Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаменті Заречный кентінде түрмеде отырған «саяси тұтқын» Алмат Жұмағұловтың соққыға жығылғанын жоққа шығарды. Дегенмен департамент 26 сәуірде Заречныйдағы ЛА-155/14 мекемесінде тінту шаралары болғанын растады. Сейсенбі күні Қапшағай соты Жұмағұловтың мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмаған.
Бір күн бұрын халықаралық Адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Инга Иманбай аталған мекемеге әскер кіргізіліп, тінту болғанын, Алмат Жұмағұловтың соққыға жығылғанын хабарлаған еді.
«Алмат Жұмағұлов соққыға жығылды деген ақпарат жалған. 26 сәуірде ЛА-155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары жүргізілді. Іс-шаралар мекемелерде қылмыстық жазаның орындалу заңдылығын қадағалау бойынша мамандандырылған прокуратура, ұлттық «Ұлан» қызметкерлері, сонымен бірге біздің ҚАЖ департаменті мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен өткен болатын. Тінту нәтижесі бойынша төрт ұялы телефон, жеті зарядтау құрылғысы, екі сим карта, алты ұялы телефон батареясы және 18 тесіп-кесетін зат табылды» деді Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Индира Нәзірбаева.
Ол шараның «қолданыстағы заң аясында жүргізілгенін де» атап өтіп, «тінту шарасы кезінде ешкімге ешқандай жаза қолданылмаған» деді.
Азаттық тілшісі ЛА-155/14 мекемесіне хабарласқанмен жауап ала алмады.
27 сәуірде Қапшағай қалалық соты Алмат Жұмағұловтың жазаның қалған бөлігін бостандықты шектеуге ауыстыру туралы өтінішін тағы да қанағаттандырмай тастаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тағы парақшасында хабарлады.
Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаменті Заречный кентінде түрмеде отырған «саяси тұтқын» Алмат Жұмағұловтың соққыға жығылғанын жоққа шығарды. Дегенмен департамент 26 сәуірде Заречныйдағы ЛА-155/14 мекемесінде тінту шаралары болғанын растады. Сейсенбі күні Қапшағай соты Жұмағұловтың мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Бір күн бұрын халықаралық Адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Инга Иманбай аталған мекемеге әскер кіргізіліп, тінту болғанын, Алмат Жұмағұловтың соққыға жығылғанын хабарлаған еді. «Алмат Жұмағұлов соққыға жығылды деген ақпарат жалған. 26 сәуірде ЛА-155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары жүргізілді. Іс-шаралар мекемелерде қылмыстық жазаның орындалу заңдылығын қадағалау бойынша мамандандырылған прокуратура, ұлттық «Ұлан» қызметкерлері, сонымен бірге біздің ҚАЖ департаменті мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен өткен болатын. Тінту нәтижесі бойынша төрт ұялы телефон, жеті зарядтау құрылғысы, екі сим карта, алты ұялы телефон батареясы және 18 тесіп-кесетін зат табылды» деді Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Индира Нәзірбаева. Ол шараның «қолданыстағы заң аясында жүргізілгенін де» атап өтіп, «тінту шарасы кезінде ешкімге ешқандай жаза қолданылмаған» деді. Азаттық тілшісі ЛА-155/14 мекемесіне хабарласқанмен жауап ала алмады. 27 сәуірде Қапшағай қалалық соты Алмат Жұмағұловтың жазаның қалған бөлігін бостандықты шектеуге ауыстыру туралы өтінішін тағы да қанағаттандырмай тастаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тағы парақшасында хабарлады.
Қапшағай қалалық сотының өкілі Алмат Жұмағұловтың соты «бүгін өтіп кеткенін, қалған ақпаратты соттың баспасөз қызметінен алуды» сұрады.
Бұған дейін белсенді ерте босап шығу туралы бірнеше өтініш бергенмен, ешқайсысы қанағаттандырылмаған. Кейбір жақтаушылары марапаты көп белсендіні түрмеден шығармаудың саяси себебі болуы мүмкін деп санайды.
«Жиһадшылар ісі» бойынша жауапқа тартылған Алмат Жұмағұлов 2018 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының үкімімен сегіз жылға сотталған. Ол «терроризмді насихаттады», «ұлтаралық араздық қоздырды» деп айыпталған.
Құқық қорғаушылар белсенді Алмат Жұмағұловтың саяси көзқарасына байланысты қудаланып отырғанын айтады. Еуропарламент 2021 жылдың ақпан айындағы қарарында Нұр-Сұлтанды «саяси тұтқындарды» босатуды, оның ішінде Алмат Жұмағұловты да бостандыққа шығаруға шақырған.
Радио Азаттык
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.