Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

2021 ЖЫЛҒЫ 1-ШІЛДЕ МЕН 31-ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША АХУАЛҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

1 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Кумекбаев Қуандық, ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету), сот бүкіл мерзімге пробациялық бақылаумен 1 жылға бас бостандығын шектеуге және жәбірленушілер қорына 10 АЕК төлеуге үкім шығарды. Бұдан бұрын, 28 ақпан 2021ж., Қ.Кумекбаев бейбіт митингке шықты және мешіттің жанында оған 3 полиция қызметкері Т. Жұмабеков және басқалар тарапынан шабуыл жасалды, олар себебін түсіндірмей, оны зорлық-зомбылықпен автокөлікке итеріп, кіргізді. Содан кейін Қуандық күйзеліс пен өз өміріне үрей жағдайында бола тұрып, автокөліктің есігін жауып, оқиға орнынан Сарыарқа ауданының полиция басқармасының ғимаратына кетіп қалды.

1 шілде, сот тыйым салған ҚДТ көшбасшысы Мұхтар Әблязов 6 шілдеде Қазақстанның 18 қаласында ұлт көсбасшысы, Елбасы Н.Назарбаевтың туған күніне арналған митинг-монстрация жариялады, және осыған байланысты саяси қуғын-сүргін, қорқыту, митингі-монстрацияларға жол бермеу үшін азаматтарды тұтқындау және айыппұл салу басталды[1]. Сондай-ақ, ҚДП көшбасшысы Жанболат Мамай да 6 шілдеге митинг жариялаған.

1 шілде, Нұр-Сұлтан қ., белсенді Асқар Сембай, 488б. 1б. 25 тәулікке әкімшіліқ қамауға алынды[2].

1 шілде, Шымкент қ.,  Аштаев Жанмұрат, Абильдаев Нұржан и Файзуллаев Ерлан ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің алдында “Аштық” деген жазумен плакатты бастарына киіп, митингке қатысқаны үшін 10 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынды.

1 шілде, Шымкент қ., Қоншбаев Ермек, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің алдында митингке қатысқаны үшін 145 500 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

1 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Урдабекова Феруза, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша,  29.06.2021ж. Министрліктер үйінің алдында Бейбіт жиналыстар туралы заңмен белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін 102 095 теңге айыппұл салынды.

1 шілде, Алматы қ., Қытай Компартиясының 100 жылдығы күні Алматы қ. Қытай консулдығында 160 күннен астам пикетке қатысып жүрген 9 этникалық қазақ зорлық-зомбылықпен ұсталды. Олар барлық туыстарын қытайлық қайта тәрбиелеу лагерлерінен босатуды талап етті[3]. Барлығы жіберілді[4].

2 шілде, Орал қ., Уразбаев Амангелді ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша, 19.06.2021ж. “Қуғын-сүргінге жол жоқ” плакатымен митингке қатысқаны үшін 7 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

2 шілде, Нұр-Сұлтан қ.,  Ошақбаева Семигүл ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша, 14.06.2021ж. АҚШ елшілігінің алдында наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

3 шілде, Нұр-Слтан қ., ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында отырған Ербол Есхожин, Әділет есімді мекеме қызметкері тарапынан оның өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін қауіп туралы хабарлады. Оның шағымы прокуратураға жіберіліп, тексеру басталды.

3 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Өмірбаев Дархан және Төлеген Мұратбек ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі бойынша 27.03.2021ж. “Астаналық цирк” алаңында Фэйсбук әлеуметтік желісіне акцияға шақырғаны және Министрліктер үйінің алдындағы митингке қатысқаны үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

3 шілде, Орал қ., Өтебаев Бекболат, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 6-бөлігі бойынша 19.06.2021ж. “Қазақ халқының даңқты қыздары” алаңында митингке қатысқаны үшін 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды[5].

