Адвокат Айман Омарова өткен аптада Павлодардағы түрме ауруханасында емделіп жатқан Макс Боқаевқа заңдық көмек көрсету үшін барып, кездесіп қайтқанын айтты. Ол Боқаевтың денсаулығының нашарлай түскенін, бірақ оның мерзімінен бұрын шығу туралы мәселені қараудан бас тартқанын хабарлады.
Айман Омарова Макс Боқаев жазасын өтеп жатқан Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін биылғы наурызда қозғалған қылмыстық іске қатысты заңдық көмек көрсету үшін Павлодарға барғанда бірсыпыра заңсыздықтарға тап болғанын қынжыла мәлімдеді. Адвокаттың сөзінше, сотталушының туысы әрі заңды қорғаушысы бола тұра Жанаргүл Боқаева қамаудағы белсендімен кездесе алмапты. Олар Павлодар облыстық прокуратурасының қылмыстық жазасын өтеушілер мен сотталушылардың құқығын қорғауға бақылау жасау жөніндегі басқарма бастығы Жомарт Мұңсызовқа шағымданғандарын айтты.
— Біз ол жерге аз уақытқа барып тұрған соң шағымымызды жедел қарауды сұраған едік. Бірақ бізге «шағымдарыңызды қалдырып кетіңіздер, белгіленген мерзімде жауабын береміз» деді, — дейді Айман Омарова.
Оның сөзінше, Макс Боқаев өзіне жіберілген сәлемдемелерді де бірден ала алмай жүр. Азаматтық белсенді қазір Павлодарда уақытша емделуде жатқандықтан, жазасын өтеп жатқан ЕС-164/3 мекемесіне келген хат-хабар кері қайтарылған.
Дерек көзі https://www.azattyq.org/
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.