кейін оны шығарған208.
25-ақпан, сайт Exclusive.kz өзінің YouTube каналында «Шокирующая Азия. Ядерные миллиарды» документалды фильмнің екінші бөлімін жүктеді,онда Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының радиоизотопты диагностика және терапия бөлімшесінің құрылысы кезіндегі сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғалады. Фильм шыққанға дейін-ақ басылымның бас редакторы Қарлығаш Еженоваға қорқыту қаупі төнді209.
25-ақпан, Алматы қаласы, Ресейдің Бас консулдығымен тағы да соғысқа қарсы акция өткізілді. Украинаға қолдау білдіру және Ресейдің осы елге қатысты әскери әрекеттеріне қарсы тұру үшін бірнеше адам келді 210.
26-ақпан, Алматы қаласы, таза ауа үшін митинг өтті, шамамен 200-ге жуық адам жиналды. Ш.Уәлиханов атындағы алаңдағы акция жергілікті билікпен келісілді.Ұйымдастырушылар – «Таза ауа Алматы» экологиялық қозғалысы, HAQ бірлестігі, AlmatyCleanAirandWaterAction топтары, қалалық экоактивистер 211.
26-ақпан, Алматы қаласы, Ж. Мамайды ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша, 15 тәулік әкімшілік қамауға алды және Достияров Дәурен 2022 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында өткізілген санкцияланбаған еске алу митингісіне қатысқаны үшін 5 тәулікке қамалды.
26–ақпан, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаңтар айындағы наразылықтар кезінде қауіпсіздік қызметкерлерінің қолынан зардап шеккен Викрам Рузахуновты Қазақстанға шақырды. Ол Қырғызстан билігінен оны ертіп жүруді, ал Қазақстан билігінен оның қауіпсіздігіне кепілдік беруді сұрады212
27- ақпан, Алматы қаласы, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы ұйымдастырған «Жаңа партияларды тіркеу» тақырыбында санкцияланған митинг өтті. Нұржан Әлтаев бұған бірнеше жыл бойы қол жеткізген барлық саяси партияларды тіркеуді және үш мыңдаған адамға дейін шекті төмендетуді талап етті. Ол және оның серіктестері парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуді талап етеді. Әйтпесе, ол қаңтардағы оқиғалардың қайталануы мүмкін деп санайды. Митингке 200-ге жуық адам қатысты 213.
27-ақпан, Алматы қаласы,Семёнова Елена, Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесінде болды, 172 ұсталушымен кездесті: 42 ұсталған адам азаптау туралы мәлімдеді, 8 қылмыстық іс қозғалды, 6 адам,өтініш жазудан бас тартты себебі мағынасы көрінбейді, 3 ұсталғандар соттан кейін өтініш жазатындарын хабарлады, өйткені олар сотталудан қорқады. Ұсталғандардың 7-іне қатысты тергеуші темірмен азаптауды қолданған, 2 ұсталғанды зиратқа апарған, басқаларын басынан автоматпен ұрған, электрошокер, таяқша қолданған, аяқтарына травматикалық қарудан оқ жаудырған, азаптаулар 1 сағаттан бір аптаға дейін созылған 214.
27-ақпан, Талдықорған қаласы, Семёнова Елена, құқыққорғаушы, Талдықорғанның тергеу изоляторындағы 85 ұсталғандармен кездесті: азаптаулар ұсталған 36 адамға қатысты қолданылған, 26 қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың үшеуі өтініш жазудан бас тартты, өйткені олар мағынасыз деп санайды және бұл туралы айтқылары келмейді. Ұсталғандарға қатысты полиция қызметкерлері тарапынан электрошокер, таяқ, дулыға, автомат, травматикалық қаруды қолдана отырып, азаптаулар көрсеткен, азаптаулар бір сағаттан үш күнге дейін созылған 215.