3 шілде, Шымкент қ., Көлбаев Ерғали, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 15.06.2021ж. ИЧ-67/11 тергеу изоляторының алдында  митингке қатысқаны үшін 12 тәулік әкімшілік қамауға алынды.  

5 шілде, Орал қ., Базенов Дастан мен Охасов Орынбай ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 19.06.2021ж. рұқсат етілмеген митингке қатысқандары үшін әрқайсысы 10 тәуліктен әкімшілік қамауға алынды. 

5 шілде, Ақтөбе қ., Қаласов Асқар  ҚР ӘҚБтК 434 б. 2б., 667б. 1б. бойынша 10 тәулік әкімшілік қамақуға алынды[6].

5 шілде, Қостанай қ., Зинченко Сергей ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі бойынша

6 шілдеде митингке қатысуға шақыру хатымен фотосурет орналастырғаны үшін 3 тәулік әкімшілік қамауға алынды. 

6 шілде,  әр түрлі қалалардағы ҚДТ және ҚДП жарияланған митингтерге қатысуға талпыныс жасағаны үшін белсенділер мен азаматтарды ұстау. Алматы[7], Ақтөбе[8],  Қостанай[9], Орал[10], Семей[11]. Алайда, қудалау және алдын ала ұстау мен қорқыту азаматтардың бейбіт митинг өткізуге өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік берген жоқ. Алматыда  полиция тағы да кеттлингті қолданды[12].

6 шілде, Қостанай қ., “Жеңіс” саябағында  6.07.2021 жылы сағат 12:00-де бейбіт жиналысқа (митингке) қатысқаны үшін Плясковский Алексей ҚР ӘҚБтК 488 б. 7б. бойынша 15 тәулік,  Санд-Ахмет Сандуғаш 488б. 6б. бойынша 1 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

6 шілде, Алматы қ., Достияров Даурен ҚР ӘҚБтК 434б. 1б., 10 тәулік әкімшілік қамау, Тоқтасынұлы Рысбек 10 тәулік әкімшілік қамау, Сұлтанов Уәлихан Алматы қаласындағы “Балуан Шолақ” атындағы Спорт сарайының жанындағы “қытай экспансиясына және қазақтардың геноцидіне қарсы” ҚДП және Жанболат Мамайдың жақтастарының митингісіне қатысқаны үшін 1 ай мерзімге психиатриялық ауруханаға жатқызылды[13].

6 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Мустафин Саркетпек, ҚР ӘҚБтК 488б., 14.06.2021ж. АҚШ елшілігі жанында саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, қоғамдық шара жиналысқа қатысқаны үшін 87 510 теңге айыппұл салынды.

6 шілде, Ақтөбе, Тубетова Айнагуль, Алимбаев Марат, Токин Берикжан ҚР ӘҚБтК 488б. 7б. митингке үндеу жазылған парақшаларды жапсырғаны үшін 145 850-ден 204 190 теңгеге дейін айыппұл салынды[14]

7 шілде, Алматы қ.,  06.07.2021 жылы Н.Назарбаевтың туған күнінде ұстаулар туралы ақпарат. Құқық қорғаушылардың деректері бойынша, наразылық акциясына қатысуға жол бермеу мақсатында 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әр түрлі қалалардағы 300-ден астам адам тұрғылықты жері бойынша алдын ала ұстау, қорқыту, күмәнді жауап алуға шақыру,  қудалау және оқшаулауға алынды. Сондай-ақ, бірнеше белсенділерге қорқыту мақсатында қастандық жасалды (К.Шоқанованы көлікпен қағып кету және  жолаушылар отырған белсендінің автокөлігіне тас жолда жүріп бара жатып, тас лақтыру)[15], сондай-ақ «АктивистыНеЭкстремисты» тобы жинаған ақпараттарының тізімі жарияланды[16].

