Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Наразылық белгісі ретінде Асқар Қайырбек аштық жариялауға дайын

Қазақстанның азаматтық қоғамы 2020 жылдың 25 ақпанында біздің батырымыз,
билікке сатылмайтын өз ойын ашық, батыл жеткізетің Дулат Ағаділді аса қатыгездікпен аюандықпен өлтіргеніне куә болды.

Биліктен айырылғысы келмейтіндер белсенділерді қорқытуды жоспарлап, өлімнің мүлдем жалған нұсқасын ойлап тапты. Адвокат билікке жұмыс жасады және қылмыскерлерді жауапқа тартпады.
Алайда адамдардың іс әрекеті басқаша болды, қазақстандықтар оның есімін ерекше есте сақтады, Дулат Ағаділ өзінің өлімімен көптеген адамдарды оята алды.
Белсенділер қорықпады, керісінше, олар біртұтас бола бастады, бірігіп, үй тұрғызып, еске алу шараларын өткізе алды.

Халық Талапкерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді, оған қамқор қазақстандықтар көмектесті. Үй мен мемориалды ескерткішті салу процесін жақын досы және әріптесі Ербол Есхожин басқарды. Асқар Қайырбек Дулаттың жұмысын жалғастырды, YouTube арнасын ашты, Көше партиясының бейбіт оппозициялық қозғалысын қолдады.
Асқар да, Ербол да бірнеше рет әкімшілік қамауға алынды. Халық үйімдастырған Асардан — билік азаматтық қоғам бірігіп кетеді деп қорықты. Содан бері барлық Асарға қатысушыларды қудалау басталды, қылмыстық істер қозғалып, саяси қуғын-сүргін күшейе бастады.
Белсенділерге қатысты сот ісі Алматыда да басталды, бүкіл Қазақстан бойынша қылмыстық істер қозғалды. Еуропалық Парламенттің қарарына қарамастан, саяси тұтқындар түрмелерде ұсталуда, азапталуда, қысымға ұшырап, өздерін немесе серіктестерін айыптауға мәжбүр етуде.
Егер біз сотқа қатысып қолдамасақ Ербол Есхожин мен Асқар Қайырбекті нақты 2 жылға бас бостандығынан айырады.

Наразылық белгісі ретінде Асқар Қайырбек аштық жариялауға дайын.
Біз заңсыздық орнаған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде олардың өміріне қауіп төнбейтініне кепілдік бере алмаймыз.
Дулат Ағаділдің адал досы болу, оның жан түршігерлік шығынға ұшыраған отбасына көмектесу — Жанболаттың қазасын, есте сақтау және тек адам болып қалу — бұл қылмыс емес.
Біз Дулаттың бастаған ісін жалғастырып жатқан және заң бойынша халыққа тиесілі елде өмір сүргісі келетін, Дулат Агадилді еске алатын және құрметтейтін барлық белсенділерімізді қолдауға шақырамыз.
Шіріген, азғындыққа салынған және жемқор режимнің заңсыз болуына жол бермеуміз керек. Билік Дулаттың жақын достарын, нағыз патриоттарды зындандарда ұстауда.



https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/posts/2860550744273757/
Поделись, чтобы люди узнали:
.