Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа

Бұқаралық ақпарат құралдары айдар тағып, «Жихадшылар» деп аталып кеткен сот процесі қоғамда үлкен резонанс тудыруда. Осыдан шамамен бір жыл бұрын Алмат Жұмағұл, Кенжебек Әбіш және Оралбек Өмір деген азаматтарға жалған жаламен айып тағылып,қылмыстық іс қозғалған болатын. Алмалы аудандық соты бүгін үкім шығарды. Жазықсыз азаматтарға 7-8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесті.

Арыстай үш азаматты отбасынан, бала-шағасынан айырып, ұзақ жылға түрмеге жабу барып тұрған бассыздық.
Бұндай халықтың ашу-ызасын тудырған сот жайлы Сіз білмеуіңіз де мүмкін. Бәлкім, бұл сіздің атыңызға кір келтіріп, күйе жағу мақсатында әдейі жасап отырған белгілі бір мүдделі топтардың құйтұрқы әрекеті шығар. 

Біз соңғы күнге дейін сот әділ шешім шығарады деп сеніп келдік. Себебі, сол ұлтшылдар жиналған Ганди паркінде бәріміз де болғанбыз. Ол жерде ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алған жоқ. Бұл құқық қорғау органдарының халықты қорқыту үшін жасаған әрекеті деп ойлаймыз. Иә, еш дәлелсіз жала жабу арқылы соттағаннан халық қорқатыны рас. Мұндай бассыздықтан мың, он мың, мейлі, жүз мың адам қорықсын. Бірақ, бұл керісінше миллиондаған адамдардың билікке деген өшпенділігін тудырады. Қазіргі халықтың наразылығы өршіп тұрған қоғамда бұл өте қауіпті құбылыс. Сондықтан да, Сізден Конституцияның гаранты ретінде құқық қорғау органдарының бассыздығына тоқтау салып, осы істің әділ шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен, бір топ халық өкілдерінің атынан Мирболат Мырзатайұлы.
21 желтоқсан 2018 жыл
Жазықсыз сотталғандарға бостандық берілсін!!!

На данном изображении может находиться: текст
Поделись, чтобы люди узнали:
.