Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Түрмедегі Думанның шағымы

Түрмедегі Думанның шағымы.
Жаңа ғана әкесі кездесуден шыға салып осы хатты жіберді.
Алматы облыстық сотына шағым.
 
Мойындаймын. Кезінде мен жалаңаяқ журналист едім. Дәл Ақорданың және оның басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың арқасында мен Мұхамедкәрім Д.А. журналистикадан саяси белсенділікке, белсенділіктен оппозициялық саясаткерге айналып шыға келдім. Алайда сіздер мені тым асыра бағалап жіберген сияқтысыздар. Бірінші сотты жабық қылып, жабық сотты екі автобус арнайы жасақ , өрт сөндірушілер машинасы және бронетранспортпен қоршап менің мерейімді асқақтатып, абыройымды көтеріп жібердіңіздер. Бүкіл Конституциялық құқығымды бұзып ашық айқаста алысу құқығынан айырдыңыздар. Енді міне екінші сатыдағы апелляциялық сот отырысында Заңға қайшы жабық қылып тастадыңыздар. Ұят ай. Тағы бір жабық сотпен қорғану құқығынан айырғандарыңыз аздай, енді мені іспен таныстырмай жатқандарыңыз тіпті ұят. Кеше 21.10.2024 ж күні Алматы облыстық соты мені тағы мазақ қылды. Сырылған, аудиосы мен видеосы сәйкес келмейтін дұрыс естілмейтін және датасы быт-шыт шатасқан бес дискіні алдыма тастады. Мен алғашқы инстанцияның видео материалымен мүлде дұрыс таныса алмадым. Сондай ақ облыстық соттың хатшысы (өзін Саян деп таныстырған) қосымша үш томдық істің маған көшірмесі берілмейтінін айтты. Сонда қалай? Мені жабық сотпен, жалған айыппен соттап жатқандарыңыз аздай енді менің қолыма құжаттарды беруге қорқып отырсыздарма? Ұят ай. Бос сөзді қойып іспен дұрыстап таныстырыңыздар және бүкіл материалдардың көшірмесін қолыма беріңіздер. Ашық айқасқа шығыңыздар немесе соттамай-ақ ата салыңыздар. Әйтпесе мына цирктеріңізден мен өзім ұялып біттім.
 
Құрметпен Ұры жүйенің қас жауы Мұхамедкәрім Д.А.  22.10.2024 жыл
 
 
Возможно, это изображение текст
 
Абзал Достияр
 
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мухамедкарим ДуманБольше записей в Мухамедкарим Думан »
.