Бүгін 06.08.2018 ж. күні азаматтық белсенді Әсет Нұржаубайдың кезекті 3-ші сот отырысы сағат 11:00 ден кете басталды. 30 жастағы Әсет Нұржаубайға ҚР ҚК 266 – 1 б. “Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу”, 405 – 2 б. “экстремистік ұйымның әрекетіне қатысу” және 190 – 3 “алаяқтық” баптары бойынша айып тағылған болатын. Бірақ, белсенді Əсет Нұржаубайды тергеу изоляторынан уақытында сот залына жеткізілмеуіне байланысты, судья Кішібай Ұлан жарты сағатқа үзіліс жариялаған болатын. Жарты сағаттық үзіліс бір сағатқа созылғаннан кейін қайтадан сот жалғасты. Әсет Нұржаубай сөз кезегінде тергеу тарапынан қысымға ұшырап, амалсыздан өз-өзіне қол салуға мәжбүр болғанын мәлімдеп, мемлекеттік айыптаушыға (прокурор) қарсы шағым арыз жолдады. 5 минуттық үзіліс алып, кеңесу бөлмесінен оралған судья Әсеттің шағымын қанағаттандырмады. Келесі сот отырысы 16.08.2018 ж. күні сағат 15:00 де болады.
Видео по ссылке
https://www.facebook.com
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.