Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Тараздағы сот: Істе Қаңтарда қаза тапқан бес адам күдікті деп танылған

23 қараша күні Тараз қаласының №2 соты Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған тоғыз адамның ісін қарауды бастады. Іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев, Тоқтар Ошақбай және Исатай Донбаев Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, қаза тапқан. Үш айыпталушы сот залына тергеу изоляторынан жеткізілді. Бір адам үйқамаққа алынған. Істі судья Бағдат Төребекұлы қарауда.
Сотта Райс Рысбековтың адвокаты Жанар Қисықова судьядан істі қайта тергеуге жіберуді сұрады. Оның сөзінше, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде өрескел заң бұзушылықтар болғанын және сотталушылардың заңды өкілдері мен қорғаушыларына айыптау актісі тапсырылмаған.
– Қайтыс болған сотталушылардың заңды өкілдері мен қорғаушыларына айыптау актісі табысталмаған. Бұл жөнінде тергеушілермен сөйлестік. Олар «прокурордан аласыздар» деді, болды. Айыптау актісінің көшірмесі Процессуалдық Кодекстің 304 бабында сәйкес, берілуі тиіс, – деді Қисықова.
Адвокаттың істі қайта тергеуге жіберу туралы өтінішін өзге сотталушылардың заңды өкілдері мен қорғаушылары да қолдады.
Күдікті Керімбаевтың адвокаты Секербеков Қисықованың өтінішін қолдап, қайтыс болған сотталушылар мен қамауда отырған күдіктілердің ісін екіге бөліп қарау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, іске тартылған адамдардың бір-бірімен ешқандай қатысы жоқ, бірін-бірі танымайды да.
– Қылмыстық процессуалдық кодекстінің 44 бабының 4 бөлігінде жеке істі бөлектеп қарау көзделген. Яғни, жан-жақты, бейтарап қарау мақсатында істі бөлектеу керек. Бұл адамдардың бір-бірімен ешқандай қатысы жоқ. Егер бұл адамдар бір-бірімен сыбайлас, ұйымдасқан топ болса бірге қарауға болатын еді, – деді Секербеков.
Прокурорлар адвокат Жанар Қисықованың келтірген уәждерімен келіспейтінін айтып, судьядан істі қайта тергеуге жіберу өтінішін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
Судья Бағдат Төребекұлы өтінішті қарау үшін кеңесу бөлмесіне кетті және келесі сот процесін 24 қарашаға қалдырды.
24 қараша күні «Masa.media» тілшісіне сотталушылардың туыстары судья Төребекұлы өтінішті қанағаттандырмағанын айтты.
Қайтыс болғаннан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бес адамның туыстары тағылған айыптармен келіспейді. Олар қозғалған істі тоқтатып, жақындарын толық ақтауды сұрайды.
Райс Рысбековтың анасы Индира Балтабайқызы баласына тағылған айыпты нақтылайтын дәлел жоқ дейді.
– Істе баламды (Райс Рысбеков – ред) 4 қаңтарда ту алып шығып, «Алға Қазақстан!», «Аруақ!» деп айғайлады. Оқ атып келе жатқан БТР-ға тас лақтырып, солдаттарды ұрып-соқты деп көрсетілген. Жала жауып отыр. Ешқандай видео-фото дәлел жоқ. Балам қаңтардың 6-ынан 7-іне қараған түні қайтыс болған. Олар істе 5-і күні қайтыс болды деп жазып, төрті күні үстінен іс қозғап жіберген. Митинг басталған күні іс қозғаған. Мен оның ешқайсысымен келіспедім. Баламды соңғы демім қалғанша ақтаймын, – деді Балтабайқызы.
Қаңтарда оққа ұшып, қайтыс болған Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев, Тоқтар Ошақбайдың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 272 бабының 2 бөлігі бойынша «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» іс қозғалған. Бес адамның өліміне байланысты бірде-бір іс қозғалмаған. Туыстарына жақындары кімнің оғынан қаза тапқаны жөнінде де айтылмаған.
 
Возможно, это изображение 2 человека, книга и на открытом воздухе
Возможно, это изображение 2 человека и люди стоят
Возможно, это изображение 3 человека и люди стоят
 
КМБПЧ  Фейсбукта паракшасы
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.