Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

«Тәуелсіз журналисті экстремист жасамақ» пресс-конференциясы

Маусым айының 23-і күні Адам құқықтарын қорғау бюросында сағат 11:00-де тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

«Не дейді?» ютуб арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім билікті ашық сынап жүрген журналист. Ол 19 наурызда өткен парламент сайлауынан кейін «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген желеумен бірнеше рет әкімшілік қамауға алынған. Соңғы рет мамыр айының соңында 25 тәулікке қамалып, 22 маусымда бостандыққа шығуы тиіс болған. Бірақ «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптарымен изолятордан шықпастан 48 сағатқа қайтадан қамалды.

Спикерлер:

Адвокат — Ғалым НҰРПЕЙІСОВ

Әкесі — Алмаз ТІЛЕПОВ

Қоғам қайраткері — Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Қоғам қайраткері — Жарқын КҮРЕНТАЕВ

Өтетін орны: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро баспасөз орталығы.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, 8-ықшам аудан, 4 а үй, 425 кеңсе

 

 

Пресс-центр КМБПЧ

 

https://bureau.kz/press-czentr/t%d3%99uelsiz-zhurnalisti-ekstremist/

Поделись, чтобы люди узнали:
.