27–ақпан, Орал қаласы, Ахмедьяров Лұқпан полицияға азаматша Н. В. Ломакинаның өтініші бойынша түсініктеме беру үшін шақырылды, мәлімдемеде Ахмедьяровтың әдепсіз тіл қолдану арқылы Ломакина мен басқа қолданушының арасында инстаграм желісінде қақтығыс тудырғаны көрсетілген216.
27-ақпан, «Бас прокуратурамен азаптаулар және билікті асыра пайдалану туралы 203 қылмыстық іс қозғалды.Тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданды деген күдікпен тоғыз қызметкер анықталып, ұсталды» – деп хабарлады прокуратура өкілі Серік Шалабаев217.
28-ақпан, «Қазақстан халқына» қоры қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің отбасыларына,қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ кездейсоқ құрбан болған азаматтық адамдардың отбасыларына, қаза тапқан және жараланған балалардың отбасыларына материалдық көмек төлеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың деректеріне сілтеме жасай отырып, «Қазақстанхалқына» қоры қаңтар оқиғалары кезінде кездейсоқ қаза тапқан 29 Қазақстан азаматы туралы хабарлады218.
28 –ақпан, Батыс-Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Сапиев Мұрат, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, кезекті үшінші сот отырысы өтті. Соңғы жылдары Қазақстанда 405- бабы бойынша азаматтық белсенділерді қудалауда. Құқық қорғаушылар осы бапты «саяси» деп атауда 219.
28-ақпан, Қарағанды қаласы, Украинадағы соғыс қимылдарына наразылық ретінде Қазақстанда көптеген ресейлік телеарналар тарататын, облыс бойынша телекоммуникация қызметтерін көрсететін қазақстандық “Ремстройсервис” компаниясы бүгінгі күні ресейлік жаңалықтар мен ақпараттық телеарналарды таратуды тоқтатты. Сөз жаңалықтар мен телешоулар көрсетілетін федералды арналар туралы болып тұр. Сол күні кешке ресейлік арналардың таратылымы қалпына келтірілді 220.
28-ақпан, Алматы қаласы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Игисинов Рашидке қорлық жасау фактілеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, ол полиция қызметкерлері ұстау кезінде оны соққыға жықты деп шағымданған. Алматы қалалық прокуратурасы Игисиновтың арызын тексеру үшін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде ҚР ҚК 146-бабының 1-бөлігі «Азаптаулар» бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады 221.
******
1https://beta.dw.com/ru/hrw-prizvala-kazahstan-rassledovat-dannye-o-pytkah-uchastnikov-protestov/a-60625867?fbclid=IwAR334Ho8Un0y6I6IqD65E4DstZw2tH05TM3V_BR1Z86-mxlG8WNltxvmiIc
2https://rus.azattyq.org/a/31680733.html
3https://rus.azattyq.org/a/31679910.html
4https://rus.azattyq.org/a/31681680.html
5https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3186893404963254/
7https://rus.azattyq.org/a/31681151.html
8https://orda.kz/po-faktu-pytok-v-almaty-antikor-vedjot-12-ugolovnyh-del-obshhestvennaja-komissija/
9https://www.youtube.com/watch?v=aKq83jOnz0g
10https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=117484204159609&id=108224121752284
11https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5132631033416107
12https://rus.azattyq.org/a/31681907.html
13https://t.me/AdalSotKz
14http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3517
15https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3201513270167934/
17https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-taldykorgan-torture-azamat-batyrbayev/31683297.html
18https://orda.kz/v-parlamente-odobrili-otstranenie-nazarbaeva-ot-uchastija-v-politicheskih-reformah/
