Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Оралда белсенді 20 күнге қамалды. Жақтастары қудалауға шағымданды

Оралда белсенді Амангелді Оразбаев 20 күн әкімшілік қамауға алынды. Ол шамамен бір ай бұрын болған акция үшін жауапкершілікке тартылды. Сот оппозиция митингісі қарсаңында өтті.

Оразбаевқа Әкімшілік кодекстің 488-бап 11-бөлігі бойынша («Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу») айып тағылған.

Іс материалдарына қарағанда, 25 қыркүйекте Амангелді Оразбаев және тағы бірнеше белсенді Оралдағы «Қазақ халқының аяулы қыздары» атты ескерткіш маңында «заңсыз жиын» өткізген. «Жиналғандар әкімдік өкілінің заңсыз жиынды тоқтату туралы талабына құлақ аспады» делінген полиция хаттамасында.

Белсенді өзіне тағылған айыпты толық жоққа шығарады және бейбіт жиын өткізу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы деп айтқан.

Ал қамалған белсендінің жақтастары Маруа Ескендірова мен Бекболат Өтебаев қудалауға ұшырағанын айтып отыр.

— Таңертеңнен бері үйімнің маңын көлік күзетіп тұр. Маған тіпті үйден шығуға мүмкіндік бермей жатыр. Аулаға шықсам, мені бірден ұстап әкететінін білемін, — деді Ескендірова Азаттық тілшісіне.

Бекболат Өтебеков медициналық тексеруді толық аяқтамай жатып, өзін шұғыл түрде ауруханаға жатқызбақ болғанын айтты.

Белсенділер оқиғаны 23 қазанға белгіленген бейбіт митингімен байланыстырады. Осыған дейін шетелде тұратын бұрынғы банкир, оппозиционер Мұхтар Әблязов жақтастарын наразылыққа шығуға шақырған.

Амангелді Оразбаев – көптеген бейбіт акцияға қатысып, сол үшін бірнеше рет ұсталып, қамалған. Ол өзге белсенділермен бірге әкімдікке бейбіт митинг өткізу туралы 40-тан астам өтініш тапсырған. Белсенділердің өтініштері қанағаттандырылмады.
Амангелді Оразбаев.

«Азаттық» Радиосы

https://www.azattyq.org/a/31523807.html?fbclid=IwAR3VCURVHoJFP_Zgsy78R9qK8ME-AtL2p2kr6x3SsEqsgYtrUxAx00WmYqE

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Оразбаев АмангельдыБольше записей в Оразбаев Амангельды »
.