Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Ақтөбеде оққа ұшқан жігітке қатысты видео шықты

Ақтөбедегі дүрбелең кезінде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың қалай көз жұмғаны видеоға түсіп қалған.

Русланбектің қарындасы Жайнагүл Бүркітқызы ағасының қолында ешқандай суық қару болмағанын айтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қарындасы ағасының қалай оққа ұшқаны туралы бейнежазбаны қолына түсірген.

“Видеода менің ағам қашып келе жатыр. Қоқыс контейнерінің қасынан оқ атылды. Сол жерде көліктің артына құлап қалды. Екі бала сүйреп подъезге қарай алып келе жатыр. Ол балаларда қайда қашарын білмей жүр. Ағамның қолында қару, пышақ, автомат жоқ. Пышақ, есірткі болды деген ол өтірік. Аққа Құдай жақ. Бәрібір шығады. Видеода аяқ асты табылып тұр,” — дейді қарында

Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңның 21-1 бабына сәйкес, терроризм актісін жасау салдарынан, сондай-ақ, олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты, өздеріне катысты қылмыстық іс қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу ҚР Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерлеген орын туралы хабарланбайды.

Бұған дейін Ақтөбеде оққа ұшқан жігіттің әкесі ұлының сүйегін ала алмай жүргенін жазған едік.

Поделись, чтобы люди узнали:
.