19https://orda.kz/dikogo-armana-vyvezli-iz-sledstvennogo-izoljatora-advokaty/
20https://orda.kz/astanchane-prosjat-tokaeva-uvolit-akima-stolicy-kulginova/
21https://bureau.kz/novosti/oni-srazhalis-za-rodinu/
22https://www.youtube.com/watch?v=fxJF6d2Wix8
23https://rus.azattyq.org/a/31682863.html
24https://orda.kz/krovavyj-janvar-22-letnego-uchitelja-otpustili-iz-sizo/
25https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5143180249027852
26https://rus.azattyq.org/a/31683228.html
27https://www.facebook.com/azamat.maitanov/posts/10219656549310473
28https://hansard.parliament.uk/commons/2022-02-03/debates/41000B02-86AB-499E-8547-0F5AA84611B0/KazakhstanAnti-CorruptionSanctions?fbclid=IwAR2GatU9Jjfkip3wpPtf6Ql91Z3VxubGvWO7wx1tZKx0ElSfSRM7twVfzCY
29https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3188301054822489/
30https://www.facebook.com/uais.rakhmetov/posts/2739566636189139
31https://rus.azattyq.org/a/31685379.html
32https://rus.azattyq.org/a/31684684.html
33https://rus.azattyq.org/a/31684809.html
34https://rus.azattyq.org/a/31686832.html
35https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3188741221445139/
36https://bureau.kz/goryachee/informaczionnaya-spravka-koaliczii-040222/
37https://orda.kz/kak-obstojat-dela-nesovershennoletnih-zaderzhannyh-po-janvarskim-sobytijam/
38https://rus.azattyq.org/a/31686869.html
39https://rus.azattyq.org/a/31686003.html
40https://rus.azattyq.org/a/31686477.html?fbclid=IwAR2llXHPHGWwEaFYnlMtCvAXwfavtdvK_KZTVqNQapyi6lWu-2uQYbMJKgc
41https://orda.kz/jeks-deputata-tleuhana-priznali-nevinovnym-v-primenenii-nasilija-v-otnoshenii-zhurnalistki-koskinoj/
42https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5145199865492557
43https://rus.azattyq.org/a/31686177.html
44https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3194810084171586/
45https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-rally-mayors-electivity/31687830.html
47https://rus.azattyq.org/a/31687875.html
49https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5157052194307324
50https://rus.azattyq.org/a/31690595.html
51https://rus.azattyq.org/a/31689588.html
52https://orda.kz/v-almaty-otmenili-vysokij-oranzhevyj-uroven/
53https://rus.azattyq.org/a/strelbe-bez-preduprezhdeniya-nikogda-net-opravdaniya-sobytiya-v-kazahstane-cherez-prizmu-mezhdunarodnogo-prava/31689582.html
54https://rus.azattyq.org/a/31691572.html
55https://orda.kz/zhasaral-kuanyshalin-sozdal-eshhjo-odnu-komissiju-po-rassledovaniju-sobytij-krovavogo-janvarja/
56https://orda.kz/devjat-nesovershennoletnih-i-dvuh-zhenshhin-zaderzhali-po-podozreniju-v-organizacii-i-uchastii-v-besporjadkah/
58https://orda.kz/jekologi-podali-v-sud-na-akimat-almaty-iz-za-bezdejstvija/
59https://rus.azattyq.org/a/31691166.html
60https://rus.azattyq.org/a/31690867.html
61https://orda.kz/tokaev-podpisal-popravki-lishajushhie-nazarbaeva-vozglavljat-sovbez-i-ank/
62https://rus.azattyq.org/a/31691198.html?fbclid=IwAR1K0JJOCYWDWwgw-Fk8J175mvHLbuwwie1xLhsi93PrucKTRf4e7HzmSl8
63https://rus.azattyq.org/a/31692288.html
64https://rus.azattyq.org/a/31691829.html
65https://rus.azattyq.org/a/mesyats-spustya-posle-yanvarskih-sobytiy-voprosy-bez-otvetov/31691645.html?fbclid=IwAR2AbhoAHi9Dcb8wSk8Yl43U_CFK2rlrco_rcUaJWFjf4h4Fn-gQnK7uUL4
66https://rus.azattyq.org/a/31692565.html
67https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3195972834055311/