7 шілде, HRW мәлімдемесі: «Қазақстан билігі бейбіт келіспеушілік жолын кесудің тұрақты әрекеттерін тоқтатып, салдары болмайтын сөз бен сын еркіндігін шешуге, ал оппозициялық құрылымдарға – өз қызметін бейбіт жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік беруге тиіс. Үкімет “экстремизм” анықтамасын Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру үшін қайта қарап, ҚДТ мен “Көше партиясы”-на тыйым салу туралы сот шешімдерін қайта қарау процесін бастауға тиіс[17].

7 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Айнұр Мырзалиева, 405-бап 1/2б. бойынша 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалануды қоса алғанда, қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнатылды, сонымен қатар А.А.Мырзалиева жазаны өтеудің барлық кезеңінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылды.

9 шілде, Қызылорда қ., Ержан Елшібаев ЗК-169/5 мекемесінде қарсылық білдіріп, оның қапасына қайрау құралының лақтырылуымен оған қарсы ұйымдастырылған арандатушылыққа қарсы ішін кесіп, өзін-өзі зақымдау әрекетін жасады[18], кейін бұл фактіні ҚАЖД растады[19].

9 шілде, Алматы қ., «Либерти» ҚҚ мен «Ар.Рух.Хак» ҚҚ құқық қорғау ұйымдары саяси тұтқын Ержан Елшібаевтың төңірегіндегі жағдай туралы мәлімдеме жасады[20]

9 шілде, Шымкент қ., Әміров Ерұлан, сот Ерұланды психиатриялық ауруханада ұстау мерзімін тағы 1 айға, 2021 жылдың 11 тамызына дейін ұзартты. Әміров Ерұлан 27 сәуірден бастап ҚР ҚК 174б. 1б. (“алауыздықты қоздыру”), 256б. 1б. (“терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру”) және 405б. 2б. (“экстремистік ұйымға қатысу”) бойынша ҰҚК тергеу изоляторында отырды. ҰҚК Қазақстан жастарына арналған бейне үндеуінде билікті сынауды білдіретін «жиһад» сөзі үшін Ерұланға қарсы қылмыстық іс қозғады. Белсенді зорлық-зомбылыққа шақырмайтынын, тек ҚР Конституциясы кепілдік бергендей өз ойларын еркін айтуды ұсынатынын ескертті. Қазақстан билігі бейбіт митингтерге қатысқаны үшін бір жылдан астам уақыт бойы Ерұлан Әміровты қудалауда. 2020 жылдың 3 маусымында оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері “Несиелерге рақымшылық”, “Карантин кезеңінде әрбір қазақстандыққа 50 000 теңгеден”, деген жазулары бар футболкалар үшін аяусыз ұрып-соққан[21].

9 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Жахин Серік, 405-бап 1/2б. бойынша 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалануды қоса алғанда, қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге қайта сотталды. С.Е.Жахинге пробациялық бақылау, оның ішінде негізгі жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде, 62 жасқа толғанға дейін жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбек белгіленді. Жәбірленушілерге өтемақы қорына 55 560 теңге (20 АЕК) мәжбүрлі төлем өндіріп алынсын.

9 шілде, сот тыйым салған ҚДТ жетекшісі Мұхтар Аблязов 17 шілде күні түрлі қалалардың жергілікті әкімдіктерінің жанында мәжбүрлеп вакцинациялауға қарсы митингілер жариялады[22]. Осыған байланысты жарияланған митингтерге қатыстырмау мақсатында азаматтарды саяси қудалау, қорқыту, тұтқындау және айыппұл салудың жаңа толқыны басталды.

10 шілде, Орал қ., Ескендірова Маруа, ҚР ӘҚБтК 488б. 11б., 12.06.21ж.  “Қуғын-сүргінге жол жоқ!” плакатын ұстап, митингке қатысқаны үшін 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

12 шілде, Көкшетау қ., Марат Жанұзақов пен Негметов Уәлихан 2021 жылдың 17 шілдесінде бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеген жауап алды. Жауапта рұқсат бермеудің себебі жазылмаған. Барлығы, 30.07.2020 жылдан 12.07.2021 жылға дейін Қазақстанның 22 қаласында бейбіт митинг өткізуге 110 рұқсат бермеу тіркелді. 110 рұқсат бермеудің – 80-і 2021 жылға сәйкес[23].

