Жаңаөзенді қаралау = 100 мың ₸
Karin Erlan & ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ұят болсашы. Бірлікке жатып алған госпропоганда биліктің жұмысындағы ошақтай орды бүркеу үшін бір моноқаланы ішінара қырқыстырып, бір-біріне айдап салғаны, оралман-жергілікті деп алалаған арсыз беймораль АРгументі жиіркенішті. Ештеңеден тайынбайды. Сөзім жоқ. Халық наласы сол көзін шел басқан антижаңаөзеншілдерді табады.
Жетібай-Жаңаөзенде тұрмысы кедей көп, соған күйінеді. Ал Астанада абыройын аз-маз ақшаға сататын арға кедейлер көп екен прайсына көз жоқ күйелеп беретін.
Мемлекет халықтың жанайқайын жеткізгеннен емес, мәселені бүркейтін, жылы жауып қоятын, аз күндігі үшін бәріне көз жұматын аярлықтан күйрейді.
Инфляцияға сай қаралау құны да еселеп өсіпті. Бір жағы, республикалық деңгейдегі мәселе болғасын шығар.
Култегин Аспанулы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.