68http://www.qantar2022.org/?fbclid=IwAR01Kufo8ohz0UrIH42Q9cxvoLf8eTo-Xs7QiNVLoWeChQfQmBaLiF9KQx4
69https://rus.azattyq.org/a/31692500.html
70https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5157917477554129
71https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5157833144229229
72https://rus.azattyq.org/a/31694662.html
73https://rus.azattyq.org/a/31693510.html
74https://rus.azattyq.org/a/31692886.html
75https://rus.azattyq.org/a/31694032.html
78https://rus.azattyq.org/a/31694733.html
79https://rus.azattyq.org/a/31694526.html
80https://rus.azattyq.org/a/31694384.html
81https://rus.azattyq.org/a/31694151.html
82https://orda.kz/voennosluzhashhie-ne-primenjali-oruzhie-protiv-mirnyh-zhitelej-minoborony/
83https://kaztag.kz/ru/news/bulat-abilov-pozval-grazhdan-na-miting-pamyati-pogibshikh-v-yanvarskoy-tragedii-v-almaty
84https://rus.azattyq.org/a/31694078.html
85https://rus.azattyq.org/a/31695757.html
86https://orda.kz/v-taldykorgane-policejskogo-podozrevaemogo-v-pytkah-otpustili-pravozashhitnik/
87https://rus.azattyq.org/a/31697681.html
88https://rus.azattyq.org/a/31696246.html
89https://orda.kz/operacija-mezhdunarodnyh-terroristov-tokaev-o-krovavom-janvare/
90https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5163988730280337
91https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3194002857585642/
92https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3194342707551657/
93https://www.facebook.com/abzalkuspan/posts/7049533268422347
94https://rus.azattyq.org/a/31697609.html
95https://rus.azattyq.org/a/31695976.html
96https://rus.azattyq.org/a/31698479.html
97https://rus.azattyq.org/a/31699245.html
98https://orda.kz/jekoaktivistam-vnov-otkazali-v-mitinge-v-zashhitu-taldykolja/
99https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5167016893310854
100https://rus.azattyq.org/a/31699153.html
101https://rus.azattyq.org/a/31698799.html
102https://rus.azattyq.org/a/31699582.html
103https://rus.azattyq.org/a/31706745.html
104https://rus.azattyq.org/a/31700547.html
105https://rus.azattyq.org/a/31700224.html
106https://www.facebook.com/dosyms/posts/4890886444333056
107https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3195595274093067/
108https://ru.euronews.com/2022/02/13/kazakhstan-40-days-commemoration?utm_term=Autofeed&utm_medium=Social&utm_source=Facebook&fbclid=IwAR01eC57rTImRO92VEGeEuq3WJJvSS4lNTALHB1ADMOUDY4f_166JGRtVCM#Echobox=1644770795\
109https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3196274800691781/
110https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3196281814024413/
111https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3196547880664473/
112https://rus.azattyq.org/a/31701634.html
113https://rus.azattyq.org/a/31701614.html
114https://rus.azattyq.org/a/31701277.html
115https://rus.azattyq.org/a/31701320.html
116https://rus.azattyq.org/a/31701232.html
117https://rus.azattyq.org/a/31701443.html
118https://rus.azattyq.org/a/31701227.html
119https://kaztag.kz/ru/news/tri-glavnykh-trebovaniya-kasatelno-nazarbaeva-vydvinul-na-mitinge-v-almaty-abilov?fbclid=IwAR3eKkH6RdmAp5z_KAJ7f4pa5Y-NkLnnQ0r9LNoEPYA-n6EiI_uAT1tV20w
120https://mediazona.ca/news/2022/02/13/utyg?fbclid=IwAR3QUUcHtkwF1OEEVVKcSdkGS24nSknzC3TtgVFcP7TTDL71
121https://rus.azattyq.org/a/31702464.html?fbclid=IwAR27-uQbB_OuKgbEMw_u6BYopf0j5mke5N9RVFuP3TKnyUUKlM7Wv3B1HqM122https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5176972958981914
