Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Новости из зоны. Кенжебек Абишев

Народный поэт Абишев Кенжебек Жақсылықұлы сидит в заключении в п. ЗАРЕЧНЫЙ. Осуждён к 7 годам за ролик, который не снимал, не знаком с парнями, которые сняли и следствие не установило этих парней. Хотя в ютубе есть видео с их участием, с открытыми лицами, голосами.

Семья народного поэта живёт на пособие многодетной семьи. Супруга онкобольная, 2 детей студенты колледжа, двое ходят в школу.

Он единственный кормилец семьи. Сейчас он работает бесплатно в колонии, изготавливая музыкальный инструмент домбру для администрации колонии. Супруга не может приехать на свидание. Если есть желание у его друзей приехать на свидание прошу написать мне в личку.

Ищу спонсоров для издания сборника стихов Абишева Кенжебек.

Прошу напечатать это стихотворение казахским шрифтом и поместить в комментариях. Заранее спасибо!

За помощь его семье благодарю!

Айтарым бар.

Айтарым бар халқыма айтарым бар.
Бірігіп жер сатуды тойтарыңдар.
Киелі жота қазақтың қолды болған,
Әр төбесін қытайдан қайтарыңдар.

Айтарым бар, жемқорларға айтарым бар,
«Сату»деген атадан қалған қай салтың бар?
Жетім -жесір жылатып, бәрін сатып
Жерге тиме, кеткен жерді қайтарыңдар!

Айтарымбар,басшыларға айтарым бар,
Қалтаға кеткен қаражатты қайтарыңдар.
«Қара Жер» Қазақтікі,сенікі емес
Қалам алып қарсы тұрар қайратым бар.

Айтарым бар,сендерге айтарым бар,
Қазағыма дұшпанындай қарайтындар.
Ұрлап,сатып,үй салып өзге елден,
Тығылып тышқан құрлы тарайтындар.

Айтарым бар,қазаққа айтарым бар,
Алаңда емес,ас үйде өсек айтатындар.
Ел мен Жерді бүгін қорғап қалмасаңдар,
Ебклектей ертең желмен тарайсыңдар.

Айтарым бар, жендеттерге айтарым бар,
«Ат»десе, туған халқын ататындар.
Атып, сатып, жылатып туған Елін,
Өлгенде бір жотада жататындар.

Өз халқыңа қарсы тұрып,оқ аттыңдар
Аналарға жалғызын жоқтаттыңдар.
Қара жерге қарабет болып кіргеніңше,
Қарашаны қамағанды тоқтатыңдар.

Тоқтатыңдар жемқорларды тоқтатыңдар,
Алты Алаш,бір Қазақ болып топталыңдар.
Бірлігі мықты Елімді жау алмайды,
Оян Қазақ!Есіңді жи,көп болыңдар!

Айтарым бар,ағайынға айтарым бар.
Сатқындықты,Ел болып тойтарыңдар.
Кеткен жерді,ұрланған бар байлықты,

Алты Алаштың абыройын қайтарыңдар!

Гульнара Жуаспаева

Поделись, чтобы люди узнали:
.