Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Түрмедегі бесеудің хаты

Өткен күзден бері қамауда отырған бес қоғам белсенділері түрмеден төмендегідей хат жазып менің жалпақ жұртқа жария етуімді сұрапты, бұл кісілердің ісі сотқа жетті, жақын күндері сот отырыстары басталады, мен аманаттарын орындадым, оқып шығып бөлісе кетсеңіздер жақсы болар еді.

Үндеу хат!
Бізді, бес азаматты 29-шы қыркүйек күні үйімізден тұтқындап тергеу изоляторына әкеліп қамап қойды.Міне бүгінгі күні бесеуіміздің қапаста отырғанымызға 8 ай болды.
Үшеуіміз зейнеткерміз, 65 және 67 жастамыз, екеуі 56 жаста.
Бізге тағылған айып ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 272-ші бабының 1-ші тармағы “Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру”. Бұл айып Мирзожоджаев дегеннің нөмірі 2242-ші сараптамасы негізінде тағылған. Жалпы 272-ші бап бойынша айып бізден бөлек тағы сырттағы жеті адамға тағылған. Одан соң сол Мирзаходжаевтың 14-ші наурыз күні нөмірі 3897-ші тағы бір сараптамасы шықты.
Сараптама қорытындысынан:
Міне осы сараптама негізінде сырттағы жеті адамнан 272-ші баптың 1-ші тармағы бойынша тағылған айып толық алынып тасталды, әрине бұл өте дұрыс шешім болды, себебі ол кісілер 272-ші 1-ші бабына сәйкес келетіндей ешқандай іс-әрекет жасаған емес.
Ендеше олармен бірге іс-әрекет жасаған бізден де 272-ші бап бойынша тағылған айып толық алынып, бізді қамаудан босатуы керек! Халықтың арасында жұмыс істеп жүрге біздер Тәуелсіздік алғалы бері тарихымызда алғаш рет пайда болған азда болса демократиялық принциптерге сай жалпыұлттық жобаларды іске асыруға атсалысып жүрген азаматтармыз. “Қоғамдық қадағалау” заңын министрліктер, әкімдіктер іске асыра алмайды. “Қоғамдық қалағалау” заңын іске асыруға тек қатардағы қарапайым азаматтар ғана іске асыра алады. Себебі бұл заң халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелердің жұмысын қоғам өзі қадағаласын деп шығарылған.
Біздің ойымызша бізге 272-ші баптың 1-ші тармағы бойынша айып тағып, қамап қойған соң бізге байланысты істі ашып жүргізіп отырған Ішкі Істер Министрлігінің қызметкерлері өздерінің қылмыспен тең ауыр қателіктерін жасыру үшін бесеуімізге таза жала жауып, құрбандыққа дайындап отырғанға ұқсайды. Кінәсіз бес азаматты 8 ай бойы қамап қойған өздерінің заңсыз әрекеттерінен өздерін ақтап алу, сөйтіп бізді құрбандаққы шалу. Осыған байланысты бізге қатысты әділетсіз сот үкімі шығатын қаупі бар. Сондықтан біздің сот процестеріне қатысуға ҚР Президенті әкімшілігінен, ҚР Сенатынан, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкілдігінен өз өкілдеріңізді жіберулеріңізді сұраймыз.
Келесі Мәжіліс депутаттарын: Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Еділ Жаңбыршин, Бақытжан Базарбек, Мақсат Толықбай бәріңізді біздің сот отырыстарына қатысуларыңызды сұраймыз, басқа да депутаттар қатысамыз десе нұр үстіне нұр болар еді. ҚР сот шешімдері “Әділеттілік-Әділетсіздік” деген ұғымның термометрі.Сондықтан көрсетілген мемлекеттік органдардың ҚР Президентінің жариялаған “Әділетті Қазақстан” саясатын іске асыруға өз үлестеріңізді қосқыларыңыз келсе сот процестеріне қатысыңыздар. Бұл “Әділетті Қазақстан” саясатын іске асырудағы өте әсерлі тәсіл.
Әділетті Қазақстан бәрімізге өте,өте қажет, себебі-әділетсіздіктен халқымыз әбден шаршады, әбден қажыды. Әділетті Қазақстанды ұрпақтарымыз үшін құрап беру әрқайсымыздың тікелей табиғат берген Аталық, Аналық міндетіміз. Ең болмаса ұрпақтар әділетті, мейірімді қоғамда өмір сүрсін!
Қысқаша біздің қоғамдық жұмысымыз туралы. Біз сырттағы жеті адамды қосқанда 12 кісі болып “Қоғамдық Қадағалау”заңы аясында әрекет етіп жүргенбіз. Ауыл және аудан әкімдерін сайлауды, депутаттарды мажоритарлы жүйесімен халық өзі сайлауы мәселесін көтердік, петиция жұмысымен айналыстық, салынып жатқан жол сапасын мамандармен бірге тексеруге қатыстық.
10-шы қазан күніне тағайындалған Атом Электр Станциясының құрылысына байланысты референдум қарсаңында өз пікірімізді ашық білдірдік. Басқа заңға қайшы еш әрекет жасаған емеспіз.
Құрметпен 8 айдан бері жазықсыз тар қапаста отырған бес азамат.
Нұрлан Жаулыбаев.
Фазылжан Сыдықов.
Нұрлан Темірғалиев.
Айдар Мүбараков.
Жанат Қазақбай.
ЛА-155/18 Тергеу Изоляторы.
Алматы қаласы, Красногорская көшесі 73-ші үй.

Возможно, это изображение 5 человек и текст

 

Абзал Достияр

 

https://web.facebook.com/abzal.dostiyar/posts/pfbid0HBuh99FsJe9n7caEwEQSvPoyamrAQgpsBctnmi7Djw24vBaJksG5FA4MKJndq32Tl

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.