13 шілде, Орал қ., жергілікті билік қала орталығындағы алаңды жауып тастағанына қарамастан, адамдар сонда да шығып, мәжбүрлі вакцинацияға қарсы стихиялық митинг өткізді[24].

13 шілде, Алматы қ., АҚмЗСҚБ 2021 жылғы 6 шілдеде бейбіт акцияға қатысушылармен болған жағдай бойынша Алматы қаласының прокурорына өтініш жазды[25]. Құқық қорғаушылар Уәлихан Сұлтановтың құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдеді және ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, оның ішінде бостандық пен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына және білікті заң көмегіне құқыққа қатысты прокурорлық тексеру жүргізуді және У.Сұлтановтың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді талап етті.

14 шілде, «АктивистыНеЭкстремисты» коалициясының құқық қорғаушылары қазақстандық кәсіпкер, филантроп және құқық қорғаушы Барлық Мендығазиевтің саяси қудалауы туралы бірлескен есеп дайындады[26].

14 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Тастаев Нұрсұлтан ҚР ӘҚБтК 488б. 7б. бойынша ФБ желісінде 06.07.2021ж. өтетін митингке шақырғаны үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

14 шілде, Алматы қ., Избасаров Алимжан мен Достияров Абзал  ҚР ӘҚБтК 434б. 1б. бойынша 6 шілдеде митингке қатысқандары үшін 6 тәулік әкімшілік қамауға алынды[27].

15 шілде, Орал қ.,  Охасов Орынбай ҚР ӘҚБтК 488б. 11б. бойынша 26.06.2021ж. рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

15 шілде, Ақтау қ., Қорбақов Мерей, саяси тұтқын Мерей Қорбақовтың  адвокатының шағымы бойынша апелляциялық сот отырысы өтті және оған ҚР ҚК 380-бабы 2-бөлігінен 1-бөлігіне қайта сараланып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы 1 жыл 6 ай 10 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды және қамауда ұстау уақытын ескере отырып, 4 айға жуық “шектеу” қалды және сот залында босатылды.

16 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Есіл аудандық соты “Уральская Неделя” газетінің журналисті Лұқпан Ахмедьяровтың талап-арызы бойынша ҚР Қаржы министрлігіне Ахмедьяров Лұқпанның пайдасына БҰҰ АҚК шығарған шешімі негізінде моральдық зиянды өтеу туралы талап-арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартты[28].

16 шілде, Алматы қ., ОФ «Ар.Рух.Хак» ҚҚ президенті Б.Торегожина Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларында 405-баптың 1/2-бөлігі бойынша тергеу кезеңінде қамауға алынған 12 белсендіні ұстау жағдайы мен денсаулық жағдайы туралы ақпарат жариялап[29], ҚАЖК-дан тергеу изоляторларында ұстаудың тиісті жағдайларын жасау жөнінде дереу шаралар қабылдауды талап етті.

16 шілде, Орал қ.,  Ажгалиев Батырбек пен Бисекешов Демалыс ҚР ӘҚБтК 488б. 6б. бойынша 5 тәуліктен әкімшілік қамаққа алынды[30].

16 шілде, Алматы қ.,  Атинбаев Бауыржан ҚР ӘҚБтК 488б. 11б. бойынша Медеу АПБ жанында 24-25.06.2021ж.санкцияланбаған іс-шараға қайта қатысқаны үшін 12 тәулік қамауға алынды.

17 шілде, Қазақстанның бірнеше қаласында митингілер өтті, Ақтөбе қаласында 10 адам ұсталды, сондай-ақ үш жаңа Павлодар[31], Көкшетау[32] және Петропавл[33]қалалары митингтерге шықты.

