Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Қоғам белсендісі Айдар Мүбараков аштық жариялады!

Қоғам белсендісі Айдар Мүбараков аштық жариялады!
Естеріңізде болса қыркүйек айының соңында 12 қоғам белсендісін полиция ұстаған еді, олардың бесеуі сот шешімімен екі айға қамауға алынған, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйлеріне жіберілген. Референдум қарсаңында ұсталған белсенділер АЭС ке қарсы наразылықтарын білдіріп жүрген, оларға “жаппай тәртіпсіздік жасауға оқталды” деп айып таққан, тергеу ісі құпия болғандықтан басқа ешқандай ақпарат жоқ. Сол қамаудағы белсенділердің бірі Айдар Мүбараков аштық жариялап жатыр, ол өзінің кінәсіздігін, АЭС ке қарсы болғанымен ешқандай тәртіпсіздікке дайындалмағанын айтып отыр. Бұл туралы адвокат Төлеген Берліқожа хабарлады, адвокаттың айтуынша қалған төрт белсенді Нұрлан Жаулыбаев, Фазылжан Сыдықов, Жанат Қазақбай, Нұрлан Темірғалиев те аштық жариялауға қосылмақ ойда екен. Егер ол кісілер аштық жариялайтын болса жағдайлары нашарлайды, өйткені бостандықта жүрген кезде дәрі ішіп жүрген сырқаттары бар кісілер.
Адам құқын қорғайтын уәкіл Ластаев бұл жағдайды назарына алуы тиіс!
 
 
Возможно, это изображение 1 человек, памятник и текст
 
 
Абзал Достияр
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.