«ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ӘЛІМНҰР ТҰРҒАНБАЙДЫ ҚОРҒАУҒА ДӘРМЕНСІЗ ЕКЕНІН МОЙЫНДАДЫ» ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасының азаматы Әлімнұр Тұрғанбайдың Қытайда із-түссіз жоғалуына байланысты отбасы мүшелері ҚР Сыртқы істер министрлігіне “шетелде жоғалған өз азаматына іздеу салу жөнінде” 2025 жылы 27 шілдеде өтініш хат жолдаған болатын. Аталған өтініш хатқа, 15 тамызда ғана жауап береген ҚР СІМ “ Ә. Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпаған” деген жалаумен, Ә.Тұрғанбайды қорғауға дәрменсіздігін білдірді. Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және ҚР шетелге шығу паспорты бар, ҚХР азаматтығынан шыққаны жөнінде құжаты бар бола тұра, Қытайға барып із-түссіз жоғалған өз азаматын іздеуге дәрменсіздігі, Ә.Тұрғанбайдың туыстарының , құқық қорғаушылар мен шындықты жақтаушы халықтың ызасын тудыруда. Сондай-ақ, Ә.Тұрғынбайға іздеу салғаны үшін ҚР-да тұратын және ҚР азаматы болып табылатын отбасы мүшелеріне Қазақстан билігі тарапынан тоқтаусыз айыппұлдар салынуда , қысымдар, әр түрлі қоқан-лоқы жасалуда.
Тақырып
1.ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды қорғауға дәрменсіздігін мойындады. Ә.Тұрғанбайға іздеу салғаны үшін Қазақстан билігі отбасы мүшелерінен 5 рет қомақты сомада айыппұл салды.
2. Тіркелмеген “ Атажұрт” партиясының мүшесі Ербол Нурлыбаев қамалды.
Спикерлер:
Бекзат МАҚСҰТХАН тіркелмеген «Атажұрт» партиясының жетекшісі
Тұрарбек АСЫЛБЕКОВ, «Атажұртты» тіркеу бойынша бастамашыл топ мүшесі
Ербол НУРЛЫБАЕВ, тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі;
Гүлдария ШЕРИЗАТҚЫЗЫ, Қытайда жазықсыз қамалған Әлімнұр Тұрғанбайдың жұбайы
Нәзигүл МАҚСҰТҚАН, заңгер, тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі
Сайт КМБПЧ
Обсуждение закрыто.