17 шілде, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау с., Тұрдиева Ұлболсын  ҚР ӘҚБтК 73-3-б. 2б. Маңғыстау АІІБ-нің полиция қызметкері туралы “Facebook” әлеуметтік желісінде репост жариялағаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды.

17 шілде, Ақтөбе қ., Реймов Танат, Тубетова Айнагүл, Сарсенгалиев Ахмет ҚР ӘҚБтК 488б. 7б.  “17 шілдеде сағат 12:00-де бүкіл Қазақстан бойынша әкімдіктер алдында мәжбүрлеп вакцинациялауға қарсы митинг” деген үндеумен “WhatsApp” және “Instagram ” әлеуметтік желілерінде хабарлама жібергені үшін әрқайсысына 145 850 теңге айыппұл салынады.

17 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Бакаева Әсия  ҚР ӘҚБтК 488б. 11б. бойынша 14.06.2021 жылы “Саяси тұтқындарды босатуды”талап етіп, АҚШ елшілігінің алдында  наразылық акциясына қатысқаны үшін 145 850 теңге айыппұл салынды. 

19 шілде, Алматы қ., Абзал Достияров, әкімшілік сот 15 тәулікке қайта соттады[34]

19 шілде, Ақтөбе облысы Мәртөк ауылы, Роман Рейхерт ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза, ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген. Сараптама жүргізгені үшін 4590 теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындары және Жәбірленушілер өтемақы қорына 43 755 теңге (15 АЕК) мөлшерінде мәжбүрлі төлем мемлекет кірісіне өндірілді.

21 шілде, Алматы қ., Байболат Күнболат Facebook әлеуметтік желісіндегі  аккаунттарын кезекті бұзылғаны туралы хабарлады[35]

21 шілде, Алматы қ., Қазақстанның саяси тұтқындарының тізімін кеңейту туралы баспасөз хабарламасы жарияланды. Оған 3 адам: Асылхан Жаубатыров, Бекижан Мендыгазиев және Ерұлан Әміров[36]кірді.

21 шілде, Жезқазған қ., Насырханов Бүркітбай, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамдық, саяси қызметпен айналысу құқығынан (оның ішінде БАҚ және әлеуметтік желілер) 3 жыл мерзімге айыра отырып, 1 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілді. Жәбірленушілер өтемақы қорына 27 870 теңге (10 АЕК) мәжбүрлі төлем өндірілді.

22 шілде, сот тыйым салған ҚДТ жетекшісі Мұхтар Аблязов 31 шілдеде әр түрлі қалалардың жергілікті әкімдіктерінің жанында “Бізде таңдау болуы тиіс!” ұранымен  “Спутник-V” мәжбүрлі вакцинацияға қарсы митингтер жариялады[37]. Осыған байланысты жарияланған митингтерге жол бермеу мақсатында азаматтарды саяси қудалау, қорқыту, тұтқындау және айыппұл салу толқыны жалғасты.

23 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Сембай Асқар ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 14.06.2021ж. АҚШ елшілігінің жанындағы пикетке қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

23 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Мұсабаев Марат ҚР ӘҚБтК 488-бабы 12-бөлігі бойынша 31.06.2021 жылы өткен митингке шақырумен “WhatsApp” тобында видео таратқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

24 шілде, Орал қ., Ескендірова Маруа ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 05.06.2021 жылы митингке қатысқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды.

24 шілде, Орал қ., Өтебаев Бекболат ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша “Қазақ халқының даңқты қыздары” алаңында 13.07.2021ж. митингке қатысқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

23 шілде, «АктивистыНеЭкстремисты» құқық қорғау тобы 2021 жылдың 17 шілдесінде бейбіт наразылықтарға байланысты саяси қуғын-сүргіндер тізімін жариялады. “Қазақстанның демократиялық таңдауы” (“ДВК”) қозғалысы жариялаған Сovid-19-ға қарсы мәжбүрлі вакцинациялауға қарсы және саяси тұтқындарды босатуды талап етуіне байланысты: алдын ала қудалау (9-16 шілде аралығында): 14 қала мен елді мекенде 24 жағдай (оның ішінде 15 тәулікке дейін 7 әкімшілік қамауға алу). 17 шілдедегі наразылық күні: 69 қала мен елді мекенде 15 жағдай (кем дегенде 37 ерікті ұстау, 1 әкімшілік қамауға алу 20 күн, 4 әкімшілік айыппұл 341 $ дейін)[38].

