Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ПРЕСС-РЕЛИЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ

                                                 ПРЕСС-РЕЛИЗ

              ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ

   2026 жылғы 23 ақпан                                                                                              Алматы қ.

  Сараптамалық кеңестің 2023 жылғы 23 ақпандағы шешімімен саяси тұтқындар деп танылды:

  1. Амангельды Жахин, Ақмола облысындағы Шортанды кентінің белсендісі, М.Жыланбаев қамауға алынғаннан кейін, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының  ұйымдастыру комитетінің төрағасы. А. Жахин бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған, және оған наразылық акциялары мен митингілерге қатысқаны, сонымен бірге  танымал марафоншы Марат Жыланбаев жазасын өтеп жатқан, Степногрск қаласындағы 4 мекемеге барғаны үшін айыппұл және әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазалар тағайындалған. 2023 жылы А. Жахин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға үміткер болды. А. Жахин өз партияластарымен бірге «Алға, Қазақстан!” партиясын тіркеуден өткізу құжаттарын ҚР Әділет министрлігіне  25-тен артық рет тапсырған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі, 258-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс бойынша айыпталған.  2025 жылғы  қарашаның 20-нан Көкшетау қаласындағы тергеу изоляторында қамауда ұсталуда. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
  2. Мирболат Бишуинов, алматылық блогер, журналист, 20 жыл түрлі республикалық телеарналадарда жұмыс жасаған, соның ішінде «Қазақстан», «КТК» арналары бар, желтоқсаншы, әрі белсенді. Ол «Журналисттік зерттеулер агенттігі» (Агентство журналистских расследований) youtube-арнасын жүргізген. 2023 жылы М.Бишуинов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болды. 28.12.2022 ж.  Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Бишуинов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстар бойынша айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
  3. Ерғали Күлбаев, Шымкент қаласының азаматтық белсендісі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпталуда, Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Сот талқылауы 19.12.2025 ж. Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотында басталды. Бұған дейін Е.Күлбаев 18.05.2022 жылғы сот үкіммен ҚР ҚК-нің 272-бабының 2, 3-бөліктерінде көзделген қылмыс бойынша айыпталып, Қантар2022 қаңтар оқиғаларына қатысқаны үшін, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға жазаланған болатын. Е.Күлбаевпен бірге белсенді Ақлима Ертайқызы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2022 жылы А.Ертайқызы Е.Күлбаевпен бірге ҚР-дағы сайлауды бақылау мақсатында «Ұлы Көш» ҚҚ құрған. Қазалы ауданының әкімін сайлау кезінде сайлау учаскесінде бақылау жүргізуі Е.Күлбаев пен А. Ертайқызына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастауға негіз болған. Қазалы аудандық сотының 12.02.2026ж. үкімімен Ерғали Күлбаевты 4 жылға бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
  4. Дамир Күшеев, блогер және Алматы қаласының қоғам белсендісі. Д.Күшеев 2025 жылдың қаңтар айынан бері Алматы қаласындағы №72 мекемеде қамауда отыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 4- тармақшасында қарастырылған қылмыс бойынша айыпталуда. 10.09.2025 ж. бастап Алматы қаласында оның ісі бойынша басты сот талқылаулары алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Осы қылмыстық іс бойынша сотталушылар қатарында Руслан Каримов, Құрманғазы Айтмұқанов және Андрей Белянский де бар. Алматы қ. ҚМАС 02.2026 ж. үкімімен Күшеев Дамирге 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
