Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Шымкенттік белсендіге ОҚО ішкі саясат бөлімінің арызымен іс қозғалған

Шымкенттік белсенді Сүйін Абулданың “қадыр-қасиеті мен ар-намысына тигені үшін” айыпталып жатқан белсенді Ардақ Әшім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы өзіне қатысты ОҚО ішкі саясат бөлімінің арызы бойынша екінші іс қозғалып, тергеуге шақырылғанын жазды.

«Кеш жарық құрметті достар! 
Бүгінгі сот отырысының жалғасы 12 наурызға, сағат 11: 00 белгіленді.

Біріншіден: бүгін ОҚО ішкі саясат бөлімі, менің үстімнен ОҚО ішкі істер департаментіне арыз түсіріп, маған тағыда қылмыстық іс қозғатып отыр. Тергеушінің алдында 4 сағаттай болдым.
Сондағы тағар айыптары менің 2016-2017-2018 жылдары жазған жазбаларым екен.

Екіншіден сүин батырдың менің үстімнен қылмыстық іс қозғатып, сотқа беруі мен оқо ішкі саясат бөлімі екеуінің бір уақытта қатарынан қылмыстық іс қозғатуы кездейсоқтық деп ойлайсыз ба?… Тіпті де олай емес сияқты. 
Осы нәрселер алдын-ала жоспарланған іс әрекет деуге негіз бар сияқты. Егер осыған көз жеткізгіңіз келсе, онда сіз мына төмендегі ссылканы ашып қараңыз…», – деп жазды Ардақ Әшім.

Ардақ Әшім телефон арқылы бізге бүгін де тергеуші шақыртуымен ОҚО ішкі істер басқармасына, тергеуге келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кеше тергеуші мейрамдарға қарамастан күнде тергеуге шақыратынын айтқан. Ол тергеуге ОҚО әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі арызы негіз болғанын растады.

Естеріңізге сала кетейік Ардақ Әшім қазір басқа белсендінің арызы бойынша соттасып жатыр.

Азаматтық белсенді Сүйін Абулда Ардақ Әшімді Facebook-те өзін “Марал Құрылтай” және “Қазақ қаны қазақ” атты аккаунттар ашып, тапсырыспен жұмыс істейтіні” туралы жазғаны үшін сотқа берген. Сүйін Абулда бұл акаунттарды ашпағанын айтып, Ардақ Әшімді “қадыр-қасиетім мен ар-намысыма тіл тигізді” деп айыптайды. “Жазған сөзіне дәлелім бар деді, енді сол дәлелін ұсынсын” деді ол.

Сот белсенді Сүйін Абулданың бір миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы арызын өндіріске қабылдап, Қылмыстық кодекстің 130-бабы (“жала жабу”) және 131-бабы (“қорлау”) бойынша қарауға алған.

Bureau.kz сайтының редакциясы 

Поделись, чтобы люди узнали:
.