24 шілде, Ақтөбе қ., Тубетова Айнагүл, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі бойынша  мәжбүрлі вакцинациялауға қарсы 2021 жылдың 24 шілде күнгі митингке әлеуметтік желілерде шақырғаны үшін 145 850 теңге айыппұл салынды.

25 шілде, Ақтөбе қ., Сарсенгалиев Ахмет, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі бойынша «Covid 19» қарсы  мәжбүрлі вакцинациялауға қарсы 24.07.2021ж. шеруге шақырғаны үшін 7 тәулік қамауға алынды.

26 шілде, Атырау қ., апелляциялық сот 1-ші саты үкімінің күшін жойып, ҚР ҚК 262-бабы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету) бойынша кінәлі деп танып, KSS қызметкерлеріне: Бауыржан Жүсіповке 5,6 жыл, Наталья Дәулетьяроваға 7 жыл, Ринат Баткаевқа 5 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындап, жаңа саяси уәжді айыптау үкімін шығарды. Бұл саяси уәжді қудалау Барлық Меңдіғазиевтің бейбіт құқық қорғау және меценаттық қызметімен байланысты[39].

26 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Жүнісов Жәнібек, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталып, БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға 3 жылға тыйым салынды. Тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді. Жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылды және жәбірленушілер өтемақы қорына 10 АЕК төлем төлеу анықталды[40].  

26 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Өмірбаев Дархан ҚР ӘҚБтК 488-бабы 12-бөлігі бойынша “Instagram”әлеуметтік желісінде 01.05.2021ж. митингке шығуға ақпарат таратқаны үшін 7 тәулік әкімшілік қамауға алынды[41].

26 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Тастаев Нұрсұлтан ҚР ӘҚБтК 488-бабы 12-бөлігі бойынша “Фейсбук”әлеуметтік желісінде 10.07.2021ж. митингке шығуға ақпарат таратқаны үшін 7 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

27 шілде, «АктивистыНеЭкстремисты» құқық қорғау тобы “Karachaganak Support Services” (“KSS”) ЖШС менеджерлерімен Бауыржан Жүсіповке, Наталья Дәулетьяроваға және Ринат Баткаевқа қатысты жағдай бойынша саяси уәжді үкімнің күшін жою талабымен бірлескен мәлімдеме жасады[42].⠀

28 шілде, Қарағанды қ., “Feminita” ҮЕҰ белсенділері Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан іс-шараға кедергі келтірген агрессивті жиналған тобыр тарапынан қауіп-қатерге ұшырады. Полиция семинарға қатысушыларды қауіпсіз жерге шығаруға мәжбүр болды[43]

29 шілде, Алматы қ.,  Бейсалиев Бекен, Аширалиев Ануар, Қасымбеков Құрамангазы  и Шорманов Мұрат ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 13 белсендіні қолдау мақсатында Алмалы аудандық сотының жанындағы 27.07.2021 жылғы наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәуліктен 20 тәулікке дейін қамауға алынды.

29 шілде, Орал қ., Охасов Орынбай  арнайы қабылдау орнынан шықпай қатарынан 3 рет қамауға алынды. ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 30.06.2021ж. санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды[44].

30 шілде, Қапшағай қ., саяси тұтқын деп танылған Әсет Әбішев ЛА-155/14 мекемесінен (Заречный кенті) қамау мерзімінің 2/3 бөлігін өтегеннен кейін босатылды[45]. 2018 жылдың қараша айында Алматы қаласының соты Әбішевті М.Аблязовты қолдағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырған.