123https://www.facebook.com/uais.rakhmetov/posts/2749135295232273
124https://kaztag.kz/ru/news/podvergshiysya-pytkam-utyugom-uchastnik-snosa-pamyatnika-nazarbaevu-opoznal-muchiteley-advokat
125http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3527
126https://orda.kz/v-almatinskoj-oblasti-iz-izoljatorov-osvobodili-detej-zaderzhannyh-vo-vremja-krovavogo-janvarja/
127https://rus.azattyq.org/a/31703999.html
skih_sobytijah?fbclid=IwAR3nIxH09L3TIIDZwN32mwyadC7qz8rGAEQkpW2c-SR7M3xsIapt93DkyTU
skih_sobytijah?fbclid=IwAR3nIxH09L3TIIDZwN32mwyadC7qz8rGAEQkpW2c-SR7M3xsIapt93DkyTU
130https://rus.azattyq.org/a/31705124.html
131https://rus.azattyq.org/a/31704725.html
132https://rus.azattyq.org/a/31704446.html
133https://orda.kz/72-ugolovnyh-dela-rassledujut-v-kyzylordinskoj-oblasti-posle-janvarskih-sobytij/
134https://rus.azattyq.org/a/31704166.html
135https://orda.kz/pravozashhitniki-vedut-peregovory-s-fbr-dlja-jekspertnoj-ocenki-ugolovnyh-del-po-terrorizmu/
136https://www.facebook.com/watch/?v=3383248351909193
137 https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5179251698754040
138https://www.facebook.com/photo/?fbid=5178569358822274&set=pcb.5178580165487860
139https://baigenews.kz/news/otstranit_knb_ot_rassledovaniy_ugolovnykh_del_po_yanvarskim_sobytiyam_trebuyut_pravozashchitniki/
140https://orda.kz/nasilstvennyj-jekstremizm-umarova-rasskazala-o-prinuzhdenii-k-besporjadkam-v-dni-krovavogo-janvarja/
141https://rus.azattyq.org/a/31706879.html
142https://rus.azattyq.org/a/31705986.html
143https://rus.azattyq.org/a/31706322.html
144https://orda.kz/v-semee-massovo-vyzyvajut-v-policiju-zvonivshih-v-skoruju-vo-vremja-sobytij-krovavogo-janvarja/
145http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3532
146https://orda.kz/vo-vremja-krovavogo-janvarja-v-sizo-postupilo-267-ranennyh/
147https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5185223408156869
148https://rus.azattyq.org/a/31707604.html
149https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3200452666940661/
150https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1010673002894111&id=100018542628438
151https://rus.azattyq.org/a/31708069.html
152https://rus.azattyq.org/a/31706648.html
153https://orda.kz/turgumbaev-dolozhilsja-prezidentu/
155https://orda.kz/v-taldykorgane-policejskie-nasilovali-zaderzhannyh-dubinkoj-i-snimali-jeto-na-video/
156https://rus.azattyq.org/a/31708213.html
157https://rus.azattyq.org/a/31708048.html
158https://rus.azattyq.org/a/31707674.html
159https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-bloody-january-unpublished-list-of-victims/31706733.html
160https://www.currenttime.tv/a/31710153.html?nocache=1&fbclid=IwAR0aT4Rh7zKL4JGN244dXanwpq6i00
161https://rus.azattyq.org/a/31710394.html
162https://rus.azattyq.org/a/31714139.html
164https://rus.azattyq.org/a/31710118.html
165https://rus.azattyq.org/a/31709873.html
166https://rus.azattyq.org/a/31709734.html
167https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-shooting-in-almaty-bek-syrym/31710189.html?fbclid=IwAR2TNXII7tRPnzS_VRk-15IcMgW6ncKVihMw1z_8OSJvWf-EsilxzSx_OSY
168https://rus.azattyq.org/a/31711404.html
169https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/zaderjannyie-inostrantsyi-jalobyi-pyitki-ombudsmen-azimova-462325/?fbclid=IwAR23C4L0KDWhA2MIx8l9s58xxR_mMAONWvP1FQp34FfgE0_2H6BHkgJox5o
