Тамыздың 18-і күні Азамаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетіктері тобының өкілдері Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан саяси тұтқын Арон Атабекке барды.
Кездесу барысында Арон Атабек топ мүшелеріне денсаулығына байланысты шағымдарын айтқан.
«Екі қолым аурады, жоғары көтере алмаймын, бүгілмейді, қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғым да ауырады, камера ішінде ғана жүремін, серуенге шығудан бас тарттым. Таксафонға коляскамен барамын. Этапта соққыға жыққан кездегі жарақаттарым болу керек. Толық (медициналық-ред) тексеруден өтуді ұсынды, бірақ мен одан бас тарттым. Себебі менің жасымда сәуле (облучение) алу қауіпті деп есепеймін», – деген Арон Атабек.
Мекеме әкімшілігі топ мүшелеріне Арон Атабектің амбулаториялық картасын көрсеткен. Онда ол 04.08.2021 жылы қан анализін тапсырудан, флюрографияға түсуден, буындарын ренгенге түсіруден бас тартқандығы жазылған. Мекеме басшысы Қапышев Әділхан Темкенұлы Арон Атабек медицина қызметкерлерінің бақылауында екендігін айтқан.
№228 медициналық хаттамасында Арон Атабектің сүйек-буыны ауыратындығы, екі қолының да саусақтары деформацияланғаны, жарты жылдан бері іш қату салдарынан үлкен дәретке баралмай, клизма алатындығы және жүргенде өнебойы дірілдейтіні жазылған.
Бұдан бөлек, хаттамада оның 30.07.2021 жылы медициналық тексеруден бас тартқаны жөнінде, кейіннен терапевт дәрігердің тексеруді камерада өткізгендігі жөнінде айтылған. Дәрігер Арон Атабекке церебросклероз, дисциркуляторлық энцефалопатия, стенокардия, созылмалы гастрит, созылмалы геморрой, қол-аяқтың артрозо-артитті диагноздарын қойып, жалпы клиникалық анализ тапсыруға, витаминдер ішуге, невропатолог пен кардиологқа баруға, УЗИ, ОБП және ренгенге түсу кеңес берген. Бірақ Арон Атабек оның барлығынан бас тартқан.
Кездесу барысында Арон Атабек бұған дейін құқық қорғаушы Елена Семенова сәлемдеме алып келіп тұрғанын, бірақ ұзақ уақыттан бері келмей кеткенін айтқан. Кездесу соңында Арон Атабек мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазбайтынын, үш жылдан кейін бостандыққа шыққан соң толықтай өтемақы төлетуге шағымданатынын жеткізген. Бұған қоса мекеме басшысынан мерзімінің соңына дейін ешқайда ауыстырмауын сұрап, соңына дейін осы жерде қалатынын мәлімдеген.
https://bureau.kz/kk/ysty%D2%9B/quqyq-qorghawshylar-aron-atabekpen-kezdesti/?fbclid=IwAR240kadsIrt3ztftS0uO3622hLFS1PTwag8XClCcj86iogNkNvY5HgAFo4
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.