30 шілде, Алматы қ.,  Хуаныш Досжан ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 13 белсендіні қолдау мақсатында Алмалы аудандық сотының жанындағы акцияға қатысқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды.

30 шілде, Павлодар қ., Мысик Елена “WatsApp” мессенджерінде мәжбүрлеп вакцинациялауға қарсы 2021 жылғы 31 шілдедегі митингке шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігімен 102 095 теңге айыппұл салынды.

30 шілде, Талдықорған қ., Макажанов Сабыр ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы (“жала”) бойынша кінәлі деп танылып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сотталушының кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, айыппұл 30% – ға қысқартылды[46].

30 шілде, Алматы қ., “Ар.Рух.Хак” ҚҚ 31-шілдеде вакцинацияға қарсы жарияланған митинг алдындағы қудалау жөнінде жинаған ақпарат. 12 адам қамауға алу және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды[47].

31 шілде,  www.kuresker.org сайты 22-31 шілде аралығында Қазақстанда азаматтық белсенділерді полицияның алдын ала қудалауы туралы талдамалық анықтама жариялады[48].

31 шілде, Нұр-Сұлтан қ., Мустафин Саркетпек, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі бойынша 31 шілде күні митинг өткізу туралы үндеумен “Telegram” мессенджерінде пост орналастырғаны үшін 145 850 теңге айыппұл салынды. 

****

[1] https://www.facebook.com/mukhtar.ablyazov/posts/2285839624883918

[2] https://www.facebook.com/sabitov.aibek.9/posts/204827951556919

[3] https://tirek.info/9-zaderzhannyh-mirnogo-protesta-u-konsulstva-knr/

[4] https://t.me/NotExtremists/4157

[5] https://tirek.info/eshhe-odin-uchastnik-golodovki-v-uralske-arestovan/

[6] https://rus.azattyq.org/a/31343641.html?fbclid=IwAR07TvD1G48hEGdUcqh-ryOx5NfVm7YuY3GCZlnotX0DQGZNC4DpaXXdUN4

[7] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-rally-against-rising-prices-and-chinese-expansion/31343240.html?fbclid=IwAR3SdNkmOLMlazO2coSCYYHl8bXPMI9qEGCVM8auo4peO5ej8ySOXiK9kOo

[8] https://rus.azattyq.org/a/31343878.html?fbclid=IwAR2fz6kQtetWXIHb_QOq28FZ-hdQSX-Ouyq0YJeO-YtVLRQ31OYOoOhny-k

[9] https://kaztag.kz/ru/news/aktsiya-protesta-protiv-prinuditelnoy-vaktsinatsii-sostoyalas-v-kostanae?fbclid=IwAR1TIun7Rp4qZX1yYWS8_ihLj1XlL4o6qNJ5C1cQZp6eHNVLyM6uDEEX-6s

[10] https://rus.azattyq.org/a/31344062.html?fbclid=IwAR3L0GQDjsowXme54YKOwhgaHfdoX0W1IjO0hNKxGZjyqFYxiIsLYTSS8c8

[11] https://rus.azattyq.org/a/31344210.html?fbclid=IwAR3q0YOANotsQgUlIpj-ZI3YI50TeRYocKYoCAPVYz8WVFDMAXHYHJTyudA

[12] https://tirek.info/kettling-aresty-i-nasilie-prazdnik-udalsya/

[13] https://rus.azattyq.org/a/31352044.html?fbclid=IwAR2MnPk9GaT-6K0qRrgYEOethfuihHi96H_-37s7cGxQC3PI2nS8XR8vKV0

[14] https://tirek.info/zaderzhaniya-v-g-aktobe/

[15] https://tirek.info/svedeniya-po-zaderzhaniyam-v-den-rozhdeniya-n-nazarbaeva-06-07-2021-goda/