170https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/zaderjannyie-inostrantsyi-jalobyi-pyitki-ombudsmen-azimova-462325/?fbclid=IwAR23C4L0KDWhA2MIx8l9s58xxR_mMAONWvP1FQp34FfgE0_2H6BHkgJox5o171https://rus.azattyq.org/a/31711562.html
172https://rus.azattyq.org/a/31711220.html
173https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3201536180165643/
174https://rus.azattyq.org/a/31715645.html
175https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3200961423556452/
176https://rus.azattyq.org/a/31712477.html
177https://rus.azattyq.org/a/31714500.html
178https://tirek.info/wp-admin/post.php?post=19833&action=edit
179https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5198254166853793
180https://rus.azattyq.org/a/31714323.html
181https://rus.azattyq.org/a/31714299.html
182https://rus.azattyq.org/a/31714290.html
183https://orda.kz/iznachalno-grazhdane-shli-na-mirnyj-miting-genprokuratura-o-rassledovanii-sobytij-krovavogo-janvarja/
184https://orda.kz/obshhestvenniki-vystupili-s-obrashheniem-k-pravitelstvu-kazahstana/
185https://www.facebook.com/GenProkRK/posts/321020040069889
186https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3203250933327501/
187https://orda.kz/uzbekistan-napravil-notu-kazahstanu-iz-za-aresta-svoih-grazhdan/
188https://orda.kz/nasilovali-dubinkami-pravozashhitnik-otkazalsja-ot-svoih-slov/
189https://kaztag.kz/ru/news/chislo-del-o-nedozvolennykh-metodakh-sledstviya-i-narusheniyakh-prav-cheloveka-v-rk-dostiglo-191
190https://www.azattyq.org/a/31717914.html?fbclid=IwAR0EEd_Ve1wDtotdOsyn6Zddv_ZiVjExBpi2DFFzY7cLjD6heOXYk_v_8ns
191https://www.youtube.com/watch?v=RcFfZPdaa0I
193https://kaztag.kz/ru/news/osnovnye-khranilishcha-oruzheynykh-magazinov-v-almaty-pochti-ne-podverglis-vzlomu-smailov
194https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3204301376555790/
195https://rus.azattyq.org/a/31718079.html
196https://rus.azattyq.org/a/31718669.html
197https://rus.azattyq.org/a/31718571.html
198https://bureau.kz/novosti/kasatelno-primeneniya-seksualizirovannogo-nasiliya/
199https://orda.kz/na-zhanbolata-mamaja-napali-v-zhanaozene/
200https://rus.azattyq.org/a/31722309.html
201https://rus.azattyq.org/a/31720056.html
202https://www.youtube.com/watch?v=SHizcm20lAw
203https://www.facebook.com/watch/?v=1155014485309721
204https://rus.azattyq.org/a/31722262.html
205https://bureau.kz/novosti/dobrovolno-ne-est-prinuditelno/
206https://rus.azattyq.org/a/31722649.html
207https://bureau.kz/novosti/pytki-dolzhny-ostatsya-v-proshlom/
208https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3205672876418640/
209http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3539
210https://rus.azattyq.org/a/31722707.html
211https://rus.azattyq.org/a/31724503.html
212 https://orda.kz/kirgizskogo-muzykanta-priglasili-v-kazahstan-na-sledstvie/
213https://rus.azattyq.org/a/31726149.html
214https://www.facebook.com/ong.pr/posts/4859440970813304
215https://www.facebook.com/ong.pr/posts/4859440970813304
216http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3541
217https://rus.azattyq.org/a/31728303.html
218https://rus.azattyq.org/a/31728271.html
219https://rus.azattyq.org/a/31728314.html
220https://rus.azattyq.org/a/31727886.html
221https://orda.kz/bezzhalostno-bili-po-zagipsovannym-rukam-i-golove-antikor-rassleduet-delo-o-pytkah/
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.