Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Президент Тоқаев Қандастарды қабылдауды тоқтата ма? Әлде Қытайдағы Қазақстан елшісі сауатсыз ба?

Президент Тоқаев Қандастарды қабылдауды тоқтата ма? Әлде Қытайдағы Қазақстан елшісі сауатсыз ба?
Қазақстан үкіметі 2026 жылдың ақпан айынан бастап, Шетелден келген Қандастардың Қазақстан азаматтығын алуына бұрын соңды болмаған жаңа талаптар шығарды, ол талаптар бойынша бұдан былай қандастар өзі тұрған елден «Соттылығы туралы анықтама» мен «Тіркеуден шығу парағын» әкелуі керек, сосын Қазақстанға келгенде «Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Қазақстан конституциясынан құраған 80 сұрақтан тұратын емтиханнан өтуі керек». Қандастар осы үш талапты орындамаса Қазақстан азаматтығын ала алмайды. Бір қызығы Ресей, Баларустан келген Орыстар «Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Қазақстан конституциясынан құраған 80 сұрақтан тұратын емтиханды тапсырмай ақ жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын ала алады.
Осы талаптардың кесірінен дәл қазір елге көшіп келген қандастар әсіресе Қытайдан келген қандастар Қытай үкіметінен «Соттылығы туралы анықтама» мен «Тіркеуден шығу парағын» ала алмай, не Қазақстан крилициясын, Қазақстан тарихын, Қазақстан Конституциясын Қытайда оқымағандықтан емтихан тапсыра алмай, не үйі жоқ не күйі жоқ, әр жерде қаңғып қалды.
Осы мәселеге байланысты үкіметке жолдаған халқымызға мынадай жауап келіпті(Қысқаша).
— Қазақстанның Қытайдағы (Бейжіңдегі) елшісі «Қытайда 3 күн ішінде соттылығы туралы анықтама» беріледі және Жергілікті орыннан «Шығу парағын немесе Қазақстанға қоныстануына(көшуіне) қосыламыз» деген анықтама ала алады»- деп Қытайдың тек Қытай ұлтына ғана жүретін жалпы заңдарын тізіп жазыпты, сондықтан қандастардың байбаламы өтірік екен мыс.
Осыны айтқан Қытайдағы Қазақстан елшісі оттаған екен.
Қытайдағы Қазақстан елшілігі Қытайда Қытай ұлты қоныстанған «Ішкі Қытай»(Бейжіңнің айналасы) мен Этникалық Қазақтар тұратын Шинжаңда заң екі түрлі жүретінін білиейме? Әлде біле тұра әдейі жалпылама ақпарат беріп, Қазандастардан «ала алмайтын құжатты талап» оларға Қазақстан азаматтығын бермеу ме? Білмейді дегенге сенбеймін, себебі 2017 жылы Шинжаңда аз ұлттарға жүргізілген зұлым саясатты Қытайдағы Қазақстан елшісі емес Қазақстаннан тарты күллі әлем біліп, дабыл қағып, БҰҰ нан бастап, адам құқығын бірінші орынға қоятын демократиялық мемлекеттер жабылып жатып, Қытай зұлымдығын тоқтатып, Қытай лагеріне қамалған миллиондаған азы ұлттарды, Қазақтарды босатқан еді, соны осы Елші білмей қалды ма? Сол саясат ішкі Қытайда жүріліп пе? Жоқ, Қытайда бір саясат екі түзім екенін есі бар адам жақсы біледі.
Қытайдағы құрметті елшісіздің айтқан «Қытайда 3 күн ішінде соттылығы туралы анықтама береді» дегені тек ішкі Қытайдағы Қытай(Хан) ұлтына ған арналған, оларға солай 3 күнде береді, ал Шинжаңда саясат басқаша Қытай заңында жалпылама Қытай азаматтарына жазылған заңдар Шинжаңда аз ұлттарға басқаша жүреді, сондықтан да мыңдаған Қандастар осы «соттылығы», «Шығу парағы» деген анықтамаларды 30 жыл бойы ала алмай келді, қазір де соны ала алмай, Қазақ үкіметінен көмек сұрап зарлап отырғаны сол, бұл бір.
Екінші, Қытай үкіметі Шинжаңдағы аза ұлт өкілдеріне шетелге шығатын паспортты Ішкі Қытайдағы Қытайларға бергендей оп-оңай бере салмайды, алдымен паспорт алуға өтініш берген Қазақты қарызы бар ма? Қылмысы барма, не үшін бара жатыр?(бәрі туысшылап барамыз деп келеді, көшемін десе бәлеге қалады) Соның бәрін тексеріп, бәрінен таза болғандарға ғана паспорт береді.
Үшінші, Қытайдың тек Шинжаң аймағында паспорты бар Қазақтың бәрі біз сияқты салып ұрып Шекарадан Шетелге шыға алмайды, тіпті олардың паспорты қолында да болмайды, олар паспорт алған соң оны жергілікті полицияға тапсырады, ал Елші мырза тұратын Бейжің, Шанхай, Гуаңжоу т.б ішкі Қытайда олай емес, бәрінің паспорты қолында болады. Шинжаңдағы Қазақтар шетелге шығу үшін жергілікті полиция бөлімшесінен паспортын сұрайды, қытай полициясы оларды тоқсан тесіктен рухсат әкелуге жібереді, олар қарызы бар ма? Қылмысы бар ма? Неге бара жатыр? Қанша күнге барады? т.б әрін тексертіп, олардан рухсат алып, соңында бір туысын кепілге қойып жүріп полициядан әрең паспортын алып шекараға келеді, шекарада оларды өткізе салмайды, тағы тексеруге алады, компьютерге салып баяғы мәліметтерді қайта тексереді, уақытын қарайды, тұрғылықты жерінің полициясына хабарласып «Мына адамдарың Қазақстанға өтіп барады, жібереміз бе?»-деп сұрайды, олар «ия» дегенде ғана әрең шекарадан өткізеді.
Міне осындай мыңбыр тексеруден өтіп «Оһ» деп елге әрең жеткен қандастардан «Біз өз Қандасын елге шақырып жатқан үшінші елміз» деп мақтанатын Қазақстан үкіметі «Соттылығы» туралы анықтамаң керек? Тіркеуден шығу парағың керек? — деп өз Қазағын тағы сұраққа алып, Қайтадан Қытайдың алдына телміртіп, жоқ анықтаманы сұратқан, бұл Биліктің не ойы бар сонша? Елім деп келген Қандастарды бұлай қорлағанша Президент Тоқаев «2026 жылдан бастап Қазақстан шетелдегі Қандастарды қабылдауды тоқтатты» — деп ашық жариялауы керек қой, бұл НЕ МАСҚАРА??? Айтыңыздаршы АҒАЙЫН?

Возможно, это изображение текст
 

-Қыдырәлі Оразұлы, Ұлыбритания. 12.03.2026 ж.

 

 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.

This website stores cookies on your computer. These cookies are used to provide a more personalized experience and to track your whereabouts around our website in compliance with the European General Data Protection Regulation. If you decide to to opt-out of any future tracking, a cookie will be setup in your browser to remember this choice for one year.

Accept or Deny