[16] https://t.me/NotExtremists/4089

[17] https://www.hrw.org/ru/news/2021/07/06/379156?fbclid=IwAR00nxcj411Y5ep_knIZziq8nE6uAnCOw6ipAzTcA8gW1Y7nEc_sTAx8SWQ

[18] https://tirek.info/chlenovreditelstvo-v-znak-protesta-chto-proishodit-s-politzaklyuchennym/

[19] https://tirek.info/duis-podtverdil-nanesenie-elshibaevym-sebe-telesnogo-povrezhdeniya/

[20] https://tirek.info/zayavlenie-of-liberti-i-of-ar-ruh-hak-o-situatsii-vokrug-politzaklyuchyonnogo-erzhana-elshibaeva/

[21] https://tirek.info/politicheskoe-presledovanie-amirova-erulana/

[22] https://www.facebook.com/mukhtar.ablyazov/posts/2292272014240679

[23] https://t.me/NotExtremists/4128

[24] https://tirek.info/narod-vyshel-na-miting-protiv-vaktsinatsii-v-uralske/

[25] https://tirek.info/zayavlenie-prokuroru-g-almaty-po-situatsii-s-uchastnikami-mirnoj-aktsii-6-iyulya-2021-g/

[26] https://ru.odfoundation.eu/…/35314,politicheskoe…/?fbclid=IwAR0DRMK6phl3aU5102Ee2wLhZU4jHhTH48HsSwxhgqlQiEMwRqtfnUnM5H0 на eng https://en.odfoundation.eu/a/37387,political-persecution-of-barlyk-mendygaziyev/

[27] https://tirek.info/dvuh-uchastnikov-aktsii-protesta-6-iyulya-v-almaty-otpravili-pod-arest/

[28] https://mediazona.ca/news/2021/07/16/lukpan

[29] https://tirek.info/informatsiya-po-12-sledstvenno-arestovannym/

[30] https://rus.azattyq.org/a/31362600.html?fbclid=IwAR0rSTrIL9EpamscPXhQ8qGP2-C3nVnOkiojI4UJUyAeOHKcibj-ZxLvfSE

[31] https://mediazona.ca/news/2021/07/17/pavlodar

[32] https://www.facebook.com/Infonews1612/posts/570103857735901

[33] https://inbusiness.kz/ru/last/protivniki-prinuditelnoj-vakcinacii-vyshli-na-ploshad-v-petropavlovske

[34] https://rus.azattyq.org/a/31367209.html?fbclid=IwAR2usVlaqCGo3dnv1yxTycOsKPuS0Vv6H9_da5mNkx6QLqMB2O_S5u7HVCs

[35] https://t.me/NotExtremists/4313

[36] https://tirek.info/rasshirenie-spiski-polituznikov-21-07-2021-goda/

[37] https://www.facebook.com/mukhtar.ablyazov/posts/2303153019819245

[38] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/permalink/3038498869802709/

[39] https://t.me/NotExtremists/4358

[40] https://rus.azattyq.org/a/31377643.html?fbclid=IwAR2wlRcWf2024G28ZtEpSpqYLESYvJkymUBpUiGVVzDQ9PHz7pL1S1KZih8

[41] https://tirek.info/presledovaniya-pered-mitingom-31iyulya/

[42] https://bureau.kz/novosti/zayavleniya_i_obrasheniya/sovmestnoe-zayavlenie-po-delu-kss/

[43] https://rus.azattyq.org/a/31383678.html

[44] https://rus.azattyq.org/a/31384404.html

[45] https://rus.azattyq.org/a/31385029.html

[46] https://t.me/AdalSotKz/644?fbclid=IwAR0SBVujnOtnefGzSNaYwQ-LPuOzs6a5uouHt2oMFMfV05LdfOLlR6nx4rI

[47] https://tirek.info/svedeniya-po-administrativnym-arestam-pered-mitingom-31-07-2021/

[48] http://kuresker.org/archives/3918 или https://tirek.info/grazhdanskie-aktivisty-kazahstana-22-31-iyulya-2021/

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.