Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

СЭС Жанболат Мамайға митинг өткізуге тыйым салды

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі департаменті тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының 24 сәуірге белгіленген митингісі қарсаңында қалада қоғамдық шара өткізуге тыйым салынған ескертті. СЭС өкілдері қазір қаланың коронавирус бойынша «қызыл аймақта» тұрғанын алға тартады.

«Азамат Ж.Мамайдың митингіге шығу туралы шақыруына орай, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі департаменті қаланың коронавирус бойынша «қызыл аймақта» екенін, сол себепті қалада қоғамдық шара өткізуге тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай тыйым Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің 2 сәуірде шыққан N15 қаулысында айтылған» делінген жұма күні тараған СЭС хабарламасында.

Онда «бейбіт жиын өткізу туралы өтініштерді қарайтын құзыретті органға» митинг өткізу туралы өтініштерді қанағаттандырмауға кеңес берілгені де жазылған. Сондай хат Мамайға да жолданған.

Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Жанболат Мамай 19 сәуірде митинг өткізетіні жайлы жергілікті атқару органын ескерткенін хабарлады. Сәйкесінше, 24 сәуірде митинг өтеді деді.

«Сенат қазақ жерін шетелдік компанияларға 25 жылға беруге мүмкіндік беретін заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл елді тәуелсіздігінен, егемендігінен айыратын қауіпті норма. Аталған норма қабылданса, мемлекет ішінде анклавтар пайда болуы мүмкін екенін Атырау облысының Көптоғай ауылында болған оқиға айқын көрсетті» деді Мамай.

Ол сонымен бірге әкімдікке берген ескерту қағазында митингіге қатысатын адамдар санын 1000 деп көрсеткенін, шарада санитарлық нормалар сақталатынын атап айтты.

Жақында жергілікті БАҚ қазір парламентте талқыланып жатқан Жер қатынастары туралы жобада шетелдіктерге жерді жалға алып, орман шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік беретін пунктер қалдырылғанын хабарлаған еді. Бұл қоғам арасында наразылық туғызған.

Қарай отырыңыз: «Орман өсіру үшін» жер шетелдікке берілмек пе? (19 сәуір 2021 жыл).

Радио Азаттык

https://www.azattyq.org

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мамай ЖанболатБольше записей в Мамай Жанболат »
.