    5. Асқар Нұрмаған, Қарағанды қаласының белсендісі. 06.2025 ж. бастап ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі, 272 -бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға  кездесулер кезіндегі әңгімелесулер негіз болды, олар жасырын тергеу әрекеттері барысында жазылған. А.Нұрмаған және басқа басқа айыпталушылар 2025 жылғы маусымнан бастап қамауда ұсталуда. А.Нұрмаған бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған және оған 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазалар тағайындалған. Бұрын Нұрмағанов 2021 жылы ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша 1,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған. Тағы 4 адам қамауда отыр: Әбдуәлі Тағай, Дуйсенбек Жакашев, Қайсар Өзбек және Талғат Аширов. Қазіргі уақытта олар Алматы қаласындағы №72 мекемеде қамауда.  Сот талқылаулары Алмалы аудандық сотында өтеді.
    6. Миршат Сәрсенбаев, белсенді, Қостанай облысындағы Қарабұлақ ауылының блогері. Ол «Миршат Сәрсенбаевтың ыңғайсыз сұрақтары» («Неудобные вопросы Миршата Сарсенбаева») атты YouTube -арнасын жүргізген, өзіне жүгінген тұрғындардың проблемалары жөнінде видеолар түсірген. 28.02.2025 ж. бастап  М.Сарсенбаев  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 4- тармақшасында қарастырылған қылмыс бойынша айыптаумен  қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастауға «Қарабалық құс фабрикасын өтелдеу» заңды ма?» деген видеожазбасы негіз болған. 08.10.2025 ж.  бастап сот тыңдаулары өтіп жатыр, Қарабалық құс фабрикасы жәбірленуші тарап санатында.
  5. Бақытжан Жансейтов, Қарағанды қаласының азаматтық белсендісі. 26.12.2025 ж. ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігінде, 24-бабының 3- бөлігінде көзделген қылмысқа  айыпталуда. Б.Жансейтов 30.06.2025 ж. қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен таныстыру жүріп жатыр. Осы іс бойынша Б. Жансейітовпен бірге 6 адам қамауда: Болатбек Тоқмұрзин, Ерлан Кенешбаев, Төрегельды Аманжолов, Болатбек Зеңілхан, Алмас Ахметжанов және Айдар Байсағатов.
  6. Бекзат Мақсұткан, тіркелмеген “Нағыз Атажұрт еріктілері” партиясының көшбасшы. «Нағыз Атажұрт» белсенділері Синьцзянда тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын қорғаумен айналысқан. Б.Мақсұтқан партияны тіркеу үшін ҚР Әділет министрлігіне бірнеше рет құжат тапсырған. Ол бірнеше рет әкімшілік айыппұл және ҚР ӘҚБтК-нің 488, 489- баптары бойынша қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған, оның ішінде журналист Д.Мұхаммедкәрімді сотта қолдағаны бар. 19.12.2025 ж. бері ҚР ҚК 174-бабының 2- бөлігімен айыпталуда. Осы қылмыстық іс бойынша Мақсұтқанмен бірге қамауда отыр: Талдықорған қаласындағы №71 мекемеде — Тұрсынбек Қаби, Нұркелді Нұрсапа, Еркінбек Нұрақын, Бақытнұр Нұрмұқан, Ерғали Нұрлыбаев, Ербол Нұрлыбаев, Беделхан Қабыләшім, Бейсенәлі Ақжігіт және Тұрдыбай Қанат, ал Алматы қаласының №72 мекемесінде — Батылбек Байқазы, Марғұлан Нұрданғазы, Қуандық Қосжанов. Бұлардың барлығы да тіркелмеген “Нағыз Атажұрт еріктілері” партиясының мүшелері. Б.Мақсұтқан 21.11.2025 ж.  бастап қамауда отыр, қазіргі уақытта тергеу талқылаулары Талдықорған қаласында басталды. 
  7. Әділет Сағиндықұлы,  Ақтау қаласының азаматтық белсендісі. 15.01.2026 ж. бастап ҚР Қылмыстық кодексінің  274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталуда.  Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауда ұстауға санкция берілген. 

Сараптамалық кеңес:
Ғалым Ағелеуов
Лұқпан Ахмедияров
Зәуреш Батталова
Гүлмира Біржанова
Анара Ибраева
Евгений Жовтис
Ерлан Қалиев
Бақытжан Төреғожина
2026 жылғы 23 ақпан, Алматы қ.

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.